СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қауіпсіз интернет

Категория: Прочее

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қауіпсіз интернет.Өмірімізді телефонға телмірмей өткізу-өзімізге сын. Интернет қазіргі қоғамның бөлшегіне айналғалы қашан.Расымен,қазіргі таңда ұялы телефонсыз, интернетсізөмір сүру қиындап кетті. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Кейбір адамдар интернетсіз-ақ керемет күн кешуде.

Просмотр содержимого документа
«Қауіпсіз интернет»

Интернетсіз өмір сүруге бола ма?

Өмірімізді телефонға телмірмей өткізу-өзімізге сын. Интернет қазіргі қоғамның бөлшегіне айналғалы қашан.Расымен,қазіргі таңда ұялы телефонсыз, интернетсізөмір сүру қиындап кетті. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпыз. Кейбір адамдар интернетсіз-ақ керемет күн кешуде.

Біз интернетті не үшін қолданамыз? Әрине, алыс-жақын туыстарымызбен, достарымызбен хабарласып, хат алмасу үшін,өзімізге керекті ақпарат алу үшін, инстаграм, фейсбук желілеріне қосылып күнделікті болып жатқан жаңалықтармен хабардар болып және өзіміздің жаңалығымызбен бөлісу үшін.

Ең бастысы біздің өміріміз телефонда, интернетте тұрып қалмауы тиіс. Интернет жақындардың жылуын, жақсылардың жарығын, жамандардың суығын көріп, сезіп, саналы өмір сүруге кедергі келтірмесін.

Интернетсіз тіршілік етуге әбден болады. Тек ол ғаламторға бейімделген адамдарға сәл қиындау. Жалпы кез келген үйренген дүниеңнен тыс тіршілік оңай болмайды. Интернетсіз өмір қызығырақ болар еді. Интернетсіз жақсы нәрселерге бейімделіп, өмірімізді белсенді сүре аламыз.

Өзіне жаны ашыған адам, интернетке тәуелді болып қалатындай жағдайға жетпеуі керек. Өмір деген керемет. Осы өмірді интернетсіз, жақындарымыздың қасында көңіл көтеріп, жақындарымыздың жылуын сезініп сүргенге не жетсін.

Қазіргі қоғамда интернетке тәуелді адамдар көп. Қолы босай салған сәттен телефонға телміріп уақыт өткізеді. Бұл дұрыс емес әрине. Уақыт деп аталатын бағалы дүниені пайдасыз іске жұмсағанша, пайдалы, өзімізге жақсы жағынан әсер ететін дүниемен айналысқан жөн.

Қазіргі кезде: «21 ғасыр ғой, бұл ғасырда интернетсіз ештеңе елестету мүмкін емес» деген түсінік қалыптасуда. Бұл түсінік мүлдем дұрыс емес. 21 – ші ғасыр қоғамымыздың дамуына үлес қоысп, кітапхана, мұражай секілді жерлерді аралап, өзімізді 21-ші ғасырға сай дамытпасқа. Бұл айналамыздағы адамдарға да, өзімізге дежақсы жағынан әсер етеді.

Еңбектеген баладан еңкейген қарияға дейін кіретін интернеттің құдыреті шексіз екені рас. Бірақ, өзімізді жақсы нәрсеге бейімдеп, интернетке телміруден аулақ болайық.