Зал іші әдемі безендірілген , шыршада жарқыраған шам, ортада
әсем киінген балалар, мектеп тола ауыл қонақтары.
1- жүргізуші. Құрметті қонақтар, бүлдіршіндер, ұстаздар!
Келді міне жаңа жыл, аппақ болып,
Ән болып, жұмбақ болып, тақпақ болып
1-жүргізуші: Барлық жандар бір білекке қосқан үн,
Бақытты боп бастады жыр дастанын.
Қуанышпен келді той боп жаңа жыл,
Құтты болсын жаңа бақыт достарым
2-жүргізуші :Басталарда жаңа әлем,
Құйылады жаңа нұр
Жүрекке арман бөлеген,
Қош келіпсіз,жаңа жыл!
2-жүргізуші: Жаңа жылда жаңа белден асамыз,
Жаңа жылға жырмен шашу шашамыз.
Бейбітшілік ұранымен, жеңіспен,
Жаңа жылда тағы да алға басамыз.
1-жүргізуші: Ал ,балалар, сендер жан-жақтарыңа неге таңырқап қарап тұрсыңдар? Қапшығын толтыра келетін Аяз атамыз қайда ? Жыл бойы әзірлеген жақсылығымызды, өнерімізді көрсетуге асығып отырмыз ғой деймін. Олай болса бәріміз Аяз атамыз бізді алыстан естісін деп қаттырақ өлең айтайық. Ән айтып болғанша Аяз ата да келіп қалар
(барлық балалар шыршаны айнала өлең айтады.)
2-жүргізуші: Балалар, мен қардың сықырын естіп тұрмын, бұл Аяз ата мен Ақшақар емес пе? Жолда жалмауыз кемпірдің торына түсіп қалмаса екен? Жаңа ұзынқұлақтан маңайды жалмауыз кемпір торып жүр дегенді естідім.
Бәріміз: (Аяз атаны Қарша қызбен бірге шақырайық)
А-У-У-У-У-- аяз ата келіңіз
А-У-У-У-У -аяз ата келіңіз
Қоян: ау халайық, жалмауыз кемпір біздің шыршамызды болдырмау үшін, арамдық ойлап, Аяз атаның жолына бөгет жасап жатыр. Осы шырша маңында жалмауыз кемпір жүр. Сақ болайық.
(Осы кезде шырша маңын айнала жүгіріп жалмауыз кемпір келеді)
Жалмауыз кемпір: Тойларың болмайды, шыршаларыңды бұзамын. Шуылдамай өшіріңдер шыршадағы шамдарды. Аяз ата мен Ақшақар келмейді.
Қоян: Бұл не дегенің? Той болмайды дегеніңіз қалай ? Сіз бөгет жасай алмайсыз. Қазір менің достарым көмекке келеді. Ау, түлкі, аю, қасқыр келіңдер мұнда, қайдасыңдар?
(барлығы даурығып не істерлерін білмей отырғанда ортаға ескі жыл келеді)
Жалмауыз кемпір: көрсетіңдер өнерлеріңді, Аяз аталарыңа әзірлеген сыйларыңды маған бересіңдер!
(осы кезде жалмауыз кемпір ескі жылды көріп қалып сабасына түсті)
Ескі жыл. Балалар, өткен жылда жалмауыз кемпірге бірнеше рет көмек қылған едім, ол бізге жамандық жасай қоймас.
Ескі жыл : кезінде мен сені айдаһарлардың арбауынан құтқарып қалып едім жақсылығымды ұмытпаған шығарсың .Жасаған жақсылығың алдыңнан шығар деген. Мына балаларды қорқытпай жаңа жылдың сәнін бұзбай, өз жолыңды біл.
Жалмауыз кемпір: жо-жоқ , бұл не дегеніңіз, әміріңізге құлдық , тойларыңа бөгет қылмаймын - деп өз жөнімен кете барды.
1 жүргізуші: Ескі жыл ,ескі жыл енді Аяз ата мен Ақшақарды шақырып жаңа жылдық тойды бастасақ деймін. Мектеп ішін ән мен биге бөлейік
Ау - у- у- у А я з а т а к е л і ң і з
Ау - у –у-у А я з а т а к е л і ң і з
/аяз ата мен ақшақар келеді/
Аяз ата: Уа ,жұртым,жиналған
Көңілдерің дүр маржан
Айналайын ұлдардан
Айналайын қыздардан
Аяз ата,Ақшақар
Жетті жолдан қиналған
Ештеңе емес барлығы,
Алдымыздан күлді арман
Мықтылығым мәлім ғой.
Өтіп кеткен жылдардан.
(қапшығынан алып шашу шашады.)
Ақшақар: Амансыңдар ма ,балалар, ұстаздар, ата-аналар! Өздеріңізді сағынып келдік. Жаңа жылдарыңыз құтты болсын. Жылан жылы бақыт,береке, бірлік әкелсін. Елімізде елеулі мерекелер көп болсын. Бәріміз үшін қуанышты кезең болсын.
Аяз ата: Ау, балалар,өздеріңді сағынып келдім.
Асулармен алысқан
Асау желмен жарысқан ,
Аталарың сендерге
Шаршап келді алыстан
Өздеріңе оралдым
Бар сыйлығым жоралғым
Керемет бір ән тыңдап ,
Келіп тұр-ау дем алғым
Ақшақар : Ата, балалармен бірге көңіл көтеріп шаршағанымызды басайық. Балалар білімді ,өнерлі тапқыш дейді. Менің әзірлеп келген жұмбақтарым бар .Соларды жасырайын, сіз сыйлық беріңіз.
Аяз ата: Жарайды қызым, сенің дегенің болсын
Бір ақсақал жылына
Бір-ақ рет келеді.
Көп қызы мен ұлына
Сыйлық әкеп береді. (Аяз ата)
Қыста жерді жауып кетті,
Ал көктемде ағып кетті. (Қар)
Көкке қарап наздана
Қолын созар күнімен.
Күз, Қыс, Көктем, Жазда да
Өзгермес бір түрінен. (Шырша)
Жасыл ине киімім,
Жайлаймын тау биігін.
Жаңа жылды тойласаң,
Төріңдемін үйіңнің. (Шырша)
Терезені өрнектеп,
Әдемі сурет салыпты.
Кім екенін табайық,
Көрінбей кетіп қалыпты. (Аяз)
Бет-аузыңнан сүйеді,
Ерні суық тиеді. (Аяз)
Терезеге қонады,
Әсем ою ояды. (Қырау)
Айналып жүріп шыршаны,
Барлық адам ән салды.
Барлығы да шаттанып,
Қай мезгілді қарсы алды? (Қыс)
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Ән «Жаңа жыл» Сәпиев.
Ән Айым. ертегілер
1-жүргізуші : Ал енді балалар барлығымыз бастауыш сынып оқушыларының жаңа жылға ,Аяз ата мен Қарша қызға жыл бойы дайындаған өнерлерін тамашалайық.
1. 1-сынып тақпақтар. 3. 3-4 сынып ән Махаббат.
2. 2-сынып би. ТОЛҒАУ биі
1 жүргізуші: Ал енді ойын ойнаймыз.
Жаңажылдық сайыс. Қалпаққа бір-бір сөзден жазылған кішкентай қағаздар салынады. Мысалы, шырша, мұз, қар, Аяз Ата, тб. Әрбір ойыншы кезекпен қағазды алып, сонда жазылған сөз кездесетін өлең не ән айтуы керек.
2-сынып Тақпақтар.
«Қолғап» ойыны
Ән «Жаңа жыл» Дәрібаевтар.
Би Ғалия.
Тақпақтар 3-4 сынып.
«Шыршаны безендір» ойыны. 6 оқушы шақырылады. Жұптасып тұрып бір оқушы екінші оқушыны киіндіреді. (шапка, қолғап, шарф, тон.) кім бірінші болса сол жеңімпаз атанады.
Ән «Шыршаға бардық»
Ақшақар:
Жаңа жыл еңселеніп еніп тұр
Жаңа үмітпен жақсылықпен келіп тұр
Бойындағы бар мейірім қуанышын
Балдырғандар өздеріңе беріп тұр.
Аяз ата:
Жаңа жылдарыңмен!
Жаңа жылдарыңмен!
Балаларым балғыным,
Өмір гүлім шалғыным.
Тілегенім жыл бойы,
Сендердің денсаулығың
Құтты болсын жылдарың!
1-жүргізуші : Ал енді балалар Аяз ата мен Ақшақарды алыс сапарға шығарып салайық ,
Ақшақар: Иә, бүлдіршіндер, біздің барар жеріміз әлі көп. Өздеріңдей балалар бізді күтіп отыр. Оларды да құттықтап , қуантып қайтайық.
Бәріміз хормен Хош , Аяз ата! Хош,Ақшақар!
Осымен біздің жаңа жыл кешіміз аяқталды, келгендеріңізге үлкен рахмет. Сау болыңыздар!