СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қош келдің жаңа жыл!

Нажмите, чтобы узнать подробности

жаңа жыл мерекесіне арналған сценари. тәрбиешілерге көмек

Просмотр содержимого документа
«Қош келдің жаңа жыл!»


Қош келдің жаңа жыл!

Балалар қатарға тұрып, музыкалық әуенмен залға кіреді.


Жүргізуші: Қымбатты қонақтар, ата-аналар, балабақша ұжымы, балалар! Сіздерді жаға жыл мерекелеріңмен құтыттықтаймыз! Өмірлеріңізге шаттық, дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға ынтымақ, бірлік тілейміз!

Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,

Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.

Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық,

Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.

-дей отырып, жаңа жылдық ертеңгілімізді бастауға рұқсат етіңіздер! Балалар бүгін бізде қандай мереке?

Балалар: Жаңа жыл

Жүргізуші: Жаңа жыл несімен әдемі?

Балалар: Шыршасымен әдемі

Жүргізуші: Балалар бізге келе жатырған қандай жыл?

Балалар: Қой жылы

Жүргізуші: Қой қалай дауыстайтынын білесіңдер ме?

Балалар: Мәәәә

Жүргізуші: иә дұрыс айтасыңдар, қараңдаршы біздің шыршамыз қандай әдемі! Шыршамызда әдемі-әдемі ойыншықтар, түрлі-түсті шамдар бар.

(Ақшақардың келе жатырған дыбысы естіледі) Балалар тыңдаңдаршы бізге қонаққа Аяз ата келе жатырған сияқты. Қане дауысымызды қаттырақ шығарып аяз атаны шақырайық.

Балалар: Аяз ата........ Аяз ата........ (музаканын әуенімен Ақшақар билеп кіріп келеді)

Ақшақар: Сәлеметсіңдер ме балалар!

Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Жаңа жылымыз құтты болсын!

Сүйсіндірер маңайды,

Ақшақармын арайлы.

Жалт-жұлт еткен жүзімен,

Күміс сәуле тарайды.

Ақшақармын аппақпын,

Қалай тыныш жатпақпын.

Менсіз қыстын сәні жоқ

Әнмін, жырмын, тақпақпын.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе ақшақар! Бізге қайдан келе жатырсыз?

Аяз атамыз қайда?

Ақшақар: Біз аяз ата екеуіміз жолда келе жатып, адасып қалдық! Ал аяз атаның қайда адсып қалғанын білмеймін. Ал сыйлықтары болса менде. Мүмкін мені тауып қалар.

Жүргізуші:Ақшақар бізде де әдемі сіз сияқты ақшақарлар бар. Оданда қыздарымызбен билеп жіберіңіз.

Би: «Ақшақарлар»

Жүргізуші: Балалардың жаңа жылға жаттаған тақпақтары бар еді.Соны тыңдаңыз.

1)Әлшер

2)Ақбота

3)Нұрдаулет

4)Інжу

5)Мансур

6)Ақсалқын

7)Жеңіс

Жүргізуші: Балалар тағы да бізге біреу келе жатырған сияқты!

Ақшақар: иә иә естідім. Мүмкін аяз ата шығар. Қане балалар бар дауысымызбен аяз атаны шақырайық. Бізді естімей жатырған болар.

Балалар: Аяз атааа...... Аяяз ата.........

(жарық сөніп, әуенмен сиқыршы кіріп келеді.)

Сиқыршы: Сәлеметсіңдер ме балалар! Мен сияқыршылар әлемінен келе жатырмын. Сендерге көрсетер көп сияқырым бар! (түрлі түсті бояулар)

Жүргізуші: Қараңдаршы балалар бізге сияқыршы неше түрлі сиқырын көрсетті.

Сиқыршы: Тағы да бір сиқырым бар ( сиқырын жасайын деп жатырған кезде сиқырлы таяқшасы ақшақарға тиіп кетіп, ақшақар мұз болып қатып қалады.)

Жүргізуші: Сиқыршы біздің Ақшақарға не істедіңіз? Қатып қалды ғой!

Сиқыршы: Балалар менін сиқырлы таяқшам дұрыс жұмыс жасамай қалды-ау деймін. Енді қалай оятып алсам болады Ақшақарды....

Жүргізуші: Онын есесіне біздің балаларда сиқырлы таяқша бар. Қане балалар сиқыршылар биін билеп, Ақшақарды ұйқысынан оятып, мына мұздан құтқарайық.

Би: «Сиқыршылар»

Ақшақар: Балалар сендерге көп рахмет. Мені мына мұздан құтқардыңдар.

Сиқыршы: Міне ғажап..... тамаша...... Ой балалар сиқырлы таяқшам жұмыс жасаған сияқты. Тағы да бұзылып қалмай тұрғанда мен сияқыршылар әлеміне қайтайын! Сау болыңыздар балалар.

Ақшақар: Аяз ата келгенше мен балалармен бір ойын ойнап жіберейін.

Ойын:«Қар жинау»

Жүргізуші: Бір дыбыс естіледі. Аяз ата келе жатырған болар!

Ақшақар: сағат 12 ге таяп қалды. Қане балалар бәріміз дауыстап шақырайық аяз атаны.

Балалар: Аяз ата........ Аяз ата........

(сықырлаған аяздың дыбысы естіліп, залға аяз ата кіріп келеді).

Аяз ата: Амансыңдар ма балаларым! Сәлеметсіздер ме қонақтар!

Балаларым балғыным,

Өмір гүлі шалғыным.

Тілегенім жыл бойы,

Сендердің ден саулығың.

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе Аяз ата! Біз сізді сағына күттік.

Ақшақар: Иә иә ата қайда жоғалып кеттіңіз? Мен болсам адасып қалдым! Сыйлықтар менде кетті.

Аяз ата: Мына шыршанын шамшары жанбаптығой. Қане балалар шыршаның шамдарын жағайын.(сиқырлы таяғымен шыршанын шамдарын жағады)

Жүргізуші: Аяз ата мауқыңызды басып демалып алыңыз. Балалардың сізде арнаған өлеңдері,тақпақтары бар.

Ән: Шырша әні

1)Нұрай

2)Али

3)Жаннұр

4)Еркебұлан

5)М.Нұрасыл

6)Ақсая

7)Арнұр

8)Іңкәр

Аяз ата: Менің де алып келген ойыным бар (ата-аналармен ойнайды.)

Ата-аналар әуенмен шарды жарып ішіндеші тапсырманы орындайды.

Би: Кішкентай аяз аталар

1)Ерхан

2)Жұлдызай

3)Димаш

4)Аяна

5)Досымжан

6)Қ.Нұрасыл

7)Нұрислам

Ән: Жаңа жыл

Аяз ата: Балаларым өнерлі екенсіңдер барлықтарыңыз. Мені ана жақта тағы басқа да балалар күтіп жатыр!Олардың да өнерлерін тамашалауым керек! Сендерді топтарыңызда мынандай сыйлықтар күтіп тұр!

Жүргізуші: Аяз ата балалар сізбен билегілері келеді! Көңілді әуенге билеп кетіңіздер!

Би: «Көңілді би»

Аяз ата: Қош сау болыңыздар балаларым!!!

Балалар: Сау болыңыздар!!!

Жүргізіші: Балалар ертеңгіліміз өте қызықты болды ма?

Балалар: Иә

Жүргізуші: Балалар,құметті қонақтар осымен ертеңгілігіміз де өз мәресіне жетті.Келесі сөз кезегін балабақша меңгерушісі Гүлмира Назаровнаға беремін.

Жүргізуші: Барлықтарыңызға көп рахмет! Қош сау болыңыздар!!!