СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қыз сыны байқауы"

Нажмите, чтобы узнать подробности

сценарий в честь 8 марта. Конкурс среди девочек, с 1 по 4 классов. 

Просмотр содержимого документа
«"Қыз сыны байқауы"»

1-жүргізуші: Армысыздар, аяулы аналар, құрметті ұстаздар, гүлдей құлпырған қыздар! Барлығымыз асыға күткен көктемнің алғашқы күндерімен бірге 8 наурыз Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті. Бұл - бір қолымен бесікті, екінші қолымен әлемді тербеткен аналар мен нәзік жанды қыздар қауымының төл мерекесі.


2-жүргізуші:

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар.

Құттықтаймыз мейраммен,

Құрметті, жан аналар!


Нұралы:

Бәрі неге жиналған?

Жиналыс па, әлде не?


Назира:

Сен не білмей қалдың ба?

Бүгін үлкен мереке.


Хор:

Мерекенің мерекесі

Таси берсін береке!

Хафса:

Аяулы да

Зейнеп:

Ардақты да

Мұхаммед:

Қымбатты да

Жансая:

Салмақты да

Гүлжанат:

Мейірлі де

Нұралы:

Жігерлі де

Жаңагүл:

Шынайы да

Малика:

Шуақты да

Батырхан:

Мерекелі де

Кәусар:

Берекелі де

Назира:

Қадірлі де,

Иса:

Әділетті де

Қарлығаш:

Сүйікті де

Дархан:

Сүйкімді де

Жансая:

Парасатты да

Иса:

Дана, Дара, Пана.

Қарлығаш:

Біздің аналарымыз сіздерге

Хор:

Рахмет! Рахмет! Рахмет!


1-оқушы (Иса):

Дананың да тірегі,

Баланың да тірегі.

Шаншымасын ешқашан,

Аналардың жүрегі.


2-оқушы (Қарлығаш):

Мен үшін не керек, бәрін іздеп табасың,

Айналайын анашым, жұмысыңа барасың,

Қайтып мені көргенде, шын сағынып қаласың.


3-оқушы (Дархан):

Сенен өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті ата-аналар.


4-оқушы (Назира):

Ақ қабақты анашым,

Күн сәулелі анашым

Әлпештеген баласын,

Айналайын анашым.


5-оқушы (Жансая):

Әжем мені «айым» дейді,

Мен мұңайсам уайым жейді.

Әжем мені «күнім» дейді,

Мен қуансам күлімдейді.



6-оқушы (Нұралы):

Ақ анашым аппағым,

Өзің жайлы таппағым.

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрінде.


7-оқушы (Жаңагүл):

Ана десем алғыс алам халқымнан,

Ана десем теңіз болам шалқыған.

Ана десем ашылады қабағым

Ана десем әділдікті ұғамын.


8-оқушы (Зейнеп):

Әже деген көп шығар,

Әжемдейі жоқ шығар.

Мейірімді бұл кісі,

Қандай ғажап күлкісі.


9-оқушы (Гүлжанат):

Таусылмайды өлеңі

Күнде айтып береді.

Барған сайын қонаққа

Кәмпит алып келеді.

Әжем мені өйткені

Өте жақсы көреді.


Иса:

Дана, Дара, Пана.

Қарлығаш:

Біздің аналарымыз сіздерге

Хор:

Рахмет! Рахмет! Рахмет!


2- жүргізуші:

Қыз сыны, қыз өнері, қыз  әдебі,

Тал бойына жарасқан күлкі әлемі.

Бір көргенде болмай-ақ сахнада, 

Өмірде сақталсыншы ұлт әдебі.  

 1- жүргізуші:

Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Аруы деп мектептің  жүрейікші.

 Әділқазыларға тек әділдікті,

 Ал аруларға сәттілік тілейікші

 Енді ару қыздарымызды ортаға шақырайық.

(Музыка қосылады, қыздар кезек- кезек ортаға шығады)

Самет Қарлығаш (3 А сынып), Ергеш Хафса(2 А сынып), Ергеш Зейнеп(3 А сынып), Касымова Малика(1 А сынып), Мұрат Жансая(3 А сынып), Акпарова Назира(4 А сынып).


1-жүргізуші:  

Шалқытып мерекеде ән салайық, 
Өнерпаз өрендерге тамсанайық.
Әділдікпен шындықты арқа тұтқан,
Әділқазы алқасымен танысайық.

  1. Курманова Л.Т

  2. Оспанов А.А

  3. Шнетбаева С.И


1-жүргізуші:

Сайысымыздың кезеңдерімен таныс болыңыздар.
1.    Өзін -өзі таныстыру.
2.    Өз өнерін көрсету
3.   Сән үлгісі 


2-жүргізуші:

I кезең.Таныстыру
Гүл көңілің қуаныштан өрілді,
Жанарыңнан жалын нұры төгілді.
Жыр ұшқындап тұр ғой әне үніңнен,
Көпшілікке таныстыршы өзіңді,-деп ару қыздарымызды таныстыруларымен қарсы алайық.

(Қыздар шығып таныстыруларын айтады)


1-жүргізуші: 

Бишілер бар бізде қыздар мен ұлдар тобы,

Мерекеге өнерімен келген бүгін.

Таң қалдырып, қанекей би билеші,

Қол соғып, демеу берсе көрермендер! - деп кезекті  сыныптың байсалды да байыпты бишілеріне береміз.

(Би: Жігіттер биі)


2-жүргізуші:

II кезең өз өнерін көрсету.
Ал, кімнің өнері бар қаншалықты,
Би билеп, ал біреулер ән салыпты.
Бүгінгі қыз сынынан бәйге алуға
Арулар аянбай-ақ жан салыпты, - демекші, енді біздің кішкентай аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

(Арулар өз өнерлерін көрсетеді)


1-жүргізуші: «Отбасы-шағын мемлекет» деген сөз бар. Ынтымағы келіскен, түтіні түзу ұшқан әрбір шаңырақ мемлекеттің құт берекесі. Әйел-ана отбасы жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі болашақ балаларды тәрбиелеуші.  Алдарыңызда көрініс: «Отбасы».


 2-жүргізуші:

III кезең. Сән үлгісі
Ал,халайық ықыласпен демейік,
Арулардың сән үлгісін көрейік.
Сыры менен сымбатына қара біз,
Әділдікпен бағаларын берейік.

(Мода)


1-жүргізуші: Әділқазы әділ шешімін дайындағанша, келесі музыкалық номерді назарларыңызға ұсынамыз.


2-жүргізуші:

Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек.

Тұрғандай өзі, қимылсыз билеп,

Иықтан шашып, төгіліп жерге,

Күмісті шашбау, жарасып белге,- деп ақын ағаларымыз жырлағандай келесі кезекті мың бұралған бишілерге береміз.


1-жүргізуші:

Шалқып, тасып әніміз

Жадырасын жанымыз,

Ана, сені құттықтап,

Әндетеміз бәріміз.

Алдарыңызға әнші шәкірттеріңіздің орындауындағы «Ана» атты әнін қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

Хор: «Ана».
( әділқазылар алқасының бағаларын білу, номенациялар беріледі)


1-жүргізуші: «Қыз –ұлттың жаны» демекші,ата-аналардың аяулысы, құрбы-құрдастарыңыздың қадірлісі мен қымбаттысы , даламыздың гүлі, өміріміздің  сәні бола беріңіздер.

2-жүргізуші:

Өнеріміз сайыста,
Жетелейді алысқа .
Бүгінгі күннің жеңісі,
Достық болып қалуда.
Баршаңызды наурыз мерекесімен құттықтай отырып, құт –береке тілей отырып, сайысымызды аяқтаймыз.












































Ақмола облысы

Егіндікөл ауданы

КММ Ушаков орта мектебі












Мерекелік іс-шара









Тақырыбы: «Қыз сыны» байқауы.

Өткізген: Турарова А.Т

Бабажанова С.Ш

















2016-2017 оқу жылы