Просмотр содержимого документа
«Қымыз құятын ыдыс»
Ересек «Жидек» тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Тәрбиеші: Бижанова П.Г.
Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Кіші сала: Сурет салу
Тақырыбы: Қымыз құятын ыдыс
Мақсаты: Білімділік : Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту, балалардың бойында қазақтың ұлттық ыдыстары туралы танымдарын жинақтау. Балалардың ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
Дамытушылық: Шығармашылық қабілеттерін дамыту. Балалардың өз ойын жинақтап айта алу дағдыларын арттыру. Тіл байлықтарын мақал жұмбақтар арқылы дамыту.
Тәрбиелілік:Балаларға бірін – бірі сыйлауға, достарына адал болуға, өз заттарын достарымен бөлісуге, ұқыптыллықа, тазалыққа тәрбиелеу.
Дидиактикалық құралдар: суреттер
Билингвалдық компонент: тостаған - посуда для кумыса
| Іс-әрекет кезеңдері. | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
| 1 кезең-мотивациялық-қозғауышы | Балаларға д/о: «Атауын ата» ойынын ұсыну. Ойынның шартын түсіндіру. | Балалар ойынды шарты бойынша дұрыс орындауға талпынады. |
| 11-кезең- Ұйымдастырушылық –ізденушілік. | Тәрбиеші балаларға қазақ халқының ұлттық ою – өрнектері бар ыдыс – аяқтарына кіріспе әңгіме жүргізеді. Сурет сабағының тақырыбын атап өтеді. Қазақ халқының ұлттық ыдыс – аяқтарымен соның ішінде «Торсық» ыдысымен таныстыру. «Торсық» ыдысының пайдасы, қолданылуы жайында түсінік беру. «Торсық» ыдысын қазақ оюларымен әшекейлету. | Балалар өз түсініктерімен қазақ халқының ұлттық ыдыс – аяқтары туралы көрген білгендерін айтады. «Торсық» ыдысы жайында оның пішіні, құрылымы, не үшін қолданылатыны туралы түсініктерін өз сөздерімен жеткізеді. «Торсық» ыдысын қазақ оюларымен өз шеберліктерін қолданып, әшекейлейді. |
| 111 кезең- Рефлексивті-түзеуші. | Балалардың сурет сабағында көрсеткен шеберліктеріне баға беріп, қорытынды жасау. | Балалар бір-бірінің суреттерін бағалап, тамашалайды. |
Күтілетін нәтиже:
Ұғынады:Балалардың қазақтың ою-өрнектері туралыбілуі тиіс
Түсінеді: Қазақтың ұлттық ыдыс – аяқтары туралы түсініктері болуы тиіс
Қолданады:«Торсық» ыдысын қазақ ою – өрнектерімен әшекелеу қолынан келеді
Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің №3 бөбекжай-бақшасы» Мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.

Білім беру саласы: «Шығармашылық»
Кіші сала: Сурет салу
Тақырыбы : «Менің жүрегім»
Ересек «Жидек» тобы
Тәрбиеші: Бижанова П.Г.
2016 – 2017 оқу жылы