СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ халқының -Салт-дәстүрлері

Нажмите, чтобы узнать подробности

 Салт - дәстүрлер туралы білетін мағлұматтарын толықтыру

Просмотр содержимого документа
«Қазақ халқының -Салт-дәстүрлері»

Пән:Музыка

Күні: 12.05.2018

Сынып: 1Б

Мектеп: «№8 мектеп - кешені

Машықкердің аты-жөні: Жарылқасынова Толқын

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

Салт-дәстүр

Оқу мақсаттары:

2.3.1.2 Салт - дәстүрлер туралы білетін мағлұматтарын толықтыру

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар:

  • Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді..

Көптеген оқушылар:

  • Салт-дәстүрлер туралы мәліметтермен танысады.

Кейбір оқушылар:

  • Қол қимылдары арқылы «Бесік жырын» орындай алады.

Бағалау критерийлері:

Топта жұмыс істей алады,салт-дәстүрлерді атай алады,суреттер арқылы сөйлей алады.

Тілдік мақсаттар

Бесік жыры

Колыбельная

Lullaby



Пәнаралық байланыс

Әдебиеттік оқу, дене шынықтыру.

АКТ қолдану:

Аудиожазба, видеоматериал.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

5 минут

Психологиялық дайындық

Ертеңгілік шеңбері

Қол алысып, қәне, біз,

Достасайық бәріміз.

Айтарым бар сендерге,

Тез тұрыңдар шеңберге.

Қандай жақсы бір тұру,

Достарменен бір жүру!

Қандай жақсы дос болу!

– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!


Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!


Шеңбер құрады.

Балалар біз бәріміз енді өсіп келе жатқан гүлдерміз.Күн шықты,гүлдер жайлап ашылып,өсіп келеді. (қолдарын созады)


Кенеттен баяу жел соға бастады,гүлдер желмен жан-жаққа шайқалады. (қолдарын жан-жаққа шайқайды)


Бір мезгілде аспанға бұлт төніп,жаңбыр жауа бастайды,гүлдер тоңып,бүрсіп жабылады. (қолдарын кеуделеріне қойып,бүріседі)


Бір уақытта қайтадан күннің көзі күлімдеп шыға бастады,солуақытта гүлдер де құлпырып,жайнап ашыла бастады.


Үй жұмысын тексеру.

Музыка ойналады, микрофон оқушылардың қолынан біріне-бірі беріп, жүргізеді. Музыка тоқтаған кезде кімнің қолында микрофон қалады, сол оқушы өткен сабақта жатқа берілген өлеңнің сөзін немесе әндетіп айтады.



Күн,жел,бұлт, жаңбырдың суреттері.

Сабақтың ортасы 30 минут

(МК,Ұ)Тақырыпты ашу

Видеоматериал көрсету

«Cалт-дәстүр»

-Балалар, видеодан не көрдіңдер?

-Қазақ халқының салт-дәстүрлеріне нелер жатады екен?

Дұрыс айтасыңдар.

Салт-дәстүр-қазақ халқының ғасырлар бойы жиған тұрмыс-тіршілік заңдылығы,сенімі.Ұрпақтан-ұрпаққа беріліп отыратын әдет-ғұрпы,мәдениеті,өнері.

Сүйінші-жақсы,қуанышты хабарды жеткізу.

Шілдехана-сәби дүниеге келгенде жасалатын алғашқы той.


Бас, құлақ, мойны бар,

Үп-үлкен шанағы бар.

Ысқышпен ысқанда,

Ыңыранып шағар үні бар.

(Қобыз)

Жеті ішектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең түрлі-түрлі жыр шығар,
Бұл аспап,қай аспап?

Жетіген


Саусақ батпас түтіктен,
Сандуғаш құс сайрайды.

Сыбызғы


Ұзын мойны,
Екі ішек,
Қатар-қатар тепкішек.
Басып көрсең бір-бірлеп,
Үн шығады күмбірлеп.

Домбыра

Жаңа сөзбен таныстыру

Бесік жыры

Колыбельная

Lullaby


(ҰЖ) Қазақтың халық әні «Бесік жыры»

Қол қимылымен орындау


Әлди-әлди,ақ бөпем,

Ақ бесікке жат бөпем.

Жылама,бөпем,жылама,

Жылама әлди жылама.



Сергіту сәті

Бас бармағым - әкем,
Балаң үйрек – шешем,
Ортақ терек – ағам,
Шылдыр шүмек апам,
Кішкентай бөбек – мен.
Бір үйде біз нешеуміз?
Бір үйде біз бесеуміз.


Топтық жұмыс



САЛТ-ДӘСТҮР







Тыңдау: Халық әні «Бір бала»

Салт-дәстүрлер суреттері,видео,қима карточкалар.














































































Сабақтың соңы (5минут)

Міне, балалар бүгін біз сіздермен қазақ елінің салт-дәстүрлері туралы мәліметтермен таныстық.


Смайликтер арқылы сабаққа белсене қатысқан оқушыларды бағалау.


Рефлексия


Кері байланыс

«Аукцион» әдісі

Мен қазір аукцион өткіземін. Кім менің бүгінгі тақырып бойынша менің сұрақтарыма жауап береді, соған қорапшаның ішіндегі сыйлықты беремін.


Бағалау «Мультфильм кейіпкерлерімен»

Өте жақсы – сыйлығы бар қоян


Орташа – микки маусс

Төмен деңгейде – тиін



Стикер,кеме суреті.










Үйге тапсырма:

Бесік жырын жаттау



Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз?

Қабілеті жоғары

оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлайсыз?

Сабақ бойынша рефлексия

Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба?Оқушылардың барлығы Ом қол жеткізді ме?Жеткізбесе неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарында қандай ауытқулар болды,неліктен?

Бағалау – оқушылардың материалдарды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз.


Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Қорытынды бағамдау

Қандай екі нəрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нəрсе сабақты жақсарта алды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Осы сабақтан келесі сабақты өткізуге септігін тигізетін сынып және жеке оқушы жайлы не білдім?







Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК







Бекітемін :_________________

Колледж әдіскері: Оралғазина Г.М.

___________________________

Музыка мұғалімі: Байтолыкова Б.С.

№ 8 мектеп кешені




Тақырыбы: «Салт-дәстүр»





Өткізетін: Жарылқасынова Толқын

Сыныбы: 1 «Б»

Дәрісхана : 7

Бағасы:












Семей қаласы

2018