Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны
«Қаржылық есеп» пәнінен викториналық ойынының материалдары
Дайындаған есеп-экономикалық пәндер циклдық комиссиясының
оқытушысы Д.С.Турсынгазина
2019-2020 оқу жылы
Викториналық ойын ережесі
І. Мақсаты:
Тәрбиелік: топта жұмыс жасау қабілеттерін, тез арада жаңа ортаға бейімделу және аудитория алдында өзін-өзі ұстау дағдысын, таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншілікті арттыру
Дамытушылық: ойлау және тыңдау дағдысын, бәкелестікке деген қабілеттін дамыту
ІІ. Қатысушылар: 18 ФО-3 және 18 ФО-4 тобының оқушылары
ІІІ. Викториналық ойын кезеңдері:
3.1. Викторина – әр топқа теориялық тұрғыда сұрақтар қойылады, дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Ал сұрақтың, толық әрі нақты екенін әділ-қазылар алқасы шешеді.
3.2. «Терминдер ойыны» - әріптер жинағы беріледі тез арада пәнге қатысты сөз құрап, анықтама беру керек. Бірінші қол көтерген топ жауап береді. Әрбір термин 10 ұпаймен бағаланады.
3.3. «Сөзжұмбақ». Бұл тапсырманы орындау үшін әріптері бар кесте берілген және осының ішінен пәнге қатысты жасырын сөздерді тауып алып, белгілеу керек.
Бағалау:
8-10 дейін сөз тапса – 5 балл
4-8 дейін – 3 балл
1-4 дейін – 1 балл
3.4. «Капитандар сайысы» - әр топтың капитаны шығып қолдарына конвертті алады, сол конверттің ішінде 3 шоттар корреспонденциясын құруға тапсырмалар беріледі. Сол тапсырманы орындауға бір минут уақыт беріледі. Әрбір дұрыс құрылған шоттар корреспонденциясына 5 ұпай.
Оқытушы Д.С.Турсынгазина
«Қаржылық есеп» пәнінен викториналық ойын сценарийі
І. Мақсаты:
Тәрбиелік: топта жұмыс жасау қабілеттерін, тез арада жаңа ортаға бейімделу және аудитория алдында өзін-өзі ұстау дағдысын, таңдаған мамандықтарына деген сүйіспеншілікті арттыру
Дамытушылық: ойлау және тыңдау дағдысын, бәкелестікке деген қабілеттін дамыту
Көрнекіліктер: Плакаттар, шарлар
Құрал-жабдықтар: ойыншылар орындары
Жүргізушілер: есеп-экономикалық пәндер циклдық комиссиясының оқытушысы Д.С.Турсынгазина
Көрермендер: 18 ФО-1,2,3,4 тобының оқушылары
Әділ-қазылар: есеп-экономикалық пәндер циклдық комиссиясының оқытушылары Ш.Е.Байдолдина, Ш.М.Едлипова, І.Б.Әнуарова
Кіріспе сөз:
Жүргізуші: Қайырлы кеш, құрметті оқытушылар мен оқушылар! Қазір біз «Қаржылық есеп» викториналық ойынымызды тамашалаймыз. Бұл ойынға келесідей топтар қатысады:
18 ФО-3 тобы _______________
18 ФО-4 тобы _______________
Біздің викториналық ойынымызда қатысушыларының осы күнге дейінгі өткен тақырып көлемінде білімдерін көрсете алуларын көздейтін 4 кезеңнен тұрады:
1 кезең Викторина
2 кезең Терминдер ойыны
3 кезең Сөзжұмбақ
4 кезең Капитандар сайысы
Әділ қазылар алқасымен таныс болайық:
1. Есеп-экономикалық пәндер оқытушысы – Ш.Е.Байдолдина
2. Есеп-экономикалық пәндер оқытушысы – Ш.М.Едлипова
3. Есеп-экономикалық пәндер оқытушысы – І.Б.Әнуарова Қатысушыларымызға сәттілік тілейміз, ал енді сайысымызды бастаймыз.
1 кезең Викторина - әр топқа теориялық тұрғыда сұрақтар қойылады, дұрыс жауап 5 ұпаймен бағаланады. Ал сұрақтың, толық әрі нақты екенін әділ-қазылар алқасы шешеді.
| № | Сұрақтар | Дұрыс жауаптары |
| Бірінші топқа сұрақтар |
| 1. | Валюталық шотты ашу үшін қажет құжаттар - ... | шот ашуға арналған өтініш қойылатын қол мен мөртабан белгісінің үлгісі бар карточка; субъектінің салықтық есепке қойылу фактісін растайтын салық органының анықтамасы; мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі; жарғы мен құрылтай шартының көшірмесі. |
| 2. | иелігіне байланысты НҚ жіктелуі - ... | Меншікті, жалға алынған |
| 3. | Іс-сапар шығындарына не жатады? | екі жағына жол жүру билеттері, әрбір күнге тәуліктен (2 МРП - айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде), тұрғын үйді жалдау шығындары (түбіртекті көрсету бойынша), жол жүру билеттерін және қонақ үйінде пайдалану, төсек-орын жабдықтарын пайдалану шығындары, оларды растайтын құжаттары болған жағдайда, жол жүру билеттері болмаған жағдайда жол шығындары көлікпен жүрудің ең төменгі құны бойынша қайтарылады. |
| 4. | Жөндеуден келіп түскен НҚ қандай құжат негізінде қабылданады? | НҚ -2 «Жөнделген, қайта құрылған және жаңартылған объектілерді қабылдау-тапсыру актісі» |
| 5. | Төлем талап тапсырмасы дегеніміз не? | тауарларды алғанда, жұмысты орындағанда, қызметті көрсеткенде бенифициарлардың ақшаны төлеушіге жіберген |
| 6. | Бағалау түрлерін атап беріңіз? | Бастапқы құны, сату құны, баланстық құны, жойылу құны, ағымдағы құны |
| Екінші топқа сұрақтар |
| 1. | Касса әрекеттері бойынша алғашқы құжаттарды атап беріңіз? | ККО, ШКА, кассалық кітап |
| 2. | Заттай нысаны бойынша НҚ жіктелуі - ... | Мүліктік және мүліктік емес |
| 3. | Банк несиесінің жинақтау есебі қай есеп тіркегішінде жүргізіледі? | №4 журнал-ордер |
| 4. | Қандай НҚ-ға амортизация есептелмейді? | жерге, кітапхана қорларына, фильм қорларына, архитектуралық және өнер ескерткіштеріне, өнімді малдарға, мұражайлық құндылықтарға. |
| 5. | Төлем тапсырмасы дегеніміз не? | бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк алушының ақшаның аударғаны туралы тапсырмасы |
| 6. | НҚ-ды есептен шығару әдістерін атап беріңіз? | Бір қалыпты, өндірістік, куммулятивтік, қалдықты азайту |
2 кезең «Терминдер ойыны» - әріптер жинағы беріледі тез арада пәнге қатысты сөз құрап, анықтама беру керек. Бірінші қол көтерген топ жауап береді. Әрбір термин 10 ұпаймен бағаланады:
1. кревиакдит – аккредитив банктің сатып алушының бұйрығына сәйкес жабдықтаушыға төлемі бойынша міндеттемесі.
2. акасс - қолма-қол ақша қаражаттардың қабылдау, беру және уақытша сақтауға арналған арнайы жабдықталған және оқшауландырылған орны
3. цезиялин – қандай да бір операцияларды жүзеге асыруға мемлекет органдарымен берілген рұқсат қағазы.
4. песе бтеріен масо – шаруашылық шығындар және іс-сапар жөніндегі шығындар үшін ұйымның кассасынан қызметкерге берілетін ақшалай аванс.
5. тапидыкал ғабыла дазарғақ - кәсіпорындар мен ұйымдарды дамыту үшін, оның капиталын құрастыру немесе арттыру мақсатында шығарылады. М/ы: акция, облигация жатады.
6. гігнізе рұқалдра – негізгі құралдар өндірісте ұзақ уақыт бойы (1 жылдан артық) пайдаланылатын, өзінің бастапқы затты нысанын сақтай отырып, құнын, шығарылған өнімге (жұмыс, қызметке) біртіндеп бөліп, есептелген амортизациялық аударым мөлшерінде ауыстыратын еңбек құралдары, яғни материалдық активтер.
3 кезең «Сөзжұмбақ» Бұл тапсырманы орындау үшін әріптері бар кесте берілген және осының ішінен пәнге қатысты жасырын сөздерді тауып алып, белгілеу керек.
Бағалау:
8-10 дейін сөз тапса – 5 балл
4-8 дейін – 3 балл
1-4 дейін – 1 балл
ІІІ тур тапсырмасы – «Сөзжұмбақ»
| П | В | К | Т | П | К | К | О | Р | А |
| Л | А | Р | О | А | С | Е | С | Р | П |
| Ю | Д | Е | Ш | Д | С | И | В | Е | С |
| Т | И | Т | Ә | Е | Б | Е | Қ | С | Г |
| А | К | О | Д | І | А | Т | А | П | Л |
| Б | А | Р | О | С | Д | И | Ғ | О | Т |
| Р | П | И | Т | А | Л | Е | Д | Н | Р |
| У | Т | Т | О | С | А | Н | Ц | И | Я |
ІІІ тур тапсырмасы – «Сөзжұмбақ»
| А | Н | Б | А | Л | О | О | Қ | Ш |
| Т | Е | Т | Ү | А | Т | Ы | Н | А |
| Т | Н | Е | Г | Н | Д | Е | Р | У |
| О | Д | Қ | Ұ | С | А | К | Е | Л |
| Т | Е | С | Ж | А | К | Т | К | А |
| А | У | А | А | К | Е | Р | Т | Н |
| Л | Д | Я | Т | Т | И | В | Е | Д |
| Д | У | С | А | Т | Е | Е | М | Ы |
| А | У | О | Н | А | Ғ | Л | Ы | Р |
4 кезең. Капитандар сайысы - әр топтың капитаны шығып, қолдарына конвертті алады, сол конверттің ішінде 3 шоттар коррепонденциясын құруға арналған тапсырмалар беріледі. Сол тапсырманы орындауға 1 минут уақыт мерзімі беріледі. Әрбір дұрыс құрылған шотар корреспонденциясына 5 ұпай.
Карточка №1
1. Банк несиесі жабдықтаушылардың қарызын жабуға жұмсалды.
Д-т 3310 К-т 1030
2. Таза табыстың бір бөлігі жарғылық капиталды арттыруға бағытталды.
Д-т 5510 К-т 5110
3. Есеп беруге тиісті тұлғалардан қолданылмаған ақша қаражаттары кассаға келіп түсті.
Д-т 1010 К-т 1252
Карточка №2
Төлемақы төлеу үшін есеп айырысу шотынан кассаға ақша келіп түсті.
Д-т 1010 К-т 1030
Банк қарыздары сатып алынған станоктар үшін жабдықтаушыларға берілді.
Д-т 3310 К-т 3010
Көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардан есеп айырысу шотына ақша келіп түсті
Д-т 1030 К-т 1210
| Д-т 1010 К-т 3350 | Д-т 3350 К-т 3120 |
| Д-т 5510 К-т 5110 | Д-т 3310 К-т 1030 |
| Д-т 1030 К-т 3310 | Д-т 3350 К-т 1010 |
| Д-т 1030 К-т 1010 | Д-т 5510 К-т 5110 |
| Д-т 3010 К-т 3310 | Д-т 1010 К-т 1252 |
| Д-т 1210 К-т 1030 | Д-т 1010 К-т 1030 |
| Д-т 3150 К-т 3350 | Д-т 3310 К-т 3010 |
| Д-т 1310 К-т 1010 | Д-т 1030 К-т 1210 |
Сайыс қорытындысын шығаруға әділ қазылар алқасының төрайымы Ш.М.Едлиповаға сөз беріледі.
Оқытушы Д.С.Турсынгазина
Викториналық ойынның бағалау тізімі
| № | Қатысушылар | 1 кезең | 2 кезең | 3 кезең | 4 кезең | Қорытынды |
| 1 | 18 ФО-3 | | | | | |
| 2 | 18 ФО-4 | | | | | |
Ескерту: 1кезең «Викторина» 10 ұпай
2 кезең– «Терминдер ойыны» дұрыс жауап 5 ұпай
3 кезең «Сөзжұмбақ»– дұрыс толтырылған құжатқа 20 ұпайға дейін
4 кезең «Капитандар сайысы» – дұрыс жауап 5 ұпай
Әділ-қазылар алқасы:_____________Ш.Е.Байдолдина
_____________Ш.М.Едлипова
_____________І.Б.Әнуарова
Қолданылған әдебиеттер:
1. Н.Қ.Қабылова, Ш.А.Доспалинова, Е.Н.Оразалинов «Бухгалтер (Бухгалтерлік есеп негіздері)»
2. Қ.К.Кеулімжаев, Н.А.Құдайбергенов «Бухгалтерлік есеп теориясы және негіздері»
3. М.В.Штиллер, М.М.Сеилова «Принципы бухгалтерского учета» Практикум-уч.пособие,
4. Л.А.Поринг «Практикум по теории бухгалтерского учета»
5.Э.О.Нурсеитова Сборник задач по бухгалтерскому учету.
6. В.Л.Назарова «Шаруашылық субъектілердегі бухгалтерлік есеп», Алматы 2004
7. В.К.Радостовец «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп». Алматы, 2002
Оқытушы Д.С.Турсынгазина