СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

«Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын анықтау»

Категория: Астрономия

Нажмите, чтобы узнать подробности

Ақпараттық: Жылулық  баланс  теңдеуі  арқылы қатты  дененің  меншікті  жылу  сыйымдылығын  анықтауды  үйрену.

Коммуникативтік: Жылу энергиясын берудің түрлерін сипаттау;Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын анықтау; Студенттерді жылу мөлшері және меншікті жылу сыйымдылығы тендеулеріне есептер шығарта отырып олардын білімдерін бағалау;

Мәселелерді шешу: Студенттердің жылу энергиясы, ішкі энергия, жылуөткізіштік, конвекция жылу мөлшері және меншікті жылу сыйымдылығы туралы  түсініктерін қалыптастыру арқылы олардын логикалық ойлау қабілеттерін және есеп шығару дағдыларын арттыру.

Просмотр содержимого документа
««Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын анықтау»»

Сабақ жоспары



Пән: Физика және астрономия

Топ: ТЖ-811.1қ

Сабақ тақырыбы: Зертханалық жұмыс «Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын анықтау».

Өткізілген күні: 11.12.2019ж.

Орны және уақыты: ауд №315, 11.30

Құзіреттілік.

Ақпараттық: Жылулық баланс теңдеуі арқылы қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын анықтауды үйрену.

Коммуникативтік: Жылу энергиясын берудің түрлерін сипаттау;Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын анықтау; Студенттерді жылу мөлшері және меншікті жылу сыйымдылығы тендеулеріне есептер шығарта отырып олардын білімдерін бағалау;

Мәселелерді шешу: Студенттердің жылу энергиясы, ішкі энергия, жылуөткізіштік, конвекция жылу мөлшері және меншікті жылу сыйымдылығы туралы түсініктерін қалыптастыру арқылы олардын логикалық ойлау қабілеттерін және есеп шығару дағдыларын арттыру.

Күтілетін нәтиже:

1.Барлық студентер орындай алады:

Ішкі энергияның анықтамасын біледі.Ішкі энергияның өзертудің тәсілдерін біледі.Жылу энергиясын берудің түрлерін сипаттайды.


2.Студенттердің көпшілігі орындай алады: Жылу берудің түрлерін ажырата алады.Оны молекула- кинетикалық теория негізінде түсіндіре алады.


3.Кейбір студенттер орындай алады: Көрсетілген тәжібелерге талдау жасай алады.Меншікті жылу сыйымдылықтың тендеуін қолданып сапалы есептер шығара алады.

Сабақтың түрі: практикалық сабақ, топтық жұмыс.

Қолданылатын технология: Ақпараттық-коммуникативтік технология.

Қолданылатын құрал-жабдықтар:

Мультипроектор, слайдтар жинағы, кестелер, өлшегіш ыдыс, термометр, таразы мен әртүрлі салмақ, су, қатты дене, калориметр – 2 дана.

Әдебиеттер:

1.Башарұлы Р., Байжасарова Г.З., Тоқбергенова У.К. Физика /жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 10 сыныбына арналған оқулық/.

-Алматы: Мектеп, 2014ж.

2. Кронгарт Б.А., Кем В.И., Қойшыбаев Физика Жалпы білім беретін мектептің жаратылыстану-математика бағытындағы 10 сыныбына арналған оқулық. -Алматы: Мектеп, 2014ж.

Сабақтың құрылымы:

I.Ұйымдастыру бөлімі.

II. Студенттерді жаңа материалды игеруге бейімдеу.

III. Жаңа тақырыпта қарастырылатын сұрақтар:

1. Бейнебаян қарау

3.Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын анықтау.

IV. Жаңа тақырыпты бекіту.

V. Үй тапсырмасын белгілеу



Сабақ барысы: Салематсыздарма, балалар. Көңіл күйлеріңіз қалай? Жақсы, олай болса сабағымызды бастайық. Өздеріңіз көріп отырғандай біз екі топқа бөлініп отырмыз.

1 топ «Температура», 2 топ «Жылу мөлшері»

Топ басшысын араларыңыздан сайлап алыңыздар. Үй тапсырмасын қайталап алайық.

I.Үй тапсырмасын фронтальді тексеру:

1. Жылу мөлшері деген не?

Жылу мөлшері-жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтатын энергиясын айтады.

2. Жылу мөлшері қандай физикалық шамаларға тәуелді?

Денені жылытуға қажетті немесе суығанда бөлінетін жылу мөлшелері-заттардың тегіне, массасына, және оның температурасының өзгеруіне тәуелді.

3. Жылу энергиясы дегеніміз не?

Жылу энергиясы-бұл дене құрылымындағы атомдардың, молекулалардың және басқа да бөлшектердің қозғалысы.Жылу энергиясын-ішкі энергия деп те атайды.

4. Ішкі энергия дегеніміз қандай шама?

Ішкі энергия-денені құрайтын бөлшектердің ретсіз қозғалысы мен әрекеттесу энергиясын айтады.

5.Меншікті жылу сыйымдылық дегеніміз қандай физикалық шама?

Массасы 1кг заттың температурасын 1С-қа өзгерту үшін қажетті жылу мөлшелерін көрсететін физикалық шаманы заттың меншікті жылу сыйымдылығы деп атайды.

6.Жылулық қозғалыс дегеніміз не?

Молекулалардың ретсіз қозғалысын жылулық қозғалыс деп атайды.



Біз үй тапсырмасын тексеріп, қорытындылап алдық олай болса жаңа сабаққа көшейік.

II. Практикалық тапсырма.

Жұмыстың мақсаты: Жылулық баланс теңдеуі арқылы қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын анықтауды үйрену.

(Бейнеролик қарау )

Теория: Сыртқы ортамен жылу алмасу болмаған жағдайда жылулық баланс теңдеуі орындалады. Қыздырылған қатты дененің беретін жылу мөлшері Q1 калориметр Q2 мен судың Q3 алатын жылу мөлшеріне тең болады.

Q1= Q2+ Q3(1)

Q1х m11-Т)

Q1 – жылу сыйымдылығы белгісіз қыздырылған қатты дененің жылу мөлшері.

Сх - қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығы

m1қатты дененің массасы.

Т1қыздырылған қатты дененің бастапқы температурасы.

Т – қоспаның ( су мен қатты дененің) температурасы.

Q22 m2(Т-Т2)

Q2 – калориметрдің алатын жылу мөлшері.

С2 – калориметрдің меншікті жылу сыйымдылығы (алюминий)

m2 калориметрдің массасы.

Т2калориметрдің бастапқы температурасы.

Т – қоспаның (су мен дененің )температурасы.

Q33 m3(Т-Т3)

Q3 судың алатын жылу мөлшері.

m3 - салқын судың массасы.

Т3 = Т2 – салқын судың температурасы.

Т – қоспаның (су мен дененің) температурасы.

С3 - судың меншікті жылу сыйымдылығы

Cх m1 (T1-T) = с2 m2 (T-T2) +с3 m3 (T-T3)

Осы формуладан қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын анықтауға болады

Жұмыстың орындалуы

1.Бос калориметрдің ішкі ыдысының салмағын өлшеңіздер.

2. Калориметрге 100 грамм салқын су құйыңыздар (m3).

3.Cалқын судың температурасын Т3=Т2 өлшеңіздер.

4.Қатты дененің массасын өлшеңіз (m1).

5. Басқа калориметрге ыстық су құйып,қатты денені салыңыз.Алдын ала қыздырылған қатты дененің температурасын анықтап,салқын су құйылған калориметрге ауыстырып салыңыздар.

6. 1 – 2 минут өткеннен кейін қатты дене салынған ыстық судың температурасын өлшеңіздер.

7. Қыздырылған денені салқын сулы калориметрге ауыстырып салыңыз.

8. 1-2 мин кейін қоспаның температурасын өлшеңіз: салқын су және қыздырылған қатты дененің (Т)

9.Тәжірибені үш рет қайталаңыздар. Мәліметтерді кестеге жазыңыздар.

10. Формула (2)бойынша қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын есептеңіз.

Реттік

m3

m1

m2

Т1

Т2

Т

С2

дж/К*кг

С3

дж/К*кг

Сх

Схорт

∆Сх

∆Схорт

εсх

1

0,129

0,052

0,029

344

293

298

880

4187

1180

971

209

138

14

2

0,129

0,052

0,029

336

298

301

880

4187

930

41

14

3

0,129

0,052

0,029

330

301

303

880

4187

805

166

14



11. Абсолютті және салыстырмалы қателіктердің есептелулерін орындау керек

Шешуін мына түрде жазыныз Сх = Схорт + ∆Схорт

12. Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығы таблицасы бойынша қатты дененің түрін анықтап,қорытынды жасаныздар. (анықтама пайдалану)

Қорытынды:

Бейнебаянда көрген тәжірибені еске түсірейік: температуралары әртүрлі суды араластырғанда олардың молекулалары араласып, жылулық тепе-теңдікке келді.Біздің жасаған тәжірибе бойынша салыстырайық, дәлелденді.

1. Стемір≠ Салюм.

2. Ыстық судың Т , салқын судың Т

3. Т12


II. «Сәйкестікті тап» (кітап пайдалану)

Практикалық сабақ нәтижесін толықтай есептеп болған соң, сәйкестендіру тапсырмасын орындайды. Кері байланыс.(екі топ бір-бірімен тапсырмаларын алмасып тексереді, смайлик арқылы бағалайды )


IV. Жаңа білімді бекітуЖылу құбылыстары тарауы бойынша тест жұмысы. 

1. 100 ºC ретінде қандай температура алынған?

а) мұздың температурасы;

в) қалыпты атмосфералық қысымдағы мұздың еру температурасы;

с) қайнап жатқан судың температурасы;

д) қалыпты атмосфералық қысымдағы судың қайнау температурасы;

е) тұз араласқан мұздың еру температурасы.


2. Электроплитадан оның үстінде тұрған ыдысқа жылу берілу тәсілдері

А) жылуөткізгіштік

В) конвекция

С) сәулелену

Д) жылуөткізгіштік пен сәулелену

Е) конвекция мен сәулелену


3. Дененің ішкі энергиясының өзгерту тәсілдері

А) жұмыс істеу

В) жылу алмасу

С) энергия алмасу

Д) жылу алмасу және жұмыс істеу

Е) дененің ішкі энергиясы өзгермейді


4. Батарея арқылы бөлмені жылыту жылу берілудің қай түрі

А) жылуөткізгіштік

В) конвекция

С) сәулелену

Д) жылуөткізгіштік пен сәулелену

Е) конвекция мен сәулелену


5. Дененің жылулық күйін сипаттайтын шама

А) температура

В) тығыздық

С) масса

Д) қысым

Е) күш


6. Диффузия дегеніміз не ?

А) бір зат молекуласының басқа бір зат молекулаларымен араласуы

В) зат молекулаларының жылулық қозғалысы

С) зат молекулаларының ретпен қозғалуы

Д) зат молекулаларының өзара әсерлесу күші

Е) зат молекуларының ретсіз қозғалысы


7. Меншікті балқу жылуының өлшем бірлігі

А) Дж/кг

В) Дж/кг*К

С) Дж*м

Д) Дж/м*кг

Е) Дж/К


8. Пышақты қайрағанда оның ішкі энергиясы

а) өзгермейді

в) жылу берілу арқылы кемиді

с) жылу берілу арқылы артады

д) жұмыс жасау арқылы артады

е) жұмыс жасау арқылы кемиді


9. Меншікті жылу сыйымдылықтың өлшем бірлігі

А) Дж/кг

В) Дж/кг*K

С) Дж*м

Д) Дж/м*кг

Е) Дж/К


10. Дененің температурасын өлшеуге арналған құрал

А) психрометр

В) барометр

С) потенциометр

Д) термометр

Е) секундометр .(екі топ бір-бірін смайлик арқылы бағалайды )





V. Ақылдың 6 қалпағы (рефлексия)

  • Ақ шляпа – ақпараттар, фактілер(көптеген мәліметтер алу)

  • Қызыл шляпа – ішкі сезім(жұмысты жасау кезінде қобалжу болды)

  • Қара шляпа – логикалық негативті ойлау

  • Сары шляпа – логикалық позитивті ойлау

  • Жасыл шляпа – шығармашылық ойлау(сабақта практикалық жұмыс жасау)

  • Көк шляпа – ойлау процесін басқару


Сұрақтарыңыз жоқ болса, сабаққа қойған мақсатымызға жеттік деп ойлаймын (смайлик арқылы көңіл күйді көрсету).Бағалау.


Үй тапсырмасы:

§7.1.Жылу мөлшері. 158-бет. §7.3 Меншікті жылу сыйымдылығы 171-бет.

«Меншікті жылу сыйымдылық» тақырыбына сөзжұмбақ құрастыру.































БҚОӘББ «Жоғары аграрлық-техникалық колледжі»МКҚК



«Бекітемін»

директордың оқу жұмысы

бойынша орынбасары

___________А.Н.Галиаскарова

«_____» _________2019ж




Ашық сабақ

«Физика және астрономия» пәнінен

Тақырыбы: Зертханалық жұмыс «Қатты дененің меншікті жылу сыйымдылығын анықтау».



























ОРАЛ-2019

Дайындаған: Физика және астрономия пәні оқытушысы А.С.Кимашева



Математика және информатика ПЦК отырысында қаралды

№_____ хаттама «___» ____________2019ж

ПЦК төрайымы ____________________А.Х.Ахметова





«Келісілді»

Әдіскер___________А.М.Кайырлиева

«_____» _________2019ж


















































Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!