СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

??тты болсын жа?а жыл

Категория: Музыка

Нажмите, чтобы узнать подробности

??тты болсын жа?а жыл

Жа?а жыл даярлы? сыныбы ?шін ертегі еліндегідей ?туі керек.

Просмотр содержимого документа
«??тты болсын жа?а жыл»

Сенарий тақырыбы: «Құтты болсын Жаңа жыл»

Сенарий тақырыбы:балаларға мерекелік көніл күй тудыру;шыршаның қалай әдеміде сәнді безендірілгеніне,балалардың:Аязатаның,Ақшақардың,Жалмауыз кемпірдің карнавалдық киімдеріне назар аударту;көңілді ойындар ойнату,достық қарым-қатынасын ояту,бірлескен ойындар ойнату,аудиторияға мерекелік көніл күй жасау.

Қатысушылар:Жургізуші,Аязата,Ақшақар,Жалмауыз кемпір,Қоян,Клоун,бастауыш сынып оқушылары.

Сенарий түрі:карнавал

Сенарий барысы:

Музыка ойнап тұрады.

Жүргізуші:Тезірек,тездетіп мында жиналыңдар,

Басталды Жаңа жылдық карнавал,

Маска да бар,би де бар,асығыңдар,

Шырша жанында қонақтарды қарсы алыңдар.

Аязата шақырғанның бірі дағы қалмайды,

Басталды,басталды,жаңа жылдық карнавал!



Карнавалдың иелерін қарсы алайық!

Жүргізуші:Армысыздар,аяулы ұстаздар,ата-аналар!Сәлеметсіздер ме, балалар.Сендер бүгін сәнді киініп әдемі болып кетіпсіңдер.Ал бүгін қандай мереке

Балалар:Жаңа жыл!

Жүргізуші:Жаңажылдық ертеңгілігімізді ашудағы құттықтау сөз мектебіміздің директорына беріледі.

Жүргізуші:Балалар,бүгін біз жаңа жылды қарсы алуға жиналдық.Келіңдер,Сән құрап тұрып,қол ұстасып жүріп ән салайық.

Балалар:Аппақ-аппақ жапалақтап

Жүргізуші:балалар,ортамыздағы әсем не

Балалар:Шырша!

Жүргізуші:Шыршамыз қандай әдемі!Ойыншықтары неткен көп!ал кім бізге шыршаға

арналған тақпақтарын айтып береді.







Ерасыл:Жасыл шырша ,қош келіпсің,

Сені күтіп жүрдік біз

Көркейсін деп сенің жүзің,

Ойыншықтар ілдік біз.

Жансая:Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағылған

Міне сұлу шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Қ.Алихан:Тамаша,тамаша!

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса

Бекнұр: Безендіріп шыршаны

Жыл қуантты баршаны

Той-маскарад басталды,

Аяз оны басқарды.

Ералы:









Жүргізуші:Жарайсыңдар ,балалар қандай жақсы тақпақ!Балалар,бізде шыршамыз бар,әдемі киінген балаларымыз бар,ата-аналарымыз бар,көрермендеріміз де бар екен,енді,біздің жаңажылдық мерекемізге кім жетіспейді

Балалар:Аяз-ата,Ақшақар.

Жүргізуші:Кәне,онда Аязатаны шақырайық.Бар дауыспен айқайлайық.

Балалар: Аязата,Аязата(2-рет айтқанда,есік ашылады да,сыпырғышына мінген Жалмауыз кемпір жүгіріп келеді.

Жалмауыз кемпір:Ойбай түрлерін қара!Неге тамақтарыңды жыртып жатырсыңдар

Жүргізуші:Ал, сен неге амандаспайсың?Әдепті адам алдымен амандасып алады дегенді білмейсің бе?

Жалмауыз кемпір:Білсем бұйырмасын!

Жүргізуші:Мұны тіпті мына бүлдіршіндеріміз біледі.Ал,сен сияқты үлкен адамға ескертудің өзі ұят.Сен мектепте оқымадың ба?



Жалмауыз кемпір:Оқыған жоқпын!Маған бір танысым-Орман перісі-мектепте сондай қызықты болады,бір барып көрсең ғой деп қоймаб еді,ал,бардым...Онда кешке дейін тақпақ-әндер,көбейту кестесін жаттатады,ал мұғалімдері бұрмалы ойыншық сияқты:қанша?неше?Қайда?Ойланыңдар,ойлан ыңдар дйеді де жаттатады, не одан басқа сөз жоқпа?Еще 45 минут партада қадалып отыру керек.Бүйткен мектебі құрсын!

Жүргізуші:Сен өзің қайдан шықтың?Біз Аязатаны шақырып едік қой.

Жалмауыз кемпір:Мені неге мерекеге шақырмайсыңдар?Аязата сендерге бәрібір келмейді,өйткені мен ормандағы жол көрсететін белгіні алып тастадым,енді ол жол таба алмайды ха-ха-ха(деп секіреді)

Жүргізуші:Неге олай еттің?Аязата,Ақшақарсыз қандай жаңа жыл келмек?Мүмкүн балалар Жалмауыз кемпірге өнерімізді көрсетерміз,сонда ол өзінің қателігін дұрұстар.

«Балапандар биін» тамашалаңыздар.





Жүргізуші:Жалмауыз кемпір біздің өнерлі балапандарымыз көп мүмкүн ұнап қалар,шешіміңді өзгертерсің келесі өнерімізді де тамашалап көр,алдарыңызда Балауса

Жалмауыз кемпір:Жарайды,жарайды.Балалар шырша әдемі болып жану керек қой иә?

Балалар:Иә!

Жалмауыз кемпір:Онда, қане жағып жіберейік!(қолына сірінкесін алып,жаға бастайды.)

Жүргізуші:Жоқ!Жоқ!Мына жалмауыз кемпірден құтыла алмадық қой!Сол кезде алыстан Аязатаның даусы естіледі.

Жалмауыз кемпір:Құрсын қашайын,тоңып қалармын!

Жүргізуші:Аязата,Ақшақар келе жатыр ғой деймін,шақырайық,қол соғайық, болған қиындықтарды ұмытайық!







Аязата,Ақшақар: Кіріп келеді бір қолында жалмауыз кемпірді ұстаған,бір қолында сыйлығы бар.

Ух,ах шаршадым

Сіздің елді таппадым

Сыйлығымды желкелеп

Жалмауызды жетектеп

Қашады ол безектеп

Сұра қане кешірім!

Әйтпесе мен саған

Көрсетемін дедім мен!



Жалмауыз кемпір:Кешіріңдер,кешіріңдер

Енді жаман болмаймын

Өшіргішпен өшіріңдер

Менде сыйлық сыйлаймын



Аязата:Амандасады,өнерлерін сұрайды.





Жүргізуші: Балалар бізге Аяз ата мен Ақшақар сендердің өнерлеріңді көруге келді кәне енді өнерімізді көрсетейік.Аяз ата балапандардың сіздерге арналған өнерлерін көрсетуге рұқсат етіңіз.

Аяз аталар мен Ақшақар биі қарсалыңыздар.

Келесі өнер көрсетуші балапандарымыздың Қара жорға биін тамашалаңыздар.

Жүргізуші:Аяз ата Ақшақар біздің балапандардың тағы тақпақ айтып бергісі келіп тұр екен,Кәне кім айтады.0-а сыныбы



Жүргізуші:

Келесі өнеріміз «Бальный танец»



Жүргізуші:Аяз ата Ақшақар ортаға келіп балалармен бірге Тамаша өлеңін айтып ән салыңыздар,би билеңіздер.





Лесбек Інжу



Лесбек Інжу



Лесбек Інжу

Лесбек Інжу Лесбек Інжу



Лесбек Інжу



Лесбек Інжу



Лесбек Інжу

Лесбек Інжу

Лесбек Інжу

Лесбек Інжу

Лесбек Інжу

Лесбек Інжу