СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу. 8 сынып

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу. 8 сынып

Просмотр содержимого документа
«Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу. 8 сынып»


Көркем еңбек

Мектеп:



Күні: .

Оқытушының аты-жөні:



Сынып: 8 сабақ 1

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар:



Бөлім:

Дизайн және технология



Сабақтың тақырыбы:

Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу



Сабақта меңгерілетін оқу мақсаттары

8.1.2.1-Тарихи және мәдени шығу тегі әртүрлі өнер, қолөнер мен дизайн туындыларының ерекшеліктері туралы түсінігін көрсету



Сабақтың мақсаты:

Оқушылар:

  • Тарихи және мәдени өнер туындыларын ерекшеліктерін зерттейді

  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарының нобайын орындап, ақпараттар жинақтайды.



Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/уақыт

Педагогтың әрекеті

Оқушылардың әрекеті

Бағалау


Ресурстар



Басталуы




Ұйымдастыру кезеңі:

  • мұғалім оқушыларды белсенді оқу іс-әрекетіне және жаңа білім алуға бағыттайды;

  • оқу барысында ынталандыру үшін жағдай жасайды.


  1. Тақырыпты және сабақ мақсатын анықтау

Оқушылар тақтаға орналастырылғанқазақтыңұлттықкиімдерібейнеленгенәртүрліфотосуреттерді (мысалы, бас киімдер, аяқкиімдер, сыртқыкиім,аксессуарлар) қарастырады және сабақтың тақырыбы мен мақсатын анықтайды.Мұғалім тақтаға, оқушылар – альбомынанемесежұмысдәптерінеқажеттіжазбаныжазады, (1-4 слайд)

Оқушылар амандасып ,бір-біріне сәттілік тілейді.

Ойлану арқылы оқушылар қайталау сұрақтарына жауап береді

Қалыптастырушы бағалау: Бірін –бірі бағалау.

Оқулықтағы түсініктемелер мен берілген суреттер







Ортасы





Жаңа тақырыпты түсіндіру

«Тұрмыс» сөзін естігенде сіздердің ойларыңызға не келеді?

Оқушылармен бірге қазақ халқының тұрмыс- тіршілігі туралы (қолөнер, баспана және т.б.) әңгімелесіңіз.

Қазақ халқының тұрмыс тіршілігініңтарихына аздаған саяхат жасасақ

Сабақтың тақырыбың, мақсатын, бағалау критерийлерін таныстырып болғаннан кейін оқушыларға тақырыпқа сәйкес бейнебаян көрсету ұсынылады.

Этнодизайн
https://www.youtube.com/watch?v=eaTpJFRYIcw

Презентация: «Қазақ халқының тұрмыстық заттарымен танысу»

Өткеннен бүгінгіге оралсақ

Қолөнері дамыған қазақтың тұрмыстық заттары да ағаш түйін түйген шеберлердің қолынан шыққаны мәлім. Алайда осынау қолөнерімізді жоғалтып алғанымыз рас. Ел арасындағы шеберлердің шын ықыласының арқасында бүгінгі күнге қайта жетті. Бабадан қалған асыл мұрамызды ардақтаған жандар қолөнерді қайта жандандырып жатыр. Назарларыңызға қазақтың көнеден келе жатқан ыдыс-аяқтарының атауларын ұсынамыз:

Бүйен, жанторсық, жуаз, зерен, күбі, кеспек,керсен, кесекқап, көзе, көнек, қазан,қарын, қасық құты, құмыра, құман, құманша, ожау, мес, саба, самаурын, табақ, таба, торсық, тостаған, тегеш, тегене, топатай, түйемойнақ,піспек, шөген, шелек, бие, шәугім, шара, шәйнек, шөміш, шанаш, шылапшын, қауға, жуаз, табақ, керсен, зағыма, сарқым, ожау, тегене, тостаған, самар, күбі, сүйретпе, бөрдек, бұлқыншақ,меске, шанақ, көнек, шанаш.

Қыштан жасалынған ыдыстар:

құмыра, көзе, кереңке.

Халқымыз келген қонаққа қандай ыдыспен ас тартуына ерекше мән берген. Үйде сынық ыдыс-аяқ ұстамаған.

Тапсырмаларды орындамас бұрын оқушыларды топқа бөліп алу ұсынылады.

Тапсырма №1.Топтық жұмыс:

Ғаламтор ресурстарын (фотосуреттер немесе бейнебаян) пайдаланып, қазақ киіз үйінің ішкі жабдықтарын зерделеу. Зерделеу барысында мына сұрақтарды қамти алады:

• Өздері білетін қазақ халқының тұрмыстық заттарының атын атап және не себепті қолданатының айту.

• Оларды не себепті халықтың тұрмыстық затына жатқызамыз?

• Қазақ халқының шеберлері асхана аспаптарын, тұрмыстық заттар, жиһаздар дайындауда қандай материалдарды қолданған?

• Қазіргі таңда қандай заманауи тұрмыстық заттар қолданылады?

Әр топ өз зерттеу нәтижелерін постер немесе презентация түрінде таныстырады. Таныстыруға әр топқа 2 минут беру ұсынылады.

Тапсырма №2.Топтық жұмыс:

Кез- келген тұрмыстық заттардың (асхана аспаптары, жиһаз, сандық, музыкалық аспаптар немесе киімдер) нобайын орындап, таныстыру.

Дискрипторлар:

  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарын атайды;

  • Қазақ халқының тұрмыстық заттарының шығу тарихын біледі;

  • Бұйымның орындалу технологияларын түсінеді;

Қазақ халқының тұрмыстық заттарының айырмашылықтары мен ерекшеліктерін анықтайды.

Оқушылар топтасып ақылдасып пікір шығарып пікірлерімен бөліседі












Жауабын зерттеу дәптеріңе жазып, суретке түсіреді.

Дискриптор

Тарихи және мәдени тұрмыстық бұйымдардың шығу тарихын біледі;

Тарихи және мәдени тұрмыстық бұйымдардың ерекшеліктерін анықтай алады.

Тарихи және мәдени тұрмыстық бұйымдардың орындалу техникаларын ажырата алады.

http://ehistory.kazakh.ru/ehistory/41740.php

(Қазақтың ұлттық киімі)

http://wlooks.ru/nacionalnye-kostyumy/tatarskie/

(татар ұлттық киімі)


http://nazaccent.ru/content/4989-belorusskij-narodnyj-kostyum-strojnyj-obraz.html

(белорусс ұлттық киімі)


http://www.voxpopuli.kz/main/ra-krpe-nacionalnye-tradicii-sovremennyy-podhod-12331.html

(Құрақ көрпе)

http://kurakkorpe.kz/

Қазақ, татар, белорусс, орыс халқының ұлттық киімі туралы мәтінімен ақпараты бар дидактикалық материал.


Кесте


Бағалау карточкалары

Презентация, этностиль және оның түрлері туралы ақпарат




Аяқталуы





Рефлексия: «Сэндвич» әдісі арқылы.

  • 1 қабат – түсінгені туралы оң пікір;

  • 2 қабат – сыни көзқарас, нені өзгерту керек және қалай өзгерту керек;

3 қабат – оң көзқарас бере отырып, болашаққа ұыныс беру: маған ұнады, дегенмен келесі жолы …

Оқушылар бүгінгі сабақты қандай деңгейде түсініп,білгендерін айтады


Оқушылардың айтқан жауаптарына пікір қалдыру.






Қосымша ақпарат


Саралау. Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Қабілетті оқушылардың алдына қандай тапсырма ұсынасыз?

Бағалау. Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Қабілеті жоғары оқушыларға «Қарқын тәсілі» әдісімен Көркемдеп аралаудың күрделі түрлерін қолдана алады. Қолдауды қажет ететін оқушылар аралаудың қарапайым түрлерін қолдана алады.

1-10 баллдық жүйе бойынша бағаланады.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сабақта сергіту жаттығулары мен белсенді жұмыс түрлерін қолданамын.

Осы сабақта қолданылатын

Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары орындалады.

Жалпы бағалау

Сабақтың қандай екі аспектісі жақсы өтті? Оқыту туралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақты жақсартуға не жәрдемдесер еді? Оқытутуралы да, сабақ беру туралы да ойланыңыз.

1:

2:

Сабақкезінде, сыныпнемесежекелегеноқушылардыңжетістіктері/қиыншылықтарытуралы мен неніанықтадым? Келесісабақтарда неге назараударукерек?

1:

2: