СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Кесте элементтернің графикалық ұсынылуы

Категория: Информатика

Нажмите, чтобы узнать подробности

Просмотр содержимого документа
«Кесте элементтернің графикалық ұсынылуы»

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Жүсіпбекова Әйгерім Бердібекқызы

Кәсіби даму мақсаты:

Мәселелік диалогтік оқыту арқылы оқушылардың зерттеу дағдыларын дамыту

Сынып: 7Ә

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар:

Сабақ тақырыбы:

Кесте элементтерінің графикалық ұсынылуы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

7.2.2.3-электронды кестеде диаграммалар құру

Сабақ мақсаттары:

Электрондық кестеде диаграмма құруды үйрену.

Барлығы: Диаграмма түрлерін біледі, қарапайым диаграммалар құрады.

Көпшілігі: Құрылған диаграммалардың параметрлерін өзгерте алады.

Кейбірі: Берілген деректер бойынша кесте жасап, өз бетінше диаграмма құрады.

Жетістік критерийлері:

Білу және түсіну:

  • Электронды кестеде диаграмма құру жолдарын біледі

Білімін қолдану:

  • Кестедегі мәліметтердің диаграмма түрлерін қолданып графикалық түрде ұсынады

Талдау:

  • Диаграммаларды түрлі салаларда қолдануды жүзеге асыра алады

Құндылықтарды дарыту



Тапсырмаларды жұпта(топта) орындау арқылы ынтымақтастық құндылықтарды қалыптастыру

Жаңа білім қалыптастыруда бірлесіп жұмыс жасау арқылы құрмет құндылықтарын қалыптастыру;

Жаңа білімді меңгеру арқылы өмір бойы оқу құндылығын қалыптастыру.

АКТ қолдану дағдылары

Презентация және ноутбуктарды қолдану.

Алдыңғы білім

Электрондық кесте элементтерін форматтау

Пәнаралық байланыс

Ағылшын тілі, орыс тілі, математика, физика


Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

1 минут

Ұйымдастыру кезеңі, жағымды психалогиялық ахуал ұйымдастыру. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру, түгендеу, ешқандай қауіптің жоқ екеніне көз жеткіу.



«Өрмекші әдісі»

5 минут



Үй тапсырмасын тексеру: оқушылардан «Өрмекші әдісі» арқылы сұралады. Мұғалім домалақ жіпті алып, сұрақтар қоя бастайды, жауап берген оқушының қолына бір рет орайды, осылай соғында кімнің қолын неше орам бар екенін санау арқылы кімнің жақсы меңгергенін анықтайды. Осылай үй тапсырмасы өрмекші торын тоқиды.


1. Ұяшықтарды көшіріп алу, тазалау, өшіру әрекеттері қандай команда арқылы орындалады?

2. Ұяшықтарды дұрыс пішімдеу не үшін керек?

3. Деректер типі дегеніміз не?

4. Шартты форматтау деген не?

5. Шартты форматтаудың пайдаланушыға қандай пайдасы бар?

6. Excel программасы дегеніміз не?

....


Түсіндіру

10 минут

Диаграмма – санды деректердің айырмашылықтары мен ерекшеліктерін визуалды қабылдауға ыңғайлы, түсінуге жеңіл етіп график түрінде ұсыну әдісі. Excel программасында көптеген диаграммалардың түрлері бар. «Диаграммалар» бөлімінде бірнеше диаграмма түрлерін пайдаланып, аралас диаграмма жасауға болады. Диаграммалар жасау үшін мәзірдегі «Кірістіру (Вставка)» бөлімін шерту арқылы «Диаграммалар» бөлімінде құралдар тақтасын ашамыз (3.31-сурет).

«Диаграммалар» бөлімінде Гистограмма, График, Дөңгелек (Круговая), Сызықтық (Линейная), Аймақтармен (С областями), Нүктелік (Точечная), Басқада диаграммалар (Другие диаграммы) сияқты шаблондары бар.

Диаграммамен қалай жұмыс істеу керектігін мұғалім тақтадан көрсетеді:

7, 11, 14, 20, 15, 4, 15 сандары берілген . Осы сандардың ішінде ең үлкен және ең кіші мәндерді визуалды түрде бірден ажырататындай диаграмма құраймыз.

1. Ұяшықтар қатарына сандарды жазамыз (3.32-сурет).

2. Осы қатарда тұрған сандарды тінтуір арқлы ерекшелейміз.

3. «Вставка-Диаграмманы» ашып, «Гистограмма» түрін таңдасақ, жұмыс алдында жаңа диаграмма пайда болады (3.33-сурет).

Диаграммадан көрініп тұрғандай, ең үлкен мән 4-ші бағандағы 20 саны, ең кіші мән 6-шы бағандағы 4-саны болады.


Жеке

жұмыс

3 минут



Дәптермен жұмыс

Оқушылар дәптерлеріне диаграмма түрлерін жазып шығады


Дескриптор: Білім алушы

Диаграмма анықтамасын және түрлерін анықтап жазады.


Сергіту сәті

«Логикалық сұрақтар»

2 минут



Топпен жұмыс

«Карточкалар әдісі»

6 минут

«Карточкалар» әдісі мүғалім 4 сұрақ дайындайды. Олардың жауаптарын қызыл, сары, көк, ақ түсті қағаздарға жазады. Оқушылар түстерді таңдап алып, жауаптары бірдей оқушылар бір топ болады. (Мұнда кез келген тақырыптан тыс сұрақ жазуға болады. Мыс, бүгін аптаның қай күні, бүгін нешесі т.б.). Топтар топ басшысын сайлайды.

Тапсырма – 1. Сәйкестендіру.

Кесте ішіндегі мәліметтерді сурет бойынша нұсқағыштармен сәйкестендіріңдер


нүктелік


гистограмма


дөңгелек


аймақтық


графикалық


сызықтық


Дескриптор: Білім алушы

  1. Диаграммалардың түрлерін анықтай алады

  2. Диаграммаларды салыстырады

Тапсырма – 2 . Құпия сөзді тап

Әр топқа қағазда көрсетілген әріптерді таратамыз. Ұяшықтардың ретімен қандай сөз жасырылып тұрғанын табу керек

1. A1, E3, B6, F1, F5, C4, B2, E7, A1, A7, B2.

2. A1, E3, E7, B5, F5, B2, A7, E7, A1, B6, E7, E5.

3. D1, B7, C1, C2, F3.


Дескриптор: Білім алушы

Ұяшықтарды тез табады.


Жұппен жұмыс

6 минут

Топтағы топ басшысы өзінің оң жағында отырған оқушымен жұптасады. және сол ретпен ары қарайғы оқушы өзінің оң жағындағы оқушымен жұптасып кетеді.

Практикалық жұмыс.

Электронды процессорде кесте және диаграмма құрыңыз.

Қазақстан Республикасы – қазақ ұлтынан басқа, өздерінің мәдени, тарихи құндылықтарын, тілін сақтаған көптеген өзге ұлт өкілдері өмір сүретін полиэтикалық мемлекет. Олар: орыстар (23,7%), украиндар (2,1%), өзбектер (2,9%), татарлар (1,3%), ұйғырлар (1,4%), немістер (1,1%) сонымен қатар, басқа ұлт өкілдері (4,4%)


Дескриптор: Білім алушы

1. Диаграмма құру үшін аймақты таңдайды;

2. Сәйкес келетін диаграмма типін таңдайды.



Саралау тапсрымалары

Жеке жұмыс

5 минут

Кестедегі берілгендерге сүйене отырып диаграмма салыңыз


Дескриптор: Білім алушы

1. Диаграмма құру үшін аймақты таңдайды;

2. Сәйкес келетін диаграмма типін таңдайды.




Сабақтың соңы

Рефлексия және үй тапсырмасын беру 2 минут

Рефлексия

Кері байланыс

Сабақ барысында көңіл – күйің қандай болды?

  Диаграмма құруды түсінуде ... қиын болды.

  Мен диаграмма жасауды ... түсіндім.

  Маған ... қызықты болды.


Үйге тапсырма: «Менің апта күндеріне кеткен шығыным» тақырыбына диаграмма құру.





Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!