Ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі
Конспект организованной учебной деятельности в среней группе
Өткізу күні / Дата проведения: 13.04.2018
Тәрбиеші / Воспитатель :
Білім беру саласы / Образовательная область: Таным
Пән / Предмет: ҚМҰҚ
Өтпелі тақырып /Сквозная тема: Ғарышты білу
Тақырыбы / Тема: Кеңістікті бағдарлау,«Денсаулық күні»
Мақсаттары / Цели :
1. Тәрбиелік – воспитательная : Оң-сол, жоғары-төмен, алды-арты, биік-аласа, деген ұғымдарды баланың ойына бекіту
2.Дамытушылық – развивающая : Балалардан сұраққа жауап ала отырып, тілдерін ойлау қабілеттерін дамыта түсу, қорытынды жасай білуге үйрету.
3. Оқыту – обучающая : Кеңістікті бағдарлай білуге үйрету.
Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, сұрақ – жауап, әңгімелеу.
Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : Доптар, шарлар, гантельдер
Билингвалдық компонент : оң-правый, сол-левый,жоғары-вверх, төмен-вниз,
Жеке жұмыс: Николаева Линара
Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы
1. Ұйымдастырушылық кезеңі
Мотивациялық қозғаушылық
Ғажайып сәт: Балалар бізге хат келіпті. Хатты қоян жазыпты, хатта былай деп жазылыпты:
Сәлеметсіңдерме балалар!Менің атым үлпілдек. Сендерге хат жазып отырған себебім, 7 сәуір бүкіләлемдік денсаулық күнімен құттықтағым келді.Сендерге тілерім денсаулықтарың зор болсың, ешқашан ауырмай көңілді жүріңдер.Сәлемнен достарың үлпілдек.
2.Негізгі бөлім.
Тәрбиеші: Балалар бүгін денсаулық күні екен,кәнекей деніміз сау, мықты болып өсу үшін шынығу жаттығуларын орындайық. орнымыздан тұрайық қолымызды созайық. (балалармен жаттығу жасау) Жарайсыңдар балалар, денсаулығымыз мықты болып өсу үшін тек ғана жаттығу жасау керек пе? ия дұрыс айтасыңдар, тамақты дұрыс ішу керек,таза ауада ойнау керек, дұрыс ұйқы да қажет,үнемі көңілді жүру керек.
Кәне кім үйінде жаттығу жасайды? кімтанертенгілік тіс жуады?(балалар қол көтеріп жауап береді)
Балалар енді мына ойыншықтарға назар аударайық сөренің үстінде қандай ойыншық тұр,сөренің төменінде қандай ойыншық тұр? (жоғары да қонжық ойыншық,төменде домалақ түрлі-түсті шарлар)
дұрыс,жарайсыңдар! Ерасыл сен келегой оң жағығда не тұр? сол жағыңда не тұр айтағой
Ерасыл: оң жағында терезе, сол жағында үстелдер тұрғанын айтады
Алина сен айтагой алдыңда нет тұр? артыңда не тұр? Алина жауап береді
жарайсыңдар балалар.
Жоғары төмен, оң жақ, сол жақ, алды, арты бұлардың бәрі кеңістікті бағдарлау болып келеді.
Суретпен жұмыс: "Кеңістікті бағдарла" балалар суретте орналасқан бейнелерді оң,сол алды,артында тұрғанын бағдарлап айту.
Сергіту сәті: "Көңілді күн" балалар музыка әуеніне билеп жаттығу жасайды.
Билингвалдық компонент : оң-правый, сол-левый,жоғары-вверх, төмен-вниз, балалар орысша-қазақша сөздерді қайталап айтады
Ойын: "Нешінші" бұл ойынның шарты қаз-қатар тұрған ойыншықтардың нешінші екенін айту. Балалар ойыншықтарды атап береді.Түлкі үшінші тұр.
Қоян төртінші тұр.
Екінші.
Бақа.
Бірінші.
Балалар жұмыс дәптерлеріндегі аю мен қоянды бояйды.
Жеке жұмыс: Николаева Линарамен қиынға соғатын сөздерді 3-4 рет қайталап айтқызу
Сұрақтарға жауап береді.
3.Қортынды:
Балалар бүгін қандай күн болды? бізге кімнен хат келді? (балалардың жауабы: денсаулық күні, қояннан хат келді) жарайсыңдар балалар ,сендерге көп рахмет. Балаларды мадақтау

