СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қысқа мерзімді жоспар С.Мұратбеков «Жусан исі» әңгімесі

Категория: МХК

Нажмите, чтобы узнать подробности

Жазушы өмірінен мәлімет алады, шығарманың мазмұнын, идеясын     ашады. 

Просмотр содержимого документа
«Қысқа мерзімді жоспар С.Мұратбеков «Жусан исі» әңгімесі»


Қысқа мерзімді жоспар

Қазақ әдебиеті 7-сынып



«Төлеген Тоқтаров атындағы орта мектеп» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі: Торетаева Арайлым Дәулетбекқызы








Сынып:7

Тексерілді:

Мерзімі


Тақырыбы

С.Мұратбеков «Жусан исі» әңгімесі

Мақсаты

Жазушы өмірінен мәлімет алады, шығарманың мазмұнын, идеясын ашады.

Күтілетін нәтиже

Оқушылар өзара диалогтік қарым-қатынасқа түседі;

Ынтымақ-тастық орнайды,өзгені де өзін де бағалай алады.

Қажетті құралдар

постер, маркер, стикер

Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті


Ұйымдастыру кезеңі

Мынадай сөз бар күнді қандай көңіл күймен бастасаң, солай өтеді. Олай болса бүгінгі күнімізді күлкімен бастайық, бір-бірімізге қарап жақсы тілегімізді айтып, жымиып,сабақ барысында көтеріңкі көңіл күйде болайық.

Бүгінгі сабақ барысында сіздер мұқият, тапқыр болып, ең бастысы өз білімдеріңіз бен жұмыс жасау қабілеттеріңізді көрсетеді деп сенеміз. Ендеше бір-бірімізге сәттілік тілейік.

Оқушылар қолдарындағы смайлик бар қағазды көрсетіп, көңіл-күйлеріні жақсы екендігін бір-біріне көрсетеді.

Білу




Түсіну


Қағаз қиындыларына өткен тақырыпқа қатысты сұрақтар жазып,келесі топқа береді. Қ. Аманжолов «Кәрі Қыран»

1.Неге шығарманың тақырыбын «Кәрі Қыран» деп қойған?

2.Ақын кәрі қыранды қалай суреттейді?

3.Қыран қандай халге душар болды?

4.Қыранның соңғы шешімін қалай түсінесің?

5. Бүркіттің әрекеті дұрыс па?


Жусан дегеніміз не?

  • Ол қандай шөп ?

Ол қайда өседі?

Жусанның пайдалы жағы бар ма?

Неге шығарма «Жусан иісі» деп аталады?




Оқушылар өздері дайынаған сұрақты келесі топқа береді.

Егер сұрақтарға толық жауап берсе түсті қағаздан бір форма құрастырылады.




(Оқушылар дәптерлеріне бүгінгі сабақтың тақырыбын жазады және бүгінгі сабақта тақырыпты үйреніп, оқу үшін өздері жеке мақсаттарын жазып, ортақ сабақтың мақсатын шығарады)


Қолдану





Жигсо -2


Жанұя тобында оқиды талдайды келесі топта талдайды . Жанұя тобына қайта келгенде, талқылайды.

Жеке, жұппен, топпен талқылау



Талдау

Постерге салу

Оны қорғайды

  1. Әңгіме кейіпкері кімдер?

  2. Аян кім?

  3. Ол ертегіні қандай мақсатта айтады?

  4. Аян неге жыламайды?

  5. Шығарманың ақталуындағы сұрақты қалай түсінесің? - Аян қайда екен?

5

Алған түсініктерін талдай отырып,тапсырманы орындайды.






Жинақтау


Постерге байланысты қорғаған топқа сұрақтар қою.

1. Әңгімедегі кейіпкерлерді ата. (Аян,Есікбай,Бапай шал, Тұрған, Асылбек шал, әңгімеші бала.)

2.Шығармада баяндалатын оқиға қай жылдары өткен? (1941-1945 жылдар)

3. Аян ертегісі қалай басталады? (Ертеде бір жетім бала болыпты)

4.Аян тайдырып алған тобығын кімге салғызды? (Асылбек шалға)

5. Аянды талай жерге дейін шығарып салған кім? (Есікбай)

2-топқа

1. Аян алғашқы сауатын кімнен ашты? (Иманжановтан)

2. Әжесі қайтқан соң Аян кімнің қолына көшті? (Әжесінің тумасы Бапай шалдың үйіне)

3. Аянның кешкі қорегі не еді? («Тісің бар ғой» деп бір уыс бидай төгеді)

4. Аян алғаш рет қалай тобығын тайдырды? ( Өрістен бұзау айдап келе жатқанда үйретемін деп,өзінің қысқа бұзауына секіріп мінген. Семіз бұзау мөңкіп-мөңкіп жығып кетті.)

5. Ауыл қай жерде орналасқан? (Ешкіөлмес деген кішкене қоңыр таудың етегінде).


Оқушылар тапсырмамен танысып, ойын жинақтап қорытындылайды.





Бағалау



«Ішіне-сыртына»




Оқушылар өз бетінше диалогқа түседі, Сұрақ дайындап жауап бермесе жауабын өзі айтады.

Оқушылар келесі сабаққа мәліметтер жинайды.

Үйге тапсырма


Эссе «Баяғыда бір жетім бала болыпты»


Бағалау



Рефлексия кезеңі

  • 1. Бүгінгі сабақта маған жаңалық болды...

  • 2. Бүгінгі сабақта басты ой ... болды.

  • 3. Менің ұсынысым...

Мына сөйлемдерді аяқтап, талдау жасайды.

Рефлексия

Сабақ мақсаттары ,оқыту мақсаттары жүзеге асты. Себебі менің оқушыларым шығарма мазмұнын түсінді

Бүгін оқушылар шығарма туралы түсініктері қалыптасты.

Оқыту ортасындағы іс әрекеттер мен әдістер толық жүзеге асты.

Менің бөліп оқытқаным өз мәнінде жүзеге асты, себебі үйде оқымайтын оқушым шығарманың мазмұнын түсінді\кері байланыста\

Мен өз уақытымды ұтымды пайдалана алдым. Себебі әдістерді көп алған жоқпын.