СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қуыршақты киіндіру.

Категория: Логопедия

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

«№6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ-нің мұғалім-дефектологы: Исмаилова Нурила Сапарәліқызы. Шымкент қаласы.

Сабақтың тақырыбы:        Қуыршақты киіндіру.

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік мақсаты: Балаларға қуыршақтың киімдері жайлы түсінік беру, қуыршақтың үстіне киімдерін орнымен  киіндіруді, сырманы ашып-жабуды үйрету. Ойын арқылы балаларға киімдерін орнымен қолдануды, ретімен киіне білуді меңгерту.

2. Дамытушылық мақсаты: көру, есту арқылы қабылдауларын, зейін, ойлау, есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту. Іс-әрекет жасау дағдысын, қол саусақ моторикасының дамуын қалыптастыру, ойынға қызығушылығын арттыру.

3. Тәрбиелік мақсаты: балаларды өздігінен әрекеттене білуге, ұқыптылыққа, ептілікке, шапшаңдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Көрнекіліктер: Бірдей үш үлкен қуыршақтар , киімдері (жеңіл сырмалы кеудеше, шалбар, шұлық), суреттер, т.б.

Әдіс-тәсілдер: көрсету, түсіндіру, үйрету, сұрақ-жауап.

Сөздік жұмыс: қуыршақ, киіндіру, сыйымды, қонымды.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:  – Сәлеметсіңдер ме, балалар!

Шаттық шеңберін құрып, сәлемдесу:

Сәлем деймін күнге мен!

Сәлем деймін саған мен!

Сәлем деймін апайға,

Қонақтарға, баршаға!

Сәлем, сәлем, сәлем!

         Балаларды өз орындарына дұрыстап отырғызу.

  • Балалар, жылда неше мезгіл бар? (төрт)
  • Жыл мезгілдерін атайықшы (қыс, көктем, жаз, күз).
  • Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
  • Көктем. (көктемнің суретін көрсетіп, тақтаға ілу)
  • Көктем мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
  • Көктемде күн жылына бастайды, қар ериді, жаңбыр жауады, құстар жылы жаққа ұшып келеді, ағаштар бүршік атады, жерге көк шығады.
  • Балалар, көктем айларын атайықшы (наурыз, сәуір, мамыр).
  • Қазір көктемнің қай айы? (наурыз)
  • Балалар, аптада неше күн бар (жеті), апта күндерін атайықшы.
  • Бүгін аптаның қай күні? (сәрсенбі, аптаның үшінші күні).

Балаларға түзету-дамыту жаттығуларын жасату:

  • Балалар, сабағымызға кіріспес бұрын күнделікті түзету жаттығуларын жасап алайық.
  • Сабақта көздеріміз талмай, суреттерді жақсы көре алуы үшін,  көзімізге жаттығу жасаймыз, қане балалар, көздеріңді жұмып көрсетіңдерші.

Көзге арналған жаттығулар: көздерді оңға, солға, солдан оңға қарай қозғалту; көз қарашығын жоғарыға, одан төменге қарату; тез арада көзді жұмып-ашу.

  • Балалар, біз сөздерді дұрыс айтуымыз үшін тілдеріміз дұрыс жұмыс істеуі қажет, сол үшін  тілімізге жаттығу  жасаймыз. Қане, тілдеріңді көрсетіңдерші (балалар тілдерін шығарып көрсетеді).

Артикуляциялық жаттығулар: «Сағат» (тілді сүйірлеп алға сұғыну қажет. Тілді оң құлағына немесе сол құлағына қарай қимылдата жаттықтыру қажет). «Жылан» (ауызды кең ашу керек, тілді қатты сүйірлеп ауыз қуысында ішке салып бірнеше рет алға, артқа салып қайталау қажет).

  • Біз мұрнымызбен дұрыс тыныстауымыз үшін тыныс алу жаттығуын жасаймыз, қане мұрындарыңды көрсетіңдерші (балалар көрсетеді).

Тыныс алу жаттығуы: желбағарды, сұйық сабын көпіршіктерін үрлеу.

  • Біздің қол саусақтарымыз дұрыс қимылдап, епті болуы үшін саусақтарымызға жаттығу жасаймыз, саусақтарыңды көрсетіңдерші.

Саусақтарға арналған жаттығу: екі қолдың саусақтарын бірдей ашып-жұму, алақандарды түйістіріп, саусақтарды айқастыру, екі қолдың саусақтарын бірдей сілку.

Балалардың дұрыс отыруларын қадағалау, зейіндерін сабаққа аудару.

ІІ. Өткен сабақты қайталау:

         – Балалар, өткен сабақта біз не өттік, қане есімізге түсірейікші?! Өткен сабақта біз «Киімдерді орнымен қолдану» тақырыбын өткенбіз. Күнделікті киетін бірнеше киім түрлерімен: кеудеше, шалбар, шұлықпен таныстық, оларды қалай орнымен қолдануды, денеміздің қай жеріне киетінін үйренген едік.

Киімдердің суреттерін жеке-жеке көрсетіп, тақтаға ілу, балаларды кезекпен тақтаға шығарып, аты аталған киім түрін суреттерден дұрыс тауып көрсетуді және ол киімді денесінің қай жеріне киетінін көрсетіп берулерін өтіну.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру: Балаларды жаңа сабақ тақырыбымен таныстыру:

  • Балалар, бүгінгі жаңа сабағымыздың тақырыбы «Қуыршақты киіндіру». Біз бүгін қуыршақпен ойнаймыз, алдыңғы сабағымызда өткен киім түрлерін тәжірибе жүзінде қуыршақтың үстіне киіндіруді үйренеміз. (осы кезде есік қағылады).
  • Балалар, біреу есік қағып тұрған сияқты, қане көрейік, бұл кім болды екен?
  • Ой, балалар, қараңдаршы, бізге қонаққа қуыршақ келіпті. Қане балалар, қуыршақпен сәлемдесейік:
  • Сәлеметсің бе, қуыршақ! (Балалар қуыршақтың қолын алып амандасады).
  • Балалар, қуыршағымыздың аты Әли екен, ол біздің бүгін сабақта «Қуыршақты киіндіру» ойынын ойнайтынымызды естіп әдейі келіпті. Қуыршақ Әли әлі кішкентай, киімдерін өздігінен қалай киюді білмейді екен, сондықтан киімдерін қалай дұрыс киюді бізден үйренгісі келеді.
  • Балалар, қуыршағымызға киімдерін қалай дұрыс кию керектігін көрсетіп, үйретеміз бе? (Балалар «Иә» деп жауап береді).
  • Қуыршақтың үстіндегі киімдеріне қараңдаршы, үстіне не киіп алыпты? Ол алдында сырмасы бар жеңіл кеудеше, шалбар, шұлық киіп алған екен. (балаларға қуыршақтың суретін көрсетіп таныстыру, тақтаға ілу). Қуыршақтың үстіндегі киімдерін шешіп, жеке-жеке көрсетіп таныстыру:
  • Мынау кеудешесі, мынау шалбары, мынау шұлығы. (суреттерін көрсетіп, тақтаға іліп отыру). Балаларға қуыршақтың үстіне киімдерін қалай киіндіруді ретімен көрсету: бірінші кеудешесін, одан соң шалбарын, содан кейін шұлықтарын кигізу.
  • Қуыршақтың үстіне кеудешесін, шалбарын, шұлығын кигіздік, бұл кигізген заттарды бір сөзбен «киімдер» деп атаймыз. Балалар, қуыршақтың киімдері үстіне қонымды, сыйымды болуы тиіс. Сол себепті қуыршақты киіндіргенде мұқият болып, киімдерін ұқыптылықпен кигізуіміз қажет.  

–  Балалар, енді қуыршақты сендер киіндіресіңдер. (бірдей қуыршақтарды және екі қорапшаға салынған олардың киімдерін балаларға таратып беру).

  • Қане балалар, мен сендерге қуыршақты киіндіруге көмектесейін, біз қазір бірлесе отырып мынау қорапта тұрған киімдерді ұқыптылықпен қуыршағымызға кигіземіз. Бірінші кеудешесін кигізейік, оны қай жеріне кигіземіз ( балалар кеудесін көрсетеді). Кеудешенің  бір жеңін оң қолға сұғып кигізіп аламыз, содан соң екінші жеңін сол қолға  кигіземіз. Міне кеудешені кигіздік, енді оның сырмасын жабамыз (балаларға сырманы бірнеше рет ашып-жапқызу).
  • Балалар біз кеудешені қуыршаққа кигіздік, жарайсыңдар!
  • Енді қуыршақтың шалбарын кигіземіз. Шалбарды аламыз, оны біз қай жерімізге киеміз?  ( балалар аяқтарын көрсетеді). Бірінші қуыршақтың бір аяғына (оң аяқ) шалбардың бір балағын кигізіп алып, содан соң келесі бір балағын ұстап, екінші аяғына (сол аяқ) кигіземіз. Міне біз қуыршаққа шалбар кигіздік.
  • Келесі кигізетін киіміміз ол – шұлық. Шұлық екі бірдей жұптан тұрады. Мынау шұлықтың бір жұбы, ал мынау екінші жұбы. Балалар, біз шұлықты қай жерімізге киеміз? ( балалар табандарын көрсетеді). Шұлықтың бір жұбын алып бір табанына (оң жақ) кигізу, содан соң екінші жұбын келесі табанына (сол жақ) кигізу қажет.
  • Мінекей балалар, біз шұлықтарды да кигіздік,  қуыршақтарымызды киіндіріп болдық, жарайсыңдар!

Қуыршақтың киімдерін киіндіру барысында әр баламен жеке жұмыс жасау, балаға жекелей түсіндіріп көрсету керек, көмектесе отырып үйрету қажет.

  • Балалар, куыршақ Әли енді бізден киімдерін қалай кию керектігін көріп, үйренгендігін айтуда, ол сендерге өзінің рахметін білдіруде.
  • Жарайсыңдар балалар, сендерден киімдерімді енді қалай киюді үйрендім, мен енді өз үйіме қайтайын, сау болыңдар балалар! (балалар қуыршаққа қолдарын бұлғап қоштасады).
  • Балалар, сендер аздап шаршаған боларсыңдар, қане олай болса бой сергіту жаттығуымызды жасап, тынығып алайық.

IV. Сергіту жаттығуы:               Орнымыздан тұрамыз,

Қолды белге қоямыз.

Бұрыламыз оңға бір,

Бұрыламыз солға бір,

1,2,3, жоғары қолды созамыз.

V. Пысықтау: «Кім жылдам» ойынын ойнату. Балалардың алдарына қуыршақтарды және олардың киімдері салынған қорапшаларды үлестіріп беру.

Алдарындағы қуыршақты балалар өздігінен жылдам киіндіре білулері тиіс  (қорапшадағы киімдерді ретімен алып қуыршақтың тиісті дене бөлігіне кигізіп шығады).

Балалардан қуыршаққа бірінші қай киімді кигізгенін, екінші қандай киім кигізді, одан соң тағы қандай киімді қуыршаққа кигізгенін суреттерден дұрыс тауып көрсетуді және киімдерді қуыршақтың қай дене бөлігіне кигізгендерін  көрсетіп берулерін өтіну.

VІ. Сөздік жұмыс: қуыршақ, киіндіру, сыйымды, қонымды.

VIІ. Қорытынды:

  • Балалар, бүгін біз сабақта не өттік? Біз не істедік?
  • Біз бүгін «Қуыршақты киіндіру» тақырыбында сабақ өттік. Қуыршақ Әли бізге қонаққа келді, қуыршақтың киімдерімен таныстық. Қуыршақ Әлиге қалай киіну ретін көрсетіп, үйреттік, қуыршақтарды киіндірдік. Сендер де киімдерді (кеудеше, шалбар, шұлық) қалай дұрыс кию керектігін, сырманы дұрыс ашып-жабуды үйрендіңдер. «Кім жылдам» ойынын ойнап, қуыршақты өз беттеріңше жылдам киіндіруге тырыстыңдар, жарайсыңдар балалар!

Балаларды мақтап, жасаған іс-әрекеттерін мадақтау, алғыс білдіру, балалармен қоштасу.

Просмотр содержимого документа
«Қуыршақты киіндіру.»

«Оңтүстік Қазақстан облысының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы

6 балалар арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығы» КММ

Күндізгі жартылай стационар

Ашық сабақ

Тобы: Әлеуметтік ортаға бейімдеу

Пән: Өзін-өзі басқару

Тақырыбы: Қуыршақты киіндіру.

Мұғалім-дефектолог: Исмаилова Н.С.

Шымкент 2017 жыл

Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!