ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ӘДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА WORDWALL.NET РЕСУРСТАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ ЖОЛДАРЫ
Танабаев Сакен Нуркешевич
«Қарағанды облысы білім басқармасының Шахтинск қаласы білім бөлімінің «№ 1 мектеп - гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Бұл мақалада сабақтарыңызда қосымша уақытыңызды босқа өткізбей, сабақты мұқият және тиімді өткізу үшін wordwall.net ресурстарын қалай пайдалануға болатындығы туралы айтылады.
Біздің өміріміз өте қарқынды дамып келеді. Уақытында болу үшін алға жылжу, даму, үйрену, жаңа дағдыларды меңгеру, балалардың негізгі бағыттары мен құзыреттерін ескеру қажет.
Сабақта шығармашылықпен айналысу үшін мұғалім ғаламторда оқып, дамуы керек. Дегенмен, оқушылар гаджетті ұтымды пайдалануы керек екенін есте сақтап, ұмытпауымыз керек.
Данная статья дает возможность как правильно использовать на уроках wordwall.net ресурсы. Для того, чтобы вдумчиво и качественно провести уроки, но при этом не тратя на это лишнее свое время.
Наша жизнь развивается очень динамично. Чтобы успеть, надо двигаться вперед, развиваться, обучаться, приобретать новые навыки, учитывать основные направления и компетенции детей.
Чтобы стать креативным на уроках педагогу, надо изучать и развиваться в просторах интернета. Однако нужно не забывать, что ученик должен использовать гаджет рационально.
Ж. Аймауытов айтқандай: «Сабақ беру – жай ғана шеберлік емес, ол жаңадан жаңаны табатын өнер» десек, бүгінгі оқыту жүйесінде әр түрлі инновациялық технологияларды пайдалану тәжірибеге еніп, нәтижелер беруде деп айтуға болады. Неге десек, өйткені оқушының қабылдау, түсіну, қолдану қабілеттері осыған келіп отыр.
«Инновация» деген сөз – латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңару, жаңалық, өзгеру» деген мағынаны білдіреді.
«Технология» гректің «teche»- өнер, шеберлік және «logos»- ғылым деген сөзінен шыққан, яғни «шеберлік туралы ғылым» деген мағынаны білдіреді. Осы инновацтя мен технология деген екі сөзді қазіргі заман оқушыларына керек екені сөзсіз.
Оқыту технологиясы мен әдістеме ғылымы бір-бірімен өте байланысты деуге болады. Себебі заман бір орында тұрмайды. Оны әрі қарай дамыту үшін мұғалім сабақтарда әртүрлі әдіс-тәсілдерді қоладану керек деп ойлаймын. Әдістеме ғылымы «Нені үйрену керек?», «Не үшін үйрену керек?», «Қалай үйрену керек?» деген сұрақтарға жауап іздесе, оқыту технологиясы «Қалай нәтижелі үйренуге болады?» деген мәселенің шешімін іздейді. Олардың мақсаты мен міндеті бір, яғни үйренудегі тиімді жолдарын қарастыру. Оқытудың тиімді жолдары оқытудың әр түрлі әдістері арқылы анықталады.
Қазақ тілі емес мектептерде қазақ тілі сабағында оқушылардың тілін дамыту ақпараттық технология арқылы атқарылады деп айтуға болады. Әр сабаққа мұғалім алдын ала дайындала отырып, нақты мақсат қою керек. Тілдік білім алгаритм бойынша жүйелі түрде, яғни жеңілден ауырға қарай берілу керек. Ақпаратты технологияны қолдану төмендегідей алғы шарттар арқылы іске асады:
І кезең – оқып үйрену;
ІІ кезең – меңгеру;
ІІІ кезең – теория мен практиканы ұштастыру;
IV кезең – дамыту.
Үй жұмысын тексеру кезінде, жаңа сабақты бекіту, немесе оқыған мәтін бойынша сұрақтарға жауап беруге ыңғайлы. Сол үшін мен өз сабақтарымда оқушылар жалықпас үшін, WORDWALL.NET ресурстарын қолданамын. Осы платформада өзім оқушылар үшін көптеген тапсырмалар құрастырамын. Мысалы, оқушылардың ауызша тапсырмаларын тексергім келсе, онда «кездейсоқ дөңгелек», «сәйкестендіру», «викторина», «тест» тапсырмалар арқылы білімін тексеремін. Егер жазбаша білімін тексеру үшін басқа да қызықты әдістер арқылы тексеруге болады.
АКТ-ның денсаулыққа тигізетін кері әсерін де айтып кету керек. Жалпы сабақта АКТ-ны 10-15 минуттан артық қолдануға болмайды.
Қорыта айтқанда, өздігінен белсенді әрекет ету арқылы білімді меңгерту қазіргі мұғалімнің негізгі талаптарының бірі. Сонымен мемлекеттік тілді оқыту жүйесіне ақпараттық технологияны енгізу тілді саналы меңгертіп, байланыстыра сөйлеуде ғана емес, ұрпақтың ізденімпаздық әрі шығармашылық қабілеттерін дамытуда әсері зор және тіл меңгеруге деген ықпалы арта түсетіні анық деп айтуға болады.
Оқыту технологияларын сабақта қолдану оқушылардың білім сапасын арттырып қана қоймайды, олардың жеке тұлға ретінде қалыптасуына әсерін тигізеді. Жаңа әдіс-тәсілдерді мән-мағыналарына, ерекшеліктеріне қарай таңдап қолдана білсек, балаға білім беруде анық болады деп есептеймін.
Қолданылған әдебиеттер:
1. https://wordwall.net/ru/
2. «Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңы
3. Қазіргі педагогикалық технологиялар мен оқыту құралдары: оқу құралы / К. Өстеміров.- Алматы: ЖШС «Казпрофтех», 2007.