Просмотр содержимого документа
«Қан жүйесінің ауырулары»
АНЕМИЯ
- АНЕМИЯ-қанның белгілі көлемінде гемоглобиннің және эритроциттердің,жиі олардың сапалық өзгерістерімен қабаттасатын,мөлшерінің азаюы
- Анемияның дамуының басты факторлары-эритроциттердің азаюы мен т қан құраудың бұзылуы салдарынан эритроциттердің бөлінуінің жеткіліксіздігі.
- Терінің бозарып, қуарып өңі қашады
- Әлсіздік,шаршағыштық
- Қабақ үсті терісінің өңі кетіп,бозарады
- Тіс қызыл еті қаны қашып ағарады
- Тырнақ ағарып кетеді ,әлсіздену,тез шаршау пайда болады,
- Анемияның ауыр түрінде бет-аяқ ісініп,жүрек соғысы жиілейді, ентігу пайда болады.
- Топырак, бор жеуге әуес балалармен әйелдер әдетте анемия зардабын шегеді.
Патогенезі бойынша
- Постгеморрагиялық анемия -әртүрлі себептерден қансырау нәтижесінде пайда болады.
- Гемолиздік анемия -қан арнасына немесе қан құрайтын аппаратқа улы заттар түскенде эритроциттердің жаппай бүлінуінен пайда болады.Қан көбейгендіктенжәне тканьдерде билирубин пигменті жиналғандықтан сары ауруға айналуы мүмкін.
- Дизэритропоэздік анемияда -басқаша айтқанда,тиімсіз эритропоэзда эритроидты клеткалардың көпшілігі жетілген сатысына жетпей-ақ, жілік майының ішіндегі гемолиз салдарынан бүлінеді.
ТЕМІР ЖЕТІСПЕУШІЛІК АНЕМИЯ
Анемияның бұл түрінде қанда және сүйек миында темір жетіспеушілігі дамиды,соның әсерінен мүшелермен жүйелерде трофикалық бұзылыстар пайда болады.Темір организмге өте қажет, ол оттегін тасымалдауға қатысады.Темірдің тәулікетік қажеттілігі 18-20 мг
СЕБЕПТЕРІ:
- Созылмалы қан жоғалту мен анықталатын ас қорыту жүйесінің аурулары;
- Темірдің сіңуінің бұзылуымен сипатталатын ас қорыту жүйесінің аурулары (энтерит,ащы ішектің резекциясы)
- Бауыр аурулары(өңештің кенейген көк тамырларынан қан кету мен қосарланады)
- Бүйрек ауруы микро-макрогематуриясы
- Тыныс алу жүйесінің аурулары(туберкулез, өкпе обыры, бронхоэктаздар)
- Гипотериоз
- Жүктілік пен емізу кезеңі
- Құрттар,Обыр.
Клиникасы
Балаларда анемия мынадай жағдайда дамуы иүмкін –шала туу,ерте басталған жасанды тамақтандыру,жиі пайда болатын инфекциялық және қабыну процестері. Хлороздың ерте кеш түрі болады. Ерте хлороз 35-45 жастағы әйелдерде кездеседі. Науқаста тез шаршағыштық, тахикардия, ұйқышылдық, балшық, тіс жуатын ұнтақ, қамыр т.б әуестік болады.
Терісі өзгереді, тырнақтарымен шаштары сыңғыш келеді.Бұлшық еттері әлсіз болады.
Емі: Темірге бай ем дәм (сиыр еті,бұзау еті,бауыр бүйрек, өкпе,жұмыртқа)
Темір препараттары: гемостимулин,конферрон,Феррум-лек, ифербитол,эктофер,ферковен,ферроплекс.Олармен бірге В1,В6, дәрумендерін,фолий қышқылын береді.
В-12 Жетіспеушілік анемиясы
Қанда в-12 дәруменінің жетіспеушілігінен дамиды.
Себептері:
- Ас қорыту жүйесінің аурулары(атрофиялық гастрит, асқазан обыры, гастроэктомия)
- В-12 дәруменінің ащы ішектегі сіңуінің бұзылуы(қабыну аурулары, резекция,обыр)
- Тамақта В-12 дәруменінің жетіспеушілігі
- Құрттардың әсері
КЛИНИКАСЫ: әлсіздік, шаршағыштық, бас ауруы, тахикардия, ентігу, кекіру, лоқсу, тышқақ, қол-аяқтарының сууы, жүрістің бұзылуы.
Қарау барысында: терісі бозғылт және сарғыш, беті ісінеді, балтырмен табаны ісінуі мүмкін, субфебрильді температура.
Диспипсиялық синдром: тілі ал қызыл, тілінген, еміздіктері болмайды. Атрофиялық гастриттің әсерінен ахилия туындайды, соған байланысты іш өту пайда болып, бауыр ұлғаяды.
Неврологиялық белгілері: парестизия, ауырсынуға сезімталдығы бұзылады, психикалық бұзылыстар пайда болады.
Диагностикасы:
Қан анализінде –ТК-1,3-1,4 эритроцит, гемоглобиндер төмендейді, ЭТЖ жоғарлайды.
ЕМІ:
Этиологиялық ем шаралары:
- Дисбактериозды емдеу
- Мальдигистия,мальабсорбция синдромдарын емдеу
- Ішек құрттары дегельминтизацияны жасау
- Алкогольді доғару
Патогенездік ем :
- В-12 дәруменің 400-500 мкг
- Цианкобаламин 500 мкг
- Оксикобаламин 500 (1000 мкг кунара)