СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кальций оның таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері.

Категория: Биология

Нажмите, чтобы узнать подробности

         ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»

 

           «Келісілді»                                                                    «Бекітілді»

Әдіскер :                                                                                   Әдістемелік кабинетмеңгерушісі:

               кабинетмеңгерушісі:

______________Калтурсынова Г                                           ____________Кадирханова Р.К.    

«___» ____________2017 ж«___» ____________2017 ж

 

 

 

 

 

 

 

 

Пәні: Химия

Тақырыбы:Кальций,оның қосылыстары,қасиетері

 

 

 

                                                                       Пән оқытушысы: Келимбердиева С.М.

 

 

 

 

                                                           Ақтау 2017 ж

 

Сабақтың тақырыбы: Кальций оның таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:Білімділік: студенттерге кальций металдарының физикалық, химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, алыну жолдары,қолданылуы туралы ұғымды түсіндіру.

Тәрбиелік: Шығармашылықізденістерін, іскерлікдағдыларынарттыра отырып, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке, өзіндікойқорытуғабаулу, байқампаздыққа, жан-жақтылыққатәрбиелеу.

Дамытушылық: Пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру, тиянақты жауап беру қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту, өзбетінше ойлап, ой-өрісін,зейініндамыту.

Сабақтың міндеті:

-         Металдардың физикалық қасиетін ажырата білу.

-         Металдардың табиғатта таралуын есте сақтау.

-         Металдардың химиялық қасиеттерін анықтай білу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа ұғым қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыстар, демонстрация,графикалық диктант.

Сабақтың  көрнекілігі: периодтық.жүйе, оқулық, интерактивті.тақта,  көрнекі .құралдар.

Технология түрі: ақпараттық.технология, сын.тұрғысынан.ойлау.технологиясы.

Пәнаралық байланыс: биология, медицина, геология, география

Күтілетін нәтиже:

-         Кальций қасиеттерін сипаттай білу.

-         Теориялық білімдерін жүйелей білу.

  - Элементтердің биологиялық маңызын білу.

-         Өзгерістер тізбегін, химиялық реакция теңдеулерін жаза білу.

Сабақтың жоспары:

  1-кезең Ұйымдастыру

  2- кезең  «Қызығушылықты ояту»

(өтілген тақырып бойынша танымды ққызығушылығын ояту)

-         Танымдық сұрақтар

 3- кезең «Мағынаны ашу» (жаңа ақпаратпен таныстыру)

  4- кезең «Ой толғау» (сабақты бекіту, қорытындылау,ойларын толықтыру)

Сабақтың барысы:   І Ұйымдастыру  (Екі топқа бөлу)

-         Сәлемдесу

-         Студенттердің сабаққа қатысын, сабақ құралын тексеру

 

ІІ кезең  «Қызығушылықты ояту»

Танымдық сұрақтар:

  1. Металдар периодтық жүйеде қалай орналасқан?(сол жақ жоғарғы бөлікте,диоганаль бағытта негізгі және қосымша топшада орналасқан)
  2. Элементтер қасиеттеріне қарай қалай жіктеледі?( S, p, d, f )
  3. Сілтілік металдардың периодтық жүйедегі орны? ( І топта, негізгі топшада)
  4. Сумен өте жақсы әрекетеседі,ақ түсті зат ? (натрий оксиді)
  5. Натрийдің атомдық салмағы, реттік номірі ? ( а.с-23,рет.номірі -11)
  6. Химиялық формулаларды құрастыру:(O,CL,S,H2SO4,HCL, HNO3)

 

ІІІ – кезең   «Мағынаны тану»   (жаңа сабақ түсіндіру)

 Демек, бүгінгі сабағымызда сілтілік жер металдардың ішінде кеңтараған кальций ұғымымен танысамыз. Ендеше дәптерлеріңізге бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазып қойыңыздар. Бұл элементтермен күнделікті сабақтарымызда жиі естіп жүрміз.Жаңа  сабағымыздың жоспарымен таныс болыңыздар.

Жоспар: -  Кальцийий  металының периодтық  жүйедегі орны

  -Кальций  металының физикалық қасиеті

-  Кальций, калий металының алынуы

 -  Кальций, калий металының химиялық қасиеті

  -  Кальций металының табиғатта таралуы мен қолданылуы

Кальций металының периодтық жүйедегі орны

Реттік нөмірі 20

Cа

 

Тобы ІI

Негізгі

Валенттілігі ІI

 

 

Аr₌40 г

 

Периоды ІY

 

Қатары 4

 

 Кальций, металының алынуы

Өнеркәсіпте: электролиздеуәдісіарқылы1807жылы ағылшынғалымыГ.Дэвиалды

   2CаСІ→ 2Cа + СI

Кальцийметалының химиялық қасиеті

1.Жалынға әсер ету. Кальций жанғанда жалының түсі - қызыл түс болады. 

2. Жану реакциясы. 4Са+О2→2Са2О             

3.Бейметалдармен әрек.           2Са+СІ2→2СаСІ             

4.Сутекпен әрек.                       Са+Н2→СаН2             гидридтүзеді.

5.Сумен әрек.                            2Са+2Н2О→2СаОН+Н2            

6.Қышқылдарменәрек.            Са+Н24→Са242           

 

Кальций, металының табиғатта таралуы мен қолданылуы

Көбінеқосылыстартүріндекездеседі.кальций, қосылыстарыәртүрлімақсаттақолданылады.

-медицинада

-металлургияда

-транспортта

-органикалықхимияда

- адам организмінде

ІV – кезең  «Ой толғау» ( толықтыру, сабақты бекіту, қорытындылау) 

Сәйкестендіру

Реті

Кальций қосылыстарының формуласы

Қосылыстардың атауы

1

CaO

Кальций карбиді

2

CaС2

Ғаныш

3

CaOH2

Кальций карбонаты(бор, мәрмәр,ізбес тас)

4

CaCO3

Сөндірілмеген ізбес

5

CaSO4*2H2O

Алебастр

6

CaSO4* 0,5 H2O

Сөндірілген ізбес(кальций гидроксиді)

 

5.«Химия және адам» шығармашылық жұмыс

6. «Ой-түйін»

1.Кальций қай периодта ,топта орналасқан?

2.Кальций қандай метал?

3.Электролиз әдісімен ең алғаш алған ғалым және қай жылы?

4.Кальцийдің манызды қосылыстарын ата?

5. Кальций қай жерде қолданылады?

Бүгінгі сабақта нені білдім?

Үйге тапсырма  §21.8-жаттығу, шығармашылықжұмыс

Бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Химиялық элементтерге жалпы сипаттама

Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы70 кгболса, онда1700 граммкальций,250 граммкалий,70 граммнатрий,42 грамммагний,5 граммтемір,3 грамммыс болады.

Атап айтар болсам, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі.

Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топ-қа бөледі:

1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.

2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері — 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:

1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.

2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген.

3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.

Сондықтан егер химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Керісінше, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да зиян. Тіпті, қазір тағамнан улану да көбейіп кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар.

Адам ағзасын құратын химиялық элементтер

Адамның ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер мен макроэлементтер әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар — көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән әрі ол жерде концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш — қарын асты безінде, йод — қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий — шашта, кадмий, сынап, молибден — бүйректе, қалайы — ішек ұлпаларында, стронций — қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий — көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром — гипофизде және тағы басқаларда жиналады.

Жетіспесе, ауырасыз.

Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады.

Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғай-ған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді.

Адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреу-кесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды роль атқарады.

Отандық ақ халаттылардың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі. Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады, сүйектің беріктігі күрт төмендейді. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омырт-қа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний — қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Қан құрамындағы холестеринді төмендетеді.  Кальций – күмісше жылтыраған ақ металл, ол сілтілік металдар тәрізді өте жеңіл (g = 1,55 г/см3 ), алайда анағұрым қатты болады және оның балқу температурасы да өте жоғары, 851 0 С-ге тең.

Са – ізбес. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді.

Калцийдің маңызды қосылыстары: кальций оксиды – СаО – сөндірімеген әк, кальций гидроксиді – Са(ОН)2 – сөндірілген әк, кальций карбонаты – СаСО3 - әкті су, ғаныш (гипс) – СаSO4 *2Н2О

Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді.

Кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D витамині, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет.  Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы орган). Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі. Қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жақсартады. Радиация әрекетінен қорғап, радиоактивті йодтың жиналуын ескертеді. Йод селенге тәуелді, ол ағзада селенсіз әрекет етпейді.

Бұл элементтің жетіспеуі негізгі зат алмасу процесін төмендетеді. Ағзадағы йодтың аз болуы ең әуелі орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Бала қажетті мөлшердегі йодты ана құрсағында жатқан кезден бастап алуға тиіс. Балалардағы гипотиреоз ауруы жүйке қызметінің ерекше бұзылуына, адамдағы интеллектуалдық мүмкіндіктің тежеліп дамуына, кретинизмге әкеліп соқтырады.

Ал ересек адамдарда ойлау қабілетінің төмендеуі, жүректің соғу жиілігі азаюы байқалады.

Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті.

Йод адам ағзасында 20 – 30 мг мөлшерінде ғана болса да өте маңызды үрдістерді атқарады.  Фосфор тұздары . Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы – аденозинүшфосфат қышқылы мен креатин – биологиялық қышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті жиырылғанда, сондай – ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа ағзаларда жүретін биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде пайдаланады.

Міне сондықтан бұлшық етте қатты жұмыс істеген кезде фосфатты қажетсіну едәуір артады. Егер ересек адамға оның тәуліктік қажеті 1 – 2 грамм болса, ауыр дене еңбегімен шұғылданатын жұмысшыға немесе үлкен қашықтыққа жүгіретін спортшыда бұл қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін.

Ал фосфор — күш-қуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ D витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор жүйке жасушаларының қызметі үшін де керек. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді.

Фосфор ақуызы мол ет, сүт өнімдерінде кездеседі.

Адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Фосфор қышқылының қалдығы жасуша ядроларында нәсілдік қасиеттер беретін аса маңызды заттарға – нуклеопротеидтерге, май тектес заттарға – фосфатидтерге және көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді. Сүйек пен тісте фосфор қышқылының тұздары өте – мөте көп.

Көміртек, сутек және оттек көмірсулар мен липидтердің(майлар) де құрамына кіреді.Ал фосфор фосфолипидтердің құрамына фосфатты топтар түрінде кіреді. Көп мөлшерде липидтер бас миында (12%), бауырда (5%), сүтте(2-3%) және қан сұйықтығында (0,6%) концентрленеді. Фосфордың негізгі бөлігі сүйек ұлпасында-600г.Ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85%-ын құрайды.Фосфор-органогенді элемент, зат алмасуда басты роль атақарады. Жасушаішілік құрауыш АТФ-тің құрамына енеді және адам қаңқасы мен тісте фторапатит түрінде болады. Тірі ағзалар фосфорсыз дами алмайды. Адамдарға тәуліктік қажеттілігі 1,3г.

Күкірт- адам ағзасында 0,16% массалық үлесте кездесетін микроэлемент. Ересек адамның тәуліктік қажеттілігі 4-5 г-дай.Ол көптеген биомолекулалар-ақуыз, амин қышқылдары(цистеин, цистин, метионин) гормондар (инсулин, дәрумен –В1) құрамына енеді. Шаштың каротининде, сүйекте, жүйке ұлпаларында көптеп кездеседі.

Магний-ағзадағы мөлшері 20г. Адам ағзасында тіс кіреукесінде, сүйек ұлпаларында, ми, бауыр, бұлшықет, ұйқы безінде кездеседі. Калий мен магний жасушаішілік сұйықтарда, натрий мен хлор жасушааралық сұйықтарда болады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек.

Просмотр содержимого документа
«Кальций оның таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері.»

ЖШС «Каспий өңірі «Болашақ» колледжі»



«Келісілді» «Бекітілді»

Әдіскер : Әдістемелік кабинетмеңгерушісі:

кабинетмеңгерушісі:

______________Калтурсынова Г ____________Кадирханова Р.К.

«___» ____________2017 ж«___» ____________2017 ж















Пәні: Химия

Тақырыбы:Кальций,оның қосылыстары,қасиетері







Пән оқытушысы: Келимбердиева С.М.









Ақтау 2017 ж



Сабақтың тақырыбы: Кальций оның таралуы, физикалық және химиялық қасиеттері.

Сабақтың мақсаты:Білімділік: студенттерге кальций металдарының физикалық, химиялық қасиеттері, табиғатта таралуы, алыну жолдары,қолданылуы туралы ұғымды түсіндіру.

Тәрбиелік: Шығармашылықізденістерін, іскерлікдағдыларынарттыра отырып, ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа, бірлікке, өзіндікойқорытуғабаулу, байқампаздыққа, жан-жақтылыққатәрбиелеу.

Дамытушылық: Пәнге деген танымдық қызығушылығын арттыру, тиянақты жауап беру қабілетін, шығармашылық қабілетін дамыту, өзбетінше ойлап, ой-өрісін,зейініндамыту.

Сабақтың міндеті:

-         Металдардың физикалық қасиетін ажырата білу.

-         Металдардың табиғатта таралуын есте сақтау.

-         Металдардың химиялық қасиеттерін анықтай білу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ, жаңа ұғым қалыптастыру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, жеке, топтық жұмыстар, демонстрация,графикалық диктант.

Сабақтың  көрнекілігі: периодтық.жүйе, оқулық, интерактивті.тақта, көрнекі .құралдар.

Технология түрі: ақпараттық.технология, сын.тұрғысынан.ойлау.технологиясы.

Пәнаралық байланыс: биология, медицина, геология, география

Күтілетін нәтиже:

-         Кальций қасиеттерін сипаттай білу.

-         Теориялық білімдерін жүйелей білу.

- Элементтердің биологиялық маңызын білу.

-         Өзгерістер тізбегін, химиялық реакция теңдеулерін жаза білу.

Сабақтың жоспары:

  1-кезең Ұйымдастыру

  2- кезең  «Қызығушылықты ояту»

(өтілген тақырып бойынша танымды ққызығушылығын ояту)

-         Танымдық сұрақтар

 3- кезең «Мағынаны ашу» (жаңа ақпаратпен таныстыру)

  4- кезең «Ой толғау» (сабақты бекіту, қорытындылау,ойларын толықтыру)

Сабақтың барысы:   І Ұйымдастыру  (Екі топқа бөлу)

-         Сәлемдесу

-         Студенттердің сабаққа қатысын, сабақ құралын тексеру



ІІ кезең  «Қызығушылықты ояту»

Танымдық сұрақтар:

  1. Металдар периодтық жүйеде қалай орналасқан?(сол жақ жоғарғы бөлікте,диоганаль бағытта негізгі және қосымша топшада орналасқан)

  2. Элементтер қасиеттеріне қарай қалай жіктеледі?( S, p, d, f )

  3. Сілтілік металдардың периодтық жүйедегі орны? ( І топта, негізгі топшада)

  4. Сумен өте жақсы әрекетеседі,ақ түсті зат ? (натрий оксиді)

  5. Натрийдің атомдық салмағы, реттік номірі ? ( а.с-23,рет.номірі -11)

  6. Химиялық формулаларды құрастыру:(O,CL,S,H2SO4,HCL, HNO3)



ІІІ – кезең   «Мағынаны тану»   (жаңа сабақ түсіндіру)

 Демек, бүгінгі сабағымызда сілтілік жер металдардың ішінде кеңтараған кальций ұғымымен танысамыз. Ендеше дәптерлеріңізге бүгінгі күн мен жаңа тақырыпты жазып қойыңыздар. Бұл элементтермен күнделікті сабақтарымызда жиі естіп жүрміз.Жаңа сабағымыздың жоспарымен таныс болыңыздар.

Жоспар: -  Кальцийий металының периодтық жүйедегі орны

  -Кальций металының физикалық қасиеті

-  Кальций, калий металының алынуы

 -  Кальций, калий металының химиялық қасиеті

  -  Кальций металының табиғатта таралуы мен қолданылуы

Кальций металының периодтық жүйедегі орны

Реттік нөмірі 20

Cа

 

Тобы ІI

Негізгі

Валенттілігі ІI

 



Аr₌40 г


Периоды ІY


Қатары 4


 Кальций, металының алынуы

Өнеркәсіпте: электролиздеуәдісіарқылы1807жылы ағылшынғалымыГ.Дэвиалды

   2CаСІ→ 2Cа + СI

Кальцийметалының химиялық қасиеті

1.Жалынға әсер ету. Кальций жанғанда жалының түсі - қызыл түс болады. 

2. Жану реакциясы. 4Са+О2→2Са2О             

3.Бейметалдармен әрек.           2Са+СІ2→2СаСІ             

4.Сутекпен әрек.                       Са+Н2→СаН2             гидридтүзеді.

5.Сумен әрек.                            2Са+2Н2О→2СаОН+Н2            

6.Қышқылдарменәрек.            Са+Н24→Са242           



Кальций, металының табиғатта таралуы мен қолданылуы

Көбінеқосылыстартүріндекездеседі.кальций, қосылыстарыәртүрлімақсаттақолданылады.

-медицинада

-металлургияда

-транспортта

-органикалықхимияда

- адам организмінде

ІV – кезең  «Ой толғау» ( толықтыру, сабақты бекіту, қорытындылау) 

Сәйкестендіру

Реті

Кальций қосылыстарының формуласы

Қосылыстардың атауы

1

CaO

Кальций карбиді

2

CaС2

Ғаныш

3

CaOH2

Кальций карбонаты(бор, мәрмәр,ізбес тас)

4

CaCO3

Сөндірілмеген ізбес

5

CaSO4*2H2O

Алебастр

6

CaSO4* 0,5 H2O

Сөндірілген ізбес(кальций гидроксиді)



5.«Химия және адам» шығармашылық жұмыс

6. «Ой-түйін»

1.Кальций қай периодта ,топта орналасқан?

2.Кальций қандай метал?

3.Электролиз әдісімен ең алғаш алған ғалым және қай жылы?

4.Кальцийдің манызды қосылыстарын ата?

5. Кальций қай жерде қолданылады?

Бүгінгі сабақта нені білдім?

Үйге тапсырма  §21.8-жаттығу, шығармашылықжұмыс

Бағалау












Химиялық элементтерге жалпы сипаттама

Адам ағзасының 60 пайызы судан, 34 пайызы органикалық, 6 пайызы бейорганикалық заттардан тұрады. Органикалық заттарға көміртегі, сутегі, оттегі, сондай- ақ, бұлардың қатарына азот, фосфор, күкірт жатады. Ағзадағы бейорганикалық заттарда міндетті түрде мынадай 22 элемент болады: Ca, P, O, Na, Mg, S, B, Cl, K, V, Mn, Fe, Co, Ni, Cu, Zn, Mo, Cr, Si, I, F, Se. Мысалы, егер адамның салмағы70 кгболса, онда1700 граммкальций,250 граммкалий,70 граммнатрий,42 грамммагний,5 граммтемір,3 грамммыс болады.

Атап айтар болсам, мәселен, кальций мен фосфор сүйекте, ал хлор тұзды қышқыл түрінде асқазан сөлінде кездеседі.

Элементтерді тірі ағзалардағы орташа мөлшеріне қарай үш топ-қа бөледі:

1. Макроэлементтер (оттегі, сутегі, көміртегі, азот, фосфор, күкірт, кальций, магний, натрий және хлор); ағзадағы мөлшері 10%-дан жоғары болады.

2. Микроэлементтердің (йод, мыс, мышьяк, фтор, бром, стронций, барий, кобальт) ағзадағы мөлшері — 10%-15%.

3. Ультрамикроэлементтер — сынап, алтын, уран, торий, радий және т.б. Олардың ағзадағы мөлшері 15%-дан төмен.

Тіршілік үшін маңыздылығына қарай химиялық элементтерді үш топқа бөледі:

1.Тіршілікке қажетті элементтер. Олар адам ағзасында үнемі болады және ферменттер, гормондар, дәрумендер құрамына кіреді: H, O, Ca, K, P, Na, S, Mg, Cl, C, I, Mn, Cu, Co, Fe, Zn, Mo, V. Олардың жетіспеушілігі адамның қалыпты өмір сүруін бұзады.

2. Қосымша элементтер. Бұл элементтер жануар мен адам ағзасында болады: Ga, Sb, Sr, Br, F, B, Be, Li, Si, Sn, Cs, Al, Ba, Cl, As, Rb, Pb, Ra, Bi, Cd, Cr, Ni, Ti, Ag, Th, Hg, V, Se. Олардың биологиялық маңызы осы уақытқа дейін толық зерттелмеген.

3. Өте аз элементтер. Адам және жануар ағзаларынан табылған, мөлшері және биологиялық маңызы белгісіз.

Сондықтан егер химиялық элементтердің біреуінің жоқ болуы немесе жетіспеуі ағзадағы қалыпты жағдайды бұзады. Керісінше, ағзадағы қандай да бір элементтің шамадан тыс болуы да зиян. Тіпті, қазір тағамнан улану да көбейіп кетті. Мәселен, соңғы кезде диоксин деген у пайда болды. Ол фосфор қалдықтарының ауада азот қышқылдарымен қосылуы арқылы түзіледі. Адам ағзасының әлсіреп, иммундық жүйенің төмендеуіне де осылардың әсері бар.



Адам ағзасын құратын химиялық элементтер

Адамның ағзасы химиялық элементтерді әр түрлі концентрациялайды, яғни микроэлементтер мен макроэлементтер әркелкі таралады. Микроэлементтердің көпшілігі бауырда, сүйек және бұлшық ет ұлпаларында жиналады. Бұл ұлпалар — көптеген микроэлементтердің негізгі қоры. Элементтер кейбір мүшелерге тән әрі ол жерде концентрациясы жоғары болады. Мысалы, мырыш — қарын асты безінде, йод — қалқанша безінде, фтор – тіс кіреукесінде, алюминий, мышьяк, ванадий — шашта, кадмий, сынап, молибден — бүйректе, қалайы — ішек ұлпаларында, стронций — қуық безінде, сүйек ұлпасында, барий — көздің пигментті қабатында, бром, марганец, хром — гипофизде және тағы басқаларда жиналады.

Жетіспесе, ауырасыз.

Химиялық элементтердің ағзадағы мөлшерінің өзгеруіне әр түрлі аурулар әсер етеді. Мысалы, рахитпен ауырғанда фосфорлы-кальцийлі алмасу бұзылады да ағзадағы кальцийдің мөлшері төмендейді. Нефритпен ауырғанда электролитті алмасудың бұзылуының әсерінен ағзадағы кальцийдің, натрийдің, хлордың мөлшері азаяды да магний мен калий көбейеді. Ағзадағы макро және микроэлементтердің мөлшерін гормондар реттеп отырады.

Кейбір элементтердің мөлшері адам ағзасында жасы ұлғайған сайын өзгеріп отырады. Мысалы, кадмийдің бүйректегі және молибденнің бауырдағы мөлшері қартайғанда жоғарылайды. Жас ұлғай-ған сайын кейбір мырыш, ванадий және хром сияқты микроэлементтердің мөлшерлері кемиді.

Адам ағзасында 1000-1200 грамм кальций болады, соның 99 пайызы сүйекте, тіс кіреу-кесінде, ал 1%-ы ішкі жасушада, қан құрамында маңызды роль атқарады.

Отандық ақ халаттылардың зерттеулеріне сүйенсек, Қазақстандағы әрбір үшінші әйелде және әрбір бесінші ер адамда кәрі жілік және сан сүйегінің сынығы бар. Нақты айтқанда, елімізде жарты миллионға жуық адам остеопороз ауруының зардабын тартуда. Ал бұл тікелей осы кальций элементінің жетіспеуі салдарынан туындайды екен. Кальций сүйектің саулығы мен беріктігін сақтайды. Әйтсе де адам 35 жастан асқаннан кейін сүйектен кальций кеми түседі. Бұл дертке көбіне ақ жаулықты аналар шалдығады. Нақтырақ айтсақ, 60 жастан асқан әрбір төртінші әйел зардап шегеді. Ал ер азаматтарда төрт есе сирек кездеседі. Етеккір үзілісінен кейін әйел ағзасында гормондық өзгерістер болады, сүйектің беріктігі күрт төмендейді. Остеопороз бүкіл қаңқаны, әсіресе сан, иық, омырт-қа сүйектерін зақымдайды. Тіпті әлсіз соққының өзі (мәселен, көшеде құлап қалу) сыныққа алып келуі мүмкін. Осы ретте кальций мен магний — қаңқаның беріктігін сақтайтын негізгі ағза жанашыры. Қан құрамындағы холестеринді төмендетеді. 

Кальций – күмісше жылтыраған ақ металл, ол сілтілік металдар тәрізді өте жеңіл (g = 1,55 г/см3 ), алайда анағұрым қатты болады және оның балқу температурасы да өте жоғары, 851 0 С-ге тең.

Са – ізбес. Ол жасуша құрамына еніп, сүйек құрауға, жүрек және бұлшық еттерінің жұмысына қатысады, қанның ұюын қамтамасыз етеді.

Калцийдің маңызды қосылыстары: кальций оксиды – СаО – сөндірімеген әк, кальций гидроксиді – Са(ОН)2 – сөндірілген әк, кальций карбонаты – СаСО3 - әкті су, ғаныш (гипс) – СаSO4 *2Н2О

Ересек адамдарға тәулігіне 0,5 грамм кальций жеткілікті. Ол сүйекті қатайтуға аса қажет. Кальций – сиыр мен қой сүті, сүтпен жасалатын түрлі тағам – ірімшік, сүзбе, сүтсірнеде (сыр) мол. Қара бидай наны мен жұмыртқаның сары уызыда кальцийге бай. Ағзаға бір тәулікке қажет кальций алу үшін жүз грамм сүтсірне немесе жарты литр сүт жетеді.

Кальций ағзаға сіңімді болуы үшін D витамині, фосфат, магний, мырыш, марганец, аскорбин қышқылы ауадай қажет. 

Йод - өмірлік маңызы бар элемент. Ол қалқанша без үшін құрылыс материалы (қалқанша без – йод жинақтаушы орган). Өкінішке орай, бұл микроэлемент ағзада жасалмайды, адам оны тек ас, тағам арқылы алады. Сырт қарағанда йод жетіспеушілік білінбейді, ал тапшылық сезілсе түрлі ауруларға шалдықтырады, яғни шаршау, түрлі жұқпалы ауруларды тез қабылдағыштық, белсіздік және ақыл – ой кемістігі. Қалқанша безі мен гипофиздің жұмысын жақсартады. Радиация әрекетінен қорғап, радиоактивті йодтың жиналуын ескертеді. Йод селенге тәуелді, ол ағзада селенсіз әрекет етпейді.

Бұл элементтің жетіспеуі негізгі зат алмасу процесін төмендетеді. Ағзадағы йодтың аз болуы ең әуелі орталық жүйке жүйесіне әсер етеді. Бала қажетті мөлшердегі йодты ана құрсағында жатқан кезден бастап алуға тиіс. Балалардағы гипотиреоз ауруы жүйке қызметінің ерекше бұзылуына, адамдағы интеллектуалдық мүмкіндіктің тежеліп дамуына, кретинизмге әкеліп соқтырады.

Ал ересек адамдарда ойлау қабілетінің төмендеуі, жүректің соғу жиілігі азаюы байқалады.

Адамның өмір сүруіне бүкіл өмір бойы бір қасық қана йод жеткілікті.

Йод адам ағзасында 20 – 30 мг мөлшерінде ғана болса да өте маңызды үрдістерді атқарады. 

Фосфор тұздары . Фосфор тұздарының ағза үшін маңызы сүйекті қалыптастыруға қатысумен шектелмейді. Фосфордың органикалық қосылысы – аденозинүшфосфат қышқылы мен креатин – биологиялық қышқылдану барысында босайтын қуаттың нағыз аккумуляторы болып табылады. Ағза бұлшық еті жиырылғанда, сондай – ақ мида, бауырда, бүйректе және басқа ағзаларда жүретін биохимиялық үрдістерде қуатты нақ осы қосылыстар түрінде пайдаланады.

Міне сондықтан бұлшық етте қатты жұмыс істеген кезде фосфатты қажетсіну едәуір артады. Егер ересек адамға оның тәуліктік қажеті 1 – 2 грамм болса, ауыр дене еңбегімен шұғылданатын жұмысшыға немесе үлкен қашықтыққа жүгіретін спортшыда бұл қажеттілік екі есе дерлік артуы мүмкін.

Ал фосфор — күш-қуат көзі. Қаңқаның мықтылығы құрамындағы фосфор мен кальцийдің мөлшеріне тығыз байланысты. Фосфордың мөлшері кальцийден бір жарым есе көп болуы керек. Ондай болмаған жағдайда тепе-теңдік мөлшерін белгілі бір деңгейде ұстап тұру үшін жеткіліксіз мөлшерін сүйектегі қордан алады. Бірақ D витамині оның арақатынасын реттеп отырады. Фосфор жүйке жасушаларының қызметі үшін де керек. Сондықтан оның мөлшері барлық уақытта біркелкі болуы керек. Фтор, стронций адам тісінің мықты болуына әсер етеді.

Фосфор ақуызы мол ет, сүт өнімдерінде кездеседі.

Адам денесінде фосфор қосылыстары көп. Фосфор қышқылының қалдығы жасуша ядроларында нәсілдік қасиеттер беретін аса маңызды заттарға – нуклеопротеидтерге, май тектес заттарға – фосфатидтерге және көмірсулардан тарайтын әр түрлі заттарға міндетті құрамдас бөлік ретінде кіреді. Сүйек пен тісте фосфор қышқылының тұздары өте – мөте көп.

Көміртек, сутек және оттек көмірсулар мен липидтердің(майлар) де құрамына кіреді.Ал фосфор фосфолипидтердің құрамына фосфатты топтар түрінде кіреді. Көп мөлшерде липидтер бас миында (12%), бауырда (5%), сүтте(2-3%) және қан сұйықтығында (0,6%) концентрленеді. Фосфордың негізгі бөлігі сүйек ұлпасында-600г.Ол адам ағзасындағы барлық фосфордың 85%-ын құрайды.Фосфор-органогенді элемент, зат алмасуда басты роль атақарады. Жасушаішілік құрауыш АТФ-тің құрамына енеді және адам қаңқасы мен тісте фторапатит түрінде болады. Тірі ағзалар фосфорсыз дами алмайды. Адамдарға тәуліктік қажеттілігі 1,3г.

Күкірт- адам ағзасында 0,16% массалық үлесте кездесетін микроэлемент. Ересек адамның тәуліктік қажеттілігі 4-5 г-дай.Ол көптеген биомолекулалар-ақуыз, амин қышқылдары(цистеин, цистин, метионин) гормондар (инсулин, дәрумен –В1) құрамына енеді. Шаштың каротининде, сүйекте, жүйке ұлпаларында көптеп кездеседі.

Магний-ағзадағы мөлшері 20г. Адам ағзасында тіс кіреукесінде, сүйек ұлпаларында, ми, бауыр, бұлшықет, ұйқы безінде кездеседі. Калий мен магний жасушаішілік сұйықтарда, натрий мен хлор жасушааралық сұйықтарда болады. Адамға күніне шамамен 400 мг магний керек.

Натрий- адам ағзасының миына, сүйегінде, бүйрегінде, ас қорыту сөлінде, жұлын сұйықтығында, көз шырынында, қан түйіршіктерінде болады. Натрий ионы адам ағзасының ішкі ортасының қалыпты болуы үшін үлкен роль атқарады. Олар су мөлшерін реттейді, ферменттердің жұмысын жақсартады. К+, Мg2+, Ca2+, Cl-, Na+ иондары жүйке импульстері мен бұлшықет жасушаларының жұмысына қатысады. Ағзада натрийдің өзгеруінен жүйке жүйесі, жүрек қан тамырлары, бұлшықет қызметтері бұзылады.Әр күні адам ағзасына 1г натрий қажет, оны ас тұзы түрінде қабылдайды. Сау адамның ағзасында Na+ қажеттілігі мен ағзадан бөлінген Na+ тепе-теңдігі сақталады. 90 пайыздай натрий несеппен бірге шықса, қалған мөлшері термен шығарылады.

Калий ионы- жүрек соғысын қалыптандырады, зат алмасуға әсер етеді, бұлшықеттердің жиырылуы мен жасуша ішіндегі ферменттерді белсендіреді. Ересек адамдар ағзасы күніне 2-3г. Калийді қажет етеді. Калий қан қысымын төмендетеді. Жүрек қағысын реттейді.

Темір ағзаға сырттан түседі, тамақтың құрамындағы темір ионы он екі елі ішектің жоғар-ғы бөлігінде қанға сіңеді. Темірдің ағзаға дұрыс сіңбеуі асқазандағы тұз қышқылының жетіспеуінен немесе темірдің ақуызбен байланысының нашарлауынан болады. Ал тұз қышқылының жетіспеуінің өзі бауыр мен өт жолдарының дұрыс қызмет атқармауынан деуге болады, яғни, оларда әр түрлі тұздар тас түрінде жиналады. Тастардың пайда болуы топырақ пен судың және қоректің сапасына байланыс-ты екендігі түсінікті.

Микроэлементтер деп аталатын ағзадағы мөлшері 0,02 % болатын йод, мыс, мышьяк(күшән), фтор, бром, стронций, кобальт жатады. Бұл элементтер ағзада жүріп жататын биохимиялық процестерге тікелей қатысты. Олардың ішінде мыс-ересек адам ағзасында 100мг,бұлшықет, бауыр мен мида болады. Күнделікті ағзаға қажеттілігі 2,5-5мг.

Кобальт пен стронций – ересек адам ағзасында 1,2 мг болады. Олар эритроциттердің түзілуі мен лейкоз ауруын болдырмауға қатысады.

Ал фтор кальций және калий, натриймен қосылыс түзіп сүйектің, тістің кіреукесінің мықты болуын қамтамасыз етеді. Фтордың жетіспеушілігінен тіс жегісі, йодтың жетіспеушілігінен зоб, молибденнің артық мөлшерінен подагра пайда болады. Сүйек құрылысына қатынасатын ғажап элемент. Фтор жетіспесе адам тістерінен түгелдей айырылып қалады. Ол суда кездеседі. Кейбір өзен, көл, бұлақ суларында аз, немесе кездеспеуі мүмкін. Мұндай жерде тұратын халықтардың тісі жақсы деп айту қиын. Тіс жолақ -жолақ болып ауырып кейіннен мүлдем түсіп қалады. Жан азабын қатты тарттырады. Фтор жетіспегендіктен тістерді кариес қаптап кетеді. Ал суларында фторы көп жерлерде тұратын халықтар арасында тістерін де кариес ауруы бар адамдар, өте сирек кездеседі. Фтор жас балаларға өте қажетті элементтердің бірі. Балалардың тісі құрамында фторы бар препаратпен емдеген де, балалардьщ тістері тез жазылып кеткен. Ал ересек адамдардың тісін сондай препаратпен емдегенде мынандай оң қорытынды бермеген. Суларында фтор аз жерлердің тұрғындарына химиялық құрамындағы фторы бар препараттарды беріп отыруды дәрігерлер жөн көреді. Мұның бәрі арнаулы түрде жүргізілген ғылыми зерттеу жұмыстарының қорытындылары деп түсіну керек. Сондай-ақ, өмір тәжірибесінде алынуы сөзсіз.

Ал мышьяк(күшән)- өте аз мөлшерде ми ұлпалары мен бұлшықетте болады. Оның көп мөлшері өте улы.

Ультрамикроэлементтер біздің ағзадағы мөлшері міз 10-5 пайыздан төмен. Оларға сынап, алтын, күміс, уран, торий, родий жатады.

Ересек адамдар ағзасында 1мг күміс, 10 мг алтын кездеседі. Күміс пен алтын тұздарының ежелден антисептикалық қасиеті бар.

Родий-ағзадағы мөлшері10-11-10-12 пайыз. Ол сүйек ұлпаларын азықтандырады, зиянды ісіктерді болдырмауға көмегі бар.

Мырыш – ұйқы безінде, алюминий, мышьяк, ваннадий-шашта, кадмий, сынап-бүйректе, молибден- бүйректе және мидың ақ затында, қалайы – ішек ұлпаларында және тілдің сілемейлі қабықшасында, стронций – қуық безінде,сүйек ұлпасында, барий – көздің торлы пигментті қабатында, бром, марганец, хром – гипофизде, никель-ұйқы безінде, бор-май ұлпаларында, темір – қанда, етте жинақталған. Ол — ағзадағы гормондар синтезіне араласатын маңызды элемент. Әсіресе, құрсақтағы тіршілік иесінің дамуы кезінде аса қажетті минералдың бірі — осы мырыш.

Рубидий, цезий, франций элементтері онкологиялық ауруларды емдеуде қолданылатын радиоактивті элементтер екені белгілі.

10 металды Ca, К, Na, Mg, Fe, Zn, Cu, Mn, Мо, Со жатқызған. Шамамен салмағы 70 кг адам ағзасында тіршілік металдарының мөлшері төмендегідей болады: кальций-1700г, калий, натрий -250г, магний – 42г, темір – 5г, мырыш – 3г, мыс – 0,2г, марганец, молибден, кобальт- бірге есептегенде 0,12г болады. Өздеріңіз көріп отырғандай осыншама адам ағзасында кездесетін химиялық элементтерді біз ағзаға қоршаған ортамен тікелей байланыстың арқасында ауадан, судан, өсімдіктен және жануарларды тамақ ретінде пайдалану арқылы толықтырып отырамыз.

Селен де микроэлемент. Ағзада селенопротейндердің азаюы әртүрлі вирусты, инфекциялы аурулардың туындауына әкеп соғатынын, селен тапшылық жерлерде ісік онкологиялық аурулар жиі кездесетінін, селеннің адам ағзасында азаюы, иммунитет тұрақтылығын бұзатынын да ғалымдар зерттеп дәлелдеген. Бұл элемент иммундық жүйені қалыптастыруға ерекше әсер етеді. Ол жетіспегенде бұлшық ет әлсірейді. Әлсіздік, әсіресе, жүрек бұлшық етінде айқын білінеді. Селен теңіз өнімдерінде, еттерде мол мөлшерде кездеседі.

Алтын. Күмістің бактерицидтік қасиетін арттырады. Ағзадағы иммундық процесті қалыпты етеді. Көне Греция мен Римде алтынды (пластинкаларын) ауызға салып, тамақ ауруларын емдеген екен. Сондай-ақ қазіргі медицинада да алтын қоспалары кеңінен қолданылады.

Күміс. Бактерицидтік және антисептикалық қасиетке ие. Әрі қабынуға да қарсы әрекет ете алады. Бір сөзбен айтсақ, табиғи бактерицидтік металл. Бактерияның 650 түріне қарсылық білдіре алады екен.Қазақ халқы ежелден күмістің адам ағзасына пайдасы бар деп сеніп, күміс ыдыстан тамақ ішіп, күміс әшекейлер тағып, сәби дүниеге келгенде нәрестені күміс теңге салынған суда шомылдырып, «Баланың күні күмістей жарық болсын» деген жоралғы жасаған. Металдың өзінің әдемілігімен қатар, таңғажа-йып емдік қасиеті де жоқ емес. Күмістің емдік қасиеті медицинада дәлелденген. Емшілер өте ерте заманда-ақ күмістің қасиетін ерекше бағалаған. Мысалы, Үндістанда, Египетте, Ресейде күміс қосылған суды түрлі ауруларға ем ретінде пайдаланған. Адамдар мұндай судың өмірлік қуат беретін ерекше сиқыры барлығына сенген. Ғалымдар болса, күмістің бұл қасиетте-ріне ХІХ ғасырдың аяғында ғана мән беріп, зерттей бастапты. Күміс сумен әрекеттескенде иондалып, оның құрамында ұзақ сақталады. Сондықтан күміс қосылған су ағзадағы көптеген зиянды микроағзаларды жояды. Адам ағзасының тұмау және жұқпалы ауруларға төтеп бере алмауының себебі иммундық жүйедегі күмістің азаюынан болады. Күміс тек қана ауру тудыратын элементтерді жойып қоймай, ағзадан зиянды токсиндер мен микробтарды шығарады. Тіпті ағзада аз ғана күміс жетіспеушілігі байқалған жағдайда адамның жұмыс істеу қабілеті төмендеп, қорғаныш қасиеті азайып, тез шаршау пайда болады. Шетелдік дәрігер Роберт Бекер күміс иондарының адам ағзасындағы жасушалардың көбеюіне әсер ете алатындығын дәлелдеген. Ол өзінің ғылыми кітабында күміс иондарының қатерлі ісік ауруына шалдыққан адамдардың жасушаларын қайта тірілтіп, көбеюіне көмегі барлығын жазған.Сірә, алтын-күміс қасықпен ас ішу тек қана байлықтың көрінісі ғана емес, салауаттылықтың да белгісі болса керек.Күміс бактерияларды залалсыздандырады. Осы қасиетіне байланысты баланың кіндігі түскенде, бала қырқынан шыққанда күміс қасық не күміс білезік салынған суға шомылдыруды атам қазақ ертеден білген деседі.




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!