СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ тілі мен қазақ əдебиеті сабақтарында 4к моделі қолдану және сабақтарында ұлттық ойын үлгілерін тиімді пайдалану

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Білім беру ісіндегі 4К моделінің қай талабы болсын мемлекеттік тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметімен, тілдің коммуникативтік негізімен байланысты екенін аңғаруға болады. 

Просмотр содержимого документа
«Қазақ тілі мен қазақ əдебиеті сабақтарында 4к моделі қолдану және сабақтарында ұлттық ойын үлгілерін тиімді пайдалану»


ҚАЗАҚ ТІЛІ МЕН ҚАЗАҚ ƏДЕБИЕТІ САБАҚТАРЫНДА

4К МОДЕЛІ ҚОЛДАНУ ЖӘНЕ САБАҚТАРЫНДА ҰЛТТЫҚ ОЙЫН ҮЛГІЛЕРІН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ


Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың “Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру”  Жолдауының “Өмір сапасы” бөлімінде білімдендіру ортасына: мобильділік, креативтілік, коммуникативтілік, нақтылық, динамизм тәрізді ақпараттық қоғамның жаңа талаптарына жауап беретін оқытудың инновациялық технологияларын енгізуге көңіл бөлген еді. Сондықтан, Елбасы: “Білім беру ісінде 4К моделіне: креативтілікті, сыни ойлауды, коммуникативтілікті дамытуға және командада жұмыс істей білуге басты назар аудару” екенін атап көрсеткен болатын. Білім беру саласында 4К моделін көптеген мемлекеттер қолдануға басымдылық беріп отыр. Көрші Ресей елінде аталған моделді білім беру жүйесіне енгізбес бұрын эксперименттер жасалып жатқаны мәлім. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында да білім беру жүйесінде оқушылардың сыни және креативті ойлауын дамытуға, адамдармен тіл табыса алу дағдысын жетілдіруге, топпен, ұжыммен жұмыс істей алу қабілетін қалыптастыруға баса мән беріліп отыр.

Білім беру ісіндегі 4К моделінің қай талабы болсын мемлекеттік тілдің қоғамдық-әлеуметтік қызметімен, тілдің коммуникативтік негізімен байланысты екенін аңғаруға болады. 

Білім беру жүйесіне байланысты дара тұлға қалыптастырудың 4К моделі мынадай басты мәселелерді қамтиды: сыни ойтаным, креативтілік, коммуникативтік, бірлестік пен үйлесім. 

 Сыни ойтаным – дара тұлғаның кез келген мәселеге байланысты өз пікір-көзқарасының болуы, өмірде ұшырасатын түрлі жағдайларды бағалай біліп, өзінің дара жолын дұрыс тауып, жетістікке жетуі.  

Креативтілік – дара тұлғаның өз бетімен ойлау дағдысын қалыптастыра отырып, өмірде өз шешімін білімімен, білігімен дәлелдей алуы. Креативтілік әр түрлі жағдаятқа байланысты адамның шығармашылық қабілетін дамытуды көздейді.  

Коммуникативтік – қоғамдық-әлеуметтік ортада белгілі бір өмірлік жағдаяттарға сай адамдардың немесе дара тұлғаның бір-бірімен тез тіл табысуы, пікірлесуі, олардың тілдесім мәдениеті, әсерлі сөйлеу дағдылары.

Үйлесімді бірлестік – ортақ мақсат барысында дара тұлға мен адамдардың табысқа жетудің жолын дұрыс таңдап, бір-бірімен түсіністік, сыйластық арқылы түпкі нәтижеге, жетістікке жетуі.   

4 К дегеніміз не?

Кез-келген салада сәтті әрекет етуге көмектесетін төрт дағды 1950 жылдары АҚШ-та пайда болды. 4К тұжырымдамасы — шығармашылық, сыни ойлау, ынтымақтастық және байланыс. АҚШ-та қарулы күштерге кадрлар даярлаумен айналысқан мамандар білім алушылардың жоғары нәтижелерге қол жеткізу үшін тетіктерді жақсы қолдана білу ғана жеткіліксіз екенін түсінді. Сонымен бірге әріптестермен өзара әрекеттесу және клиенттермен тіл табысу да маңызды.

1960 жылдардың ортасында тұжырымдаманы аяқтады. Hard (қатты) және soft skills (икемді) терминдері IT саласынан келді, яғни hard (қатты) сөзі


компьютерлік техниканы және оның барлық бөлшектерін білдірсе, ал soft (икемді) бағдарламалық жасақтама деген мағынаны береді. Қатты дағдыларға (hard skills) – машиналармен, заттармен жұмыс істеу дағдылары, ал икемді дағдылар (soft skills) — адамдармен жұмыс істеу дағдылары деп атай бастады. 

2016 жылы Давостағы Дүниежүзілік экономикалық форумда                        Клаус Шваб төртінші технологиялық революция басталды деп жариялаған болатын. Бұл дегеніміз, көп ұзамай роботтар біз үшін бәрін жасайды, ал 2020 жылға қарай сұранысқа ие әр қызметкер мынаны білу керек деген: 

1. Кешенді міндеттерді шешу; 

2. Сыни ойлау; 

3. Шығармашылық ойлау; 

4. Адамдарды басқару; 

5. Командада жұмыс істеу; 

6. Өзінің және басқа адамдардың эмоцияларын танып, оларды басқару; 

7. Пайымдау және шешім қабылдау; 

8. Клиентке назар аудару; 

9. Келіссөздер жүргізе алу; 

10. Бір тапсырмадан екіншісіне тез ауысу.

Осыдан болашақтың барлық маңызды кәсіби дағдыларын үш санатқа бөлді: сауаттылық, құзыреттілік, мінез-құлық белгілері. Осы айтылған Давостағы 10 дағдыны қысқартып, негізгі, басты дағдыларды атап көрсетті. Осыдан «4К жүйесі» аталып шықты: 

1.Креативтілік (Creativity); 

2. Сыни ойлау (Critical Thinking);

3. Коммуникация (Communication);

4. Координация (Coordinating With Others).


ХХІ ғ. ДАҒДЫЛАРЫ

Сауаттылық

Құзіреттілік

Мінез-құлық белгілері

Тілдік

Сыни ойлау

Қызығушылық

Сандық

Креативтілік

Бастамашылық

Жаратылыстану - ғылыми

Коммуникация


Табандылық 

АКТ- сауаттылық

Координация

Бейімделу

Қаржылық


Көшбасшылық

Азаматтық-мәдени


Әлеуметтік және мәдени хабардарлық

Неліктен 4К дамыту керек?

Жаңа кәсіптер жүйелі ойлауды болашақтың ең қажетті дағдыларының бірі деп атайды, ал жүйелі ойлау көбінесе 4К тұжырымдамасымен байланысты: бұл шығармашылық және ақпаратты сыни бағалау қабілетінсіз мүмкін емес. Қазіргі заманғы жұмыс берушілер белгілі бір бағыттағы қызметке тікелей байланысты дағдылардан гөрі дамыған икемді дағдылар (soft skills) олар үшін маңызды дейді. Ал бұл дағдылар кез келген кәсіпте сұранысқа ие.

Бұл дағдылар оқу процесінің бір бөлігіне айналуда. Өйткені білім беру технологияларын жасаушылар soft skills-ті дамытудың маңыздылығын жақсы түсінеді. Олар осы дағдыларды оқытудың әртүрлі модельдерін, оларды бағалау критерийлерін жасау бойынша жұмыс істеудеі. Қазіргі кезде шығармашылық пен сыни ойлау тапсырмалары ҰБТ-ның бір бөлігі. Қазірдің өзінде бұл дағдылар білім алушыға мектеп жобаларын:  баяндамалар, презентациялар, рефераттарды жасауға көмектеседі. 

Бұл дағдылар жеке әлеуетті дамытуға көмектеседі. Шығармашылықпен ойлау, ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау және адамдармен қарым-қатынас жасау қабілеті тек оқу мен жұмыста ғана емес, болашақ өмірінде де маңызды. Олар мақсатқа жету стратегиясын құруға, адамның алдында тұрған түрлі мәселелер мен міндеттерді шешуге көмектеседі. 

4К моделіне кіретін дағдының бірі ‒ коммуникация. Оқушылардың адамдармен тіл табыса білу, кез келген жағдайдан шыға алу, басқа адамның пікірін тыңдай білу, оның пікірімен санаса отырып, өз пікіріңді дәлелдеп, дәйектеп жеткізе алу дағдыларын қалыптастыру ‒ өзекті мәселе.

Білім беру ісіндегі 4К моделінің қай талабы болсын мемлекеттік тілдің қоғамдық әлеуметтік қызметімен, тілдің коммуникативтік негізімен байланысты екенін аңғаруға болады. 

Тілдің коммуникативтік негізі тіл мен сөйлеудің ерекшеліктерін, сөйлесім үдерісінің сипатын, тіл мен ойлаудың байланысын, лингвистикалық бірліктердің сөйлеу процесіндегі орнын, сараптап – талдау арқылы ашылады. 

Қазақ лингвистикасында тіл мен сөйлеуге қатысты мәселелерді ғылыми тұрғыдан анықтап, олардың айырмашылықтарын көрсетуге тырысқан тілші-ғалымдар шоғырын ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынов бастайды. Ғалымдардың пікірі мен ойын тоғыстыратын мәселе: тіл – қор болса, қарым-қатынас (коммуникация) – сол қорды пайдалану үдерісі, ал, сөйлеу мәдениеті – осы үдерісті жүзеге асырудың қағидалары болып шығады.

Атақты ойшыл-ғалым, ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының адамзат жаратылысындағы ерекше сыры мен жұмбағы мол құбылыс – тіл табиғатын, оның адам мен адамның, ұлт пен ұлттың түсінісуіндегі әлеуметтік сипаты мен қоғамдық қызметін жоғары қоюы тілдік қарымқатынас үдерісінің маңыздылығын дәйектей түседі. 

Білім беру ісіндегі 4К моделінің басты көрсеткіштері ретінде біліктілік пен құзыреттілік талаптары мен оқыту әдістері белгіленген. 

Осы тұрғыдан келгенде, мемлекеттік тілді оқытудың түпкі нәтижесі ‒ білімалушылардың сөйлеу тілін дамыту, яғни олардың коммуникативтік құзіреттілігін қалыптастыру және өрістету болып табылады. Коммуникативтік құзіреттілік тілдік, танымдық, проблемалық, ақпараттық, лингвомәдени және т.б. біліктіліктерден тұрады. Ғалым-әдіскерлер коммуникативтік құзіреттілікті дамытуда басымдықты мәтінмен орындалатын жұмыстарға береді. Өйткені мәтін ең басты қатысымдық бірлік болып табылады. Сондықтан білім берудің 4К жүйесінде көрсетілген оқыту әдістерінің мәтінмен жұмыс арқылы тиімді жүзеге асатыны даусыз. 

Мәтіндік жұмыстардың оқушының сөйлеу тілін дамытуға ықпалын зерттеген орыс әдіскері Р.А.Дощинский: «Коммуникативность ‒ это и цель текста, и способы ее эффективной реализации для получения конечного результата. Коммуникативность ‒ это диалоговый обмен текстами, которые лишь в процессе коммуникации приобретают свою подлинную жизнь, что и требует необходимости рассматривать текст исключительно с позиций коммуникативной пригодности. Таким образом, коммуникативно ориентированная работа над текстом–многоплановое понятие. Это такой текст, который, во-первых, содержит образцовые факты коммуникации вообще или указания на процессы коммуникации относительно самого себя, во-вторых, вокруг которого может строиться процесс общения, в-третьих, который сам становится основой, средством общения (текст выступает посредником в процессе полилогических высказываний), на него ссылаются, им оперируют» - деп, коммуникациядағы мәтіннің рөлін айырықша бағалайды.

Мәтінмен жұмыстың креативтік ойлауға жетелейтін ерекшелігін филология ғылымдарының докторы Эльмира Оразалиева төмендегідей оймен түйіндейді: «Белгілі бір лингвистикалық тұжырымды түсіну, ішкі идеялық мазмұнды ұғыну, ең алдымен, мәтінмен жұмыстың дұрыс жолға қойылуынан басталады. Оның ерекшелігі–автордың пікірлеріне саналы түрде баға беру, айтылар ойға тереңірек үңілу, сол арқылы ғылыми-практикалық тұжырымға жол ашу”. 

Мәтін арқылы орындалатын жұмыстар сөйлесім әрекетінің барлық түрін қолдануға мүмкіндік берді. Қазақша сөйлеу тілін жан-жақты дамыту үшін жүргізілетін коммуникативтік тапсырмалар мәтіналды жұмыс, мәтінмен жұмыс, мәтінсоңы жұмыс деп берілгені тиімді. Осы жұмыстардың аясында барлық әдістер: қатысымдық, интерактивті, креативті, танымдық, сұрақ-жауап,т.б.толық іске асады.

Мәтіналды жұмыс аясында ұйымдастыру кезеңнің міндетіне сай, білім алушының мотивациясын туғызуға бағытталған, ұсынылып отырған лексикалық тақырыпты коммуникативтік тұрғыдан меңгертуге тиімді, тіл үйренушінің деңгейіне қарай сөйлеуге жетелейтін тапсырмалар (мәтін мазмұны бойынш аиллюстрациялаған фондық суреттер немесе фотосуреттермен жұмыс, тірексөздерді пайдаланып, сөйлем құрау, сызба толтыру, диалогті толықтыру, мәтіннің тақырыбын талқылау және т.б. тапсырмалар мен грамматикалық материалдар) беріледі.

Мәтінмен жұмыс аясында лексика–грамматикалық минимумды меңгеруге бағытталған мәтіндік тапсырмалар жүйесі ұсынылады. Мұнда мәтін мазмұны бойынша сұрақ-жауап тапсырмалары (бірнеше жауаптың ішінен дұрысын таңдау, «иә»/«жоқ», «дұрыс»/«дұрысемес», еркін жауапты қажет ететін сұрақтар); мазмұнды түсінген-түсінбегенін тексеретін тапсырмалар (кім, не, қайда, қашан, не үшін және т.б. сұрақтар арқылы мәтінді түсінген/түсінбегенін тексеру, кілт сөздерді анықтау/таңдау, мәтін типін анықтау); сәйкестікті анықтауға арналған тапсырмалар (суреттермен сөйлемдерді, ауызша және жазбаша мәтіндерді, қысқа мәтінмен диалогті, сөзтіркестерімен сөйлем сыңарларын сәйкестендіру, суреттерді мәтін мазмұнымен үйлестіріп, орналастыру); нұсқауларды орындау (суретсалу, сызу, сызбадан бағытты анықтау, сызбаны не суретті толықтыру, суреттің не сызбаның бөлігін қосу, суреттегі (сызбадағы) бөлектерді белгілеу, естіген/оқыған ақпаратты сызбаға жазу, бланк толтыру, тірек сөздердің көмегімен жазбаны толықтыру) жұмыстары; мәтінді оқу сауаттылығын қалыптастыру (мәнерлеп оқу, кідіріс жасау, тыныс белгілерін, екпінмен дауыс ырғағын сақтау); тыңдаған материалды қабылдап, түсінуге (негізгі ойды анықтау, кейіпкерлердің әрекетін бағалау; идеяны, көзқарасты анықтау; сипаттау, баяндау, суреттеу және т.б.) бағытталған жұмыстар; айтылған пікірлерді, сөздерді толықтыру (айтылған не жазылған сөйлесім түрлерін аяқтау, толықтыру, қайта қалпына келтіру, диалогтегі репликаны толықтыру, кеңейту, оқиғаны не әңгімені аяқтау) т. б. Осы сияқты шығармашылық жұмыстардың ұсынылғаны жақсы нәтиже береді. Мұндай тәсілдер мен тапсырмалар оқушылардың пәнге қызығушылығын арттырумен қатар қазақ тілінде тыңдап, оқығанын дұрыс түсінуге, ойын сауатты жеткізуге үйретеді. 

Мәтінсоңы жұмыстар өтілген лексикалық және грамматикалық материалдар бойынша тіл үйренушінің алған білімін ұқсас немесе бейтаныс жағдайларда қолдану дағдыларын шыңдауға арналады: тақырып бойынша сұрақтар ойластыру, мәтінді жалғастыру, мәтіндегі ойға өз көзқарасын білдіру, жаңа мәтін дайындау, талдау, алған білімін өмірлік жағдаяттарда қолдана білу. Мәтінсоңы жұмыстар оқушынының алған білімін оқу жағдаятынан шынайы өмір жағдаятына аударып, әлеуметтенуіне жол ашатын тілдесімдік тапсырма түрлерінің (жағдаяттық тапсырма, рөлдік ойын тапсырмалары, ойын тапсырмалары, ойталқы, пікірталас ұйымдастыру) ұтымдылығымен ерекшеленеді. 

Тілдесімдік тапсырмаларды орындау арқылы білім алушы тілдік қатынас барысында әр түрлі ситуациялардан шығудың жолын іздестіріп, өз пікірін айтуға, көзқарасын дәйектеуге – креативтік ойтанымға үйренеді. Аталған жұмыс түрлері мәселені бірлесіп талқылау, шешім ұсыну, проблемалар мен міндеттерді айқындау, өзара және өзін-өзі бағалау, мәтін мазмұ-нының аясынан шығып, өз білімін өмірлік дағдыларға ұластыру сияқты коммуникативтік мақсаттардың жүзеге асуына жол ашады. Мәтінсоңы тапсырмаларынан кейін тілүйренуші білімді бекітуге арналған жарнама, хабарландыру, танымдық, ізденімдік сипаттағы жұмыстарға негізделген жаңа жазбаша мәтін түрлерін дайындайды. Жазбаша сөйлеуге үйрету мен жазба жұмыстарын орындату «мәтін – үлгі – жаттығу – шығармашылық жұмыс – кері байланыс (бағалау) – қатемен жұмыс» тізбегімен жұмыс істеу арқылы іске асады. 

Мұғалім бір сабақтың бойында оқулықта берілген бірнеше әдістерді ұтымды пайдалану арқылы тақырыпты терең меңгертеді. Мәтіналды жұмыс, мәтінмен жұмыс, мәтінсоңы жұмыстар аясында ұсынылған тапсырмалар қазақ тілін коммуникативтік тұрғыдан жан-жақты игертіп, оқушыны ойын дұрыс, түсінікті, сауатты сөйлеуге үйретеді. 

      Тілдік дағдыларды дамытуда ұлттық ойындарды қолданудың тиімді  әдіс-тәсілдері ретінде біздің мектебімізде тәжірибелік алаң қалыптасқан.

Бернард Шоу: «Біз қартайғандықтан ойын ойнамай жүрген жоқпыз,                                                                                                               ойын ойнамағандықтан  қартайып барамыз»- дегеніндей, ойнап жүріп ойлануға үйрету- шебер ұстаздың үлесі. 

      Шəкіртінің жетістігіне қуанбайтын ұстаз жоқ, себебі шəкіртінің жеңісі - ұстазының жемісі. Ұстаздың əр сабағы өмірде сабақ болатындай өтуі тиіс. Сондықтан əр ұстаз, əр жаңашыл ұстаз өз сабақтарында түрлі əдіс- тəсілдерді пайдаланады. Əр пəннен беретін ұстаздардың өзіндік сабақта қолданатын əдіс- тəсілдері болады.

       Интербелсенді әдіс– үйретуші мен үйренушілердің өзара әрекеттесуін оқытудың негізі деп танитын және сондай қатынасқа жағдай жасайтын әдістер. (inter – аралық, бiрнеше, action- әрекет дегендi бiлдiредi) Өзара әрекеттестiк әдетте, белгiлi бiр мәселенi шешу, ол шешiмнiң тиiмдiлiгi Бiз оқытуды және бiлiм берудi, егер сабақ барысында мұғалiм мен оқушы арасында өзара әрекеттестiктiң жоғары деңгейiне қол жеткiзсе, «интерактивтi” деп атаймыз. Интерактивтi сөзi – ағылшын тiлiнен аударғанда туралы әңгiмелесу, талқылау түрiнде өтедi.

      Ең бастысы, мұнда мәселенi шешу процесi жауапқа қарағанда маңызды екендiгiн түсiну қажет. Бұл интерактивтi әдiстiң мақсаты– тек ақпаратты беру ғана емес, оқушыларға жауаптарды өз бетiнше табу дағдысын меңгерту екендiгiмен байланысты.

      Интерактивті негізде оқу мақсаты – білу емес, үйрене бiлу өзiне деген сенiмге тәрбиелейдi шешендiк өнерiн жетiлдiредi танымның мәнiн түсiнуге көмектеседi (яғни, кейде абсолюттi шындық болмайтынын) сыни ойлау дағдыларын дамытады өз пiкiрiне деген құқығын түйсiнуi артады.

       Интербелсенді оқыту- әрекетпен және әрекет арқылы оқыту, бұл ұстаным үлкен нәтижелерге жеткізетін тиімді жүйе деп есептелінеді, себебі адам санасында бірінші кезекте өзінің әрекеттері мен өз қолымен жасаған істер қалады. Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Күн-цзы) былай деген екен: «Маған айтып берсең – ұмытып қаламын, көрсетсең – есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң – үйренемін!» деген пікірі дәлел бола алады. Сондықтан интербелсенді оқыту оқушылардың оқу үдерісіндегі белсенді әрекеттерін үйренудің негізгі құралдары ән тәсілдері ретінде танылады.

Интербелсенді әдісте оқушылар төмендегідей білім, білік, дағды, машықтарға үйренеді:

  • терең ойлану, жеке рефлексиялық қабілеттерді дамыту;

  • өз идеялары мен әрекеттерін талдау және оларға баға беру;

  • ақпаратты өздігімен түсініп, жан-жақты талдап, таңдап алу;

  • өздігімен жаңа түсінік пен білім құрастыру;

  • пікірталастарға қатысып, өз ойы мен пікірін дәлелдеу;

  • шешім қабылдау және қиын мәселелерді шешу;

Сол себепті интербелсенді оқытуда оқушылар келесі әрекеттерді атқаруға дайын болу керек:

Оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екенін көрсетеді. Белсенді оқу аясында көңілді білім алады. Жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан  мұғалімдер өз шеберлігін көрсетеді. Мұғалімдер әр сабақ соңында оқушыдан күтілетін нәтижелерін анықтайды, яғни бүгінгі тақырыпқа деген  жаңаша түсінік  пайда болды ма, немесе  жоспар іске  асты ма деген сияқты …т.б.

Интербелсенді әдістер қолданылған сабақтарда сыныпты екі немесе үш, төрт ұялы топтарға бөліп, барлығына бірдей бір тапсырма не әр ұялы топқа бөлек-бөлек тапсырма беруге болады.

Оқыту тәжірибесі барысы пікірталасқа негізделген және оқыту үдерісінде қолданылатын дидактикалық ойындар сияқты интербелсенді әдістерді пайдалану тиімді екенін көрсетеді. Соның ішінде дидактикалық ойындар оқушылардың білім алуға деген ынтасын, белсенділігін арттырып, алған білімдерін тәжірибеде дұрыс қолдануына көмектеседі. Ойын барысында оқушылардың бойында жағдаятты (ситуацияны) бағдарлау, яғни жағдайға талдау жасай білу, жағдаят (ситуация) кезінде өзінің атқаратын рөлін сезіну, әңгімеге қатысушы әріптестері арасында байланыс орнату, қарым-қатынас жасауда тілдік ұғымдарды дұрыс пайдалана білу сияқты қабілеттері жетілетіндігі байқалады.

Ойын - оқыту үрдісіндегі оқыту формасына жататын жəне оқыту əдісі бола алатын дидактикалық ұғым. Себебі осы əдісті қолдана отырып, оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарын оятуға болады.                               «Баланың ынтасын тарту үшін оқылатын нəрседе бір жаңалық болу керек»,-деп жазады Ж.Аймауытов. Əр оқылатын нəрсемен ойынды байланыстыра білсек, баланың сабаққа деген ынтасы арта түседі. Қазақ тілі мен қазақ əдебиеті сабағы – өзара тығыз байланысты пəн. Бұл пəндерді басқа да пəндермен байланыстыруға болады.

Білім бағдарламасының   мазмұндық ерекшеліктері оқытудан күтілетін нәтижелерге оңтайлы қол жеткізуге мүмкіндік беретін стратегияларды, әдіс-тәсілдерді  жетік білуді және таңдап қолдануды талап етеді.

Лексика тарауы бойынша жаңа сөздерді, термин, көнерген сөз, табу, тұрақты тіркестерді қайталау барысында "Сақина салу" ойынын ойнатуға болады. 

Ойынның мақсаты:оқушылар меңгерген тақырыптары бойынша алған білімдерін тексеріп, қазақ тілінің сөздік қорын қаншалықты меңгергенін тексеру. 

Ойынның шарты: сөз жазылып жасырылған қағазды мұғалім əр оқушының алақанына салып шығады, қағаз кімнің алақанында қалса, сол жауап береді. Бұл ойын түрін əрі сергіту сəті ретінде пайдалануға болады.

Морфологияны қайталау барысында "Тоғызқұмалақ" ойынын ойнатуға болады. 

Ойынның мақсаты: тоғыз сөз таптарын меңгертіп, ұлттық ойынымыз "Тоғызқұмалақты" қайтадан жаңа қырынан жандандыру.

Ойынның шарты: Морфология - сөз таптарын қарастыратын тіл білімінің саласы, ал қазақ тілінде сөз таптарының саны - 9. Əр сөз табын оқыту ретімен белгілеп, яғни бірден тоғызға дейінгі сандарды пайдаланып, тасты лақтырып, түскен сан бойынша сөз табына сипаттама беру. Мысалы: тасты лақтыру барысында үш жəне төрт түссін. Балалар реті бойынша үшінші мен төртінші сөз табының ережесін талдап, тіпті салыстыру мақсатында Венн диаграммасына салуға болады.

"Мен саған, сен маған" ойынын да өтілген тақырыпқа байланысты сұрақтар құрау үшін ойнатуға болады. 

Ойынның мақсаты: жұппен жұмыс жасауға үйрету жəне ой ұшқырлығын тексеру. 

Ойынның шарты: үйге берілген тақырып немесе ереже бойынша белгілі бір уақыт ішінде бірге отыратын парталас оқушылар бір - біріне қарап, сұрақтарын қояды. Осы арқылы бір - бірімен сөйлеспейтін, араласпайтын оқушылар тіл табысып, коммуникативтік құзіреттілікті де дамытуға болады жəне ой ұшқырлықтарының қаншалықты жақсы екенін аңғаруға болады. Сұраққа жауап берушінің қаншалықты тақырыпты меңгергенін, қаншалықты түсінгенін де көруге болады.

"Ханталапай" ойыны. Бұл ойын түрін де өткен тақырыптарды қайталау немесе үй жұмысын тексеру мақсатында ойнатуға болады. 

Ойынның мақсаты: асықпен ойнатылатын ұлттық ойынымызды дəріптей отыра, ұлттық құндылықтарды қайта жаңғыртып,шапшаң ойлап, шапшаң жауап беруге үйрету. 

Ойынның шарты: ойын үш бөлімнен тұрады. Оқушыларды үш топқа бөлеміз. Əр бөлімде сұрақ дайындауға үш минут уақыт беріп, жауап беруге он минут уақыт беріледі. Қорытындыға бес минут беріледі. Ойынға он бес сұрақ дайындылып, əр топқа конвертке салынып, нөмірленіп бес сұрақ беріледі. Əр топқа бірден беске дейін нөмірленген асық беріледі. Асықты мұғалім ортаға тастайды, ойыншылар қай нөмірлі асықты алса, сол конверттегі сұрақтарға жауап береді.

«Көкпар» ойыны. Бұл ойын түрін топтық жұмысқа пайдалануға болады. Берілген тапсырманы ортаға тастап топ мүшелері жауап бареді, дұрыс жауап «қазандыққа» салынып бағаланады.

Ойынның мақсаты:осы ойын арқылы алған білімдерін пысықтап, ортада талқылайды, бір-біріне сұрақ қою арқылы айтылым дағдылары қалыптасады.

Ойынның шарты: Екі немесе үш топтың оқушылары берілген мәтін бойынша қойылған проблемалық сұрақты талқылап, ортаға салады. Бұнда оқушылар бір-бірін бағалау арқылы ортақ пікірді саралап алады.

Қазақ тілін оқыту барысында орталық нысана етіп алынатын тілдік коммуникация процесі ойлау мен сөйлеудің бірлігі нәтижесінде қатысымдық бірліктердің байланысу заңдылықтары арқылы беріліп, адамдардың өзара түсінісуін қамтамасыз ететін, адамзатқа тән күрделі қоғамдық-әлеуметтік үдеріске айналады.