СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Қазақстанның геосаяси жағдайы

Категория: География

Нажмите, чтобы узнать подробности

Қазақстанның геосаяси жағдайына кешенді баға беру

Просмотр содержимого документа
«Қазақстанның геосаяси жағдайы»




Оқушыларға арналған тапсырмалар

Қазақстанның геосаяси жағдайы



ОБ сілтеме

Оқу мақсаты

Бағалауға арналған ұсыныс

12.1B Геосаясат және Қазақстан

Қазақстанның геосаяси жағдайын талдау


Дағдылар

Жетістік критерийлері


Геосаясат ұғымын біледі

Геосаяси мәселелерге талдау жасай алады

Өз ой –пікірін еркін (сөйлеу дағдысы) жеткізе алады

Басқа елдер мен ұйымдардың қажеттілігі, Қазақстанның сыртқы саясатының ықпалы туралы түсіндіре алады




Білу мен түсіну


Ж

Т

(12.1 B) Қазақстанның халықаралық саясаты (ұлттық қауіпсіздік, сыртқы саясат) және оның артықшылықтары туралы білімдерін қолдана отырып, оларға әсер ететін факторларды талдау




(12.1 B) Өз бетімен зерттеу жұмысын жүргізу– толығымен дербес оқушы болу




(12.1 B) Әртүрлі форматтағы мәліметпен жұмыс істеу және оны тиімді бағалау




1-тапсырма

Мәтінмен жұмыс жасаңыз:

Қазақстанның геосаяси жағдайы.

Ең алдымен Қазақстанның негізгі геосаяси ерекшеліктерін қарастырайық.Қазақстанның ГСЖ төмендегідей негізгі ерекшеліктерін бөліп көрсетуге болады.

Біріншісі - құрлықішілік жағдайы (ашық теңізге шығу жолының болмауы).Мұның өзі елді көрші мемлекеттерге тәуелді етеді. Қазақстан осы тәуелсіздікті бәсеңдету үшін әлемдік нарыққа шығаратын жаңа қөлік «коридорларын» жасауға қатысуда. Олар барлық бағыттар бойынша - Ресей, Қытай, Орталық, Оңтүстік—Батыс (Иран, Түркия) және Оңтүстік (Пәкстан) Азия арқылы жүргізіледі.

Қазақстан Трансазия темір жолын салуға, Қазақстан - Қытай мұнай құбырларын жүргізуге қатысты. Біздің елімізде Әзірбайжан, Грузия және Түркия арқылы Жерорта теңізіне қарай мұнай құбырын тартуға қызығушылық туып отыр.

Екінші ерекшелігі - әр түрлі мәдениеттердің, атап айтқанда - ислам (Орталық және Оңтүстік-Батыс Азия), орыс және қытай мәдениеттерінің түйіскен жерінде орналасуы. АҚШ пен Еуропаның геосаясаткерлері, мәдениеттер арасындағы күрес адамзат болашағына әсер ететінін тұжырымдайды. Еліміздің үкіметі өз ішіміздегі Бейбітшілікті қамтамасыз етіп, мәдениеттердің бір-бірін толықтыруына жағдай жасауда.Үкімет халық аралық деңгейде әлемдік және ұлттық діндер Форумын өткізді.

Үшінші ерекшелігі - Еуропа мен Азияның арасында орналасуы. Қазақстан Батыс пен Шығыстың арасындағы өзгеше көпір тәрізді.Үкімет аумақтың, транзиттік мүмкіндіктерін барынша толық пайдалануға тырысуда. Осыған байланысты аумақта көліктік құрылыс басталды.Қазақстан арқылы шет елдік үлкен тауарлар ағынының өтуі олардың, республиканың қауіпсіз болуына тәуелділігін арттырады.

Төртінші ерекшелігі - екі ірі державаның - Қытай мен Ресейдің арасында орналасуы.Бұл елдер Қазақстанмен бірге ШЫҰ мүше болып табылады. Олардың елдің егемендігі мен біртұтастығының кепілі ретіне маңызы зор. Бұлар біздің ірі сауда серіктестеріміз. Аталған мемлекеттерде 2 млн қазақ этносы тұрады. Осындай көршілік жағдаға байланысты Қазақстан екі мемлекеттің де мүдделерімен санасып, келісімге келіп отыруға тырысады.

Бесінші ерекшелік - Қазақстанның шекара аймақтарында шиеленісу ошақтарының («ыстық нүктелердің») пайда болуы. Олардың ішіндегі ең қауіптісі - Ауғанстан (халықаралық террор, есірткі саудасы).Қырғызстан мен Тәжікстандағы(ішкі кақтығыстар), Өзбекстандағы (террор мен экстремистік сипат) күрделі жағдайлардың болуы.

Алтыншы ерекшелігі - Каспий теңіз- көлінің статусы туралы келісім жасалмаған Каспий бойы аймағындағы жағдай.


1.Мәтінге қатысты сұрақтар: (Блум токсономиясы бойынша)

1.1 Мәтіннің мазмұнымен толық танысып шығыңдар;

1.2 Мәтінді мағынасына қарай бөліктерге бөліңдер;

1.3 Әр бөліктің негізгі идеясын анықтаңдар;


2-тапсырма. А)Берілген тақырыпқа SWOT талдау жүргізу


В) Сlil әдісі бойынша терминдерге түсініктеме беру


3-тапсырма («Аквариум» стратегия)

Сұрақтары бойынша топтарда оқушылар үш семинарға дайындалып, топтық презентация дайындайды:

2.1 Қазақстан мен сыртқы әлем арасындағы қатынас қандай болды?

2.2 Қазақстан мен қазіргі әлем арасындағы қатынас қандай?

2.3 Қазақстан мен сыртқы әлем арасындағы болашақтағы қатынас қандай болуы тиіс?

4-тапсырма/ Қолдану/

«Қазіргі әлемнің геосаяси архитектурасы және оның проблемалары». Эссе 200-250 сөз жазыңыз

__________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________