СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Құқықтық қоғам- Қорғаным

Категория: Логопедия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мақсаты: Жеке азаматтың өзінің құқығын біліп, оны өмірге пайдалануға және өзінің құқығын сыйлауға тәрбиелеу.

          Көрнекілігі: «Ақсақ құлан» күйтабақ, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

          Барысы:

1.Адам құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құжаттарға шолу.

2. Өзіндік құқықтар.

3.Саяси бостандықтар, 13 бапты түсіндіруде ұлы Абайдың өлеңін талдау.

Просмотр содержимого документа
«Құқықтық қоғам- Қорғаным»





Тақырыбы:




Құқықтық қоғам-

Қорғаным














Мақсаты: Жеке азаматтың өзінің құқығын біліп, оны өмірге пайдалануға және өзінің құқығын сыйлауға тәрбиелеу.

Көрнекілігі: «Ақсақ құлан» күйтабақ, нақыл сөздер жазылған плакаттар.

Барысы:

1.Адам құқықтары мен бостандықтары туралы халықаралық құжаттарға шолу.

2. Өзіндік құқықтар.

3.Саяси бостандықтар, 13 бапты түсіндіруде ұлы Абайдың өлеңін талдау.

Жеке адам құқығы мәселесіне ас зор үлкен үлес қосқан , тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдар Т.Гоббос, Ш.Монтаскье, Ж.Ж.Руссо, Т.Д. Джеферрсон, И.Кант адам құқықтарының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берген. Оларбарлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс дейді. Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғады. Үш жүздің билері Төле би, Әйтеке би,Қазбек би бабаларымызбен бірге Абай атамыз 1885 жылы мамыр айында Шарда өткен билердің төтенше съезіне қатысып, адам құқықтарын қорғаған. Шоқан Уәлиханов «Сот реформсын» жазып адам бостандығымен күрескен.

Батыр

Ал, енді қазіргі кезде адам құқықтары мен бостандықтарына арналған қағидалар мен ережелердің ереше жүйесі халықаралық құқықтық құжаттардың маңызы ерекше болып отыр.Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тану және мүлтіксіз сақтау әр мемлекеттің ардақты міндеті екені БҰҰ –ң жарғысында жарияланған. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1948 жылы адам құқықтары туралы Декларация қабылданды.

Мөлдір

Декларация қағидалары 3топқа бөлуге болады.

І топқа – адамдардың табиғи және ажырамас құқықтары жатады.

ІІ топқа – азаматтыққа байланысты ережелерден тұрады.

ІІІ топқа – экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы айтылады.

Батыр

1996 жылы БҰҰ –ның Бас Ассамблеясы маңызды екі құжат қабалдады: азаматтық және саяси құқықтары туралы пакт пен экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы пакт.

Пакт латын сөзі – мемлекеттер арасындағы саяси маңызы бар шарт, келісім дегенді білдіреді.

Мөлдір

Пакт жалпыға бірдей Декларацияның қағидаларын кеңейтіп кепілдік белгіледі.Пактыны жүзеге асыру үшін адамның құқықтары жөніндегі комитет құрылды.

Батыр

Қазақстан Республикасы осы аталған халықаралық құжаттарға қосылып, олардағы қағидаларды орындауға міндеттеме алды. Қазақстан 1992 жылдың 2 наурызында БҰҰ-на мүше болып қабылданды. Қазіргі БҰҰ- на 200 – ден астам мемлекет кіріп отыр. Қазақстан халықаралық құжаттарға кіре отырып, бұл маңызды жағдай Конституцияда ерекше атап көрсетті: «Қазақстан Республикасы халықаралық құқықтық принцепттері мен нормаларын құрметтейді, мемлекеттер арасында ынтымақтастықпен тату, көпшілік қарым –қатынас жасау, олардың теңдігі мен бір-бірінің ішкі істеріне араласпау, халықаралық дауларын бейбіт жолмен шешу саясатын жүргізеді, Қарулы Күшті бірінші болып қолданудан бас тартады» -деп Конституцияның 8 бабында жазылған.

Мөлдір

Хат жазысу, телефонмен сөйлесу, почта, телеграф немесе өзара араласу хабарларының құпиясын заңсыз бұзса айыппұл салынады, не бір жылға түзеу жұмыстарына жазалайды.

Жағдаяттар талдау:

1.Мөлдірдің хатын көршісі ашып оқып ,оны достарына жария етті. Мөлдірдің көршісі қандай құқық бұзды?

2.Телефон жүйесімен Лунара мен Жәнібек маңызды тақырыпта әңгімелесіпті. Параллель қосылған телефоннан Ажар олардың сөздерін тыңдады. Ажар қандай құқық бұзды?

3.Берік телефон жүйесі арқылы емтиханға таяу уақытта мектепке «мектепте бомба бар» - деп жалған хабар берді .Берік қандай құқық бұзды?

Батыр

Сөз, ой шығармашылығындағы бостандық ҚР Конституциясының 20 –баптың 1,2 тармағында көрсетілген.

Самал

20-бап

1.Сөз бен шығармашылық еркіндігіне кепілдік берілді. Цензураға тыйым салынады.

2.Әркімнің заң жүзінде тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін ақпарат алуға және таратуға құқығы бар.ҚР-ның мемлекеттік құпиясы болып табылатын мәліметтер тізбесі заңмен белгіленеді.

Ал, енді балалар , қазір бір күй тыңдайық. («Ақсақ құлан» күйі орындалады).

Өткенімізгден бізге сөз бостандығы жайлы мәлімет бере алатын бұл күйдің тарихына көз жүгіртейік

Мөлдір

Ертеде бір ханның баласы серілік жасап, аңға шығады. Сол жорықта хан баласы мерт болады. Ханның қаһарынан қорыққан халық ханға баласының қаза болғанын айтуға қорқады. Халық арасынан бір күйші баласының қаза болғанын ханға тілмен жеткізе алмағағанды құдіретті қара домбрамен жеткізеді.

Ой толғау.

Балалар енді сол кезеңмен осы күнгі сөз бостандығының ерекшелігіне көңіл бөліңдер.

Батыр.

3 бап берілді.

Ерлан

Денсаулық қорғау, медициналық көмек алу құқығы.29- бап.

1.ҚР –сы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

2.Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін тегін алуға хақылы.

3.Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер иен тәртіп бойынша жүргізіледі.

Қасиет

Әлеуметтік қорғануға, үй- жайға құқық 28 –бап

1.Қазақстан Республикасының азаматы жасына келген, науқастанған, мүгедек болған, асыраушысынан айырылған жағдайда және өзге де заңды негіздерде оған ең төменгі жалақы мен зейнетақының мөлшерінде әлеуметтік қамсыздандырылуына кепілдік беріледі.

2.Ерікті әлеуметтік сақтандыру, әлеуметтік қамсыздандырудың қосымша нысандарын жасау және қайрымдылық көтермеленіп отырады.

Алтыншаш.

Білім алуға құқық 30 –бап.

1.Азаматтардың мемлекеттік оқу орындарында тегін орта білім алуына кепілдік беріледі. Орта білім алу міндетті.

2.Азаматтың мемлекеттік жоғары оқу орнында конкурстық негізінде тегін жоғары білім алуға құқығы бар.

3.Жекеменшік оқу орындарында ақылы білім алу заңмен белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.

4.Мемлеке білім берудің жалпыға міндетті стандарттарын белгілейді. Кез келген оқу орнының қызметі осы стандарттарға сай келуі керек.

Мөлдір

13-бап 3тармағында көрсетілген дей

Әркімнің білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Заңда көзделген реттерде заң көмегі тегін көрсетеледі.

Арыз айту құқығына байланысты ұлы Абайдың «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?!» деген өлеңіне құлақ салайық.


Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей?

Тоқ тұрса алмас дәмдіден дәмді іздемей.

«Бір тойған –шала байлық» деген қазақ

Ет көрінсе, қайтеді күйсей бермей?

Ет, қымыз тамақ болса әркімге арзан,

Тәтті , дәмді іздер ең онан да арман.

Өз пұлыңмен халің жоқ күнде тояр,

Құлдық ұрып асйсың асы бардан.

Өз үйіңмен тоярға қолың қысқа,

Ас берер ауылды іздеп жүрсің босқа.

Бір жілік пен бір аяқ қымыз берген

Дереу сені жұмсайды бір жұмысқа.

Тәукелсіз, талапсыз мал табылмас,

Еңбек қылмас еріншек адам болмас.

Есек қыл жусаң да мал тауып кел,

Қолға жұқпас,еш адам кеміте алмас.

Құлық,сұмдық, ұрлық пен мал жиылмас,

Сұм нәпсің үйір болса, тез тыйылмас.

Зиян шекпей қалмайсың ондай істен.

Мал кетер,мазаң кетер, ар бұйырмас.

Батыр.

Назарларымызды слайдқа аударайық.

Бүгінгі тәрбие сағатында заң жоқ жерде бостандық та жоқ екенін түсіндік.Өздерің қандай құқық түрлерін білесіңдер.

Қорытынды. Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет, оның ең кымбат қазынасы – адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары.




Батыс –Қазақстан облысы

Теректі ауданы

Жаңа Өмір ауылы

Логопеді: Сарсекенова Г.Ж