СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кері пропорционалдық тәуелділік

Категория: Математика

Нажмите, чтобы узнать подробности

                                                                                                                                                                                                          

Просмотр содержимого документа
«Кері пропорционалдық тәуелділік»

ҰМЖ бөлімі:

6.1А Қатынастар және пропорциялар

Мектеп: №273 орта мектеп

Күні: 17.09.2018ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Пернебай А.С.

Сынып: 6 «В»

Қатысқандар :

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы:

Кері пропорционалдық тәуелділік

Оқу мақсаттары

6.1.1.3 қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсіну және оларға мысалдар келтіру, есептер шығару;

Сабақ мақсаттары

Барлық оқушылар: кері пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын біледі.

Оқушылардың басым бөлігі: қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсінеді, есептер шығарады;

Кейбір оқушылар: кері пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алады.

Бағалау критерийі

- қандай шамалар кері пропорционалды болатынын түсінеді;

- кері пропорционалдық тәуелділіктің анықтамасын біледі;

- кері пропорционалдық тәуелділікке мысал келтіре алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

-берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады;

-шамалар арасындағы тәуелділіктің түрлері туралы ой тұжырымдайды;

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Пропорция, пропорцияның негізгі қасиеті, пропорцияның шеткі мүшелері, пропорцияның ортаңғы мүшелері, пропорцияның белгісіз мүшесі, тура пропорционалдық тәуелділік, кері пропорционалдық тәуелділік.

Сыныптағы диалог/ жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

а : b = с: d өрнегін «a-ның b-ға қатынасы c-ның d-ға қатынасындай» деп оқимыз;

- а : b = c : d өрнегін «аb-ның қандай бөлігін құраса,онда c да d-ның сондай бөлігін құрайды» деп оқимыз;

- пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін ... керек;

- пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ... керек;

- берілген шамалар тура/кері пропорционал, себебі ...;

Құндылықтарға баулу

Белсенді қарым- қатынас, өзіндік шешім қабылдауды үйрену және оны дамыту. Бір – бірінің пікірлерін құрметтеу, қабылдау. Оқушылардың өз бетімен білім алу дағдыларын қалыптастыру.

Алдыңғы оқу

Пропорция құру, белгісіз мүшесін табуды біледі

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар


Сабақтың басы

2 минут



2 минут





2 минут


Ұйымдастыру.

Оқушылармен амандасу, түгелдеу, сабаққа назарын аудару.


Үй жұмысын тексеру.

№102, 40-бет


Үй жұмысын қорытындылау.

1)Пропорция дегеніміз не?

2)Пропорцияның негізгі қасиеті.

3)Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін қалай табады?

4) Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін қалай табады?

5) тура пропорционалдық тәуелділік дегеніміз не?










Сабақтың ортасы
10минут













































14 минут











6 минут

Жаңа білім беру.

Есеп: Тапсырманы 4жұмысшы 120 сағата орындайды. Осы тапсырманы 8,12,16 жұмысшы неше сағатта орындайды?

Шешуі: 1) Егер, тапсырманы 1 жұмысшы орындаса, ол неше сағатта орындайды?

4*120 =480 сағ.

2) тапсырманы 16 жұмысшы орындаса, неше сағ орындайтынын 480: 16 = 30 сағ екенін табамыз. Шамаларлың өзгерісін кестеге салайық

Жұмысшылар саны

4

8

12

16

Орындалу уақыты

120

60

40

30

Демек, берілген тапсырманы орындайтын жұмысшылар саны неше артса, жұмсалатын уақыттың сонша есе кемитінін көреміз.

Егер, бірінші шама бірнеше есе артқанда(кемігенде) екінші шама сонша есе кемитін болса, мұндай шамалар кері пропорционал деп аталады.

• Егер екі шама кері пропорционал болса, бірінші шаманың мәндерінің қатынасы екінші шаманың мәндерінің кері қатынасына тең болады.

Кері пропорционалдылықты әріптермен жазсақ,

х1 : х2 = у2 : у1 .

Мысалы, кері пропорционал шамалар:

  • Тік төртбұрыштың ауданы тұрақты болғанда оның ұзындығы мен ені;

  • Құны бірдей заттардың мөлшері мен бағасы;

  • Арақашықтық бірдей болғандағы жылдамдық пен уақыт.

  • Есеп: Мотоциклші өзен үстіндегі көпірден 10 м/с жылдамдықпен 54 секундта өтеді. Мотоциклші осы көпірден 12 м/с жылдамдықпен неше секундта өтеді?

  • Шешуі;

  • х – мотоциклшінің көпірден 12 м/с жылдамдықпен өту уақыты.

  • Есептің берілу шарты бойынша:

  • 10 м/с --------- 54 с

  • 12 м/с --------- х с

  • Есептің шарты бойынша кері пропорционал шамаларды пайдаланып, құрылған пропорция:

Бұдан х = (с). Жауабы: 45 с.

Жаңа білімді бекіту.

Оқулықтан №125, №126, №127 есептер тақтаға шығарылады.


Қалыптастырушы бағалау.

Агрофирмада егістік алқабын 12 комбайн 8 күнде орып бітіреді деп жоспарлаған.

a) Жұмыс уақытын 2 күнге кеміту үшін дәл сондай қанша комбайн қосу керек?

b) Берілген алқапты 8 комбайн межелеген уақыттан қанша күнге кеш орып бітіреді?


Дескриптор: Білім алушы

- берілген пропорционалдылық тәуелділікті анықтайды;

- пропорцияның негізгі қасиеті бойынша түрлендірулер орындайды;

- комбайн санын есептейді;

- кері пропорционалдық шарты бойынша уақыттың айырмасын есептейді.




Сабақтың соңы

4 минут

Үй жұмысын беру.

№131, 46-бет


Рефлексия.


Қосымша ақпарат

Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жоспарлайсыз?

Бағалау – Оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау




Сабақ мақсаттары дұрыс жоспарланған ба?Сабақтың уақыттық кезеңі сақталды ма?

Сабақ жоспарынан ауытқу болдыма?


Қорытынды бағамдау

Қандай екі нәрсе табысты болды (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Қандай екі нәрсе сабақты жақсарта алады (оқытуды да, оқуды да ескеріңіз)?

1:

2:

Сабақ барысында мен сынып немесе жекелеген оқушылар туралы менің келесі сабағымды жетілдіруге көмектесетін не білдім?




Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!