СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

"Кеше,бүгін,ертең."

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«"Кеше,бүгін,ертең."»

Мектепалды даярлық тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі

Конспект организованной учебной деятельности в подготовителной группе

Өткізу күні / Дата проведения: 15.01.2020

Тәрбиеші / Воспитатель :

Білім беру саласы / Образовательная область: Таным

Пән / Предмет: ҚМҰҚ

Өтпелі тақырып /Сквозная тема: " Аңдар қалай қыстайды?"

Тақырыбы / Тема: "Кеше,бүгін ,ертен,Аптаның күндері»

Мақсаттары / Цели :

1. Тәрбиелік – воспитательная : зейіндерін, байқағыштарын, өз бетінше жұмыс істей білу дағдыларын дамыту.

2.Дамытушылық – развивающая :уақытты бағдарлай білу қабілеттерін дамыту.

3. Оқыту – обучающая уақыт өлшеуіштері туралы бағдар беру,апта күндерін ретімен атауға кеше, бүгін,ертен ажыратуға үйрету.

Педагогикалық технологиялар / пед. технологии: денсаулық сақтау технологиясы, ойын әдісі, демонстрациялық материал, түсіндіру. ,

Ресурстармен қамтамасыз ету / Ресурсные обеспечение : суреттер,

Көп тілділік полиязычие: таң-утро-morning,күндіз-день-in the afternoon,кеш-вечер-It's late

Ұйымдастырылған оқу қызметінің барысы

1. Ұйымдастырушылық кезеңі

Есік қағылып, Мектепалды даярлық «Жидек» тобына деп жазылған арнайы Есепбике ханымнан хат келді. Тәрбиеші балаларға хаттың мазмұнын толық түсіндіріп береді.

-Балалар сіздер Есепбике ханымның мына хатта жазған тапсырмаларын орындай аласыздар ма? Балалардың математикалық түсініктерін тексеру, өткендерді қайталау.

Қабылдау қабілетін дамытуға арналған жаттығулар.

2.Негізгі бөлім

1 - тапсырма. « Аптада неше күн бар?»

Бір аптада неше күн бар?
Апта деген атайдың,

Жеті бірдей ұлы бар.

Біріншісі - Дүйсенбі.

Екіншісі – Сейсенбі.

Үшіншісі – Сәрсенбі.

Төртіншісі – Бейсенбі.

Бесіншісі – Жұма.

Алтыншысы – Сенбі.

Жетіншісі – Жексенбі.
2 - тапсырма. «Жұмыс күндері қандай?»

Жаңа тақырып: Уақыт. Уақыт бойынша бағдарлау: таңертең, күндіз, кеш, түн.

Ізгі сөздер

Бақшамызға барғанда,

Жолыққан бір жандарға,

Ертемен, ақ пейілмен

«Қайырлы таң!»-деймін мен

Күндіз де елді елді елеймін

«Қайырлы күн!»-тілеймін

Үйге кешке келемін,

Недерімді білемін

«Кеш жарық!»-деп кіремін.

Балалармен таңертең, күндіз, кеш, түн деген сөздерді қайталау. таңертең, күндіз, кеш, түнде не істейтіні туралы әңгімелесіп алайық.

  • Сіздерді ата-аналарың қай кезде балабақшаға әкеліп тастайды және қай кезде алып кетеді?

  • Қай уақыттарда адамдар тамақтанады?

  • Таңғы ас – таңертең, түскі ас – күндіз, кешкі ас – кешке ішіледі. Ал түнде адамдар тамақ жемейді, түнде адамдар ұйықтайды.

3 - тапсырма. Санау. Тура және кері санау.

1, 2, 3, 4, 5.

5 4, 3, 2, 1.

Көп тілділік полиязычие: таң-утро-morning,күндіз-день-in the afternoon,кеш-вечер-It's late

Жеке жұмыс: Самырат пен Ясминнен апта күндерін қайталап сұрау.

4– тапсырма.Сандар айтысы.

1

Біздің үйде бір тауық,

Бір жұмыртқа жүр тауып.

Бір сиыр бар қорада,

Бәтіш тәтем жүр сауып.

2

Екі аяқпен жүремін,

Екі көзбен көремін.

Екі қолым бар менің,

Екі құлақ білемін








3.Үйімде бар үш қалам.

Үшеуінде ұштағам..

Үш досымды салдым мен..

Үш балыққа ұқсаған

4

Төрт дөңгелек арбада,

Төрт аяқ бар малда да.

Тауыса алмай бидайды,

Төрт тышқан жүр қамбада.

5

Бестік деген бағаны,

Бақыт күнде алады.

Бәрі жақсы көреді


  • Бір аптада жеті күн бар.

  • Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма, Сенбі, Жексенбі.

Балалар апта күндерін айтып береді.

  • Дүйсенбі, Сейсенбі, Сәрсенбі, Бейсенбі, Жұма

Балалар өлең жолдарын қайталайды.

3.Қортынды

Балаларды мақтап-мадақтап ұйымдастырылған оқу қызметін аяқтау.