Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Өткізу күні: 15.03.2019 ж
Тәрбиеші: Сеилова А.А
Білім беру саласы: Коммуникация, Шығармашылық.
Пән: Сөйлеуді дамыту,Драма, Музыка
Өтпелі тақырып: «Қазақтың салттары мен дәстүрлері»
Топ: ересек топ
Тақырып: «Қазақ халқының салт- дәстүрі»
Мақсаттары:
Тәрбиелік: Адамгершілікке,тазалыққа,үлкенді сыйлауға,кішіге қамқоршы болуға,бір-біріне көмектесуге тәрбиелеу.
Дамытушылық: Балаларды қазақтың ұлттық салт-дәстүр түрлерімен,соның ішінде бесікке салу дәстүрімен таныстыра отырып, балалардың сөздік қорына бесік жабдықтарының атауларын дұрыс атай білуге үйрету.
Оқыту: Отанға деген сүйіспеншілік пен құрмет сезімін қалыптастыру;
олар туылған және өмір сүретін жерлерге эмоционалды оң көзқарас қалыптастыру;балалардан қазақ халқының тарихы мен дәстүріне тұрақты қызығушылық таныту;
Педогогикалық технологиялар:түсіндіру,сұрақ-жауап,әңгімелесу, ойындар.
Ресурстармен қамтамасыз ету: киіз үй жабдықтары, тостаған, қоржын, домбыра,бесік, суреттер.
Билингвалдық компонент: салт-дәстүр- традиции и обычаи, киіз үй-юрта
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы:
Ұйымдастырушылық кезеңі: Балалар шеңбер болып тұрады.
Армысың алтын күн
Армысың көк аспан,
Армысың жер Ана
Армысың достарым
Жұмбақ жасыру
Төбедегі көзінен
Күн сәулесі түседі
Бұрышы жоқ төрінен,
Самал еркін еседі (Киіз үй)
Негізгі бөлім: -Бір тамаша әңгіме тыңдағыларын келеді ме?
Үстел үсті театры арқылы көрсету.
Бұрынғы өткен заманда бір жас жігіт өз бақытын табу үшін әлемді шарлап іздеуге шығады. Айлар,жылдар өз бақытын іздейді көптеген елдерді, қалалардан өтеді,өз бақытын еш жерден таба алмайды. Бір күндері еліне қайтпақшы болады, бірақ қайтып баратын жолды ұмытып қалады. Тастың үстіне отырып, басын төмен түсіріп жылап отырады. Бір сәтте жаңына бір қария кісі келеді.
-Неге жылап отырсың? Қайда тұрасың?
-Білмеймін өте алыста тұрамын.
-Елін қалай аталады?
-Білмеймін,
-Мен саған көмектесе аламын, егер сен өз елінің халық әнін, салт-дәстүрін айтып берсен?
-Жігіт абыржып қалады, өз елі туралы ештене есіне түсіре алмайды,ойланып атаға өз сөмкесін ұсынады.
-Міне қараңыз бұл заттарды мен өзімен үнемі жол бойы алып жүрдім.-Балалар қараңдаршы, әдемі қоржыңда қай елдің заттары бар екен.
Бұл не?
-Қоржың
-Қоржын өрнек
-Тақия
-Тостаған
-Қамшы
- Кесе
-Домбыра
т.б
-Балалар қай елдің заттары екен? Біз барлығымыз жігітке Өз Отаның, салт-дәстүрін еске түсіруіне көмектесейік.
-Бұрын қазақтар көшпелі халықтар болған, бір жерден екінші жерге көшіп қонып жүрген. Баспасы-Киіз үй. Қазақтар өте қонақжайлы халық болған.
Дидактикалық ойын: «Заттарды дұрыс орналастыр»
Балалар екі топқа бөлінеді.
1-топ – «40 - шығару» салт - дәстүріне қажетті заттарды алады, суреттің қасына қояды.
2- топ –«Тұсау кесу».
Тәрбиеші: - «Тұсау кесу» дәстүрін өткізу үшін қандай заттар керек?
Балалар: - қайшы, түсті жіптер
Тәрбиеші: - «40 - шығару»дәстүрін өткізу үшін, қандай заттар керек?
Балалар: - леген, су, қайшы, қасық....
Тәрбиеші: - Топтастырып қойдық, бірақ бесік, май шам, пышақ, жастық, көрпе....қалып қойды. Неге? Қажет емес пе? Бұл заттар қажет, бірақ басқа рәсімге. Балалар, (суретке назар аударып) ал осы салт - дәстүрді кім біледі? Біз бүгін жаңа салт - дәстүрмен танысамыз.
Сергіту сәті: «Қызыл гүлім-ай» (видеоролик)
Тосын сәт: Қонаққа әже келеді.
Әже: — Сәлеметсіңдер ме балақандарым.
Тәрбиеші: — Балаларым ,келіңдер мына бесіктің жанына отырыңдар. Мынау бесік деп аталады. Бесікті таза ағаштан жасайды. Мен сендерге Асылжан бөпені бесікке қалай бөлеу керек екенін Әжеміз көрсетсің .Сендер мұқият қарап отырыңдар. Бәрің де осы бесікте жатып,өскенсіңдер.
Әже: Ең алдымен бесіктегі баланың бас жағына жұмсақ жүннен жасалған жастық саламыз. Ал мынау бөпенің үстіне жамылатын көрпесі. Мынау белбеуі,бала құлап қалмас үшін белінен және аяқ тұсынан осы белбеумен байлап қояды.
Бесікті бала ұйықтағанда шошып-қорықпау үшін сіріңкемен аластаймын. (бесікті аластайды)
«Алас-алас,пәледен алас,
Иесі келеді,пәледен қаш!
Алас-алас,пәледен алас
Көзі жаманның көзінен алас
Тілі жаманның тілінен алас,
Отсыз омыртқасынан алас»
-Балалар ,қараңдаршы бесіктің де,төсеніштің де ортасы ойылып алып тасталған екен. Себебі сол жерде түбегі тұрады.
Ал мынау шүмегі,осы шүмек арқылы баланың кіші дәреті түбекке құйылып, баланың денесі былғанбай таза болады.
Тәрбиеші: —Балалар,айтыңдаршы мынау қандай заттар?
— Мынау тарақ,айна.
—Иә,бұл айна мен тарақты кішкентай бойжеткен қызымыз «әдемі болсын» деп , ал мынау не?
— Иә,бұл пышақты бала шошымас үшін жастығының астына саламыз.
—Асылжанды алып,бесігіне салайық ( Бесікке салуды көрсетеді)
— Бөпеміздің ұйқысы тәтті болсын деп « Бесік жырын» айтайық:
Әлди,әлди , ақ бөпем,
Ақ бесікке жат бөпем.
Жылама бөпем, жылама,
Жілік шағып берейін
Байқұтанның құйрығын,
Жіпке тағып берейін
Әлди,әлди бөпешім,
Қозы жүні көкешім
Жұрт сүймесе ,сүймесін
Өзім сүйген бөпешім.
— Бөпеміз ұйықтасын, бесікті тербетейін,ал сендер Асылжанға арнап тілектеріңді білдіріңдерші .Ол өскенде қандай болсын?( Балалар тілектерін білдіреді)
Қорытынды: Бүгін қандай салт-дәстүрмен таныс болдық?
— Бесіктің қандай жабдықтарын білесіңдер?
Әжеден бата сұрайық.
Әже: « Ас бергенге бас берсін,
Өмірі ұзақ жас берсін
Кетпес дәулет
Кең пейіл берсін
Ата-анасына мейірімді болсын
Қатарының алды болсын
Ырысты ,нәсіпті болсын
Еліне елеулі,халқына қалаулы болсын Әумин!»
Тәрбиеші: — Әже батаңыз қабыл болсын! Ауырмай аман-есен жүре беріңіз.
ойын « Хан талапай» деп аталады. Ойынның шарты мынандай мына әдемі сандыққа әр түсті 5 асық саламын, бір бала шығып көзін жұмып сандықтан бір асық алады да, қандай түсті асық екенін айтады және сол түсті жерде жатқан конвертті тауып ішінен салт-дәстүрдің суретін алып, атауын айтасыңдар.
«Қостанай қаласы әкімдігінің «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№ 15 орта мектебі»
Шағын орталық тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Қазақ халқының салт- дәстүрі»»
Тәрбиеші: Сеилова А.А
2018-2019 оқу жылы