СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қалай оқу керектігін үйренудің оқыту үдерісіндегі тиімділігі мен өзектілігі

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Мұғалімдер балалар өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын,  өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде дамуына ықпал ететін шарттар мен факторларды зерделейді.

Просмотр содержимого документа
«Қалай оқу керектігін үйренудің оқыту үдерісіндегі тиімділігі мен өзектілігі»

Коучинг жоспары



Күні: 23.11.2018

Өткізген: Хидуллина Гаухар Исатаевна

Тақырыбы:

Қалай оқу керектігін үйренудің оқыту үдерісіндегі тиімділігі мен өзектілігі

Мақсаты:

Мұғалімдер балалар өз оқуы туралы білетін және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алатын, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде дамуына ықпал ететін шарттар мен факторларды зерделейді.

Оқу нәтижесі:

  • Егер балаға қалай оқу керектігін үйретсе...

  • Балалар өз оқуы туралы біледі және өзінің эмоцияларын, ынтасы мен әлеуметтік қарым-қатынасын басқару үшін көбірек мүмкіндік алады, өзін-өзі реттейтін оқушы ретінде дамиды.


Түйінді

идеялар:

  • Тіпті кішкентай балалардың өздері, тиісті жағдай жасалса, өздерінің оқуы үшін үлкен жауапкершілік алуға қабілетті.

  • Балалар ерте жастан бастап оқу үдерісін түйсіне бастайды, оқу тапсырмаларын орындағанда өз тәсілдерін қолдана біледі, сондай-ақ өздерін жақсы оқушы ретінде ұсына алады. Өзін-өзі реттеу мен метатанымдық қабілеттерді дамыту баланың алғыр оқушы болу ықтималдығының негізгі көрсеткіші болып табылатынын көрсетті. Мұғалімдер жоғары сапалы педагогикалық тәжірибенің көмегімен осы салаға барынша мол үлес қоса алады.



Уақыты


Коучтың іс-әрекеті

Мұғалімнің іс-әрекеті

Ынтымақтастықты арттыруға арналған жаттығу

«Ұстаздар» 5 мин.



Әріптесіңіздің жақсы қасиетін атаңыз.


Тыңдаушылар шеңбер бойымен тұрады. Тренердің нұсқаулығын орындайды.

Ары қарай әр тыңдаушы әріптестеріне сәттілік тілеп, жақсы қасиетін айтады.


Тыңдаушыларды топқа бөлу 5 мин


Сөздер бойынша топқа бөледі.

Тыңдаушылар сөздеріне қарай топтасады.

«Ой толғаныс»

Суреттерді сөйлету

5 мин

Топтарға суреттер таратады.

Суреттерге қарап, өмірмен, мектеппен, ата-анамен байланыстырып сөйлемдер құрайды.

Миға шабуыл

5 мин Коучингтің тақырыбымен танысады

1.Сен үшін қалай оқу тиімді?

2.Сыныпта сізден үнемі көмек сұрайтын оқушылар барма?

3.Өздігінен реттелетін оқуды мұғалімдер қалай ынталандыра алады?


Әр тыңдаушы өз ойларын айтады.

Коучинг тақырыбын жариялау

Коучингтің тақырыбын жариялайды


Фишбоун стратегиясы

10 мин

«Сен өзгерсең, сенің әлемің де өзгереді» атты әңгімеден алған әсерлерімен топқа талқылауға ұсыну. Қиындықты және проблеманы шешу жолдары.

Әңгімеден алған әсерлерімен, қиындықты және проблеманы шешу жолдарын топқа талқылап, өз ойларын айтады.

«Жауһарлар пирамидасы»

балалардың өздігінен білім алуын тексеру парағы.


Тренер тапсырма береді:

Өз мүмкіндіктерін біледі

Назарын бақылай алады және алаңдамайды

Өз тәртібі мен өзгенің тәртібі туралы және оның салдары туралы айта алады

Нені қалай жасағаны туралы немесе нені білгені туралы айта алады

Өз сезімі мен өзгелердің сезімі туралы біледі, көмектеседі және көңілін көтереді

Жаңа тапсырманы сеніммен қолға алады

Мәселелерді шешуден рахат алады

Ойластырып таңдау жасайды және шешім қабылдайды

Өз міндеттері мен мақсатын жоспарлайды

Қиындыққа тап болғанда табанды бола алады

Тапсырманы орындаудың өз жолдарын іздейді

Ересектердің көмегінсіз ақпарат көзін табады

Тапсырманы қашан әрі қалай орындау қажеттігін талқылайды

Сұрақ қояды және жауап береді

Алға басуды қадағалайды және қажет кезде көмек сұрайды

Жеке және құрдастарымен бірлескен тапсырмаға қатысады

Бұрын естіген сөзді өз мақсатына пайдаланады

Құрдастарымен әлеуметтік мәселелерді шеше алады

Тапсырмалар ұсынады

Жоспарланған тапсырмалар туралы айта алады

Тыңдаушылар маңыздылығы жоғарыдан төмен қарай орналас-тырады.

Рефлексия

«Чемодан, еттартқыш, қоқыс жәшігі»

Тақырып бойынша алған керекті ақпараттарды чемодан тұсына жазса , ал бүгінгі ақпараттың ішінде әлі оқуым керек, толықтыруым керек дегендері болса, еттартқыш тұсына жаза алады. Сонымен қатар бүгінгі сабақтағы керек емес болған артық дүниені қоқыс жәшігінің тұсына жазуына болады.


Қатысушы мұғалімдер тақырыптан немесе жаттығудан не алғандарын көрсетеді .