Мектеп алды даярлық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в подготовительной группе
Өткізу күні / Дата проведения
Тәрбиеші / Воспитатель :Смағұл П.А
Білім беру саласы / Образовательная область: Әлеуметтік орта
Пән / Предмет: Өзін-өзі тану
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: «Мамандықтың бәрі қажет»
Тақырыбы / Тема: «Қайырымды істер.»
:.
Мақсаттары / Цели
1. Тәрбиелік- воспитательная: Мейірімділік асыл қасиет туралы түсінік бере отырып, сүйіспеншілік құндылығы арқылы мәнін ашу.
2.Дамытушылық – развивающаяқайырымдылық жасау дағдыларын дамыту.
3. Оқыту – обучающая :Балаларға мейірімділіктің адам бойындағы ең қымбат асыл қазынасы екенің ұғындыру. .
Педагогикалық технологиялар / пед. Технологии: ойын технологиясы, деңсаулық технологиясы, ИКТ
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер, слайд т. б
Көптілділік :.
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1.Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
(Ғажайыпсәт)
Балалар, менде сендерді шын көңілмен шаттық шеңберіне шақырамын. Мен өзімнің сиқырлы таяқшам арқылы сендерге тілегімді бірінші айтайыншы:
- Мен бәрімізге денсаулық тілеймін.
Қуаныш, Бақыт, Достық, Жақсы күн, Мейірім, Жақсы көңіл күй, Аманшылық, Сұлулық, Жақсылық, Бірлік, Шаттық. (барлығы бірге)
Жақсы сөздер айтамыз,
Шаршамаймыз қайта біз.
- Жарайсыңдар балалар біз сондай жақсы сөздер, жылы - жылы лебіздер естідік. Олардың бәрі орындалады, өйткені сендер оны шын жүректеріңмен айттыңдар. Енді орнымызға жайлап жайғасып отырайық
2.Негізгі бөлім
Біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде адамның жақсы қасиеттерінің бірі мейірімділік туралы әңгімелесеміз.
Балалар мейірімділік әр адамның жүрегінде өмір сүреді. Мейірімділікті адамның көзінен көруге, іс-қимылынан табуға болады. Мейірімділік жүректе орналасады, ал мейірімді адамды барлығы жақсы көреді.
-Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?
Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?
Қайырымдылық ол жағадйы төмен адамдарға жасалатын көмек. Жоқ заттарын алып беріп, ала алмай отқан заттарын алып беріп жасалатын көмек.
Көптілділік:
Сергіту сәті.
Орнымыздан тұрайық
Шеңбер жасап алайық.
Бір отырып, бір тұрып
Сәл тынығып алайық.
Тапсырма:«Кім және не мейірімді?» түсіп қалған сөздерді орнына қою керек. (баяу музыка ойнап тұрады, 3тен парақ таратылады)
Күлімдеген .... мейірімді. (күн)
Кіршіксіз ақ .... мейірімді! (қар)
Таза мөлдір.... мейірімді! (су)
Бәрімізді көтеріп түрған .... мейірімді! (жер)
Аяулы .... мейірімді! (анам)
Қадірлі .... мейірімді! (әкем)
Әлпештеген .... мейірімді! (әжем)
Еркелеткен .... мейірімді! (атам)
Жылы жүзді .... мейірімді! (ұстазым)
Тату-тәтті .... мейірімді! (достарым)
«Болады-болмайды» тренингі
(мұғалім болатын нәрселерді айтқанда оқушылар қолдарын үш рет шапалақтайды, ал болмайтын нәрселерді айтқанда қолдарын бір рет шапалақтайды)
-Мейірімді болуға .... (болады),
Кешірімді болуға .... (болады),
Қатыгез болуға .... (болмайды),
Тәртіпті болуға .... (болады),
Әдепті болуға .... (болады),
Жеке жұмыс:
Алан біз кімге көметестік?
Айя немен таныстық?
3.Қорытынды бөлім:
Балалар біз бүгін оқу қызметімізде ата - анамыздың айтқанын тыңдап, бұлжытпай орындап, тілалғыш, ұқыпты, еңбексүйгіш бала болуды үйрендік. Еңбек етудің қуаныш екенін, еңбектің бізді бірлікке, достыққа, жақсылыққа жетелейтінін білдік.