«Мұнай және газды қайта өңдеу технологиясы»
МГ 321-топ
Сабақтың тақырыбы: Қарашығанақ газ өңдеу зауыты. Сан есім.
Құзіреттілік: а) Ақпараттық: Қарашығанақ газ өңдеу зауыты жайлы білімдерін тереңдету және зауыт туралы мағлұматтар беру. Сан есім туралы студенттерге толық мағлұмат беру. Алған білімдерін пысықтап, теориялық алған ұғымдарын мысалдар арқылы терең меңгерту.
ә) Коммуникативтік: Мәтін арқылы студенттердің дүниетанымын кеңейту, сөздік қорларын байыту, ойын жүйелі түрде жеткізе білуге дағдыландыру және сөйлеу мәдениетін қалыптастыру, логикалық ойлау қабілетін арттыру, ойын еркін айтып жеткізе білуге үйрету, Интербелсенді тақтаның мүмкіншілігін пайдалана отырып, математикалық тәсілмен фонетикалық талдау дағдысын одан әрі жетілдіру, логикалық ойлау жүйесін дамыту, сөздік қорын молайту, шығармашылық қабілеттерін дамыту белсенділігін ойын арқылы пәнге деген, мұнай-газ мамандығына деген қызығушылығын арттыру.
б) Мәселелерді шешу: Мұнай-газ еңбекшілерінің ерен еңбектерін бағалай отырып, оларды құрметтей білуге, Отанына, туған жерге деген сүйіспеншілік сезімдерін оятуға және Батыс өңіріндегі Қаршығанақ зауыты тарихымен таныса отырып, мамандыққа деген құрметтерін дамыту.
Күтілетін нәтиже: а) студенттер білуі керек: үй тапсырмасын игеру керек.
ә) студенттер иегеруі керек: өткен сабақпен жаңа сабақты байланыстыра отырып меңгеруі керек.
б) студенттер меңгеру керек: жаңа материалдарды игеру керек.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі сабақ.
Технологиялар: СТО, ойын технологиясы, деңгейлеп оқыту технологиясы.
Сабақтың әдісі: Баяндау, сұрақ-жауап, жаңа ақпараттық технологияларды кеңінен қолдану әдісі.
Сабақтың көрнекіліктері: тақырыптық слайд, кесте, оқулықтар, үлестірмелі қағаздар.
Пәнаралық байланыс: география, тарих, мәдениеттану
Қолданылған әдебиеттер:
1. Г.Ш.Мухамбеткалиева «Кәсіптік қазақ тіленен мәтіндер жинағы»
2.Интернет жүйесі , http://www.kmg2.isd.kz/page.php?page_id=1076&lang=3. Қарашығанақ.
Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру бөлімі:
Бар зейінмен айналаға,
Шуақ нұрын шашайық.
Сәттілік тілеп күлімдеп,
Біз сабақты бастайық- деп, амандасып, түгендеу, студенттердің назарын сабаққа аударып, оқу құралдарының дайындығын байқау.
1.2.Топ студенттерін түгендеу.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру:
2.1. Өткен тақырыптар бойынша шығармашылық жұмыстар (буклет, реферат, слайд) Нақтылау мен түсінуге берліген тапсырмаларға жауап береді. Өз ойларын ұсына отырып түсінідіреді және өзгелердің жауаптарын дәйектейді.
2.2. Жаттығулар жұмысын тексеру
2.3.Бекітуге арналған сұрақтар:
а) Мұнай грек халқының қандай сөзінен шыққан?
ә) «Грек оты» деген атпен қалған қандай ежелгі оқиғаны білеміз?
б) Мұнай-газдың алғашқы тарихы қандай?
в) Мұнайдың химиялық және элементтік құрамы қандай?
г) Сапалық және қатыстық сын есімдер дегеніміз не?
д) Етістіктерден сын есім жасайтын жұрнақтар қандай?
ж) Туынды сын есімдерге қандай мысалдар келтіруге болады?
ІІІ. Тіл дамыту:
3.1.«Ой шақыру» стратегиясы.
- Дүниеде не өлмейді?
- Жақсының аты ( адамның жүрегінде сақталады.)
- Ғалымның хаты (кітап бетінде сақталады.)
- Міне, сондықтан да әр адам жақсы азамат болып, еліне адал қызмет етсе ғана ел жүрегінде сақталады.
ІV. Жаңа сабақ:
4.1. «Қызығушылықты ояту».
- Жаңа сабағымызды Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен бастағалы тұрмын: "Біз өзіміздің белгілі тарихымыз бен өзіндік болашағымыз бар еуразиялық елміз" (Интерактив тақтадан оқу)
- Осы сөздердің ішіндегі қай сөздер сендерге ой салады? (тарихымыз бен болашағымыз)
- Ал тарихымыз бен болашағымызды кім, не байланыстырады?
(тарихи тұлғалар)
- Елбасы Н.Ә.Назарбев бүкіл қазақстандық азаматтардың алған білімі мен біліктілігі әлемнің кез-келген елінде сұранысқа ие маман болатындай білім деңгейіне жетуді міндет етіп қойды. Ендеше, бүгінгі студент-ертеңгі газ-мұнай саласының маманы ретінде Сіздерді қандай тақырып қызықтырады? Батыс өңіріндегі ірі мұнай-газ өңдеу зауыты қандай?
4.2. Қарашығанақ (бейнеролик)
4.3. Жаңа сөздер:
Кеніш-
Кешен-
Маңында-
Түпкілікті-
Өңдеу-
Құбыр- труба
4.4. Мәтін:
Кеніштің тарихына көз жүгіртсек, сонау 1979 жылы мамырда Қарашығанақ деген елді мекенде газконденсаттың алғашқы фонтаны атқылағаны белгілі. Содан бері қазақтың «Қарашығанақ» деген қарапайым сөзін бүкіл дүниежүзі білетіні анық. Қысқа мерзім ішінде Ақсайдың іргесінде газ бен конденсат өндіретін алып кешен бой көтерді. Бүгінде оның құрамында жүзден астам шетелдік және отандық компаниялар жұмыс істеуде. Батыс Қазақстан облысынының маңында орналасқан Қарашығанақ газ өңдеу кешені әлемдегі бесінші орында тұрған ең алып кеніштердің бірі. Қарашығанақ өңдеу кешені іске қосылуымен және Ақсай – Үлкен Шаған – Атырау газ құбырының Каспий тұрба құбыры консорциумына жалғануымен ерекшеленбек. 1997 жылы 18 қарашада қабылданған өнімді бөлу жөніндегі түпкілікті келісімге сәйкес Қарашығанақ газ өңдеу зуыты салынды. Қарашығанақ мұнай -газ конденсат кен орны Батыс Қазақстан обылысының Бөрлі ауданы аумағындағы Елік және Утва өзендері аралығында орналасқан. Кенішті игеру жұмыстары басталғанына 2004 жылы жиырма жыл толды. Қарашығанақ газ өңдеу зауытын пайдалануға берген кезде экология саласындағы ең жоғары өлшемдері сақталынған. Ең бастысы, бұл кен орны Қазақстан Республикасының табиғат қорғау саласында қолданылып жүрген заңдарына қатаң бағынады.
4.5. Грамматикалық тақырып-Сан есім.
«Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз» (Учение-свет, неучение-тьма) дейді дана халқымыз.
Сан есім-сөз табы. Заттың саның, ретің білдіретін сөзді сан есім дейміз. Сан есім неше? қанша? нешінші? нешеу? деген сұрақтарға жауап береді. Сан есімдер құрамына қарай дара, күрделі болып бөлінеді. Дара сан есі бір сөзден тұрады, ал күрделі сан есім екі және одан да көп сөздерден тұрады.
Түрлері | Мысалдар (примеры) |
1.Тұлғасына қарай(По способу образования) | 1.Негізг і(Непроизводные) | Екі,жеті,қырық |
2.Туынды (Производные) | Бірінші,екеу,елудей |
2.Құрамына қарай (По составу) | 1.Дара (Простые) | Үш,тоғыз,жүз |
2.Күрделі (Сложные) | Он бес, бір мың елу,бес жүз |
3.Мағынасына қарай (По значению) | 1.Есептік (Количественные) қанша? неше?(сколько?) | Алты,сегіз,жетпіс |
2.Реттік (Порядковые) нешінші? қаншасыншы? (который?) | Бір+інші,он+ыншы |
3.Жинақтық (Собирательные) нешеу? (сколько?) | Төрт+еу, алт(ы)+ау |
4.Топтау (Разделительные) нешеден? қаншадан? (по сколько?) | Бес+тен, он+нан, жүз-жүз+ден |
5.Болжалдық (Предположительные) қанша? неше? Нешеге жуық? қаншадай? (приблизительно сколько?) | Елу+дей, отыз+дай, он+даған, (лар+сеп.ж.) отыз+дарда (ес.+ес.) бес-алты |
6.Бөлшектік (Дробные) қанша? неше? (сколько?) | (ес.+шығ.с.) оннан бір |
V. Жаңа сабақты бекіту:
5.1. «Ой қозғау» стратегиясы: мәтінмен жұмыс (мәтінді оқып, аудару).
5.2.Сөздікпен жұмыс: а) сөздерді оқу;
б) сөз тіркестерін, сөйлем құрастыру;
в) сөздер арқылы мәтіндегі негізгі ойды табу.
5.3. Кітаппен жұмыс: Дюсебаев С, Байтилеуова Г «Қазақ тілі» оқулығынан 119-бет, 3-тапсырма (Берілген мақал-мәтелдерді көшіріп жазып, мағыналарын түсіндіріңдер).
Жеті түрлі ілім біл.
Жүз досың болсын.
Бас екеу болмай, мал екеу болмайды.
Білгенің бір тоғыз, білмегенің тоқсан тоғыз.
Бір мылтықтың аузына, мың адам сияды.
5.4. «Шашыраңқы сөздер» стратегиясы (интеративті тақта қаламының көмегімен сөйлемдердегі сөздерді ретімен құрау)
Қазақстан, және, ұшқыш-ғарышкері, Федерациясының, Мұсабаев Талғат Амангелдіұлы, Республикасының, Ресей.
Рига, және, бітірді, жоғары, авиация, 1993 жылы, институтын, 1974 жылы, Ақтөбе, азаматтық, ұшқыштар училищесін.
Ю.А.Гагарин, ұшу, 1990 жылы, дайындау, дайындығына, ғарышқа, кірісті, атындағы, ғарышкерлер, орталығында.
Қаһараманы,Талғат, Республикасының, Мұсабаев, Халық, Қазақстан.
Орталығының, дайындау, атындағы, ғарышкерлер, топ, 2000 жылдан, командирі, бастап, Ю.А.Гагарин
5.5. «Адасқан әріптер» (сөздердегі әріптерді қойып, сан есімдердің мағыналық түрлерін ажырату және ғарышкер, Байқоңыр сөздеріне математикалық талдау жүргізу.
Тұ...ғыш, бес...нші, ғарыш...ер, алт...у, екі мың...ншы, Бай...оңыр, отыз...ай.
Байқоңыр = 8 = 3 +5 = а+о+ы (жуан, аш, езулік) + қ (қатаң)+б (ұяң)
о (еріндік)+ы (қысаң)+р,ң (үнді)
Ғарышкер 8 = 3 +5 = а (жуан, ашық, езулік) + қ, ш (қатаң)+ғ (ұяң)
е3 (жіңішке, ашық, езулік)+р2 (үнді)
5.6. Географиялық диктант: Айыру жолмен мұнайдан _____________________ алынады. Қайта өңделген мұнайдың қалдығынан __________ отын ретінде қолданылады. Мұнайдың қатты қалдығы-________жол құрылысында пайдаланылады. Қазақстандағы мұнай қоры газ конденсатымен бірге ______, газ қоры_________құрайды. Қазақстанда мұнай ________жылдан бастап өндірілді. 1911 жылы_________кен орны, 1915 жылы _________кен орыны игерілді. 1979 жылы ашылған _______________кен орны-әлемдегі ірі мұнай кен орындарының бірі болып табылады. Каспий қайраңында___________________ ірі кен орындары ашылды. Жетібай мен Өзен кен орындары_____________ түбегінде, Қаламқас пен Қаражанбас _________________түбегінде орналасқан. _______________қалаларында мұнайды қайта өңдеу зауыттары жұмыс істейді.
5.7. Суретте мұнай-газ алаптарын, негізгі мұнай, газ құбырларын, мұнай өңдейтін орталықтарды, олар қай жердің мұнайын өңдейді? (құрастырған мәтіннен сан есімдерді тауып, мағыналық түрлерін ажыратыңдар)
Мұнайды мұнай өңдейтін зауыттарда (МӨЗ) өңдейді. Мұнай өңдейтін зауыт көбінесе тұтынушыға негізделген. Қазақстанда 3 ірі мұнай өңдейтін зауыт (Атырау, Павлодар, Шымкент) және кішігірім отын жанар-жағармай зауыты Қарашығанақта жұмыс істейді. Құбырдың мұнайды өткізу мүмкіншілігі жоғары. Диаметрі 83 см болатын құбыр жылына 10 млн тонна өткізе алады. Сонымен бірге өрт шығу қаупі құбырларда сирек болады. Қазақстандағы магистральді мұнай құбырының ұзындығы 7000 км-ден артық. Ең ірілері Атырау-Новороссийск, Атырау-Самара, Атасу- Алашаңкоу және Омск-Павлодар-Шымкент. Атырау мұнай өңдей зауыты-Атырау-Ембі және Маңғыстау алабы мұнайын өңдейді. Павлодар, Шымкент мұнай өңдеу зауыттары Омбы-Павлодар-Шымкент мұнай құбырымен келетін Батыс Сібір және Құмкөл мұнайымен жұмыс істейді.
5.8. «Ыстық орындық» стратегиясы (бекітуге арналған сұрақтар):
а) Сан есім дегеніміз не?
ә) Сан есімнің мағыналық түрлері қандай?
б)Қарашығанақ деген елді мекенде қай жылы алғашқы фонтан атқылады?
в)Қарашығанақ газ өңдеу кешені қай жерде орналасқан?
г)Қарашығанақ газ өңдеу кешені әлемде нешінші орында тұр?
д)Қай жылы және қандай келісімге сәйкес Қарашығанақ газ өңдеу зуыты салынды?
5.9. «Қарашығанақ» сөзжұмбағы.
5.10. Инсерт әдісі:
Нені білеміз? | Нені білдік? | Нені білгіміз келеді? |
| | |
5.14. «Ойтолғау» немесе «Сыр сандық» стратегиясы (бүгінгі өткен тақырып бойынша 10 сөз жазу және соның ішінен 3 сөзге сөйлем құрау).
VІ. Үйге тапсырма:
6.1. Мәтінді оқып, түсінігін айту.
6.2. Сан есімдері бар мақал-мәтелдер жазып келу.
VІІ. Бағалау:
Оқушылардың білім көрсету деңгейіне қарай бағалаймын.
VІІІ. Қорытынды:
8.1. Оқушылар сұрақтарыңыз бар ма?
- Сабақ аяқталды
- Сау болыңыздар!