СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до 14.06.2025

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қырықжапырақтылар

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қылқан жапырақты өсімдіктер мен қылқан жапырақты ормандардың табиғаттағы және адам шаруашылығындағы маңызы.

Просмотр содержимого документа
«Қырықжапырақтылар»


Сынып: 6 Күні

Сабақтың тақырыбы: Қырықжапырақтәріздес өсімдіктер бөлімі .№19. Зертханалық жұмыс. Қырықжапырақтәріздестердің сыртқы құрылысымен танысу.

Сабақтың мақсаты: Қырықжапырақ тәріздес өсімдіктердің морфологиялық ерекшеліктері, сыртқы құрылысымен оқушылармен бірге саралай отырып, бәріне ортақ даму процесі болатыны,ертедегі алғашқы тіршілік формаларының тас көмір түзілудегі,қазба түрлеріндегі көпшілігінің шөптектес өсімдіктер екендігі туралы ақпаратты жүйелеу.

Сабақтың құрал-жабдығы: Ұлғайтқыш қол әйнегі, Қырықжапырақтәріздестердің және қырықбуынтәріздес өсімдіктердің кеппешөптері, Қырықжапырақтәріздестердің демонстрациялық жинақтамасы.

Сабақтың әдісі: АКТ, Сұрақ- жауап, тірек-сызбамен түсіндіру,кинометафора, мадерация әдістері.

Сабақтыңпәнаралықбайланысы: экология, география.

Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, үй тапсырмасын сұрау. Топқа бөлу: Ботаниктер, Геологтар, Дәрігерлер

Үй тапсырмасын сұрау:

"Кім? Не? Қашан? Қайда?"

«Кімкөпбіледі?» ойыныарқылыоқушыныңбілімітақтағыұяшыққабелгіленеді.

  1. Таллом дегеніміз не?

  2. Хроматофор деген не?

  3. Хламидомонаданыңхлорелладанайырмашылығы?

  4. Қайбалдырғарышқаұшыпкелдіжәнеқандайәсербердіадамдарға?

  5. Мүктердізерттейтінғылым?

  6. Мүктерқандайжерлердеөседі?

  7. Ризоиддегеніміз не?

  8. Жасылмүктіңбиіктігі?

  9. Жасылмүктіңсабағындақандайұлпа бар?

  10. Жасылмүктіңаталықжәнеаналықмүшесініңатауы?

  11. Шымтезекмүгі неге ақмүкдепаталады?

  12. Мүктердіңпайдасы?

Ой қозғау:

  1. Алғашында тіршілік қандай болған екен кім айтады маған?

  2. Бұл не балар? Тас көмір неден, қалай пайда болды?

Жаңа сабақ:

"Неге? Неліктен? Не үшін?"

Жоғары сатыдағы өсімдіктер аналық жыныс мүшелерінің құрылысына қарай архегонийлер және аталықтылар (антеридий ) деп екі үлкен топқа бөлінеді.

  • Біріншісіне мүктер,палуандар,қырықбуындылар,қырықжапырақтәрізділер және ашықтұқымдылар бөлімдері кіерді;

  • Екінші топқа жабықтұқымдылар және гүлді өсімдіктер бөлімдері кіреді.

Жоғары споралы өсімдіктер былай жүйеленеді:

  • Мүктәрізділер бөлімі (27000 түрі);

  • Палаундар бөлімі (1 мың түрі);

  • Қырықбуындар бөлімі (30-35 мың түрі);

  • Қырықжапырақтәрізділер бөлімі (10 мың түрі)

Қырықжапырақтәріздестер-жоғары сатыдағы споралы өсімдіктердің ең ерте пайда болған тобы.

Мекені: Тропиктік ормандарда кездеседі.

  • Ағаш,лиана (басқа өсімдіктерге оралып өсу) түрінде өседі.

  • Суда өсетіндері де бар

  • Аустралия және Жаңа Зеландияда ағаш болып өсетін түрлерінің биіктігі 20 метрге дейін жетеді.

  • Қазақстанда кездесетін қырықжапырақтәрізділер-көп жылдық шөптесін өсімдіктер.Кең тараған өкілі-еркек усасыр қырықжапырағы.

Жыныссыз көбеюі: Жыныссыз көбею жаз кезінде усасыр қырықжапырақ жапырағының астыңғы бетінде, орталық жүйкені бойлай қоңыр төмпешіктер түзіледі.

Оларды сорустар деп атайды. «Сорус» дегеніміз спорангийлердің жиынтығы. «Спорангий» – споралар дамып жетілетін орын – қалта. Спорангийлері жапырақтың астыңғы бетінде ұзын аяқшалары арқылы негізгі жүйкеге бекініп тұрады. Сорустың үстін жауып тұратын бүйрек тәрізді жарғақша жамылғысы болады. Пісіп жетілген споралар спорангийдің қабықшаларының жыртылуының нәтижесінде жерге шашылады. Қолайлы жерге түскен споралар өніп, өскіншелер береді.

-споралар пісіп жетілген кезде,спорангийдің қабықшалары жарылады да,споралар сыртқа шашылады;

-қолайлы жерге түскен спорадан өскінше пайда болады;

-өскінше жүрек пішінді,көк жасыл түсті,тең табақшалы болады,ризоидтары арқылы жерге бекінеді;

-өскіншенің астыңғы бетінде аталық және аналық жыныс органдары жетіледі;

Жынысты көбеюі:

-антерийде түзілген аталық гаметалар(сперматазоидтар) және архегонийде түзілеген аналық гаметалар арқылы жүзеге асады;

-ұрықтанған жұмыртқа жасушасынан зигота түзіледі,одан ұрық пайда болады;

-ұрықтан тамырабақ және жапырақ қалыптасып,біртіндеп нағыз қырықжапырақ пайда болады.

Маңызы:

  • Сәндік өсімдік ретінде өсімдікжайда өсіреді;

  • Жұмыс орындарын көгалдандыруға жиі пайдаланылады;

  • Кейбір түрлері дәрілік өсімдік;

  • Ағаш тәрізді жойылып кеткен қырықжапырақтар тас көмірідің түзілуіне қатысқан.

Өз бетімен жұмыс:Ботаниктер:ПЛАУНТӘРІЗДІ ӨСІМДІКТЕРГЕ СИПАТТАМА.

Геологтар:ҚЫРЫҚЖАПЫРАҚТӘРІЗДЕС ӨСІМДІКТЕРДІҢ ШЫҒУ ТЕГІ.

Дәрігерлер:ҚЫРЫҚЖАПЫРАҚТӘРІЗДЕСТЕРДІҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЖӘНЕ АДАМ ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ.

Балалар видео қарайды: папоротниктердің шығу тегі, көбеюі, сыртқы құрылысындағы ерекшеліктері қандай?


19 зертханалық жұмыс

Еркек усасыршөптің құрылысы

Қажетті құралдар: микроскоп,ұлғайтқыш әйнек,микропрепарат,кеппешөп үлгісі.

Орындалатын тапсырмалар:

1.Кеппешөп үлгісінен еркек усасыршөпті табыңдар.Еркек усасыршөптің жерүсті және жерасты бөліктерін аныөтап,неліктен өсімдіктерге жататынын түсіндіріңдер.

2.Еркек усасыршөп жапырағын төңкеріп,астындағы споралы қоңыр төмпешіктерді табыңдар.Оны ұлғайтқыш әйнекпен қараңдар. Спораның маңызын еске түсіріңдер.

3.Микроперпаратты микроскоппен 120 есе ұлғайтып қараңдар.

4.Бақылағандарыңның суретін салып,астына атауларын жазыңдар.

5.Өздерің тұратын жерде қырықжапырақтың бар-жоғын анықтап,қысқаша хабарлама әзірлеңдер.

Сұрақтарға жауап беру:

1.Қырықжапырақтәріздестердің құрылысы қандай?

2.Қырықжапырақтар қайда өседі?

3.Қырықжапырақ споралары қайда жетіледі?

4.Қырықжапырақтың қандай маңызы бар?


Үйге тапсырма: §36. Қырықжапырақтәріздес өсімдіктерге жалпы сипаттам. Плаун тәрізді өсімдіктер (121-122 бет). Тақырып соныңдағы денгейлік сұрақтарға жауап жазу. 93-суретті салу.



Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!