СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кескіндеме материалдары: гуашь, акваерль, палитра

Нажмите, чтобы узнать подробности

Кескіндеме материалдарына не жататындығымен таныстыру. Гуашь, акварель және палитра жөнінде айтып өту.

Просмотр содержимого документа
«Кескіндеме материалдары: гуашь, акваерль, палитра»



Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК







Бекітемін :_________________

Колледж әдіскері:Мұратбекова А.М.

___________________________

Мектеп мұғалімі: Сүлейменова К.А.

№ 8 мектеп кешені




Тақырыбы: «Кескіндеу материалдары:акварель және гуашь, палитра»






Өткізетін: Жарылқасынова Толқын

Сыныбы: 4 «Ә»

Дәрісхана : 6

Бағасы:










Семей қаласы

2018



Сабақ

Тақырыбы:

«Кескіндеу материалдары:акварель және гуашь, палитра»

Мектеп: №8 мектеп -кешені

Күні:

14.11.18

Мұғалімнің есімі: Жарылқасынова Толқын

Сынып: 4 «Ә»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың мақсаты

Өз бетінше шығармашылық жұмыс жасауды үйрету.

Оқушыларға кескіндеменің өнеріндегі тақырыптарымен сурет салуда мәліметтер беріп, білімді қалыптастыру, жаңа мағлұмат беру және т.б . сабақ оқытудың негізгі үрдісін есте қалдыру, оқушы санасына терең сіңіру, құралдармен жұмыс жасай білуге үйрету. Сурет салдыру арқылы оларды тазалыққа, ұқыптылыққа баула.

Нені білулері керек

Өз жұмысын жоспарлаудығ композицияға пішімді қалай таңдау керектігін біледі.

Нені үйренулері керек

Үйренген білімдерін тәжірибеде қолданады.

Жұмысқа қажетті материалдар

Жұмыс дәптері,жай қарындаш, акварель, гуашь.

Сабақты өткізуге қажетті материалдар,интернет ресурстар

Оқулық пен жұмыс, жұмыс дәптері, әйгілі суретшілердің туындылары.

Ұйымдастыру кезеңі:

Мұғалімнің әрекеті:


Оқушының әрекеті:

Психологиялық ахуал:

3 минут.

«Кел, балалар күлейік»

Шар арқылы бір-біріне тілек айтады.


Бір-бірімізді тыңдаймыз десек 1 рет қол шапалақтаймыз!

Ұйымшыл боламыз десек 2 рет

Белсенділік танытамыз десек 3 рет шапалақтаймыз!




Оқушылар орындарынан тұрады.


Үй тапсырмасын сұрау:

5 минут.

«Сақина салмақ ойыны»

Балалар біз бүгін сақина салмақ ойынын ойнаймыз. Бұл ойынның бүгінгі ерекшелігі кімнің қолында сақина қалса менің сұрағыма жауап береді?

-Біз өткен сабақта қандай тақырыптар өттік:

-Қандай суреттер салдық?

«Достық поезды», «менің ауылым», «наурыз», «астана», «бейбітшілік келісім сарайы» т.б.

Оқушылар үй жұмысын айтады.

Жаңа сабақ:

15 минут.

Адасқан әріптер” әдісі

Сінкекуед  тамериладары: вакаерль жнәе  угшаь,   пларита

Акварель. Бояу түрлері: майлы бояу, акварель бояуы, түрлі түсті қарындаштар. Соның ішінде біздің кең қолданатын бояуымыз –акварель. Бұл бояу суға езіледі, иісі жоқ, денсаулыққа зияны жоқ. Акварель бояуын қолдану бары-сында суды қоса отырып бояу түрін қою немесе сұйық түрінде қолдануға болады. Сонымен қатар суық және жылы түсті бояуларды бір бірімен қосып басқа түстер шығаруға болатынын білеміз. Мысалы:- сары+қызыл (қызылсары), сары+көк (жасыл), жасыл+қызыл (қоңыр), қызыл+көк (сиякөк) т.с.с. 

Гуашь – бояудың бір түрі. Оны акварель сияқты қағазға тигізбес бұрын әуелі суға езіп алған жөн. Бірақ оның акварельден негізгі айырмашылығы қағаз бетіне мөлдіреп түспей, қалың қою болып жағылады. Өйткені гуашьты ақ ұнтақ қосып әзірлейді.
Гуашь қағаз бетіне бір тегіс жұмсақ боп жағылады. Балалар, әсіресе сәбилер, осынау айқын да жарқын бояуды өте жақсы көреді. Онымен жұмыс жасау өте оңай. Егер қағаз бетіне жаққан бояуың ұнамаса, оны үстінен басқа бір түсті бояу жағып өзгерте саласың. Жұмыс жасау техникасы бойынша гуашьпен салу техникасы майлы бояуға біршама жақын келеді. Онда да мұнда да барлық түстерге ақ түс қосылып отырады.
Түстер ашық әрі қанық келеді. Бірақ кепкен кезде біршама ағаратынын да естен шығармау керек. Гуашь бояуымен акварель бояуы сияқты да, майлы бояу сияқты қою жаға отырып, дақтар арқылы да сурет салуға әбден болады.



Палитра – тік бұрышты немесе доға пішіндегі, суретшінің сол қолының бас бармағына киетін тесігі бар жұқа тақташа. Ағаштан, фарфордан, темірден жасалады. Палитраны суретші бояу езу үшін пайдаланып, өз көңіліндегі бояу реңін табу үшін оның бетінде бірнеше бояу түстерін араластырады. Суретшінің шеберлігіне орай Палитрада бояу реңдері пайда болады. “Палитрасы бай суретші” деген теңеу алуан түсті бояу үйлесімін тудырушыны меңзейді.Белгілі бір суретшіге немесе картинаға тән бояу түрлерінің үйлесім табуы.

«Почташы хаты» .Жұмбақ шешу.

Әрі қызыл, әрі тәтті,
Татқан жанды таңырқатты.

Алма



Сыртын жарсаң,қап-қатты,

Ал піскенде тəп-тəтті. Қауын



Соғым үшін сайлап қойдым,
Бордақылап байлап қойдым.
Қарбыз

Алма дерсің, түсіне қарап, 
Жүгері дерсің, ішіне қарап,
Татсаң тәтті, бал шәрбәтті.
Анар

Өзі қызыл , өзі қызық , 
Ортасында бір сызық .
Шабдалы



Сергіту сәті

«Арам зам -зам»

Оқушылар орнынан тұрып орындайды.

Сабақтың қорытындысы

  • Сретшілер қандай әсерлегіш құралдарды пайдаланады?




Рефлексия:

5 минут.

«Поезд» әдісі

Жасыл поезд – өте жақсы

Қызыл поезд – орташа

Сары поезд - төмен


Смайликке аттарын жазып үйге жабыстырады.

Үй жұмысын беру:

2 минут.

Жасап жатқан жұмыстарын аяқтау.

Үй жұмысын жазып алады.

Кері байланыс:

2 минут.


«Себет» жинау әдісі

Балалар сұрақтарыма жауап береді.

Бағалау:

3 минут.

Бағалау «Мадақтау смайликтері» арқылы

Мені қатты қуанттық

Сен өте ақылдысың

Бүгін жақсы жауап бердің