Мұнайлы ауданы
«№6 жалпы білім беру
орта мектебінің»
2 «А» сынып оқушысы
Тагимова Анелдің
«Қырыққабат» атты
ғылыми жобасына
РЕЦЕНЗИЯ
Жас ғалым Тагимова Анелдің таңдаған тақырыбы елімізде өсірілетін көгөністердің бірі қырыққабат жайлы болмақ.Бұл зерттеудің барысында Тагимова Анель қырыққабат жайлы мәліметтер жинап көп еңбектенген. Қырыққабаттың тарихы , оның түрлері және құрамын білді. Адам денсаулығына пайдасы көп екенін білді. Қырыққабаттан
жасалатын тағамдардың түрлерін білді.Шығармашылық жұмысын
зерттеу барысында шығармашылық қабілеттері дамып ,логикалық ойлауы
ой-өрісі кеңейді.Қырыққабат тақырыбына байланысты өлең,жұмбақ,аңыз
әңгімелер жинақтады.
Болашақта жас ғалым Тагимова Анелдің өзінің ынтасымен,
ізденімпаздығымен биіктерден көрінетініне сенімдімі
Ғылыми жетекші : Тлегенова Ағзада Қарасаевна
І санатты биология пәні мұғалімі
Мұнайлы ауданы
«№6 жалпы білім беру
орта мектебінің»
2 «А» сынып оқушысы
Тагимова Анелдің
«Қырыққабат» атты
ғылыми жобасына
ПІКІР
Зерттеу жұмысының барысында жас ғалым Тагимова Анельқырыққабат туралы көптеген мәліметтер жинақтап әдебиеттік оқу,жаратылыстану пәндерінде пайдалануға болатынына мысалдар
жұмбақтар, өлеңдер келтіріп өтті.Тагимова Анель қырыққабаттың тарихы,өсіп өнуі, түрлері, құрамы және пайдасы туралы білді. Қырыққабаттың көп ауруларға ем екенін білді.Шығармашылық тапсырманы орындау арқылы оқушының қызығушылығы артты. Өз ойын еркін жеткізе алады.Шығармашылық қабілеттері дамып ,ой-өрісі
кеңейді.Оқушыны жан-жақты етіп, ізденімпаздыққа бағыттау бүгінгі күннің талабы. Алдағы уақытта жас ғалымның шығармашылық қабілетінің одан әрі дамуына ізденістің маңызы зор деп ойлаймын.Зерттеу барысында көптеген материалдарды қолданды. Жас ғалым Тагимова Анелді ізденімпаздық жолында қанаты талмай ,самғап биік шыңдардан көріне берсін деп тілеймін.
Жетекшісі: Калмурзаева Назира Курбашовна
жоғары санатты бастауыш сынып мұғалімі
АБСТРАКТ
Зерттеудің мақсаты: Қырыққабат өсімдігі туралы мағлұмат жинақтау, оның күтімінің, қасиетінің қандай болатындығын білу, қандай пайдасы бар екендігін зерттеу арқылы емдік қасиеттерін біліп, одан сабақ алу.
Міндеттері: - Қырыққабаттың шығу тегін анықтау;
- Қырыққабатқа сипаттама жасау және оның түрлеріне зерттеу жүргізу;
- Қырыққабаттың адам ағзасына пайдалы жақтары мен одан жасалынатын
тағамдарды айқындау.
Зерттеудің болжамы:
Қазақстанда кедесетін өсімдіктерді соның соның ішінде емдік қасиеттері бар көгөністерді зерттей отырып, оның емдік қасиетін, халық шаруашылығындағы маңызын біле отырып, өсімдіктерді қорғау және мақтан тұту.
Зерттеудің кезеңдері: 2017 жылдың сәуір айында тақырып таңдалды, соған материалдардар жиналды. Жинақталған материалдар іріктелді, жұмыстың бағыт бағдары айқындалып жоспар құрылды.
Зерттеудің әдістері:1.Тақырып талдау
2.Материалдар жинау
3.Ізденіс жұмыстарын жүргізу.
4.Ғылыми жетекшімен байланыстыру
5.Тиісті материалдарды жинақтап, жүйелеп, қорытындылау
Зерттеудің жаңалығы: Қырыққабаттың пайдасын, маңызын біле отырып , көптеген емдік қасиеттерінің барын ұғындым. Табиғаттың алуан түрлі өсімдікке бай екендігіне көз жеткіздім.
Зерттеудің қорытындысы: Зерттеу жұмысын орындау барысында
қырыққабаттың өсу ортасымен, түрлерімен таныстым, адам ағзасына пайдасын білдім.
ABSTRACT
Objective of the research: To learn about cabbage plants, to learn about their care, properties and to learn the benefits of medicinal properties and to learn from them.
Tasks: - Determination of the origin of the cabbage;
- Description of cabbage and its investigation;
- Cabbage benefits to the human body and its benefits cooking
RESULTS OF THE RESEARCH:
Protecting and proud of plants, knowing the herbal properties of herbs, including herbs, including medicinal herbs, and their importance in the national economy.
Stages of the research: In April 2017 the topic was selected and materials were collected. Collected materials were selected and the plan of work was determined.
Research methods: 1.Thematic analysis
2. Collecting Materials
3. Performing work.
4. Linking with a scientific supervisor
5. Collecting, systematizing and summarizing appropriate
materials
The novelty of the research: Knowing the benefits of cabbage, the importance of many medicinal properties. I was convinced that nature is rich in varieties of plants.
Result of the research: During the research with the growth of cabbage, I learned the benefits of the human body.
АБСТРАКТ
Цель исследования: узнать о растениях разновидностей капусты, научиться ухаживать за ними, узнать свойства капусты, узнать преимущества лечебных свойств и научиться правильно использовать капусту в нужных целях.
Задачи: - определение происхождения капусты;
- описание капусты и ее исследование;
- преимущества капусты для человеческого организма и его
преимуществ, определение блюд приготавливаемые из капусты.
РЕЗУЛЬТАТЫ ИССЛЕДОВАНИЯ:
Защита и ухаживание за растением, зная полезные свойства трав, включая травы, включая лекарственные травы, и их значение в народном хозяйстве.
Этапы исследования: в апреле 2017 года была выбрана тема и собраны материалы. Были отобраны собранные материалы и был определен план работы.
Методы исследования: 1.Тематический анализ
2. Сбор материалов
3. Выполнение работы.
4. Связь с научным руководителем
5. Сбор, систематизация и обобщение соответствующих
материалов
Новизна исследования: знание преимуществ капусты, важность многих лечебных свойств. Я была убеждена, что природа богата разновидностями растений.
Результат исследования: во время исследования с ростом капусты я узнала о среде выращивания и преимуществах растения для человеческого организма.
Жоспар:
І. Кіріспе …....... ........................................................................................3
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Қырыққабаттың шығу тарихы .................................................. 4
2. 2 Қырыққабаттың өсіп-жетілуін зерттеу........................................ 5-6
2.3 Қырыққабаттың түрлері және құрамы ........................................ 7
2. 4 Қырыққабаттың адам ағзасына пайдасы ........................................ 8-9
2.5 Қырыққабаттан дайындалатын тағамдар........................................ 9-10
2.6 Әдебиетпен ұштасуы..........................................................................11
ІІІ. Қорытынды ........................................................................................ 12
Ұсыныс................................................................................................13
ІҮ. Пайдаланған әдебиеттер...................................................................14
1.Кіріспе
Мәдени өсiмдiктер жабайы өсiмдiктердiң түрлерiнен шыққан. Алғашқы адамдар өсiмдiктердiң жеуге келетiн жемiстерi мен тамырларын тауып қолданған. Жабайы өсiмдiктердi жинап алып, оларды өздерi тұрған жердiң айналасына егiп, өсiре бастаған. Адамдар топырақты қопсытқанда, арамшөптерiн жұлып, суғарғанда өсiмдiктiң жақсы өсетiнiн бiлген. Олардың жемiстерiнiң, тұқымдарының, тамыржемiстерiнiң әрi үлкен, әрi дәмдi болып қалыптасатынын байқаған.
Мәдени өсiмдiктердiң көпшiлiгiнiң тарихы ертеден басталады, бiрақ олардың бiрқатары кейiнгi кезде себiле бастады. Табиғи өсiмдiктердi мәденилендiру қазiр де жүрiп жатыр. Ғалымдар жабайы өсiмдiктердiң құндыларын зерттеп, ең жақсыларын таңдап алады. Оларды өсiрудi жолға қояды. Өсiмдiктердi өсiрудiң тәжiрибесi ұрпақтан ұрпаққа берiлiп келедi. Адам қай кезде де өз қажетi үшiн, сапасы ең жоғары өсiмдiктердi таңдай бiлген. Мәдени өсiмдiктердiң көпшiлiгiнiң көп өзгергенi сондай, олар өздерiнiң жабайы туыстарына мүлдем ұқсамайды. Сондықтан көп жағдайда мәдени өсiмдiктердiң шығу тегiн анықтау оңайға түспейдi.
Агрономия ғылымының дамуына байланысты адамның өсiмдiкке әсер ету қабiлетi өсiп келедi. Мәдени өсiмдiктердiң әр түрлi сорттары шығарылады. Егiн шаруашылығында дәндi дақылдар мен көкөнiстiк өсiмдiктер негiзiнен тұқымдары арқылы өндiрiледi. Бұл жағдайда сорттың белгiлерi мен қасиеттерi сақталып отырады.
Қазақстанда көгөнiс дақылдарының 70-тей түрi себiледi. Бұлардың iшiнде қолданылуы және маңыздылығы жағынан қырыққабат мен картоп бiрiншi орында тұрады. Қырыққабат осыдан 4 мың жылдан астам уақыт бұрын өсiрiле бастаған. Ол орамжапырақтар тұқымдасына жатады. Адам қорегіне пайдаланатын көкөніс дақылдарының ішінде қырыққабаттың алатын үлесі едәуір. Ол егіс көлемі және жалпы түсімі бойынша бірінші орында тұр.
Негізгі бөлім:
2.1 Қырыққабаттың шығу тарихы
Менің зерттеу жұмысымның тақырыбы «Қырыққабат» деп аталады. Қырыққабаттың шығу тарихы өте қызықты. Ғалымдардың бұл көкөністің тарихына деген қызығушылықтары да өте ерекше.Сондай аңыздардың бірі былай деп сыр шертеді: ертеде Юпитер атты құдай сәуегейлік кітабының афоризмдерін құрастыру барысында қатты қиналып, әбігерге түседі де, терлей бастайды. Нәтижесінде, жер бетіндегі барлық құдайлардың әкесінің маңдайынан біртіндеп тер тамшылары ағады. Жерге түскен осындай бірнеше тер тамшыларынан қырыққабат өсіп шыққан.Әрине, бүгінде мұндай аңыздарға балабақшадағы баланы сендірудің өзі қиын. Алайда, көпшілігіміз жиі қолданатын «капуста» сөзі көне рим тіліндегі «капутум», яғни «бас» деген сөзден шыққан. Осы сәйкестікке қарап, көптеген ғалымдарымыз жоғарыдағы аңыздың ақиқат болуы мүмкін деген болжамдар айтады да, қырыққабаттың отаны – Рим деген қорытынды шығарады. Ал , итальяндықтар мен гректер де қырыққабаттың отаны ретінде өз елдерін таныстырады. Ал, Джапаридзе атты қырыққабаттың пайда болуын зерттеуші профессор бұл тізімге Грузия мемлекетін қосады. Және бұл пікірін тек қана грузиндіктердің жерінде өсетін, еш жерде қайталанбайтын орамжапырақ тектес көптеген көкөністердің кездесетіндігін айта отырып дәлелдеуге тырысады. Ертеде қырыққабатты ол мекенде «кежера» деп атаған екен.Қырыққабатты тағам ретінде пайдалану осыдан бірнеше ғасыр бұрын-ақ қалыптасқан. Әсіресе ежелгі тайпалар оны тұздалған етпен жесе, жапырақтарын салатқа пайдаланған.Білесіз бе, көне грек ғалымы, философ Хрисипп орамжапыраққа кітап арнаған екен. Онда көкөністің адам ағзасына тигізер пайдасы туралы баяндалған.

Қытайлықтар қышқыл қырыққабатты ойлап тапқан.Оны шарапқа салу арқылы жасаған. Мұндай тағаммен Ұлы Қытай қорғанын салған құрылысшыларды тамақтандырған.Жапонияда қырыққабатты декорациялық өсімдік ретінде өсіреді.
2.2 Қырыққабаттың өсіп - жетілуін зерттеу
Қырыққабат осыдан 4 мың жылдан астам уақыт бұрын өсiрiле бастаған. Ол орамжапырақтар тұқымдасына жатады. Европалық елдерде, оның iшiнде славян елдерiнде қырыққабатты IX ғасырдан бастап еге бастаған. Алғаш рет қырыққабатты тұздап, ашытудың тәсiлдерiн де осы славяндар тапқан. Қырыққабаттың есейген өсімдіктердің тамырлы жүйесі шашақталған, көбінесе, екінші қатарлы тамырлардан тұрады. Тамырының негізгі бөлігі терең емес орналасқан, дегенмен тамырларының кейбір бөлімдері 150см тереңдікке еніп, еніне 100м және одан көпке бойлайды.Тұқымды 1 см тереңге сирек себеді. Жиі болса өскін ұзарып кетеді. Бес аптадан яғни 35 күннен кейін өскінде 4-5 жапырақ пайда болғаннан соң оны тұрақты жеріне апарып қондырады.
Сабағы бірінші жылы қысқа қалың, жапырақтары жиі орналасқан болып келеді. Қырыққабаттың сыртқы және ішкі өзегінің қалыңдығы сортқа және өсіру ерекшеліктеріне байланысты қатты өзгеріп отырады. Суы аз және температурасы жоғары болған жағдайда орамжапырақтың өзегі биіктеу болады. Жапырақтары ірі, отырған. Жапырақ пласпинкасы ұзарған овал, жұмыртқа тәрізді немесе дөңгелек болып келеді.Жапырақ пластинкасының беті тегіс, іші иілген немесе шығыңқы болуы мүмкін. Сабағының ұзындығы 4-10см-ден 15см-ге дейін немесе одан да ұзын болуы мүмкін. Кейбір сорттарының топырақтары отырған болады. Жапырақтарының жиегі тегіс немесе фестон тәріздіден толқынды болуы мүмкін . Жапырақтарының түсі ақшыл және қою жасылдан күлгін түске дейін боялады. Жапырақ пластинкасының пішіні сорттардың негізгі белгісі болып табылады, дегенмен олар көптеген өзгерістерге ұшырып отырады. Құрғақшылық және жоғарғы тамператураның әсерінен жапырақтар ұсақтау болады. Бірақ жапырақтарының өзгеруі орамжапырақтың сортына байланысты болып келеді. Оңтүстік сорттарының жапырақтары жоғарғы температураның әсерінен кішіреюі орталықтағы сорттардың жапырақтары-на қарағанда әлсіз өзгереді. Жапырақ және жапырақ пластинкасының кішіреюі өсімдікті өсірген топыраққа да байланысты. Пластинка бетінің өзгеруі егу ерекшеліктеріне байланысты болады. Ылғалды климатқа тегістеліп, құрғақшылық жағдайда томпая түседі. Барлығына ортақ сипат – қырыққабаттар жарық сүйгіш және суыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 15 – 18°С. Температураның төмендеуіне (–10°С-қа дейінгі суыққа) төзімді сорттары – жапырақты және брюссельдік қырыққабаттар, ыстыққа төзімділері – жапырақты қырыққабат және кольраби қырыққабаттысы. қырыққабаттың құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, минералдық тұздар, С және В тобына жататын витаминдер мол. Өсу кезеңінің ұзақтығы бойынша қырыққабат сорттары: өте ерте пісетін (65 – 100 күнде, «Куузику вараяне»), ерте пісетін (100 – 115 күнде, «Грибовский 147»), ертелеу пісетін (115 – 130 күнде, «Алтын гектар»), орташа мерзімде пісетін (130 – 145 күнде, «Даңқ 1305», «Надежда»), кештеу пісетін (145 – 160 күнде, «Сыйлық») және кеш пісетін (160 күннен артық, «Амагер 611», «Завадская») болып бөлінеді. Қауданды қырыққабат Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі. Оның диаметрі 10 – 45 см, салмағы 16 кг-ға дейін жетеді.
2.3 Қырыққабаттың түрлері және құрамы
Қырыққабат, қатпаршақкөк (орыс тілінде қырыққабат) (Brassіca) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы. Қырыққабат туысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады. Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында қырыққабаттың 35-ке жуық түрі кездеседі. Жабайы қырыққабат Атлант мұхиты мен Жерорта теңізі жағалауларында өседі. Қырыққабаттың мынандай түрлері бар: қауданды, савойя, брюссельдік, кольраби, жапырақты, Қытай, Пекин, түсті капусталар. Бұлардың ішінде түсті және Пекин қырыққабаты басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер, қырыққабаттың барлық түрлері де жарық сүйгіш, суыққа төзімді. Ал енді ыстыққа төзімділері: жапырақты және кольраби деп аталатын сорттары.Қырыққабаттың дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған. Қырыққабаттың бірнеше сорттары бар. Екі жылдық қырыққабат бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары өсіп, тұқым береді. Жапырақтары ірі, кезектесіп орналасады, түсі көк, қанықтылығы әр түрлі. Қырыққабаттың: қауданды қырыққабат, савойя қырыққабаты, брюссель қырыққабаты, кольраби қырыққабаты, жапырақты қырыққабат, Қытай қырыққабаты, Пекин қырыққабаты, түсті қырыққабат, т.б. түрлері бар. Ең кеңірек таралғаны – ақ қауданды қырыққабат. Ол Солтүстік Қазақстанда көгөніс егістігінің 50%-дан астам жеріне егіледі. Бұл жоғары дәмдік қасиеттеріне және тағамға алуан түрлі пайдалануына байланысты. Шикі, пісірілген, қуырылған, ашытқан күйінде пайдаланылады. Тасымалдауға қолайлы. Ерте пісетін және сақтауға шыдамды, кеш пісетін сорттары жыл бойы жас күйінде пайдалануға мүмкіндік береді. Ақ қауданды қырыққабатты жыл бойы жаңа піскен және қайта өңделген күйінде тағамға пайдалануға болады. Қауданын ашытады, бұқтырады немесе бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ және сарымсақ қосып тұздайды. Қырыққабатты диеталық тағам ретінде қолданылады. Қырыққабат – құнарлы мал азығы. Қырыққабат зиянкестері: қырыққабат шыбыны, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат ақ көбелегі, қырыққабат бітесі, т.б. жиі кездеседі; Қырыққабат құрамында 90 % су және жасұнық, кальций, магний, темір,қант және дәрумендердің көп бөлігі бар.
2.4 Қырыққабаттың адамның денсаулығына пайдасы
Қырыққабаттың құрамында қант, минералды тұздар (кальций, калий, фосфор), және тағы басқа дәрумендер бар. Қырыққабат жеуге жарамды, оны пісіріп, қуырып, ашытып, тағамдарға қосып және табиғи күйінде жейді. Қырыққабаттың шырыны асқазан, бауыр ауруларына жылдам әсер ететін дәрі ретінде қолданылады. Теріге күтім жасау үшін қолданылады.Обыр ісігінің ұлғаюын баяулатады. Қырыққабат (капуста) денсаулыққа неғұрлым пайдалы қасиеттерді өзінің бойына жинаған. Мәселен, ағзадағы ауруларға қарсы тұрақты күш береді, бас ауруын басады және ұйқысыздықты жояды. Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды.
Қырыққабаттың жас сөлі асқазан мен ішек жарасына ем. Қырыққабат тамыр, қан ұюын қалыпқа келтіріп, қан кетуден сақтандырады. Тыныс жолдарына оның қайнатпасын балмен қосып қолданады. Ашытқан қырыққабат бауыр ауруларына, асқазан сөлі қышқылдығы төмендегенде пайдаланады әрі қант диабеті мен семіздікке қарсы ішуге пайдасы бар. Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді.
Оны қалай жесе де пайдалы. Ашыған қырыққабат (капуста) тәбетті, асқазанның сөл бөлуін күшейтеді, ас қорытуды жақсартады. Ашыған қырыққабатты ас қорыту жүйесінің бұзылуына (қыжылдау, құсу, кекіру, жүрек айну, ықылық ат) алдын алу үшін пайдаланылады. Ашыған қырыққабат семіруге, шыжыңдыққа да қарсы ем. Қырыққабат сөлі (бұзылмаған) асқазанның әлсіреуін, қарын, ұлтабар жарасын, өт қабының, бауырдың әртүрлі ауруларын, асқазан қабынуын, тоқ ішек жарасының қабынуын емдейді. Сары ауру мен көк бауыр ауруларына да қырыққабат сөлін ішу қажет.
Қырыққабат шырыны асқазан сөліндегі қышқылдың көбейген кезінде, қарын ауырғанда қолданылады. Сапа болғанда, ауыз қолдырап, қабынып ауырғанда қырыққабат сөлін сумен араластырып, ауызды, тамақты шаяды. Бас ауырғанда, буын сырқырағанда ауырған жерге қырыққабаттың жас жапырағын жапсырса, ауруды басады. Қырыққабаттың құрамында асқазан жарасына ем болатын заттар бар. Шырыны бауыр ауруына ем. Оны ішкеннен кейін аурудың жанға батқаны азайып, бауыр қалпына келеді. Қырыққабат шырынының құрамындағы күкірт пен хлор, иод асқазан мен ішектің шырышты қабығын тазартады. Ол ұлтабар жарасын да жазады. Бұл үшін қырыққабат шырынын 100 грамнан күніне 3 рет ішу қажет. Оған сәбіз шырынын қосып ішсе, әсері одан да жақсы. Қырыққабат ісіктің алдын алады, қант диабеті кезінде пайдалы, сонымен қатар бүйрек пен бауыр ауруларына ем. Калориясы төмен, есесіне, құрамында дәрумендер мол. Диета кезінде қырыққабаттың кез келген түрін – ақбас қырыққабат (белокочанная капуста), брюссель қырыққабат, пекин қырыққабат, түсті қырыққабат болады.Қырыққабат диетасында ас мәзіріне сорпадан басқа жемістер, ет бар. Сондықтан оны ұстау айтарлықтай қиын болмасы анық. Дегенмен, бұл диетаны 7 күннен артық немесе жиі қайталап ұстауға болмайды. Ондайда денсаулығыңызға кері әсері тиюі мүмкін. Брокколи қырыққабаты қатерлі ісіктің қаупін азайтады. Минерал және дәрумен қоры жоғары. Денені зиянды заттардан тазалайды.жарақаттану, сіңірдің созылуы, ісіну сияқты жарақаттарда көмектеседі.
2.5 Қырыққабаттан дайындалатын тағамдар .
Қырыққабаттан әр түрлі салаттар, тағамдар дайындалады. Артық салмақтан арылу жолдарының бірі – диетасы. Қырыққабат оңай қорытылады. Қырыққабаттан жасалатын тағам түрлеріне манты, самса, сорпа, орама, қуырдақ т.б айтуға болады.
Қырыққабат орамасын дайындау үшін.
1.Етті дайындау үшін етті еттартқыштан өткізеді. Күрішті қайнатып суытады және етпен араластырады, Пиязды майдалап турап,аздап қуырады және суытады, Қуырылған пиязды етпен және күрішпен араластырып, тұз және бұрыш қосады.
2.Қырыққабаттын жапырағын дайындау үшін қырыққабаттын бүтін жапырақтарын қайнаған суға 5-7 минут салып алу керек. Содан соң, оны сүзгіге салып суытады және өзегін ұқыпты түрде жапырақтын қалындығындай етіп жүқартады.
3.Қырыққабат орамасын қалыпқа келтіру үшін қырыққабат жапырақтарына өткізілген ет салынады да, хатқалта түріне оралады.
4.Қырыққабат орамасы табада қуырылады да,кәсрөлге салынады
5.Тұздықты дайындау табаға қаймақ, топат пюре, 1стақан су құйылады .1 ас қасық ұн және сондай май қосып, араластырады, тұз салынып қайнатылады
6.Қырыққабат орамасы тәрелкеге салынып, үстіне тұздық құйылады және үсақтап туралған көк себіледі де қонақтарға ұсынылады.
Қырыққабат сорпасы
Алдымен көкөністерді тазалап алған жөн. Пиязды дөңгелектеп турап, қызанақты ортасынан бөліп тілімдейді. Тәтті бұрышты тұқымынан тазартып, ұзыншақтап кеседі. Түсті қырыққабат пен брокколиді сәл кесектеу, ал қырыққабатты жіңішкелеу етіп турайды. Балдыркөкті қиғашынан кессе, тіпті әдемі көрінеді.Дайындап алған көкөністерді кастрөлге салып, оның үстіне сорпаны құйып, жай отта 15 минут қайнатады. Ақжелкен мен жасыл пиязды жуып, құрғатып, ұсақтап тураған соң қайнап жатқан сорпаға салады. Дастарқанға қоярдан бұрын тұз бен бұрыш себуді ұмытпаңыз
IV.Әдебиетпен ұштасуы
Мақал –мәтелдер, жұмбақ,аңыз әңгімелер
Жұмбақтар
Бұл не деген көп киім Жайлы,жұмсақ төсегім,
Жетпіс қабат көп киім Домаланып өсемін,
Жаңбыр одан өтпейді, Қабатталған тоным бар,
Қабат- қабат тоны бар, Қалай оны шешемін.
Түймелеуге жетпейді. (Қырыққабат)
(Қырыққабат)
Қияр мен қырыққабат
Ертеде қияр мен қырыққабат дос болыпты. Бір күні екі дос суға шомылуға өзенге келіпті. Келген бетте қияр шешініп, суға күмп беріпті де, жүзе жөнеліпті. Қырыққабат бір –бірлеп барлық тоқсан қабат көйлегін шешкенше, күн батыпты. Осыған дейін су ішінде тұрған қияр қалшылдап терісін су сорып бөртіп кетіпті.
Қорытынды
Қазіргі таңда Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында 40-қа жуық шаруа қожалығы бар. Мысалы, Мұнайлы ауданындағы Қызылқұм жерінде бес шаруа қожалығы бар. Барлығы қырыққабат қызанақ, қияр, қауын-қарбыздан бастап түрлі жеміс ағаштарын өсіруде. Бәрі де тамшылата суару әдісін қолдануда. Зерттеу жұмысын орындау барысында қырыққабаттың келіп шығу тарихын және қалай өсетінін білдім. Қырыққабаттың түрлерімен таныстым. Олардың бірнеше түрі бар екенін білдім. Адам ағзасына көп пайдасы бар екенін білдім. Қырыққабат дәруменге бай көгөніс. Сондықтан қырыққабат көгөнісінен күнде әртүрлі салаттар жасап жеу керектігіне көзім жетті. Себебі осы көгөніс біздің елімізде негізгі мәселе болып отырған жүрек ауруын, өкпе ауруын, асқазан ауруын, артық салмақтан арылуға көмектесетініне сенімдімін.Еліміздегі аурулар саны азайып, адамдардың денсаулығы жақсы болсын деймін.
Жобамды қорыта келе қырыққабат жайлы төмендегі пікірімді ұсынамын.
Ұсыныс
1.Шипалы өсімдіктің саны көбейтілсе
2.Оларды күтіп баптайтын мамандар көбейтілсе
3.Қырыққабат көгөнісінің сөлінен тұнба дайындалса
4.Құрғақ жапырағынан ұнтақ дәрілер, жақпа майлар жасалса
Пайдаланған әдебиеттер
1.Денсаулық журналы№11 2015ж
2.Өсімдіктер мен саңырауқұлақтар Мәскеу «Махаон»2011ж
3.Қазақ әдеби тілінің сөздігі. Алматы 2011ж
4. Өсімдік-өмір өзегі Алматы 1991ж
5.Жасыл аптека Алматы 1996ж
6.Интернет материалдары

Қырыққабатты күтіп баптауы


Тагимова Анелдің мектеп кітапханасына барып қырыққабат жайлы ізденуі

Тагимова Анелдің биология пәні мұғалімі Балжигитова Мейрамгулден қырыққабат туралы кеңес алуы

Тагимова Анелдің Қызылтөбе-2 поликлиникасында балалар дәрігері Жадыра Қаржаубаева мен қырыққабаттың адам денсаулығына пайдасы туралы әңгімелесу

Анелдің әжесінің аяғын қырыққабат жапырағымен емдеуі


Қырыққабат сөлінің асқазан ауруына пайдасы


Қырыққабаттан салат ,манты жасауы

Қызылтөбе-2 жәрмеңкесіне барып қырыққабатты сатып тұрған Қызылқұм жерінен келген диқандар мен әңгімелесуі