Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» этнонимінің шығуы
Білімділік: - қазақ халқы этногенезі, глотогенезі; - этносаяси аумақтық тұтастығы, бұлардың қандай тарихи оқиғалармен байланыстылығы туралы білім алушыларға толық түсінік беру; Дамытушылық: - білім алушыларға жалпы қазақ халқының қалыптасу тарихы туралы базалық түсініктерін дамыту; - өз ойын еркін айтуға, қорытынды жасауға дағдыландыру; Тәрбиелік: - өз елін, дәстүрін құрметтеу, адамгершілікке тәрбиелеу. - ұлтжандылыққа баулу;
Сабақтың мақсаттары :
Сабақтың құрылымы:
Ұйымдастыру
Қайталау
( Үй тапсырмасы бойынша)
- Ой шақыру /бейнекөрініс
- Венн диграммасы: «Шыңғыс хан кім?»
- Хронологиялық тізбек: «Моңғол шапқыншылығы»
- Жасырын сұрақ «Ұлыстар территориясы», суреттер «Тұлғаны таны»
- Проблемалық сұрақ
Жаңа тақырыпты түсіндіру
- Теориялық түсініктеме
- Терминдер
Сергіту
Бекіту
- True or False әдісі
- Сөзжұмбақ
Қорытынды
Моңғол
шапқыншылығы
Қайталау
Үй тапсырмасы
шыңғыс хан кім? (ВЕНН ДИАГРАММАСЫ)
Моңғол шапқыншылығы
1219 ж
1217 ж
1211-1215 ж
1218 ж
1207-1209 ж
1207-1208 ж
Таңғұт, Турфан кінәздіктерін, ұйғырларды басып алуы
Жошы Енисей қырғыздарын, Сібір халықтарын басып алуы
Монғолдардың Жетісу жеріне енуі
Қытай жерін бағындырылуы
Күшлікке қарсы Жебе ноянды аттандыруы
150 мың әскерді Ертіс, Сырдарияға аттандырып, Отырарды қоршап алуы
1219-
1224ж
1219 -1220 ж
Орта Азия мен Қазақстан Шыңғыс хан империясының құрамына қосылды
Сыр бойындағы қалалардың толығымен монғолдарға бағынуы
Хронологиялық тізбек
Ұлыстар территориясы :
- Ертістен Еділге дейінгі Қазақстанның далалық аймағы Жетісудың солтүстік бөлігі, ал Орта Азиядан солтүстік Хорезм мен Сыр өңірі.
- Ертістен Еділге дейінгі Қазақстанның далалық аймағы Жетісудың солтүстік бөлігі, ал Орта Азиядан солтүстік Хорезм мен Сыр өңірі.
- Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан және Мәуереннахр жерлері берілді
- Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс Қазақстан, Шығыс Түркістан және Мәуереннахр жерлері берілді
Шағатай
- Жоғарғы Ертіс бойы, Тарбағатай және батыс Монғолия берілді
- Жоғарғы Ертіс бойы, Тарбағатай және батыс Монғолия берілді
Үгедей
Жошы
Тұлғаны таны:
(жасырын сурет)
Әмір Темір
Шыңғысхан
А.Македонский
Наполеон Бонопарт
Проблемалық сұрақ
Моңғолдар Қазақстан жерін жаулап
алмаса не болар еді?
Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» этнонимінің шығуы
Тақырып жоспары: 1. Халық болып қалыптасу үдерісі. 2. «Қазақ» атауы.
Жаңа тақырыпты түсіндіру 1. Халық болып қалыптасу үдерісі Халықтың қалыптасуы өте күрделі, сан қырлы мәселе. Өткен сабақтарда біз Қазақстан жерін сонау қола дәуірінен бастап мекендеген тайпаларды, олардың түр - әлпеті, тілі, мәдениеті қандай екендігін қарастырдық. Әрине, қола дәуірінде, яғни бұдан 3 - 4 мың жыл бұрын өмір сүрген андрондық тайпаларды біз қазақ халқының тікелей ата тегі деп атай алмаймыз. Одан бергі сақ, ғұн, үйсін, сармат тайпаларын да тек қазақтың ата тегі деп түсіну тарихқа қиянат болар еді. Еуразияның кең-байтақ төсінде өзінің тарихи аумағын, мәдениеті мен тілін, дінін қалыптастырған қазақ деген халықтың күні кеше ғана пайда болмағандығы белгілі. Қазақ халқының нәсілдік - генетикалық, мәдени тегінде сонау андрондықтардан бастап үзілмей келе жатқан бір желі бар екендігін анық байқаймыз.
Терминдер
Этногенез (грек. ethnos – тайпа, халық, genozіs – шығу тегі) – әр түрлі қауымдық топтар негізінде жаңа құрамдағы туыстас тайпаның немесе халықтың қалыптасуы. Қазақ этносы Қыпшық конфедерациясы заманында қалыптасты.
Глоттогенез (грек.γλῶττα - тіл , γένεσις - пайда болу). Тілдін пайда болуы және дамуы. Қазақ тілінің де қалыптасуы ұзақ глоттогенездік байланыстың нәтижесі.
Терминдер
Этникалық бірлестіктің үш түрі:
Этникалық сана - адамның өзін-өзі белгілі бір этникалық топтың мүшесімін деп түсінуі. «Мен қазақпын» деген түсінік – этникалық сананың көрінісі.
Алаш мыңы – қазақ этнонимінің бастапқы түрі
Халықтың халық болып қалыптасуы үшін қажетті бірнеше шарт бар: 1 . халықтың өзіне төн мәдениетінің қалыптасуы; 2. халық мекендеген аумағының қалыптасуы; 3. өзін бір халықтың өкілі санайтын елдік, халықтық сананың орнығуы; 4. халықтың тілінің қалыптасуы; 5. халықтың ортақ атауының қалыптасуы; 6. халықтың өзіне тән антропологиялық бет пішінінің қалыптасуы.
Антрополог О.Смагуловтың пікірі бойынша сақ, сармат, ғұн, үйсін тайпаларының келбеттері андроновтықтарға ұқсас болған.
Ғұндардың антропологиялық келбеті.
ХІІІ ғасырдың басындағы монғол шапқыншылығы осы кездегі халық болып қалыптасу барысын бұзады
2. «Қазақ» атауы. "Қазақ" атауының (этнонимі) шығуы жөнінде түрлі пікірлер бар. Бұл мәселенің төңірегіндегі түрлі пікірлер XVIII ғасырдан бері жалғасып келеді, бірақ зерттеушілер әлі бір тоқтамға келген жоқ. Бүгінгі таңда "қазақ" этимологиясының жиырмадан астам түсіндірмелері бар. Мысалы, "қазақ" деген сөз "қаз" және "ақ" деген сөздерден шыққан. "Бұл — қаздай тізілген көш керуеніне қарап қойылған ат", — дейді немесе: "қазақ" атауы "қас" (хас) — нағыз және "сақ" — көне замандағы сақтар атауынан құралған және "хас-сақ" — нағыз сақ деген ұғымды береді", — дейді. "Қазақ" атауы жазба деректерде қай заманнан бастап кездеседі? деген мәселе де әлі талас тудыруда. Енисейден табылған VIII ғасырдың түркі жазба ескерткішінде "қазғақ ұғлым — "қазақ ұлым” деген сөз тіркесі кездеседі. Бұл ежелгі түркілерде "бір атаның баласы" дегенді білдірсе керек. IX—X ғасырларда Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан жерін мекендеген үш қарлұқ тайпасының "хасақтар" деген ортақ атауы болған. Ал қарлұқтардың қазақтар этногенезіне тікелей қатысы барлығы белгілі. 1245 жылы мәмлүктік Мысыр мемлекетін басқарған қыпшақтар араб - қыпшақ сөздігін жасатқан. Онда "қазақ" деген сөзді "еркін, кезбе" деп аударады. Бұл терминге әлеуметтік мағына беріліп, өз руынан, тайпасынан бөлініп шығып, өзінше еркін өмір сүріп, күн көрген топты атайды.
Бекіту
True or False:
«Ақиқат немесе жалған»
- Түркі тілінің арғы төркіні б.з.д. 4-3 мыңжылдықта өмір сүрген шумерліктермен үндесіп жатыр.
- Қазақ тілі түркі тілдернің ішінде қыпшақ тобына жатады.
- Қазақ этнонимінің бастапқы түрі – «Алаш жүзі»
- Қазақ халқының халық болып қалыптасуының аяқталуы ХV ғасырдың екінші жартысы мен ХVІ ғасырдың басы.
- «Қазақ» атауы жазба деректерде ХV ғасырдан бастап кездеседі.
- Әдетте, «қазақпын» деген атауды тек өзге елге шыққанда ғана айтқан.
Ақиқат
Ақиқат
Жалған
Ақиқат
Жалған
Ақиқат
Сөзжұмбақ:
с
а
қ
ә
н
к
а
о
е
б
з
л
і
ғ
л
а
б
ш
й
ы
қ
е
н
а
й
ы
р
1
2
3
4
5
Рефлексия
«Көңіл-күй тақтасы»
Үй тапсырмасы:
Қазақ халқының қалыптасуы, «қазақ» этнонимінің шығуы
Интернеттен тақырыпқа байланысты бейнекөрініс тамашалап оны талдау жасау.