СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақ ұлттық тағамдары

Категория: Всем учителям

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Қазақ ұлттық тағамдары»

БҚО әкімдігі білім басқармасының
«Бөкей ордасы колледжі» МКҚК













Мини зерттеу жұмысы

«Қазақ ұлттық тағамдары»



















Өндірістік оқыту шебері Н.К.Хамидуллина















Зерттеудің мақсаты:


Қазақтың ұлттық тағамдарының қасиетін насихаттау және қолданыстан ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарымыздың күнделікті қолданыстан жойылып кетпеуіне себепші болу



Зерттеу міндеттері :


- Қазақтың ұлттық тағамы – түрлері;

- Қазақтың ұлттық тағамы қазақ өмірінде алатын орнын көрсету;

- құнды қазақ ұлттық тағамдары есебінен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары тағамдары ассортиментін кеңейту;


































Қазақ өте қонақжай халық. Қонақтың алдына барлық тәтті тағамды қойған. Бұл дәстүр ұрпақтан — ұрпақққа жалғасуда. Қазақ халқы асты өте жоғары бағалаған, әрі қастерлей білген. «Ас-адамның арқауы», «Ас атасы — нан», «Жаман ауруға —жақсы ас» деп халық тегін айтпаған. Асқа байланысты салт-дәстүрлер: қонақасы, табақ тарту, сарқыт, асар, т.б. Ырым бойынша дастарқанға қойылған дәмнен ауыз тимей кетуге болмайды.

Ата-бабамыздан қалған «Ас – адамның арқауы» деп айтылатын ғибраты мол мақал бар. Өкінішке орай, осы бір бабалардан қалған дана сөздің мәні мен мағынасына баса көңіл бөле бермейміз. Қазіргі көптеген жастарымыз ондай мақалдың бар екенінен де бейхабар. Ал, шын мәнінде бұл даналықтың астарында қаншама ұғым, қаншама ұлағат жатыр десеңізші… Қазақтың ұлттық тағамдарының қасиетін насихаттау және қолданыстан ұмытылып бара жатқан ұлттық тағамдарымыздың күнделікті қолданыстан жойылып кетпеуіне себепші болу мақсатында сауалнама жүргіздік.

Әдетте көбіміз күнделікті қолданып жүрген тағамды қарнымызды тойдырып, үш уақыт ішетін ас ретінде ғана түсінеміз. Оның дәмді және мол болуын ғана басты назарда ұстаймыз да, басқа қырына мүлдем үңілмейміз. Табиғаттың кереметтілігі де сонда, сол дәрумендердің бәрін өзі бізге беріп отыр. Олар – түрлі өсімдіктер және малдың еті, сүті тағы сол сияқты табиғи өнімдер.


Қазақ дастарқанына ұннан, сүттен, еттен жасалған тағамдар қояды.

Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде еттің орны ерекше. Eт дәмділігімен және өзінің құрамындағы адам организміне пайдалы белоктық заттармен құнды. Үлкен тойларда, тағы басқа жиындарда мал сойылып, меймандарға табақ тартылады. Алуан турлі қуырдақ, қазақша ет, бұқпа, көмбе, сырбаз секілді тағамдар дастарқанымыздың қадірін арттыра түседі.

Ұлт тағамдарының негізі болып табылатын сүттің орны бөлек. Сүт тағамдарын халық бір сөзбен «ақ» деп атайды. «Ағы бардың бағы бар» деп қазақ халқы сүт тағамын бақыт, несібесі деп білген. Сүтті соншалық қасиеттеудің басты себебі – ол тіршілік арқауы, одан неше алуан құнарлы тағамдар әзірлеп, дастарқан молшылығын жасаған. Сүттен қымыз, шұбат, қатық, малта, май, ірімшік, құрт, сүзбе, қаймақ, айран сияқты тағамдар жасаған. Қазақтар «Қымызы бар үй – қызығы бар үй» деп қымыз болған жерде той-думан, көңілді басқосулар көп болатындығын білдірген. Ал енді «Қызды кім көрмейді, қымызды кім ішпейді» деген мақалдан қымыздың қазақ қоғамында кеңінен тарағанын көруге болады.

Сүт тағамдарының қасиеті мол, әрі денсаулыққа пайдалы.

Ұннан жасалатын тағамдар: бауырсақ, шелпек, құймақ, күлше, таба нан. «Дәнді шашпа, нанды баспа» деп халқымыз нанды аса құрметтеген.Бұл тағамдардың бәрін ысырап етпей пайдалана білген.



Ұмытылған ұлттық тағамдар, қазақы бай дастархан, ұлттық тағамдарымыздың адам ағзасына тигізер пайдасы, ата-бабаларымыздың ас дайындаудағы шеберліктері жайлы алғаш жаза бастаған кезімізде ұлттық асымыздың қадір қасиеті, пайдасы жөнінде соншалықты көп ақпаратқа кездесеміз деп ойлаған жоқ едік. Алайда көзайым болар көп дүниеміздің әлі де болса көзден таса жатқанын байқадық.

Әсіресе ауыл ішіндегі ауылдастарымыздың пікіріне қарап ұлттық асымыздың ұмытылуда екенін көз жеткіздік. 


   Қазақ халқы, оның халық болып қалыптасып, күні бүгінде өз алдына егемен, тәуелсіз ел болу тарихы тамырын тереңге жайып жайқалып өсіп тұрған ағаш іспеттес. Әр халықтың өзіне тән ұлттық тағамы болып есептеледі, қазақ халқының да өзіне тән ұлттық тағамдары бар. Бұл – ата-бабаларымыздың бізге қалдырып кеткен асыл мұрасы. Осындай асыл мұраны сақтап оны келер ұрпаққа жеткізу өзін қазақпын деп санайтын әрбір жанның азаматтық борышы болып табылады. Салт-дәстүрді құрметтемеу оны қолданбауға алып келеді, ал қолданбау өз кезегінде оны ұмытуға алып келеді. Ал дәстүрін құрметтемейтін,оны ұмытқан ел өзінің негізгі болмысын жоғалтады. Сол себепті салт-дәстүрімізді, оның ішінде ұлттық тағамдарымызды ұмытпас үшін, одан айырылып қалмас үшін олардың дайындалу жолын білуіміз керек.

















Әдебиеттер

1.Қазақтың этнографиялық категориялар, ұғымдар мен ұғымдардың дәстүрлі жүйесі.  Алматы, DPS 2015; IVтом. Кітап авторы /құрастырушысы — Н. Әлімбай.  736 бет.

2.Хатран Д. Бейсенов А. Орталық Азия халықтарның дәстүрлі тағамдарының элеметтері (археологиялық және этнографиялық деректер бойынша) // Орталық музей еңбектері: музей ісі, тарих, этнология, фольклортану, антропология, деректану, нумизматика. /Ғылыми редактор Нұрсан Әлімбай. Алматы, Ғылым, 2004. 395 бет.

3. Омарова Т.М. Сүт өнімдерін өңдеуде түйе сүтін қолдану // Білім. Ғылым. Республикалық жас ғалымдардың конференциясы. Алматы, 2012;

4. Сейтов З.С. Кумыс. Шубат. Алматы, Өнер 2005;

5. Диқанбаев Ф.Т. История химического состава варенного молока // Новости науки Казахстана. №1. Алматы, 2010.