СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Қыз сыны" байқауының сценариі

Нажмите, чтобы узнать подробности

"Қыз сыны" байқауының сценариі және сайыскерлерге арналған қызықты сұрақтар презентация түрінде берілген.

Просмотр содержимого документа
«Кыз сыны»

«Қызылқұм аруы - 2016» іс-шарасының сценариі

Өтетін күні: 21.03.2016 ж.

Өтілетін орны: Акт залы

Өтілетін уақыты: 9:00


Cахна мерекеге сай безендірілген. Баннерде тақырып ілінеді. Көңілді әуен ойналып тұрады.

Фанфар үні беріледі. Жүргізушілер шығады.


Жүргізушілер: Қасымбай Салтанат - І жүргізуші

Махан Ілияс - ІІ жүргізуші


ІІ жүргізуші: Армысыздар ағайын!


І жүргізуші: Бармысыздар жиылған қауым!


ІІ жүргізуші: Наурыз мерекесі құтты болсын!


І жүргізуші: Ұлыстың ұлы күні сіздерге, сіздердің отбасыларыңызға бақыт пен береке алып келсін!

Бүгінгі мерекелік І жүргізушіты іс-шарамызды ашу үшін мектебіміздің директоры Кекилова Жәмилә апай Өтегенқызын шақырамыз!


ІІ жүргізуші: Тыңдаңыздар,тыңдаңыздар!

Сіздер менен мұнда біз бар,

Орталықтың сарайында

Бақ сынамақ ару қыздар7


І жүргізуші: Патшалығы дарындылар,

Тәлімі мол танымды ұғар

Дүбірлі думан өткелі тұр,

Сырын шертпек жалын жырлар!


ІІ жүргізуші: Иә,иә…Ханшайымның алтынмен апталған,күміспен қапталған алтын тәжі кімге бұйырмақ?


І жүргізуші: Әрине, ол он саусағынан бал тамған қас шеберге,ай десе аузы ,күн десе көзі бар көркіне ақылы сай аруға бұйырмақ!

- Ендеше елеулі оқиғаның куәсі болуға шақырамыз!


ІІ жүргізуші: Келіңіздер!


І жүргізуші: Көріңіздер!

Бірге: Тамашалаңыздар!


ІІ жүргізуші: Бүгінгі «Қызылқұм аруы – 2016» атты ару қыздарымыздың байқауын ашық деп жариялаймыз!


І жүргізуші: Атам қазақ қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, құрметпен қараған. Өн бойына тәлім-тәрбиенің негізін қалап, үй шаруасын ептеуге баулыған. Бүгін біз сол өнегенің жалғасын тауып, үрдіске айналғанын қалаймыз.


ІІ жүргізуші: Ендеше кештің жүргізушілерімен таныс болыңыздар. Ол – ай десе аузы бар, күн десе көзі бар, жаңашылдыққа жаны құмар, белсенді, сыныбының мақтанышы: Қасымбай І жүргізуші!


І жүргізуші: Байқаудың кезекті жүргізушісімен таныс болыңыздар. Ол – сұңғақ бойлы, сыр мінезді, алға қойған нақты мақсаты бар, күміс көмей әнші – Махан ІІ жүргізуші! Қошеметтеріңіз!


ІІ жүргізуші: І жүргізуші, сөзді көп созбай, әдептен озбай, өзімізді мақтаудан қалған уақытты бүгінгі қатысушыларымызға берейік!


І жүргізуші: Әр таңды бақытпенен аттырамыз,

Өнерді ой көгінде бақылаңыз,

Сайысқа қатысуға келіп тұрған

Аруларды ортамызға шақырамыз!


ІІ жүргізуші: Сахна төріне үміттерін үкілеп келген аруларымызды шақырайық. Қарсы алыңыздар!


І жүргізуші: Мың бұралған арулар билей басып,

Келеді міне ортаға толқып, тасып.

Аруларын сыйлаған халқым менің,

Көңілді қошеметпен қарсы алайық!


ІІ жүргізуші: Ақша бетті Айдана,

Ұқсайды хор қызына!


І жүргізуші: Арайлым қыз елгезек,

Алады тез тіліңді!


ІІ жүргізуші: Ақерке қыз білімді,

Меңгерген бар ілімді!


І жүргізуші: Ұстазын анасындай құрметтеген,

Жаны мөлдір, ісі жоқ дүрмекпенен.

Гүлім қыз ұстазының айнасы ғой,

Сегіз қырлы бір сырлы болсам деген!


ІІ жүргізуші: Аққу құстай қанат қағып самғаған,

Адал жолмен арам іске бармаған,

Адамдықты жаны сүйген қашаннан

Ақторғын да қатарынан қалмаған!


І жүргізуші: Атыңнан айналайын Сара деген,

ісіңе сенің жақсы баға берем,

Жеңіс туын тігерсің болашақта

Үміті зор мектептің саған деген!


ІІ жүргізуші: Сыпайы оның мінезі,

Күліп жүрер ақырын.

Қыз сынына кеп қапты

Тал шыбықтай Жұлдызай.

І жүргізуші: Аруларымызбен таныс болсақ, қыздарымызды реттік нөмір алуға шақырамыз.


ІІ жүргізуші: Ендеше, байқауымыздың кезекті шарттарымен таныс болыңыздар:

1-кезең «Таныстыру». Бұл кезеңде аруларымыз өздерін таныстырып өтеді.

І жүргізуші: 2-кезең «Қыз еркем, қылығымен көркем» деп аталады, яғни бұл кезеңде аруларымыз өз өнерлерін көрсетеді.

ІІ жүргізуші: 3-кезең «Қыз еркем, кестесімен көркем» деп аталады, тоқыма тоқу.

І жүргізуші: 4-кезең «Поэзия әлемі»

ІІ жүргізуші: 5-кезең «Білгенге маржан», яғни сұрақ-жауап.


ІІ жүргізуші: Қыздарымызды алғашқы сайысымызға дайындалуы үшін сахна сыртына қошеметпен шығарып салайық.


І жүргізуші: Ал,құрметті халайық,

Жарысты енді көріңіздер.

Әділқазылар алқасы

Әділ баға беріңіздер – дей келе, бүгінгі байқауды бағалайтын қазылар алқасының мүшелерімен таныс болыңыздар!

ІІ жүргізуші: 1) Байқауымыздың демеушісі, аяулы мектебіміздің 1996 жылғы түлектерінің атынан -

І жүргізуші: 2) Білікті де, білімді ұстаз, тарих пәнінің мұғалімі – Бижанова Бану апай.

ІІ жүргізуші: 3)


І жүргізуші: Өнеге жинап бойына өтер деймін,

Бір басына өнерлері жетер деймін.

Жарысқа түскен қыздар кезектесіп,

Таныстырып өздерін өтер деймін.

Кезекті таныстыруға берейік.

ІІ жүргізуші: Қыздарымыздың алғашқы кезеңіне өз бағаларыңызды берсеңіздер.


І жүргізуші: Өнер десе,ән десе жан салады,

Көрген адам қол соғып,т амсанады.

Өнерлерін сіздерге тарту етер,

Наурыздың ең әсем ханшалары – дей отырып байқауымыздың екінші кезеңіне өтсек, яғни бұл кезең «Қыз еркем, қылығымен көркем» деп аталады. Аруларымыз өз бойларындағы өнерлерін сіздерге тарту етеді.

7)


І жүргізуші: Құлақтан кіріп бойды алар,

Әсем ән мен тәтті күй,

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсең, менше сүй - деп Абай атамыз айтқандай, әнді сүйер қауымның назарына Ақылбек Гүлдана мен Мекерова Музаянаны «Қазақ қызы» әнімен шақырамыз.


ІІ жүргізуші: Қазылар біздің қыздарымыздың 2-ші кезеңінің бағаларын берсеңіздер.


І жүргізуші: Атам қазақ қыз тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп, құрметпен қараған. Өн бойына тәлім-тәрбиенің негізін қалап, үй шаруасын ептеуге баулыған. Бүгін біз сол өнегенің жалғасын тауып,үрдіске айналғанын қалаймыз.

«Қыз еркем,кестесімен көркем» деп аталатын 3-кезең тоқыма тоқу сайысына кезек береміз.


ІІ жүргізуші: 8 «Ә»сынып қыздарының орындауында «Массари» биі.


І жүргізуші: Махан ІІ жүргізуші балаларыңызды «Ойлай берем» әнімен сахнаға шақырамыз.

  • «8 «А» сынып қыздарының орындауында «Шағала қыз» биі.


І жүргізуші: Құрметті қазылар алқасы! Қыздарымыздың тоқыған өрмегін көру үшін сахна төріне шығуларыңызды сұраймын.


ІІ жүргізуші: 6 «Ә» сынып қыздарын орыс биімен қарсы алыңыздар.


І жүргізуші: Қазылар, біздің қыздарымыздың 3-ші кезеңінің бағаларын берсеңіздер.


ІІ жүргізуші: Поэзия ,менімен егіз бе едің?

Сен мені сезесінбе, неге іздедін?

Алауыртқан таңдардан сені іздедім,

Қарауытқан таулардан сені іздедім.


4-кезең. Қыздарымыздың поэзия оқуына көңіл бөлейік.


6)

7)


І жүргізуші: 9 «В»сынып оқушысы Ерген Жанботаны «Қазағым» әнімен қарсы алыңыздар.


ІІ жүргізуші: Қазылар алқасынан 4- кезеңнің бағасын сұраймыз.


ІІ жүргізуші: Ақылдылық қыздарға жарасады,

Көзі ашықпен бәріде санасады.

Келесі сұрақ-жауап сайысында

Сыналар білімі мен парасаты – дей отырып, келесі кезекте сұрақтарға жауап берейік.


І жүргізуші: Қазылар алқасынан 5- кезеңнің бағасын сұраймыз.


І жүргізуші: Қазылар алқасы жинақ балды шығарғанша 9 «Ә» сынып оқушысы Айтбай Рысайды әсем әуенімен қарсы алыңыздар!


ІІ жүргізуші: 6 «А»сынып қыздарын «Ізін көрем» биімен қарсы алыңыздар!

І жүргізуші: Былтырғы оқу жылында «Қызылқұм аруы» байқауының жеңімпазы атанған Махан Динараны және биылғы «Қызылқұм аруы» байқауының үміткерлерін ортаға қошеметпен шақырамыз.

-Ал, Динара сөз кезегі өзіңде.


ІІ жүргізуші: Олай болса, бүгінгі байқауымызға төрелік еткен қазылар алқасын сахна төріне шақырамыз!


І жүргізуші: Міне,біздің елден алар бағамыз,

Көңіл кілтін адамдықпен табамыз.

Ән-мереке жолықтырсын аман-сау,

Наурыз кештің шымылдығын жабамыз!

Келесі кездескенше сау-саламатта болыңыздар!









Просмотр содержимого презентации
«кыз сыны»

“ Қыз сыны” 1 “ Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” 1 2 ҚОСЫМША СҰРАҚ 2 4 “ Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” 3 5 “ Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” 2 “ Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” 1 ҚОСЫМША СҰРАҚ 6 “ Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” Дәстүрім – қазынам 3 Дәстүрім – қазынам “ Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” 4 7 6 “ Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” Дәстүрім – қазынам 5 Дәстүрім – қазынам Дәстүрім – қазынам Дәстүрім – қазынам 7 Дәстүрім – қазынам

Қыз сыны”

1

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...”

1

2

ҚОСЫМША СҰРАҚ

2

4

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...”

3

5

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...”

2

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...”

1

ҚОСЫМША СҰРАҚ

6

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...”

Дәстүрім – қазынам

3

Дәстүрім – қазынам

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...”

4

7

6

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...”

Дәстүрім – қазынам

5

Дәстүрім – қазынам

Дәстүрім – қазынам

Дәстүрім – қазынам

7

Дәстүрім – қазынам

1.  Қазақтың ұлттық киімі Мәсінің сыртынан киюге арналған, былғарыдан тігілген қонышсыз аяқ-киім қалай аталады? Жауабы

1. Қазақтың ұлттық киімі

  • Мәсінің сыртынан киюге арналған, былғарыдан тігілген қонышсыз аяқ-киім қалай аталады?

Жауабы

2.  Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі Көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Қазақы ортада ауқымды да күрделі жұмыстарды ауылдас-руластардың бірлесе атқару харекеті. Жауабы

2. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрі

  • Көпшіліктің көмегін пайдалану дәстүрі. Қазақы ортада ауқымды да күрделі жұмыстарды ауылдас-руластардың бірлесе атқару харекеті.

Жауабы

3.  Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы Көне шертпелі көп ішекті аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қабық жабылып, үн беретін ойықтар салынады. Жауабы

3. Қазақтың ұлттық музыкалық аспабы

  • Көне шертпелі көп ішекті аспап. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қабық жабылып, үн беретін ойықтар салынады.

Жауабы

4.  Ұлттық ыдыс-аяқ Су, суысын құятын шағын тері ыдыс. Жауабы

4. Ұлттық ыдыс-аяқ

  • Су, суысын құятын шағын тері ыдыс.

Жауабы

5.  Қазақтың ұлттық ойыны Қазақ халқында кең тараған мергендік сынның бір түрі. Жігіттер атпен шауып келе жатып, екпінін бәсеңдетпестен, құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуға тиіс. Жауабы

5. Қазақтың ұлттық ойыны

  • Қазақ халқында кең тараған мергендік сынның бір түрі. Жігіттер атпен шауып келе жатып, екпінін бәсеңдетпестен, құрулы бақан үстіндегі нысананы атып құлатуға тиіс.

Жауабы

6.  Қазақтың ұлттық тағамдары мен сусыны Бие сүтінің жаңа сауылған, ашытылмаған түрі. Жауабы

6. Қазақтың ұлттық тағамдары мен сусыны

  • Бие сүтінің жаңа сауылған, ашытылмаған түрі.

Жауабы

7.  Қазақтың ұлттық өнері Ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы. Жауабы

7. Қазақтың ұлттық өнері

  • Ауыз әдебиетінде ежелден қалыптасқан поэзиялық жанр, топ алдында қолма-қол суырып салып айтылатын сөз сайысы, жыр жарысы.

Жауабы

“ Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” 1  1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген. 16 жасында “биші қыз” атағын иемденген, қазақ би өнерінің ханшайымы. Жауабы

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...”

1

  • 1912 жылы 18 тамызда Алматы қаласында дүниеге келген.
  • 16 жасында “биші қыз” атағын иемденген, қазақ би өнерінің ханшайымы.

Жауабы

“ Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” 2  1922 жылы 01 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы қаласында туылған. КСРО-ның және Қазақстанның халық әртісі, халық қаһарманы, әнші апамыз. Жауабы

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...”

2

  • 1922 жылы 01 қаңтарда Қызылорда облысы Қазалы қаласында туылған.
  • КСРО-ның және Қазақстанның халық әртісі, халық қаһарманы, әнші апамыз.

Жауабы

“ Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” 3  1922 жылы 15 мамырда Атырау облысы Ганюшкин ауылында туылған. Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының халық қаһарманы. Жауабы

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...”

3

  • 1922 жылы 15 мамырда Атырау облысы Ганюшкин ауылында туылған.
  • Екінші дүниежүзілік соғысының қазақтан шыққан жалғыз әйел-ұшқышы, жауынгер, батыр, Қазақстан Республикасының халық қаһарманы.

Жауабы

“ Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” 4  1970 жылы 27 шілдеде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген. 1986 жылы желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісінің белсенді қатысушысы, батыр қыз. Жауабы

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...”

4

  • 1970 жылы 27 шілдеде Алматы облысы, Панфилов ауданы, Ақжазық ауылында дүниеге келген.
  • 1986 жылы желтоқсанда болған қазақ жастарының отаршылдық және әміршілдік жүйеге қарсы азаттық көтерілісінің белсенді қатысушысы, батыр қыз.

Жауабы

“ Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” 5  1861 жылы БҚО, Бекетай құмы ауылында дүниеге келген. Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі. Халық арасында “Күй анасы” атанған . “Жеңіс”, “Еңбек ері” “Ана бұйрығы”, “Сауыншы”, күйлерінің авторы. Жауабы

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...”

5

  • 1861 жылы БҚО, Бекетай құмы ауылында дүниеге келген.
  • Қазақтың әйгілі күйші-композиторы, Қазақстанның халық әртісі. Халық арасында “Күй анасы” атанған . “Жеңіс”, “Еңбек ері” “Ана бұйрығы”, “Сауыншы”, күйлерінің авторы.

Жауабы

“ Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” 6  1939 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы, Манаш ауылында дүниеге келген. Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, журналист, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған, мәдени-ағарту ісінің озық қызметкері, ел арасында “Поэзия падишасы”  атанған қазақ поэзиясының саңлағы. “Сандуғаш”, “Қыз ғұмыр”, “Сұхбат”, “Жүрек күнделігі” өлеңдерінің авторы. Жауабы

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...”

6

  • 1939 жылы 5 желтоқсанда Атырау облысы, Манаш ауылында дүниеге келген.
  • Ақын, Қазақстанның халық жазушысы, журналист, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болған, мәдени-ағарту ісінің озық қызметкері, ел арасында “Поэзия падишасы” атанған қазақ поэзиясының саңлағы. “Сандуғаш”, “Қыз ғұмыр”, “Сұхбат”, “Жүрек күнделігі” өлеңдерінің авторы.

Жауабы

“ Мен қазақ қыздарына қайран қалам...” 7  1912 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында (ресми деректерде Верный қ.) дүниеге келген. “ Ғасыр бұлбұлы”  атанған қазақтың әйгілі әншісі,  қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Жауабы

Мен қазақ қыздарына қайран қалам...”

7

  • 1912 жылы Қарағанды облысының Ақтоғай ауданында (ресми деректерде Верный қ.) дүниеге келген.
  • Ғасыр бұлбұлы” атанған қазақтың әйгілі әншісі, қазақ опера өнерінің негізін салушылардың бірі, қоғам қайраткері. КСРО халық әртісі, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

Жауабы

КЕБІС Мәзір

КЕБІС

Мәзір

АСАР  (асар жасау) Мәзір

АСАР (асар жасау)

Мәзір

ЖЕТІГЕН Мәзір

ЖЕТІГЕН

Мәзір

ТОРСЫҚ Мәзір

ТОРСЫҚ

Мәзір

ЖАМБЫ АТУ  (Алтын қабақ) Мәзір

ЖАМБЫ АТУ (Алтын қабақ)

Мәзір

САУМАЛ Мәзір

САУМАЛ

Мәзір

АЙТЫС Мәзір

АЙТЫС

Мәзір

Шара Баймолдақызы Жиенқұлова Мәзір

Шара Баймолдақызы Жиенқұлова

Мәзір

Роза  Тәжібайқызы Бағланова Мәзір

Роза Тәжібайқызы Бағланова

Мәзір

Хиуаз  Қайырқызы Доспанова Мәзір

Хиуаз Қайырқызы Доспанова

Мәзір

Ләззат  Алтынайқызы Асанова Мәзір

Ләззат Алтынайқызы Асанова

Мәзір

Дина  Кенжеқызы Нұрпейісова Мәзір

Дина Кенжеқызы Нұрпейісова

Мәзір

Фариза Оңғарсынқызы  Оңғарсынова Мәзір

Фариза Оңғарсынқызы Оңғарсынова

Мәзір

Күләш  Жасынқызы Бәйсейітова Мәзір

Күләш Жасынқызы Бәйсейітова

Мәзір

Табақ тарту   Ет жіліктегенде қыздарға қандай сүйек ұсынылмайды? Неліктен? Жауабы

Табақ тарту Ет жіліктегенде қыздарға қандай сүйек ұсынылмайды? Неліктен?

Жауабы

Қазақтың ұлттық киімі, дәстүрі   Құдалыққа ұсынылатын киім немесе бұйым қалай аталады? Жауабы

Қазақтың ұлттық киімі, дәстүрі Құдалыққа ұсынылатын киім немесе бұйым қалай аталады?

Жауабы

Кәрі жілік (кәделі жілік)  1) Бұл жілікті тек қарияларға ғана тартады, яғни қариялардың ризығын алу үшін тартылады.  2) Қыздарға ұстатпауының себебі – кәрі жілікті ұстаса күйеуге шықпай, оң жақта отырып қалады деген ырым бар. Мәзір

Кәрі жілік (кәделі жілік) 1) Бұл жілікті тек қарияларға ғана тартады, яғни қариялардың ризығын алу үшін тартылады. 2) Қыздарға ұстатпауының себебі – кәрі жілікті ұстаса күйеуге шықпай, оң жақта отырып қалады деген ырым бар.

Мәзір

Киіт (кәде) Мәзір

Киіт (кәде)

Мәзір