СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қасиеттер, оқиғалар, әдістер» тақырыбында білім аукционы

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

«Қасиеттер, оқиғалар, әдістер» тақырыбында білім аукционы

Просмотр содержимого документа
««Қасиеттер, оқиғалар, әдістер» тақырыбында білім аукционы»

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының

«Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі»

коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны










БІЛІМ АУКЦИОНЫ


Пән: «Бағдарламалау тілдері» Сабақтың тақырыбы: «Қасиеттер, оқиғалар, әдістер»

Топ: 15 VT-IX-1













Оқытушы: Ихсанова А.С.














Семей қаласы

САБАҚ ЖОСПАРЫ

  1. Атаулы категориясы

1.1. Мамандығы мен біліктілігінің атауы

1304000 Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыздандыру (түрлері бойынша)

130404 3 - Техник-бағдарламашы

1.2. Курсы, тобы

ІV курс, 15 VT- IX-1

1.3. Оқу модулінің/пәннің, меңгеретін тараудың атауы

Бағдарламалау тілдері

1.4. Сабақтың тақырыбы

Қасиеттер, оқиғалар, әдістер

1.5. Сабақтың ұйымдастырушылық формасы

топтық

1.6. Білім алушылырдың тақырып бойынша қызметті орындау үшін қажетті білімі мен иемділігі

- бағдарламалау тілдерінің классификациясын білу;

- жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінің классификациясын білу;

- Borland C++ Builder ортасында жұмыс істей білу.

1.7. Кәсіби және енбекпен қамтылуы үшін білігін біріктірудегі оқу сабағының мүмкіншілігі

- қарым-қатынас жасау дағдысы;

- ақпаратты қабылдай алуы;

- алынған ақпаратты тәжірибе жүзінде қолдана білу.

2. Сабақтың мақсаты

2.1. Студенттердің дәл осы сабақта үйренетін жұмысқа орналастырудың және жұмысты іздеудің келесі ептіліктерін жетілдіруге мүмкіндік береді

- тыңдай алу;

- топпен қарым-қатынас;

- өзгенің пікірімен алмасу.

2.2. Студентерді жаттықпа сабақтар барысында меңгеретін кәсіптік ептілікке үйрету

- жұмыс орнын дұрыс тағайындау;

- әдебиетпен жұмыс істей алу;

- топта жұмыс істей алу;

- логикалық ойлау.

3. Сабақ қорытындысын сипаттау

3.1. Сабақтың аяғында білім алушылар білуі және істеуі қажет

- бағдарламалау тілдерінің классификациясын білу;

- жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінің классификациясын білу;

- Borland C++ Builder ортасында жұмыс істей білу.

3.2. Сапа белгілері

- бағдарламалау тілдерінің классификациясын білуі;

- жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінің классификациясын білуі;

- Borland C++ Builder ортасында жұмыс істей білуі.

4. Жоспарлау фазасы

4.1. Оқу-әдістемелік жабдықтау, анықтамалық әдебиеттер тізімі

С.А.Рыбалка, Г.И.Шкатова «С++ Builder»

4.2. Техникалық жабдықтау, материалдар

ДК, C++Builder

4.3. Студенттер іс-әрекетінің ретін сипаттау

- бағдарламалау тілдерінің классификациясын меңгеру;

- жоғары деңгейлі бағдарламалау тілдерінің классификациясын меңгеру;

- Borland C++ Builder ортасында жұмыс істей меңгеру.

4.4. Оқытушының рөлі

- тақырып бойынша негізгі түсініктерді хабарлау;

- терминдерді және олардың ретін сипаттау.

5. Жоспарды жүзеге асыру

5.1. Сабақ жоспарының сипаттамасы, оқытушы мен студенттер іс-әрекетінің мазмұны (кесте)

Кесте «Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру»

6. Бағалау

6.1. Орындалған тапсырмалардың сапасын бағалау

Жаңа түсініктер мен терминдерді меңгеру дәрежесін анықтау.


Оқытушы ______________ Ихсанова А.С.

қолы



Оқытушы мен студенттер өзара әрекетінің мазмұны мен оны ұйымдастыру


Сабақтың негізгі кезеңдері

Әрекеттердің түрі мен реті

Студенттердің қызметі

Оқытушымен студентердің біріккен қызметі

Оқытушының қызметі

Жекеше

Топтық

Топаралық


Кеңес беру

Нұсқау

Бақылау

1.

Бағдарлау және жоспарлау кезеңі

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты


Х


Х


Х


2.

Жұмысты орындау кезеңі

Жұмыс орнын дайындау


Х



Х



Материалдарды дайындау


Х



Х



Технологиялық барыс: конспектілеу,

Конспектімен жұмыс,

Интерактивті тақтада жұмыс істеу,

Карточкалармен жұмыс.



Х

Х





Х






Х

Х





Х




Х

Х





Х

3.

Аралық және соңғы нәтижені бағалау және талдау кезеңі

Сапа белгілері бойынша бағалау:

Айырма сөйлемдер әдісі

Анаграмма

Сөз теңдіктері

Артық термин




Х

Х

Х

Х







Х

Х

Х

Х












Сабақтың тақырыбы: Қасиеттер, оқиғалар, әдістер

Форма Borland C++ Builder қосымшасының негізі болып табылады. Қосымшаның пайдаланушы интерфейсін құру форма терезесіне компоненттер орналастыруға негізделген. Компоненттер компоненттер палитрасында орналасады.

Компоненттер визуалды және визуалды емес компоненттер болып бөлінеді. Визуалды компоненттер жобалау кезінде де, орындалу кезінде де пайда болады. Мысалы, батырмалар, енгізу өрістері т.б. Визуалды емес компоненттер жобалау кезінде формада пиктограмма түрінде пайда болады. Олар орындалу кезінде ешқашан көрінбейді, бірақ қандай да бір функционалды қызмет атқарады (мысалы, мәліметтерге қатынауды қамтамасыз етеді, стандартты диалогты шақырады т.б.).


1-сурет. Визуалды және визуалды емес компоненттерді пайдалану


Компоненттер палитрасы 

Standard беті

Пикто-
грамма

Компонент

аты

Компоненттің атқаратын қызметі

MainMenu

Бағдарламаның бас менюі. Компонент күрделң иерархиялық менюлерді құруға және оларды іске қосуға мүмкіндік береді.

PopupMenu

Қалқымалы меню. Ол әдетте маустың оң жақ батырмасын басқанда пайда болады.

Label

Белгі. Бұл статикалық мәтін түріндегі қысқа хабарламаларды орналастыру үшін қолданылады.

Edit

Енгізу жолы. Ол пайдаланушының бір жолдық мәтіндік ақпаратты енгізуіне арналған.

Memo

Көп жолдық мәтіндік редактор. Ол пайдаланушының пішімдеу мүмкіндігі жоқ көп жолдық мәтінді енгізіп, оны бейнелеуі үшін пайдаланылады.

Button

Командалық батырма. Бағдарламада осы компоненттің onclick оқиғасы өңдеушісінің көмегімен команданы жүзеге асыру үшін қолданады.

CheckBox

Тәуелсіз ауыстырып қосқыш. Оның маусты шерткенде ауысып отыратын true және false мәндері бар Checked (белгіленген) қасиеті пайдаланылады.

RadioButton

Тәуелді ауыстырып қосқыш. Ол бірнеше нұсқадан біреуін ғана таңдау үшін қолданылады. Сол мақсатта компонент кем дегенде бір немесе бірнеше сондай компоненттермен бір топқа бірігеді. Компонентті шерткенде ол ерекшеленеді және бұрын таңдалған ерекшелеу алынып тасталады. Мұның да Checked қасиеті бар.

ListBox

Таңдау тізімі. Ұсынылған нұсқалар(опциялар) тізімінен тұрады және ағымдағы таңдауды бақылауға мүмкіндік береді.

ComboBox

Таңдаудың аралас тізімі. Edit пен ListBox компоненттерін бірге пайдалануды қарастырады.

ScrollBar

Айналдыру жолақтары. Ол бағдарлама терезесіне тұтасынан симаған бөліктерін қарауға арналған басқарушы компоненттердің тік және көлденең жолақтарынан тұрады.

GroupBox

Компонентердің топтық контейнері. Бұл мағынасы бойынша байланысқан бірнеше компоненттерді біріктіру үшін қолданылады.

RadioGroup

Тәуелді ауыстырып қосқыштар тобы. Оның өзара байланысқан бірнеше тәуелді ауыстырып қосқыштарды іске қосуға арналған қасиеттері бар.

Panel

Панель/Тақта. Бұл GroupBox сияқты бірнеше компоненттерді біріктіруге арналған. Оның ішкі және сыртқы жиектері арқылы «батырылып» не «көтеріліп» тұрғандығын бейнелеу мүмкіндіктері болады.

ActionList

Әрекеттер тізімі. Пайдаланушының бір типтес: меню, батырмалар және т.с.сияқты басқарушы элементтер тобының біреуін таңдауымен байланысты әрекетіне бағдарламаның бір орталықтан жауап беру қызметін атқарады.

VCL (Visual Component Library) – визуальды компоненттер кітапханасында қосымша құруда қажет болатын компоненттер жинақталған.

Формаға орналастыратын әрбір компоненттің Объектілер инспекторы (Object Inspector) терезесінде өз бейнесі болады. Object Inspector екі парақтан тұратыны белгілі - “Properties” (Қасиеттері) және “Events” (Оқиғалар). C++ Builder-де бағдарлама құру компонентті орналастыру және екеуінің арасындағы өзара әрекеттесуін мынандай жолмен орнатудан тұрады:

  • осы компоненттердің қасиетін өзгерту;

  • оқиғаға адекватты реакцияларды жазу.

Қасиет- компоненттердің маңызды атрибуты болып табылады. Қолданушыға қасиет белгілі бір мәндерден тұратын қандай да құрылымның қарапайым өрісі болып көрінеді. Дегенмен, қасиет “жай” өріс болғанымен, кез- келген компоненттің белгілі бір қасиетінің мәніндегі болған қандай да бір өзгеріс бірден осы компоненттің визуалды бейнесіндегі өзгерістерге алып келеді, өйткені қасиет осы өрісті оқу мен жазуға байланысты әдістерге (әрекеттерге) ие болады. Қасиет екі негізгі мақсатта қызмет етеді. Біріншіден, олар форманың немесе компоненттің сыртқы түрін анықтайды. Екіншіден, қасиет форма немесе компонент тәртібін анықтайды.

Компоненттердің қасиетін өзгерту екі түрлі жолмен жасалады: объектілер инспекторының (Object Inspector) терезесінде немесе программалау жолымен. Мысалы, Label1 компонентінің Caption қасиетін Object Inspector терезесінде өзгерту.

Ал программалық жолмен өзгерту үшін программа мәтінінде келесі түрде жазылуы керек:

Label1-Caption= "Бағдарлама";

Объектінің немесе компоненттердің әдістерін шақыру келесі түрде жазылады:

Объектінің аты -әдістің аты;

Memo1-Clear();

Компоненттерге тән оқиғалар функциялар /void __fastcall/ түрінде анықталған, бұл функциялардың шаблондары программа мәтініне автоматты түрде бірден қойылады, бұл шаблондарды сол компоненттің белгісіне екі рет шерту немесе Object Inspector терезесіндегі Events жапсырмасындағы оқиғалар арқылы шақырып алуға болады. Мысалы, Button1 компонентінің OnClick оқиғасы:

void __fastcall TForm1::Button1Click(TObject *Sender)

{

Label1-Caption= "Бағдарлама";

}


2-сурет. Button1 компонентінің OnClick оқиғасын шақыру


C++ Builder-дегі әдістер

C++ Builder-дің визуалды бөліктерінің мүмкіндіктері шексіз бай болғанымен, тек кодты қолмен жазу техникасын жақсы түсінетін адам ғана жақсы бағдарламашы бола алады. Объектілі-бағытталған программалаудың концепцияларына қысқаша тоқталайық. Алдымен объектті бағытталған бағдарламалаудың “класс” базалық түсінігін анықтап алайық. Класс – бұл қасиеттері мен тәртібі бірдей объектілер категориясы. Ал объект қандай да бір класстың экземпляры болып табылады. Мысалы, C++ Builder-де “форма” (терезе) типі класс, ал бұл типтің айнымалысы – объект болып табылады. Әдіс – бұл кластың бөлігі ретінде анықталған және сол жерде инкапсуляцияланған (орналасқан) процедура. Әдіс өрістер мен класс қасиеттерін (кез – келген айнымалымен жұмыс істей алса да) басқарады және кез- келген өріс пен өз класының әдістеріне автоматты түрде жету мүмкіндігіне ие. Басқа кластың әдістері мен өрістеріне жету осы өрістер мен әдістердің «қорғалу» деңгейіне байланысты. Қазір әдісті визуалды құралдармен және кодты қолмен жазу жолымен құруға болатыны маңызды.

Кластың немесе объектінің әдістерін осы класқа енетін, процедуралар мен функциялар құрайды. Олар кәдімгі процедуралар мен функциялар сияқты жазылады. Кластың әдістерінің немесе процедура мен функциялардың тақырыбы /мысалы, procedure Button1Click (Sender: TObject);/ программа модулінің interfase - секциясындағы класты сипаттау бөлімінде жазылады да, ал денесі әдістің қайсы класқа тиесілі екендігін көрсететін құрама атпен /мысалы, TForm1.Button1Click(Sender: TObject);/ implementation – секцияда жазылады.

С++ -те кез-келген класс үшін анықталған, кластың жаңа данасын құратын конструктор және құрылған дананы жоятын деструктор деп аталатын екі әдіс қарастырылған. TОbject класы және одан тарайтын тума кластардың басым бөлігі үшін бұл әдістер сәйкесінше Create және Destroy деп аталады.

C++ Builder-дегі оқиғалар

C++ Builder-дің визуалды компоненттер кітапханасының (VCL) объектілерінің нақты өмірдегі объектілердегідей өзінің қасиеттерінің жиыны мен тәртібі бар. Мысалы, онымен байланысқан оқиғаларға жауап алу жиыны. Осы объектілерге әсер ететін оқиғалар тізімін Объектілер инспекторы парағынан көруге болады. Шындығында, бұл парақта TMouseMoveEvent сияқты типіне ие қасиеттерінің тізімі келтірілген және процедуралар – оқиғаларды өңдегіш болып табылады. Осы қасиеттердің аты жөнінде келісім бар. Мысалы, OnDblClick – тышқанның екі рет шертуіне, ал OnKeyUp – басылып тұрған түймешені жіберу оқиғасына сәйкес. VCL-дағы әртүрлі компоненттер үшін оқиғалар жиынының арасында Windows-тан импортталған оқиғалар (MouseMove, KeyDown), программаның өзінде тікелей туындайтын оқиғалары (TDataSource үшін DataChange оқиғасы) бар.

Оқиғалар. Процедура болғандықтан бұл программалық кодтарды «әдіс» деп қарастырады да, «оқиға»- қабылдайтын мәндері осы процедуралық типтер болатын «қасиет» болады. Оқиға болған кезде, шақырылатын процедураны немесе әдісті оқиға өңдеуші / Event Handler- обработчик событий/ деп атайды, С++Builder- де әрбір кластың өзіне тән оқиғаларына сәйкес, программа модуліне, визуальдық компоненттің белгісіне екі рет шерту арқылы, автоматты түрде қойылатын стандарт оқиға өңдеушілері болады,

Стандарт оқиғалардан басқа, кез-келген оқиғаларды өңдеушілердің шаблон процедураларын Object Inspector терезесінің Events жапсырмасындағы оқиғаның атына сәйкес жолға екі рет шерту арқылы қояды.

Жиі қолданылатын оқиғалар 1-кестеде ұсынылған.

1- кесте

Оқиғалар

Оқиғалардың сипаттамасы

OnActivate

Форманы активтеу кезінде қалыптасады

OnCreate


Форманы құру кезінде қалыптасады. Берілген оқиғаның өңдеушісінде форманы құру кезінде орындалатын әрекеттерді беру керек, мысалы бастапқы мәндерді орнату.

OnClick

Компонент аймағында тышқанның батырмасын басу кезінде орындалады.

OnDblClick

Компонент аймағында тышқанның батырмасын екі рет басу кезінде орындалады.

OnKeyPress


Пернетақта пернелерін басу кезінде орындалады. Key параметрі Char түрінде болады және басылған перненің ASCII-кодынан тұрады (Enter пернесінің коды #13, Esc пернесінікі - #27 және т.с.с.). Әдетте бұл оқиға пернелердің бірін басу кезінде реакция қажет болған жағдайда қолданылады.

OnKeyDown

Пернетақта пернелерін басу кезінде орындалады. Бұл оқиғаның өңдеушісі басылған перне және Shift, Alt, Ctrl пернелерінің күйі, сондай-ақ тышқанның батырмасының басылуы туралы ақпарат алады.


Оқиғаның өңдеушісін құру үшін программалаушыт Объектілер инспекторы терезесінің жоғарғы жағында компоненттер тізімін ашуы және қажетті компонентті таңдауы керек. Содан кейін, объектілер инспекторының Events бетінде, тышқанның сол жақ батырмасын басу арқылы өңдеушінің атын таңдауы және оның оң жақ (ақ) бөлігін екі рет шертуі қажет. Оған жауап ретінде C++ Builder код редакторы терезесін активтейді және таңдалған оқиғаның өңдеу процедурасының дайындамасын көрсетеді. Әрбір өңделетін оқиға үшін модуль мәтінінде процедура (procedure) қалыптасады.

Шаманы есептейтін батырманы Формаға орналастыру үшін компоненттер палитрасында Standart бетінде Button компонентінің пиктограммасын таңдап, батырманың үстінен тышқанмен екі рет шертіп, сонда курсор Button1 батырмасын басу оқиғасын өңдеуші процедурасының мәтінінде орналастырылады: void__fastcall TForm1::Button1Click(TObject *Sender). Бұл процедураның жалпы түрі:

void __fastcall TForm1::Button1Click(TObject *Sender)

{

{Программа мәтіні}

}

Edit және Memo компоненттері жұмыс жасайтын мәліметтер String түрінде болады. Сондықтан TForm1.Button1Click процедурасында StrToFloat функциясы көмегімен X,Y,Z айнымалыларына Edit1,Edit2,Edit3 өрістерінің мәндері меншіктелген кезде, String түріндегі мәліметтердің Extended түріндегі жылжымалы нүктесі бар нақты мәндер түріне ауысуы орындалады. Бүтін түрдегі мәліметтермен жұмыс жасау керек болса, StrToInt функциясы пайдаланылады. Мәліметтерді нақты мәннен жолдық мәнге ауыстыру үшін және шығаратын нәтижені ұсынатын форманы басқару FloatToStrF функциясы пайдаланылады.


Білім аукционы


Аукцион дегеніміз – сауда жұмысы. Сабақта сендердің білімдерің саудаға түседі. Сендерге тапсырмалар беріледі, әрбір тапсырманың бағасы ұпаймен есептеледі. Бастапқы баға – 30 ұпай. Ең жоғары баға – 90 ұпай. Әрбір топ капиталында 100 ұпай бар. Кім жоғары баға ұсынады? Қай топ көп ұпай жинаса, сол топ бүгінгі аукционның жеңімпазы атанады. Ал, енді, аукционды бастайық!

1. Форма экранға көрібей қалған жағдайда оны экранға шығару командасы?

А) Edit-Forms

В) Window-Forms

С) View-Forms

Д) File-Forms

2. Объекттер терезесінің (Object Inspector) қосымша беттері?

А) Unit1, Project1

В) Standart, Additional, Win32, …

С) Properties, Events

3. Компоненттер палитрасының беттері?

А) Unit1, Project1

В) Standart, Additional, Win32, …

С) Properties, Events

4. Объекттер терезесінің (Object Inspector) қайсы бетінде компонент қасиеттері беріледі?

А) Standart

В) Form1

С) Properties

Д) Events

5. Объекттер терезесінің (Object Inspector) қайсы бетінде компонент оқиғалары беріледі?

А) Standart

В) Form1

С) Properties

Д) Events

6. Оқиғалар алдына қандай қосымша тіркестіріліп жазылады?

А) On

Б) T

С) cl

Д) db

7. Класс атауы қайсы әріптен басталады?

А) On

Б) T

С) cl

Д) db

8. Форманы екі рет шерткенде қайсы оқиғаның процедурасы пайда болады?

А) OndbClick

Б) OnClick

С) OnCreate

Д) OnClose

9. Біріктірілген ортаның құралдарына қайсы жатады?




Компоненттердің атқаратын қызметтері:


Пикто-
грамма

Компонент

аты

Компоненттің атқаратын қызметі

MainMenu


PopupMenu


Label


Edit


Memo


Button


CheckBox


RadioButton


ListBox


ComboBox


ScrollBar


GroupBox


RadioGroup


Panel


ActionList