Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы Сағырбайұлы
Құрманғазы. «Сарыарқа»-тыңдау.
Музыка сауаты: Музыкалық бейне.
Сабақтың мақсаты: музыкалық дыбыс арқылы көркемдің бейнені сезіне білуге үйрету, оқушылардың музыкалық бейнелеуін дамыту, тез ойлауға, ойын жүйелі түрде тез жеткізе білуге үйретіп, жаттықтыру.
Сабақтың міндеті:музыкалық шығарманы тыңдай отырып, оның мазмұнын ашуға үйрету. Музыканың түрлі сезімді білдіреіні, оның көркемдік құралдары жөнінде түсініктерін кеңейту.
Әсемділікке, сұлулыққа тәрбиелеу.
Сабақтың барысы:
· Музыка тыңдау
Құрманғазының «Сарыарқа» күйі тыңдалады.
Бұрын сен осы күйді естідің бе?
Күй несімен ұнады?
Күй қалай орындалды?
Күйді тыңдағанда қандай әсер алдың?
Күй не туралы?
Күйді тыңдаған кезде көз алдыңа қазақтың сары даласы, шежіресі, тарихи бай қазақ ұлтының өмір-тіршілігі келеді.
Кең дала , сқлу табиғат, қаздың қаңқылы, жүйрік аттардың шабысы, т. б. елестейді. Бейнелі көрініс тудыра алатын шығарма.
Музыкалық бейне көрінісі жалпылама, барлық тақырыптарға ортақ. Себебі қай музыкалық шығарма болсын, белгілі бір музыкалық бейнені білдіретіні белгілі.
Оқулықпен жұмыс:
«Музыкалық бейне көрінісі» тақырыбы оқылады. Оқушыларға өнер түрлерінің көркемдік бейнеленуі жөнінде толығырақ тоқтала отырып, «Музыкалық бейне деген не?» деген сұраққа жауап айналасында пікірлер айтылады.
Музыкалық дыбыстардың көмегімен белгілі бір бір суреттерді көз алдымызға келтіруге болады. Алдымен балалардан бірнеше жаттығулар жасау талап етіледі.
«Көңілді әндерді естігенде көз алдыңа нені келтіре аласың?», «Ауыр да мұңды музыканы естігенде қандай бейне көз алдыңа келеді?» деген сұрақтар арқылы оқушының ойы ашылады.
2- сыныпта өткен Ер Төстік және оның достары туралы әнді еске түсіру арқылы музыка өнері де өзінің музыкалық дыбыстары арқылы түрлі бейнелерді көрсете алатыны түсіндіріледі.
- «Ер Төстік» әнінің сөзі, әуені, мазмұны көркем бейнені көз алдымызға келтіреді. Көлтауысар, Желаяқ, Көреген, Таусоғар әндері музыкасының мазмұны белгілі бір музыкалық дыбыстар арқылы көркем бейне бере алады.
Оқушылардың орындаушылық шеберлігін арттыратын көрсеткіштің бірі- ән репертуары. Бала ән репертуарына қызықса ғана оның ән айтуға деген құмарлығы артады.
Дауыс жаттығуы мұгалімнің өз қалауы бойынша жасалады. Хормен ән айту кезінде оқушының музыкалық мәдениетіне, ән айтқан кезде өзін-өзі бақылай білуіне, жанындағы көршісі мен аспаптың үнін тыңдай білуге үйретуге баса көңіл бөлген жөн.
· Ән орындау
Ер Төстік және оның достары «Ер Төстік», «Желаяқ», «Саққұлақ», «Көлтауысар», «Көреген», «Епті» әндерін түсіріп, орындау.
· Сергіту
«Көңілді музыкант» әні.
Сұрақтар:
«Сарыарқа кімнің күйі?»
Музыкалық бейне дегенді қалай түсінесің?
Қандай өнер түрлерін білесің?
Ән орындау барысында қандай музыкалық бейне көз алдыңа келді?
Бұрын тыңдаған қандай күйлерді білесің?