"ҚОСТАНАЙ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ МӘДЕНИЕТ, ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ БӨЛІМІНІҢ "МИРАС" ҚАЛАЛЫҚ МӘДЕНИЕТ САРАЙЫ" МЕМЛЕКЕТТІК КОММУНАЛДЫҚ ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРНЫНЫҢ
1-филиалы
Қарттар күніне орай Успенов ауылының тұрығындарына арналған
"Қарттарым - қазынам" атты мерекелік концертінің сценарийі
26.09.2024 15.00
Жүргізушілер: Маженов Бакыт, Жабаева Шолпан.
ФАН –ФАР
Жүргізуші: Ассалаумағалекум ардақты ардагерлер, қадірменді аға буын өкілдері! Сіздерді келе жатқан 1- қазан Халықаралық қарттар күнімен шын жүректен құттықтаймыз!
Жүргізуші: Здравствуйте, дорогие гости! Дорогие наши дедушки и бабушки. Хорошо, что стало доброй традицией отмечать День пожилых людей. Этот день - день благодарения за тепло ваших сердец, за отданные работе силы, за опыт, которым вы делитесь с молодым поколением.
Жүргізуші: Біз әрқашан үлкенге құрмет, кішіден ізет деген аталы сөзді ұрпағының бойына сіңіріп өскен, қариясын қадірлеп, ардагерін ардақтаған текті елдің ұрпағымыз. Ардагерлер еліміздң алтын қоры, қария мен аға буынның өмір жолы біз үшін аса құнды, сондықтан халқымыз ертеден-ақ үлкенге құрмет көрсетуді өсиет етіп, ұрпақтар арасындағы сабақтастыққа, үйлесімділікке ерекше мән берген. Ендеше, «Мирас» қалалық мәдениет үйінің көркемөнерпаздарының Сіздерге арналған «Қарттарым - қазынам» атты мерекелік концертімізге қош келдіңіздер!
Жүргізуші:Для Вас будут выступать артисты Городского дворца культуры «Мирас».
Ән: «Сарыарқа». Орындайтын: Егінсай Жұлдыз
Танец «Торсық» исп: танцевальный коллектив «Арулар».
Номер: Песня: «Что такое счастье» исп: Жексембина Бақытжамал Мукатаевна
Жүргізуші: Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше. Ендеше, мереке құтты болсын!
Жүргізуші: Золотая осень… Возраст зрелых, мудрых людей часто называют осенью жизни… Как каждое время года прекрасно по-своему, так же неповторимы и возрастные «сезоны» нашей жизни. Какие бы беды ее ни омрачали, все плохое забывается. И мы снова радуемся жизни, мечтаем о счастье, о любви… Ведь жизнь прекрасна!
Ән: «Ақ жайнақ». Орындайтын: Бегазина Алтын
Номер: Песня: «Ах, судьба» исп: вокальная группа «Кружева».
Номер: Песня: «Течет ручей» исп: вокальная группа «Кружева».
Жүргізуші:
Дүниеге келер бір рет,
Дария кеуде тау мүсін.
Құрыштан құйған құдірет,
Қарттарым аман-саумысың!?
Өздерің жүрсең қасымда,
Ел іші жомарт еңселі.
Дән иісі жүрген қанында,
Даламның бір бөлшегі. Осында отырған барша ауыл тұрғындарын тағы да мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Қарттарды құрметтейтін, олардың алдындағы перзенттік парызын үлкен ынтамен орындайтын саналы ұрпақтар көп болсын.
Жүргізуші: Всё - таки немного неправильно сегодняшний праздник называть Днём пожилого человека, это зачем – то лишний раз подчеркивает гнёт лет и проблем, с которыми вы сталкиваетесь в своей жизни. Было бы более правильно называть этот праздник Днём Мудрого человека.
Ән: «Ауылға барам». Орындайтын: Батырғалиева Шолпан Сабырқызы
Ән: «Үмітім гүлім». Орындайтын: Бегазина Алтын
Танец «Детство» исп: танцевальный коллектив «Арулар».
Жүргізуші: Үлкенді сыйлау, оларға құрмет көрсету - ата-бабадан келе жатырған салтымыз. Ардақты ардагерлер Сіздердің өмірлік тәжірибелеріңіз бен ақыл-кеңестеріңіз, тәлім-тағылымдарыңыз біз үшін орны бөлек. Талай жасты тәрбиелеп, ізбасарларыңызды өсірдіңіздер. Мың жасаңыздар қадірменді қазыналы қарттар.
Жүргізуші: Хорошее настроение – это основа долголетия. Тот проживает дольше, кто смеётся больше. Многие из вас прожили тяжёлую трудовую жизнь, испытали серьёзные лишения, стойко переносили все невзгоды, не потеряв ощущения от радости жизни, сохранив чувство юмора и молодость души.
Номер: Песня: «Ты меня ждешь» исп: вокальная группа «Кружева».
Номер: Песня: «А я чернява» исп: вокальная группа «Кружева».
Жүргізуші: Адамның өмірінің мәні мен сұлулығы, адамның келешегіне сенімділігі - ол баланың ата-анасын ардақ тұтып, өзінің перзенттік қарызын бір сәтке де есінен шығармауында. Қарт кісіні құт - береке деп танысақ - ол ұрпақ көрегендігі. Қарттарымыз аман, ұрпағымыз саламатты болсын.
Жүргізуші: Людей, без которых невозможно было бы наше собственное существование. Это столпы жизненного опыта и мудрости, на которых держится каждая семья. Это хранители очага каждого дома. Мы желаем старшему поколению уважения близких, здоровья на все годы и долгой жизни на радость всей семье!
Ән: «Ақмаралым». Орындайтын: Егінсай Жұлдыз
Ән: «Айналдым ақмаңдайлым». Орындайтын: Жексембина Бақытжамал Мукатаевна
Жүргізуші:
Қарттарым жүректерің неткен дархан,
Көтерген тұрмыс жүгін сенің арқаң.
Жолыңды жүріп өткен қарасам мен
Рухани жан - жылытар сезім артар.
Таң атып күн де шыққан өздеріңмен,
Жалындап жұлдыз жанған көздеріңнен.
Тербедің көктем бағын самал болып
Өсиет жастарға айтқан сөздеріңмен,- дей келе асыл қазына, арқа сүйер тірегіміз болып ортамызда аман - есен жүре беріңіздер.
Жүргізуші: рус
Жүргізуші:
«Бабаларым, рақмет сендерге,
Бабаларым болмасын деп бос кеуде,
Қобызыңмен қосып ән мен тіл бердің,
Өмірге мен мылқау болып енгенде
Бабаларым, рақмет сендерге!», - деп Мұқағали Мақатаев атамыз жырлағандай әрбір перзент ата – әжелеріміздің алдында қарыздармыз. Қазыналы қарттарымызды ардақтап өтейік! Қадірлі ағайын, бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін ерекше күн болып табылады. Ендеше, қарттарымызды ардақтайық!
Ән: «Жақсы адамдарым». Орындайтын: Батырғалиева Шолпан Сабырқызы
Ән: «Он сегіз бен жиырма бес». Орындайтын: Құрымбаев Еркін.
Жүргізуші: Осымен қарттар күніне арналған «Қазыналы - қарттарымыз» атты мерекелік концертіміз аяқталды. Қазыналы қарттарымыз аман, еліміз тыныш болсын. Мереке құтты болсын!!!
Жүргізуші: Пусть небо над вашей головой всегда будет мирным, а солнце ясным! Здоровья вам и радости! Будьте счастливы! С праздником!