IV. Жаңа тақырыпты түсіндіру: «Қазантаста» Сейіт Кенжеғұлов – Автор туралы мәлімет беру. V. Мәтінмен жұмыс - Қазантаста сөзі туралы не білеміз? - Оқушыларға тізбектей оқыту - Балалар бүгінгі сабағымыз да аңыз туралы болғандықтан, аңыз дегеніміз не? Еске түсірейік. Қазақ халқының оқиғасын шындық өмірден алып ауызша шығарған көркем шығармаларының бір саласы – аңыз әңгімелер. Аңыз әңгімелер тарихта болған белгілі бір адамдардың атына, іс-әрекетіне байланысты туады. VI. Сөздікпен жұмыс Талғажау – қоректік зат VII. Сергіту сәті. Ал, балалар, тұрайық. Алақанды ұрайық Оңға қарай иiлiп Солға қарай иiлiп Бiр отырып, бiр тұрып, Бойымызды созайық Белiмiздi жазайық. Бойымызға күш жинап Бiр шынығып алайық. VIIІ. Мәтінге байланысты тапсырмалар орындау 1-тапсырма. І – топ: Қойшыбайды сипаттайды. ІІ –топ: Батталды сипаттайды. ІІІ-топ: Қойшыбай мен Батталды салыстырады. 2-тапсырма. - Мен түйген ой стратегиясы: Мәтіннен түйген ойларын параққа жазады, әр топтан бір мүшесі ортаға шығып оқиды. 4-тапсырма. - «Сұрақ жауап» әдісі мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру 5-тапсырма. Ойтолғау: «Шығармалар кестесі әдісі» Осы мәтінге ұқсас тағы қандай әңгіме оқығандарын естеріне түсіріп, екі әңгімені салыстыра отырып кестені толырады. |