Коучингтің кезеңдері
|
Коучтің іс-әрекеті
|
Мұғалімдердің іс-әрекеті
|
Қызығушылығын ояту
|
І.Психологиялық ахуал туғызу (2мин)
«Мен кіммін?» жаттығуы арқылы көңіл-күй көтеру.
Санау арқылы 6 бөлу.
|
Назарын коучерге аударады.
Сәлемдеседі
тренинг орындайды
Әр топ түрлі-түсті шары бар топ атаулары жазылған орындарға пәндер бойынша жайғасады
|
Тұсаукесер
|
Бейне материал «Көбелек сабағы»
«көбелек туралы аңыз» таныстырылымы бойынша қызығушылықтарын ояту
«Болжау» стратегиясы арқылы сұрақ қою:
*Көбелектің еркін ұша алмауына не себеп?
*Неліктен көбелек мұндай халге душар болды?
*Бұл тақырыптың бізге қандай қатысы бар?
|
«көбелек» таныстырылымы бойынша қызығушылықтарын оянады
Мұғалімдер: Біз де оқушының еркін ойлауына мүмкіндік бермей жатамыз, шыдамдылық танытпаймыз. Әр баланың ойлауы әр түрлі, кей баланың ойлауы шапшаң болса кей баланың ойлауы жәй. Бұл жерде көбелек оқушыда, адам мұғалім. Егерде адам шыдамдылық танытып өзіне мүмкіндік бергенде көбелек мұндай халге душар болмаған болар еді. Сондықтан мұғалімдер сабырлылық танытып, оқушылардың еркін ойлауына мүмкіндік беруіміз керек деген қорытындыға келді.
|
Мағынаны тану
|
Топта жұмыс істеу үшін белгілі бір ережеге сәйкес жұмыс істеу керектігін түсіндіру, сондықтан әр топқа топ ережесін құрастыру тапсырылады
|
Бірлесе отырып, топ ережесін құрады және әр топтан бір мұғалімнен шығып, топ ережесімен таныстырады.
|
Блум таксономиясы туралы теориялық білім (таныстырылым
бойынша) 10 минут
|
Бенджамин Блум – америкалық оқыту әдістемесінің психологі, Блум таксономиясының авторы. Пенсильванияда Ленсфорд қаласында туылған, 1935 жылы «Блум таксономиясы» атты кітабында өз теориясын дамытқан.Ол әзірлеген Блум таксономиясы сын тұрғысынан ойлауды қарастыруға болатын ойлау дағдыларының кеңінен қолданылатын иерархиялық моделі болып табылады. Блум таксономиясының мақсаты – оқытудың неғұрлым тұтас нысанын құру./МАН-43 бет./
Блум таксономиясы ең төменгі үдерістен жоғарыға қарай кезең- кезеңмен алты кезеңді (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау) қамтитын иерархиялық модель
|
Коучинг барысында мұғалімдер теория арқылы, Блум таксономиясының білімді игертуге тиімді екеніне көз жеткізеді.
Блумның өзектілігі мен білімді игертуге бағытталған 6-қадамына қысқаша теориялық түсініктеме бердім. Әріптестеріме Блумның сабақтың мақсатын қоюға және деңгейлік тапсырмалар дайындауға көмектесетін етістіктері жазылған үлестірме парақтарын алады
|
Практикалық жұмыс
7 минут тапсырманы әзірлеуге, 3 минут қорғауға
|
Әріптестерге ертегі кейіпкерлері бейнеленген парақшалар тарата отырып, қай ертегінің кейіпкерлері бейнеленген , қалай бөлініп жатқандарын сұралады.
Тапсырма:
«Бауырсақ» ертегісін Блум таксономиясына салу.
Әрі қарай «Бауырсақ» ертегісіне деңгейлік тапсырмалар беріп орындатып, өздерінің қай деңгейде жұмыс жасағандықтарын анықтаттым.
|
Бауырсақ ертегісіне деңгейлік тапсырмалар беріп орындатып, өздерінің қай деңгейде жұмыс жасағандықтарын анықтаттым.
1- топ: Ертегінің басты идеясын постерге бейнеле.
2-топ: Кейіпкерлерді жақсысынан жаманына қарай жікте, жіктеу әрекетіңізді түсіндір.
3-топ: Ертегіні бүгінгі жаңа заманға сай, үлгіде көрсет.
4-топ: Бауырсақ ертегісін көрініс түрінде көрсет.
5-топ: Осы ертегіні жарнамала.
6-топ.:Түлкінің бауырсақты бірінші рет көргендегі не істегенін сипатта.
|
Сергіту
|
«автопортрет» қағаздан өз бейнелерінің қиындысын жасау
|
Топ мүшелері қағаздан өз бейнелерінің қиындысын жасау
|
Ой толғаныс
|
География сабағынан Блум таксономиясымен құрылған сабақ үлгісі мен презентация көрсетіледі
|
Мұғалімдер тәжірибе алмасады
|
Коучингті бағалау.
Кері байланыс жүргізу.
|
Коучингті бағалау мен кері байланыс үшін стикерлер таратады
|
Табыс ағашына стикерлер жапсырылады
|
Қорытындылау
|
Білгенім – бір тоғыз, білмейтінім – тоқсан тоғыз.
|
«Астарыңыз дәмді болсын» тілегімен аяқталады
|