СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Құрылыстағы жаңа технологиядағы кранның атқаратын қызметі мен маңызы

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазіргі таңда әлем елдері техникалық жағынан байытылған жаңа технологияның  қажеттілігін алғашқы орынға қоя бастады. Еліміздің тұрақты экономикалық өсуі еңбек нарығының құрылымына елеулі өзгерістер әкеліп, жаңа  технологияға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Өндірістің әр түрлі салалары да кәсіби білікті мамандар тапшылығымен жаңа технологияның  маңыздылығын сезінуде. Сондықтан, бүгінгі еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда  жаңа технологияның беделі мен маңызы жоғарылай берері ақиқат.

Просмотр содержимого документа
«Құрылыстағы жаңа технологиядағы кранның атқаратын қызметі мен маңызы»

Секциясы: Менің мамандығымдағы техника



Зерттеу жұмысы



ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯДАҒЫ КРАННЫҢ АТҚАРАТЫН ҚЫЗМЕТІ МЕН МАҢЫЗЫ



Жақсылық Ердос

Мұрадым Жанұзақ




3 курс (мамандығы «Ғимараттар мен үймәреттерді салу және пайдалану»)


«Экономика және ақпараттық технологиялар колледжі»









Ғылыми жетекші: Арнайы пән оқытушылары

Сахашева Д.А.

Амрешов Н.Ж.













ОРАЛ 2013


Мазмұны

Кіріспе...............................................................................................3

Негізгі бөлім.....................................................................................4

1.1.Құрылыстағы жаңа технологияның маңызы......................4

1.2.Құрылыс краны.....................................................................7

1.3.Кранның маңызы мен міндеттері........................................9

Қорытынды......................................................................................11

Пайдаланған әдебиеттер.................................................................12






















Кіріспе

Қазіргі таңда әлем елдері техникалық жағынан байытылған жаңа технологияның қажеттілігін алғашқы орынға қоя бастады. Еліміздің тұрақты экономикалық өсуі еңбек нарығының құрылымына елеулі өзгерістер әкеліп, жаңа технологияға деген сұраныс күн санап арта түсуде. Өндірістің әр түрлі салалары да кәсіби білікті мамандар тапшылығымен жаңа технологияның маңыздылығын сезінуде. Сондықтан, бүгінгі еңбек нарығы мен қоғамның қажеттіліктерін қанағаттандыруда жаңа технологияның беделі мен маңызы жоғарылай берері ақиқат.

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері » атты Жолдауын жүзеге асыру мақсатында дайындалған Қазақстан Республикасында жаңа технологияны дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы - жаңа технологияның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға,дамытуға түбегейлі өзгеріс бере отырып, жаңа технологияның сапасы кезек күттірмей тұрған мәселелерді шешуге оң ықпал ететіні сөзсіз.

Қазақстан Республикасының гүлденуі «Құрылыс саласындағы жүйесінің басты мін­детi – ұлттық және жалпы адам­заттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке мемлекетті қалыптастыруға жә­не бәсекеге қабілетті ел болуға қажетті жағдайлар жасау,мамандарды оқытудың жаңа технологияларын енгізу міндеттері көзделді. Осыған орай мен өз жобамды әлемді таң қалдырырып отырған жаңа технология – құрылыс кранын алып оның ерекшелігіне тереңірек үңілуге тырыстым.







Негізгі бөлім

1.1.Құрылыстағы жаңа технологияның маңызы

Мемлекетіміздің 20 жыл ішінде өркендеп дамуы экономикамыздың іргетасының берік өсіп, одан әрі оны жетілдіру болып табылады. Елбасы айтқандай өндіріс қуаттылығын сол аймақтың негізгі қоры мен инфрақұрылымын байланыстыру тиімді орналастыру болып табылады деген болатын.

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің жыл сайынғы халыққа жолдауында құрылыстағы жаңа технологияның маңызына ерекше тоқталып өтетін. Оны еліміздің экономикасының дамуының локомотиві деп, құрылыстағы жаңа технологиялар өндірісінің дамуын ынталандыруға бейімдеу керек деген.

Жаңа технологиялар құрылысының мемлекеттік даму бағдарламасын іске асыруда, Қазақстан Республикасының құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары, құрылыс машиналары өндірісін 2005-2014 жылдарға арналған бағдарламасы жасалып және қабылданған болатын. Бұл бағдарламаның мақсаты – Қазақстан Республикасындағы құрылыс машиналары,құрылыс материалдары, бұйымдары және конструкциялары өндірісін инновациялық дамуын қамтамасыз ету.

Қандай да болмасын өндіріс даму үшін, инновациялық жобаларды игеру керек болады, жұмыстың көлемін арттыру және жаңа технологияны пайдалану арқылы өзіндік құнын төмендету. Сонымен қатар жұмыскерлердің сапалық білімдері жоғары деңгейге сай болуы қажет.

Қазіргі кезде Қазақстанның құрылыс машиналар саласында жан-жақты даму табысты жүріп жатыр, сонымен бірге бұның негізіне кластерлық қатынас алынды, ал қалыптасатын ұлттық инновациялық жүйе жаңа технологияның жаңа экономикалық жолы болып табылады. Құрылыс машиналар өндірісі экономиканың негізгі салаларының біріне жатады – құрылыс индустриясы тек қана басқа саланың өсуін алдан-ала болжап қоймай, қоғамның тұрмыстық жағдайына да әсерін тигізеді. Соңғы жылдары жаңа технология саясатын іске асыруға байланысты, оның құнын төмендету және мемлекеттің жаңа технологияға деген мүмкіндігін арттыруына сай, құрылыс машиналар өнеркәсібі қарқынды дамып келеді. Барлық категориядағы жаңа технологияға қауіпсіздік, сенімділік және ұзақтық талаптары қойылады. Сол себептен жаңа технология сенімділігін, жоғарғы жылу қорғау қасиетін қамтамасыз ететін, құрылыс машиналарына деген сұраныс арта түсуде. Қандай жаңа технология болмасын, оның пайдалану мерзімі және ұзақтылығы пайдаланатын құрылыс машиналарының сапасына тікелей байланысты. Бұл бір өзінше аксиома, яғни дәлелдеуді қажет етпейтін, елдің бәрі біле беретін.

Жаңа технологияның құны, құрылыс машиналар құнының айтарлықтай үлесін құрайды, сондықтан құрылыс машиналар индустриясын ұйымдастыру, жаңа технология бағдарламасын орындаудағы негізгі шарты болып табылады. Кейбір құрылыс машиналарына деген сұраныс шет елден әкелініп қанағаттандырылатын болса да, қазіргі кезде өзімізде негізгі құрылыс машиналары түрінің көлемі тұрақты өсіп отырғаны байқалады.

Қазіргі кезде қазақстан нарқы, негізінен құрылыс машинарымен қаныққан. Нарықты отандық машиналармен толықтыру үшін, саланың алға басуын, ғылыми-техниканың жетістіктеріне және технология мен жасалған жұмыстарға сын көзбен қарап, соларға баға жасау қажет. Оларды пайдалану жаңа технологияның түрін және көлемін артыруға бағытталған, сонымен қатар, жергілікті өнертапқыштар мүмкіндігінше шығырылатын өнімнің жаңа үлгісін жасап , құнын арзандатып өз елімізде жиі пайдалану тиімдігілін қарастыруда. Жаңа технологияны және машиналарды енгізу құрылыстың өзіндік құнын орташа 20-25 % төмендетуге мүмкіншілік жасайды, 1,5 есеге дейін еңбек шығынын төмендетеді және энергия сыйымдылығын азайтады, яғни бұл шеттен әкілінетін машиналарды ауыстыруға және сыртқа шығаруға бағытталған өндірісті жасауға жағдай туғызады.

Қазақстан құрылыс материалдарын өндіру үшін, шикізат қорына бай, қазіргі кезде жеріміздегі бар кен орнының тек қана жартысы ғана өңделеді. Мысалы, керамикалық бұйымдар шығару үшін, жоғары сапалы саздың қоры және шыны шығаруға кварц құмы бар.

Алдағы уақытта құрылыс материалымен айналысатын қандай да кәсіпорын үшін, ең маңызды міндеттердің бірі – құрылыс материалдар өндірісін жаңғырту, инновациялық технологиялардың санын арттыру болып табылады.

Жоғарыда аталған материалдарды құрылыста кең пайдалану үшін жаңа технологиядағы құрылыс машиналарының алатын орны зор. Бағыт бойынша жүкті жеткізудің басты құралы құрылыс көлігі болып табылады. Мысалы, жалпы көлемде құрылыс жүктерінің 80 пайызын автомобиль көліктері тасымалдайды. Қазіргі кезеңде рудалы емес материалдарды, құрылыс конструкциясын, ағашты, металды тиеу-түсіру механизацияланған тәсілмен жүзеге асады.Осымен қоса, қоймаларға жеткізумен немесе шатыр, қаптау және тағы басқа майда материалдарды құрылыс алаңдарына тікелей жеткізудегі тиеу-түсіру жұмыстарының қол еңбегінің шығыны үлкен. Көліктік және тиеу-түсіру жұмыстарындағы еңбек шығынын қысқарту үшін тасымалдауды және көлік құралдарын таңдауды ұтымды ұйымдастыру аса маңызды. Құрылыстың дамуы және өндірістік құрылыс конструкцияларын және бөлшектерін дайындау дәрежесінің ұлғаюы оларды құрылыс алаңдарына жеткізу механизациясы мен ұйымдастырылуын жетілдіруді талап етті.

1.2.Құрылыс краны

Құрылыс материалдарын оларды жоғарғы биіктікке жеткізетін жаңа технологиядағы құрылыс краны.

Кран деп, үлкен емес арақашықтыққа жүкті горизонтальді орын ауыстыруға және көтеру немесе түсіруге арналған жүк көтергіш машиналарды айтады. Көтергіш крандар мынадай топтарға бөлінеді: консольді , мостылы, портальды және мұнаралы. Кранның ең көп таралған түрлері : стрела түрі, мұнаралы, стрелалы өзі жүретін крандар болап саналады.
Мостылы кран – жүк арбасымен асылмалы көпір немесе тіреу түрінде жасалған көтергіш кран. Цех аралығын түгел кран асты рельсі бойынша көпір орналасады, ал арба – көпір бойынша көлденең аралықта орналасады. Кранның жүк көтергіштігі 5 тоннадан 450 тоннаға дейін.
Портальды кран – жебесі және бұрылыс платформасы рельсті жол бойынша қозғалатын көтергіш кран. Порттарда, теңіз құрылыс зауыттарында, гидротехникалық, тұрмыс және өндіріс құрылыстарында және тағы басқа құрылыста қолданылады. Кранның жүк көтергіштігі 300 тоннаға дейін, жүкті көтеру биіктігі 45 метрге дейін.
Мұнаралы кран – құрылыс негізінде қолданылатын және биік мұнарасы, бұрылмалы жебесі және ілмегі бар көтергіш кран. Қозғалмалы кран мұнарасы рельс жолы немесе жер бойынша қозғалатын жүретін дөңгелекке немесе күректі арбаларға бекітіледі. Қозғалмалы мұнаралы кранның жүк көтергіштігі 100 тоннаға дейін, ал стационарлы крандарда 400 тоннаға дейін. Жүкті биіктікке көтеруі 150 метрді құрайды, ал жебенің ұзындығы 5 метр.

Велосипедті кран – бір рельс бойынша қозғалатын 2-4 дөңгелекті арбаларда орнатылған бағанадағы бұрылмалы көтергіш кран.

Жалпы барлық крандар үшін негізгі механизімдер болып: ілмектің ұзындығын өзгертетін жүкті көтеру механизімі (жүкті шығыр), жебені көтеретін механизм , кранның қозғалу механизімі және бұрылыс бөлігінің айналу механизімі саналады.

Кранның негізгі көрсеткіштері болып:

  • Жүк көтергіш – жүктің ең көп массасы кранмен көтеріледі;

  • Жебенің  ұзындығы – кранның айналу өсінен ілмекке дейінгі арақашықтық;

  • Жүкті биікке көтеру және оны түсіру;

  • Жүкті көтеру және түсіру жылдамдығы, кранды бұру және қозғалту жылдамдығы;

  • Күштік қондырғының қуаты.

Мұнаралы крандар құрылысты – құрылыстағы әр түрлі құрылысты-жөндеу және жүктеу- жүк түсіру жұмыстарын орындау үшін қолданылады. Мұндай крандардың негізгі бөліктері болып: мұнара, баулық атқышпен және салмақты азайту ; тіреу-бұрылысты құрылғысы; басқару кабинасы және жүкті көтеру механизмдері.
Мұнаралы крандардың индекстары  санды әріпті бөліктерден тұрады, мысалы, КБ – 573; КБ – мұнаралы кран (МК); 5 өлшемді топтың нөмірі, нақты жүк моментіне жауап беретін; 73 – тіркеу нөмірі (00-ден 69-ға дейінгі мұнаралы бұрылмалы крандар, 70-тен 99-ға дейін – бұрылысты емес мұнаралы крандар Крандар солтүстікте қолданылатын қосымша ХЛ (холодный климат) деген әріптері болады. Мұнаралы крандардың негізгі ерекшелігі атқышының үлкен биікке орналасуы болып табылады.



1.3.Кранның маңызы мен міндеттері

Жебелі өзі жүретін крандар:
Бұл топқа стрела толық бұрылымды крандар, щынжыр табанды немесе пневмо дөңгелекті жолы бар өзі жүретін шассеге жөнделгендер жатады.
Дұрыс сипаттамасы болып жетекің автоматтылығы, жұмыста сенімділігі, жоғары орағытпалық және жинақтылық, бір объекттен екінші объектке тез лақтыру мүмкіндігі, жоғары әмбебаптылығы жатады.

Бұл крандарды келесі белгілері бойынша классификациялайды:

1) жүк көтергіштігі бойынша:

  • жеңіл, жүк көтергіштігі 0,4 – 10т;

  • орташа – 10 -25т;

  • ауыр – 95т жоғары.

2) жүретін құрылғының типі бойынша:

  • шынжыр табанды жолда;

  • пневмо дөңгелекті жолда.

Пневмо дөңгелекті жолдағы крандар автомобильді және арнайы болып бөлінеді:

1) жетек түрі бойынша:

  • бір моторлы (механикалық жетегімен ішкі жану қозғағышынан);

  • көп моторлы (дизель – электрлі немесе гидравликалық жетегімен);

2) аспалы атқыш әдісі бойынша:

  • иілгіш аспалы құрылысымен;

  • қатты аспалы гидравликалық цилиндрлер;

Крандар үлкен қозғалыспен, тұрақтылықпен және өтімділікке ие, құрылыстық алаңдарда жүтеу – жүк түсіру жұмыстары кезінде сонымен қатар құрылыстық конструкциялы элементтерді жөндеу кезінде кеңінен  қолданылады. Орындаушы механизмдер болып: жүкті көтеру механизмдері, атқыш ұшуының өзгеруі (ілмек), бұрылыстың және кранның қозғалуы. Шынжырлы крандар негізгі атқыштардан басқа меншікті атқыштармен және жүк таситын құрылғымен жабдықталған.

Шынжырлы крандардың әр түрі болады: кран – экскаваторлар 10 т жүк көтергіштігімен, толық бұрылатын крандар 25 -100т жүк көтергіштігімен; кран – құбыр төсеуіштер 4-12 т жүк көтергіштігімен.

Жүктеу-жүк түсіру жұмыстарын аздаған көлемде орындау кезінде

пневмодөңгелек крандар кеңінен қолданылады.

Қазіргі кезде кеңінен қолданылатындар:

  • механикалық жетекті пневмодөңгелектер 16т жүк көтергіштігімен;

  • дизель- электрлік жетегімен 16; 25; 63 және 100т жүк көтергіштігімен.

Пневмодөңгелек крандардың негізгі механизмдері шынжырлы крандар механизмімен іспеттес. Пневмодөңгелек крандардың қозғалғыш қондырғылары арнайы шассиде екіден төртке дейін көпірлері бар әрқайсысы екі немесе төрт дөңгелектермен жігерленген.
Автомобильді крандар автомобильді шассиден тұратын және жұмыс жабдығымен бұрылысты платформаларға орнатылған машиналар. Олардың жоғары жылдамдығы 90км/сағ дейін, жақсы қозғалғыштығы және жинақтылығы бар, сондықтан оларды құрылыс объектілерінің арасындағы маңызды арақашықтық кезінде құрылысты-жөндеу және жүктеу жүк түсіру жұмыстарын ондауда кеңінен қолданады.
Қазіргі кездегі өзі жүретін крандар жұмыстың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін: жүк көтергішті шектегіштер, жебенің биіктікке көтерілуін және ілмектің; ұшының нұсқаушылары; электр беріліс желелеріне жақын жұмыс істеу кезінде арнайы дыбыстағыштар приборлармен жабдықталады. Осы барлық приборлар кранның жүк таситын сипаттамасына сәйкес болуы керек және жылына жұмыс істеу қабілеттілігіне тексеріліп отыруы керек.

Қорытынды

Мен өз жобамды қорыта келе құрылыстағы жаңа технологиядағы кранның маңызы мен міндеті туралы айтып өттім.

Жобамның негізгі мақсаты: қазір ғылым мен білімнің дамуы заманында жаңа технологияның маңыздын, соның ішінде құрылыс кранның мағынасын ашу және біртіндеп құрылыс саласына енгізу.

Жобанының міндеті:

  • Құрылыс саласының өркендеуін дамыту;

  • Көп қабатты ғимараттардың бой көтеруі;

  • Құрылыс уақытын қысқарту;

Жобаның өзектілігі: Бұл жобаны жүзеге асыру барысында мемлекет экономикасының өркендеуі, құрылыстың қарқынды дамуыту көзделуде.

Жобаның тиімділігі:

Біріншіден, құрылыс уақытын қысқарту,яғни құрылыстың күнтізбелік жоспарын азайту, жұмысшылардың уақытын тиімді басқару.

Екіншіден, жаңа технологияның маңызы. Көп қабатты ғимараттар салу.Бұл кранды пайдалану арқылы оны басқаратын жаңа мамандарды дайындау курстары ашылады.

Үшіншіден, әлемде жоқ биік ғимараттар негізі құрылады. Орал қаласында биік ғимараттар бой түзейді.Кезек күттіріп тұрған тұрғын үй мәселесі шешіледі.

Осылайша біз, құрылыс кранының ќолдану жүйесін саралап көрдік. Талдап, талќыға келтіруді болашаќтың еншісіне ќалдырдыќ. Жобаға ќолдау табылып, ќаржыландырып жатырса мемлекет экономикасы үшін де, құрылыс саласы үшін де пайдасы зор.





Пайдаланган әдебиеттер:

Негізгі:

1 Хамзин А.С, « Құрылыс машиналары және жабдықтары »

М, «Стройиздат»,1996ж.

2 Заленский В.С., Иванов А.И. «Құрылыс машиналары және жабдықтары»

М, 2000 ж.

3 Добронравов С.С, Дронов Р.Г. «Машины для городского строительства»

М, 2000ж.

4 Волков Д.П. «Көтергіш крандар» М, «Высшая школа», 1988ж.

Қосымша:

1. Заленский В.С. «Мұнаралы крандар» М, 1993ж.


2 Лейко В.С. «Құрылыс машиналары» М, «Машина жасау»,1995 ж.










12