Сабақ жоспары.
| Пән: Дүние жүзі тарихы |
| Сынып: 10 | Күні: 25.01.13 |
§ 17. «Қырғиқабақ соғыс». НАТО және Варшава одағы.
Дүниежүзілік саясат циклдері
Мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейінгі державалардың мақсатын түсіндіріп, халықаралық саясаттың негізгі бағыттарын ашып беру, әлемдік біріншілікке саясаттарының қайшылықтарға толы тарихи даму үдерісіне тоқталып, салдарын айтып, түсіндіру.
2.Дамытушылық. Оқушылардың өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, нақты әрі дәлелді жауап беруге үйрету.
3.Тәрбиелігі. Оқушыларды ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Жаңа сабақ.
Әдісі: түсіндіру, талдау,сұрақ-жауап.
Көрнекілігі: тірек-сызбалар, карта, оқулықпен жұмыс.
Пәнаралық байланыс: география
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін белгілеу.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
ІІІ. Жаңа сабақ:
1.Бірінші қарама-қарсы тұрулар.
1.1. Корея соғысы (1947-1953)
1.2. Таяу Шығыс мәселесі (1947-49)
1.3. Үнді-Пәкістан шиеленісі (1947)
1.4. Үндіқытайдағы соғыс (1946-1954)
2.Жылымықтың басталуы (1953-1960)
2.1. Ғарышты игерудің басталуы.
3.Берлин дағдарысынан Вьетнам соғысына дейін.
3.1. Берлин дағдарысы.
3.2. Куба оқиғасы.
3.3. Вьетнам соғысы.
3.4. Таяу шығыстағы соғыстар.
3.6. Азия, Африка ұлт-азаттық қозғалыстарының нәтижелері.
4. 1969-1979 ж.ж. бәсеңдік кезең.
4.1. Стратегиялық қаруларды шектеу.
4.2. Еуропадағы бәсеңдік.
4.3. Үнді-Пәкістан соғысы.
4.4. Араб- Израиль соғысы.
5. Соңғы айқас (1979-1985ж.ж., 1985-1991ж.ж.)
5.1. Орта қашықтықтағы зымырандарды ұшыру.
5.2. Ауған соғысы. Кеңес Одағы үшін оның салдары.
5.3. «Қырғиқабақ соғыс».
ІV. Кестемен жұмыс.
КСРО-ның Екінші дүниежүзілік соғыстағы шығындары
| Материалдық шығындары | Моральдық шығындары |
| 32 мың өнеркәсіп, 65 мың теміржол жүйелері істен шығып, жылқы 50%-ға, ірі қара 20%-ға, шошқа 65%- ға азайды. 1710 қала, кент, 70 мың ауыл қирады. Соғыстың шығыны 2 триллион 600 млн сом болды. | 27 млн адам қаза тауып, 25 млн адам баспанасыз қалды. |
V. Проблемалық сұрақтар.
1. КСРО мен АҚШ арасындағы қайшылық-тоталитаризм мен демократияның қайшылығы.
2. Еуропаның екі жікке бөлінуі, Германияның тағдырын шешкен тарихи үдеріс немесе Германияның екіге бөлінуі. Еуропаның жікке бөлінуінің басы-
Батыс пен Шығыс –екі қарама қарсы күштердің жарысы.
VІ. Сызба-кестемен жұмыс.
| Кеңес- американ қатынастарының шиеленісуіне әсер еткен оқиғалар | Кеңес-американ қатынастарының реттелуіне әсер еткен оқиғилар |
| | |
VІІ. Қорытынды.
Бүгін біз сабақта не өттік?
VІІІ.Бағалау.
ІХ. Үй тапсырмасы: § 17, 121 бет.