І | Дайындық бөлімі 1.Сапқа тұру.Рапорт беру.Сәлемдесу. 2.Сабақ міндетін хабарлау. 3.Саптық жаттығулар: оңға, солға бұрыл, кері айнал. 4.Жүру жаттығулары: --аяқтың ұшымен ; --өкшемен ; --жартылай отырып жүру; --толық отырып жүру. 5.Жүгіру жаттығулары: --оң жақ қырымен тіркеме адыммен ; --сол жақ қырымен тіркеме адыммен; --тізені жоғары көтеріп жүгіру; --артқа аяқты бүгіп жүгіру. 6.Жүру.Терең демалу. 7.Бір лектен төрт лекке бөлініп тұру (таяқшаны оң қолға ұстаймыз .) 8.Гимнастикалық таяқшамен орындалатын жаттығулар: Б.қ.аяғымыз иық көлемінде таяқшаны төмен екі жақ шетінен ұстап - оңға 1-4,солға 1-4 басымызды айналдырамыз; Б.қ.аяқ алшақ,таяқшаны төмен екі жақ шетінен ұстап :1-қолды алдыға көтеру ,2- жоғары көтеру,3- алдыға,4- б.қ. Б.қ аяқ алшақ,таяқшаны төмен екі жақ шетінен ұстап :1-қолды жоғары көтеру ,2- желкеге қою,3- жоғары,4- б.қ. Б.қ аяқ алшақ,таяқшаны алдыда екі жақ шетінен ұстап :1-оңға бұрылу ,2- б.қ ,3-солға бұрылу ,4- б.қ. Б.қ аяқ алшақ,таяқшаны төмен екі жақ шетінен ұстап :1-жоғары көтеру ,2- алдыға еңкейіп ,3-отыру,таяқшаны алдыға ,4- б.қ. Б.қ аяқты кең алшақ қойып,таяқшаны төмен екі жақ шетінен ұстап :1-оң аяққа отыру, таяқшаны алдыға ,2-б.қ.,3-сол аяққа отыру,таяқшаны алдыға ,4- б.қ. Б.қ аяқты иық көлемінде қойып,таяқшаны желкеге екі жақ шетінен ұстап :15 рет тұрып отыру. Б.қ таяқшаны жерге қойып оң аяқты алдыға,сол аяқты артқа қойып кезек-кезек аяқты ауыстырып секіру. Б.қ таяқшаны оң жаққа қойып қос аяқпен таяқшадан секіру. | 15 мин 5-6-рет 5-6-рет 5-6-рет 5-6-рет 5-6-рет 5-6-рет 10-12-рет 10-12- рет | Оқушылардың спорттық киімін қадағалау. Жаттығуды орындағанда дұрыс жасауын қадағалау . Жаттығуды орындағанда екі қолды түзу ұстауын қадағалау Жаттығу кезінде тізені бүкпеу керек Отырғанда екі қолды алға ұстап, тұрғанда төмен түсіруін қадағалау Кеудені түзу ұстау қажет. Таяқшаны қозғалтпаймыз,қол белде. |
ІІ | Негізгі бөлім Ойындар қимыл- қозғалыс ойындары және спорттық ойындар болып бөлінеді. Қимыл –қозғалыс ойындары аса көңілді әрі пайдалы қимыл әрекет түрі . Қимыл –қозғалыс ойыны Қимыл-қозғалыс ойындарының көңілді әрі пайдалы болатын себебі, бұл ойындарды ойнай жүріп, жүгіру, секіру, өрмелеу, лақтыру, тепе- тендік сақтау және мінез-құлықты тәрбиелеу сияқты барлық негізгі қимыл –қозғалыстарды дамыта аласыңдар. Бүгінгі қозғалмалы ойынның аты «Қабырғаны гүлдендіру» Оқушылар үш топқа бөлінеді.Тапсырманы бірінші болып орындаған І топ- үш гүл ,ІІтоп-2г, ІІІтоп-1гүл женіп алып қабырғаға жапсырады. 1 сайыс- баскетбол добын қолға үстап үшбұрышты айланып қайту; 2 сайыс-допты бір қолмен жүргізіп кедергілердін арасымен өту; 3 сайыс-гимнастикалық орындықтың үстімен допты домалатып үшбұрышты айланып қайту, 4 сайыс-кедергілерді айналып бір ойыншы допты шеңбердің ішіне қойып қайтады,ал екінші оқушы әкеледі. 5 сайыс допты шеңбермен домалатып кедергіні аналып келу. Гүлі көп топ осы ойында женеді. | 25 мин | Белгілі бір нақты ережесі бар әр түрлі әрі көңілді қимыл –әрекеттерді қозғалмалы ойындар деп атайды . Тапсырманы толық және дұрыс орындау. Саптан ерте шығу жоқ. |
ІІІ | Қорытынды бөлім 1.Сапқа тұру. 2Сабақты қорытындылау.Бағалау. 3Назар аудару ойыны. 4 Үй тапсырмасы: саптық жаттығуларды қайталау,ж.д.ж дайындау. 5Оқушыларды сыныпқа апару. | 5 мин | Оқушылардың бастапқы қалыпқа түсу жаттығуларының дұрыс орындалуын қадағалау. |