СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кейіпкерлер дайындау

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кейіпкерлер дайындау.Кейіпкерлер дайындауКейіпкерлер дайындауКейіпкерлер дайындау

Просмотр содержимого документа
«Кейіпкерлер дайындау»

Сабақ жоспары


Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1 Бөлім: Визуалды өнер

Мектеп:

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні:

Сынып: 6

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақ тақырыбы

Кейіпкерлер дайындау

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)


6.2.1.1 - Өздерінің идеялары мен сезімдерін жеткізу үшін қоршаған әлемнің көрнекі элементтерін және көркем өнер құралдарын анықтау, таңдау және пайдалану.

Сабақ мақсаттары

  • Көлеңкелі театрға арналған кейіпкерлердің көлемді бейнесін жасауды жалғастыру;

Жетістік критерийлері

  • Кейіпкерлерді жасаудың кезеңдерін қарастырды;

  • Сценарийге сәйкес кейіпкерлерді дайындауды аяқтайды.

Тілдік мақсаттар


Материалды ұсыну барысында сабақта қозғалған жаңа терминологияларды қолдану. Сұрақтарды қою және мысалдарды келтіре отырып, оларға аргументті жауап беру.

Пән лексикасы, терминология және диалог/жазу үшін қажетті сөз тіркестері:

  • сахна, декорация

  • Кейіпкерлердің образын сипаттау барысында олардың мінезіне, мимикасына және .... ерекшеліктерге мән беру керек.

  • Кейіпкерлердің бейнесін жасарда материалдарды біріктірудің бірнеше тәсілдерін қарастыру қажет. Олар....

  • Декорация сценарийдің мазмұнына сай жасалуы тиіс. Себебі....

  • Декорация жасаған кезде масштабты ескеру қажет. Өйткені...

Құндылықтарды дарыту

Қуыршақ театр өнерінде қозғалатын адамгершілік қасиеттердің маңыздылығын қарастыру.

Пәнаралық байланыстар

Әдебиет.

АКТ қолдану дағдылары

Бұл сабақ аясында АКТ дағдылары қарастырылмайды

Бастапқы білім


Анимация, мультфильм түсініктерімен таныс.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет



Сабақтың басы


Сабақтың тақырыптары мен мақсаттарына шолу жасау.

Оқушыларды бүгінгі сабақ тақырыбымен, оқу мақсаттары және сабақ мақсаттарымен таныстырыңыз. Сабақ соңында күтілетін нәтижеге назар аудару қажет.


Сабақтың ортасы

Бейнематериал тамашалап, сұрақтарға жауап беріңіз.

  • Көлеңкелі театрға арналған кейіпкерлерді жасаудың қандай кезеңіндесіздер?

  • Көлеңкелі театр кейіпкерлерін қимыл-қозғалысқа келтіру үшін не істеу керек?

  • Кейіпкерлерді жасау үшін қандай материалдарды қолданған дұрыс?

Практикалық тапсырма.

Сценарий бойынша кейіпкерлерді дайында.

Тапсырманы оқушылардың қабілеттеріне қарай саралап беру ұсынылады. Қабілеті төмен оқушыларға шаблон кейіпкерлерді беру ұсынылады.

(С) Жұмыстың келесі кезеңдерін ұсыныңыз:

  • Қара картонда қаламмен фигураны салыңыздар (кейіпкердің силуэті).

  • Силуэтті қайшымен қырқыңыздар.

  • Қырқылған силуэтті таяқшалармен қосыңыздар.

Жұмысты ұсынылатын критерийлер бойынша бағалау:

- Кейіпкерлер икемді болуы керек.

- Бөлшектердің элементтерін бір-біріне жалғау.

- Ұқыпты орындалу

Қосымша тапсырма: оқушылар қозғалатын бөліктерін шплинтті бекіте отырып орындауы мүмкін (мысалы, аяқ-қолдары, құйрығы).

Біз не істеп жатырмыз?

Оқушылардың тапсырманы қаншалықты дұрыс орындап жатқанын түсіну үшін сабақтың кез келген кезеңінде қою ұсынылады.

https://www.youtube.com/watch?v=QuKf7YrJaLw

(кейіпкерлердің силуэті)

https://www.youtube.com/watch?v=q9u0wfoe3WM

(көлеңкелі театр. Спектакль)

https://www.youtube.com/watch?v=x40LqqX42dg

(көлеңкелі театр)

РР-4

Қажетті материалдар:

Қара фломастер, қатты қағаз, сушиге арналған таяқшалар.





Сабақтың соңы

Бағалау

Оқушылар өздерінің жұмысы мен сыныптастарының жұмысын белгілі бір дескрипторлар бойынша бағалайды.

Рефлексия:

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:

Оқушылардан оқылған тақырыпты «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарды қамтитын бір сөйлеммен жауап беруді сұраңыз.


Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы


ЖАДА тәсілі. Тапсырмаларды саралау арқылы оқушыларға тапсыру.

  • Біз не істеп жатырмыз?

Оқушылардан оқылған тақырыпты «Кім? Не? Қайда? Қашан? Неге? Қалай?» деген сұрақтарды қамтитын бір сөйлеммен жауап беруді сұраңыз.

Денсаулық сақтау технологиялары.

Сергіту сәттері мен белсенді іс-әрекет түрлері.

Осы сабақта қолданылатын Қауіпсіздік техникасы ережелерінің тармақтары


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме?

Жеткізбесе, неліктен?

Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?

Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма?

Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?

Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


Жалпы баға



Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:


2:


Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!