Сабақтың тақырыбы: "Құстар біздің досымыз"
Сабақтың мақсаты:1. Оқушыларды табиғаттағы құстарды баптап, күтуге үйрету.
2. Құстарға деген қамқорлық көзқарастарын тереңдету, есте
сақтау қабілетін,сөздік қорын дамытып,еркін сөйлеуге үйрету.
3.Табиғатты аялауға,сүюге тәрбиелеу,еңбекке баулу.
Көрнекілігі:Құстар суреттері,сөз жұмбақ,ребус
Сабақтың барысы: Табиғат- біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз .
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
М:Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
О:Көктем
М:Көктемнің қанша айы бар?
О:Көктемде үш ай бар
М:Енді,айтыңдаршы құстар қай жақтардан ұшып келеді?
О:Жылы жақтардан
М: Табиғаттың бір бөлігін құрайтын бөліктердің бірі-құстар.Халық ежелден-ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігін шексіз дәріптеп, ең жақсы адамды құсқа теңеу арқылы ол ықыласын көпке аян етеді. Мысалы: төгілте ән шырқайтын әншісін -бұлбұлға, ел үшін,Отан үшін жанын қиятын батырларын қыранға,елден асқан сұлуды аққуға теңеген.
1-оқушы:Келді көктем қалаға,
Келді сұлу шағала.
Аспандағы көп құстар,
Ауылымды арала,
А-ай келді көктем,
А-ай сүйді беттен,
Сол көктемді қарсы алып,
Би-билейміз ән салып.
Ой тастау: "Қыстап қалатын құстар суықтан қорқа ма, әлде аштықтан қорқа ма?"
2-оқушы: Құстар суыққа тоңбайды,олар аш қалудан қорқады. Өйткені күз түсе олардың қоректері азаяды. Бірақ қыстап қалатын да құстар бар. Олар қыстыгүні өзіне азық тауып, қоректене алады.
Ой тастау:"Әрқайсымыз құстарға қандай қамқорлық көрсете аламыз?"
3-оқушы:Құстардың пайдасы өте көп,мысалы шыбын шіркей аулап жейді, табиғатқа көрік береді. Көктемде ұшып келген құстарға қамқорлық жасауымыз керек. Оларға ұя жасап, ағаштардың басына іліп қою керек және жем беріп қоректендіру керек.
4-оқушы:Кіп-кішкентай торғайды,
Жақсы бала қорғайды,
Жасап берсек ұясын
Қыста олар тоңбайды.
5-оқушы:Мен торғаймын,торғаймын,
Суықтан да тоңбаймын,
Құрт-құмырсқа,шіркейден,
Бау-бақшаны қорғаймын.
М:Құстарға байланысты жұмбақ жасыру
Көлдің көркі,сән екен
Ұшқанда сазды ән екен
Ақындар оны мақтаған
Адамдар оны сақтаған. ( Аққу)
Ақ сарайын талқандап,
Шықты біреу талтаңдап. (Балапан)
Еркін самғап ұшсын деп,
Мәпелейміз,баптаймыз
Бейбітшілік құсы- деп
Қайсы құсты мақтаймыз (Көгершін)
Көктемде құстар келгенде,
Ең алдымен келетін
Өзіміз күтіп алатын
Ұя жасап беретін. (Қара торғай)
Өзісақ,өзі ұсақ
Шықылықтап тұрмайды,
Құйрығы ұзын,өзі ала. (Сауысқан)
6-оқушы:Қарлығаш-әр түрлі жерлерде тіршілік етеді, қанаттары ұзын,жіңішке және ұшы сүйір болып келеді. Адал ,пәк құс.
7-оқушы:Жыл құстары келді деп,
Балдырғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
Көлге үйрек, қаз қонды.
Балалар, мына есеп-сұраққа жауап беріңдерші .
Көлде 16-қаз болыпты,
Оларға 14-үйрек ұшып келіпті,
6-қаз жүзіп кетті.
Енді санап көрейік,
Неше үйрек ?14
Неше қаз?10
8-оқушы:Көлге келіп қонады,
Көлдің көркі болады.
Аңшы бірақ атпайды,
Аққудың бар обалы.
Аққу биі:
9-оқушы: Құртты іздеп іннен,
Қарағайды үңгіген,
Тоқылдақ -құс дәрігер,
Қашанда ол әбігер.
10-оқушы: Халық "Көкек келді- көктем келді" дейді.
Көктемнің тамаша бір айы сәуір көкек деп атайды. Көкектің балапаны бір күнде ғана 39-шегіртке , 43-жұлдыз құрт,5-жұмыртқасын, 4-өрмекші және құмырсқа жұмыртқаларын қорек етеді.
11-оқушы:Бір қонып,бір секектеп,
Менің атым көкек деп.
Мен ғой келген жетектеп,
Қорықпаңдар жаз өтеді деп,
Тұрады жаз тамылжып,
Десем болды "көкек" деп.
12-оқушы: Көгершін- хабаршы құс. Ол бейбітшілік құсы деп саналады,көкте самғап, жылдам ұшады,жерде жақсы жүреді. Хат тасиды.
Ән:Ақ көгершін
13-оқушы:Сауысқан -қарға тұқымдасының бірі,оның түсі ала,құйрығы ұзын болады. Орман,тоғайлар мен бұталы жерлерді мекендейді.
14-оқушы:Сауысқан ,сауысқан
Жауыр атқа жабысқан.
Ойда жауыр көрінсе,
Ойбайлатқан сауысқан,
Қырда жауыр көрінсе,
Қиқандасқан сауысқан.
Сөзжұмбақ шешу:1.Қоршаған орта
2.Құстың баласы
3.Құстың тұратын орны/үйі/
4.Түн құсы
Құстар туралы жаңылтпаштар айту
15- оқушы: Көкек,көкек,көкек-деп
Көкектейді көкек кеп,
Көкек,көкек,көкек-деп,
Көкектейтін көкек көп.
15- оқушы: Тырна тыраулады,
Мысық мияулады,
Тыраулап тырна өтті,
Мияулап мысық кетті.
16-оқушы: Торғай сүйер тоғайды,
Тоғай күтер торғайды,
Торғайсыз тоғай болмайды,
Тоғайды торғай қорғайды.
Ойын:"Дұрыс жауабын айт"
Қыстап қалатын құстардың қайсысы адам тұрағына жақын келіп "шиқ-шиқ" деп дыбыстайды?
Қай құс шырылдайды?(Торғай)
Қай құс қарқылдайды?(Қарға)
Қай құс сақылдайды?(Сауысқан)
Құстарда құлақ бола ма?( Құстардың құлағы бар, олардың есту қабілеті жақсы жетілген. Құстардың кеңістікте бағдарлай алуы, ұшқанда тепе-теңдікті ұстауы, есту қабілетіне байланысты.)
Қорытынды: Құстың мекені не? О.ж: ұя
Құс не жейді? О.ж:жәндік,жем
Аң аулау үшін қандай құсты пайдаланамыз?О.ж:Бүркіт
Келген құстарды не істейміз? О.ж:
Хормен: Қорғаймыз,жем береміз,ұя жасаймыз
Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.
Просмотр содержимого документа
«Құстар біздің досымыз - тәрбие сағаты»