СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Х дыбыс мен әрпі

Нажмите, чтобы узнать подробности

Сауат ашу және жазу пәнінен ашық сабақ. Х дыбыс мен әрпі

Просмотр содержимого документа
«Х дыбыс мен әрпі»

«Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімінің № 15 орта мектебі" ММ











Тақырыбы:

Х дыбысы және әрпі

(сауат ашу және жазу)
















МАД тәрбиешісі: Ажар Назарбайқызы




Сауат ашу және жазу.

Сабақтың тақырыбы: Х дыбысы және әрпі.

Сабақтың мақсаты: Балалардың сөз, сөйлем жайында түсініктерін бекіту. Сөздерге дыбыстық талдау жасатуды жалғастыру. Х әрпінің баспа түрімен таныстыру. Дыбыс пен әріпті ажырата білуге үйрету. Кеспе әріптерден жаңа дыбыстарды қатыстырып сөйлем, сөз құрастыру және оны талдауға үйрету.

Дамытушылығы: Сөз, сөйлем ойлау арқылы еске сақтау қабілетін дамыту. Дыбыстардың айтылу артикуляциясын дұрыс меңгерту. Әр түрлі ойын ойнату, ребус шешкізу арқылы логикалық ұшқыр ойлау қабілеттерін арттыру. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Тәрбиелілігі: Балаларды бауырмалдыққа, мейірімділікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

Әдіс-тәсілі: Сұрақ - жауап, көрсету, түсіндіру, ойын, қол жаттықтыру жұмысы, ребус шешу.

Көрнекіліктері: Әліппе, сауат ашу, ребус, кеспе әріптер мен буындар, хат қалта, пошта жәшігі, көрнекі суреттер, қызыл, көк текшелер.

Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, құрастыру.




Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі.

Кіріспе әңгіме өткізу

Оқушылар бүгін бізге сабаққа ұстаздар, мұғалімдер қонаққа келіп отыр. Бәріміз орнымыздан тұрып, оңға бұрылып, мұғалімдермен амандасып алайық.



Қайырлы таң көк аспан!

Қайырлы таң жер ана!

Қайырлы таң мұғалім!

Қайырлы таң қонақтар!

Қайырлы таң достарым!

Өте жақсы қане енді бәріміз орнымызға отырайық.

балалар, қазір бізде қандай мезгіл? /көктем/

Көктем мезгілін қайдан білдіңдер? /қар еріп, жылғалардан су ағып,күн көзі

шуағын мол шашып тұр./

Көтем мезгілінде неше ай бар?/үш ай: наурыз,сәуір,мамыр/

Ендеше қазір бізде қандай ай? /наурыз/

Аптаның қай күні?/екінші күні : сейсенбі/

Сұрақ: Ал сендер білім алуға бала-бақшадан шығып, қайда келдіңдер?

Жауабы: Мектепке.








Дұрыс, балалар олай болса, білім алуға мектепке келдіңіздер. Өткен сабақта мектепте не үйреніп едіңіздер? Қандай әріп және дыбыспен таныстыңыздар?

Дыбыс дегеніміз не? Әріп дегеніміз де?

Кім тақтаға балық,, бала,сөздерін жазып, дыбыстық талдау жасап береді?

Балық, бала сөздерінде неше дыбыс бар? Неше әріп бар?

Алдарыңыздағы әліппе, сауат ашу кітабынан өткен сабақтағы сөздерді кім оқып береді? Әр қатарға оқыту.

Тақтағы бала, балық,балықшы, балапан сөздеріне суреттер көрсету арқылы балаларға сөйлем құрату.





Мысалы: Балықшы балық аулап жатр. Балапандар көлде жүзіп жүр. Бала кітап оқып отр. Балық суда жүзеді.



Ойын: «Кім жылдам»

бала, балға, бидай, т.б. сөздерін қолдарындағы әріптермен 3 қатардың оқушылары құрастырып, жоғары көтеріп жарысу.

Алдыңғы сабақта алған білімдерін пысықтаймын.







Жаңа сабақ.

II. Негізгі бөлім.

Ал ,балалар, енді менің қолыма қараңдаршы. Нені көріп отырсындар?  

Дұрыс, Хат. Бізге хат келіпті. Енді бұны ашып көрейік? Ішінде не бар екен? Ішінде не бар екенін тапсақ, бүгінгі танысатын жаңа әріп, дыбысымызды білетін боламыз. Балалар нені көріп отырсыңыздар? Ішінде екі көк жолақша бар екен. Осы екі көк жолақшаны көлбеу қиылыстырып, тақтаға Х әріпін құрастырып көрсетемін.

Олай болса, балалар, бүгінгі жаңа сабақта танысатын әріпіміз - Х дыбысы және әріпі.

Х дыбысы және әріпі туралы түсінік беру. Х әрпін ауада және тақтаға баспа түрде жазып көрсету. Балаларға сұқ саусақтарын қиылыстыру арқылы қолдарымен құрастыру.

Балалар менің қолымдағы хат қалта, ал хат сөзінде х әрпі сөздің басында жазылады. (Хат туралы түсінік беру)

Хат дегеніміз байланыс құралы жоқ, алыс елді мекендерде тұратын туысқан, бауырларыңызға өздеріңіздің амандығыңызды, сағыныш сәлеміңізді жазып жіберу, оны газет журнал таситын пошта қызметкерлері мекен жай арқалы апарып береді т.б.

Хат, хабар, халат, хор, хан, саяхат, шахмат, Хамит, Асхат,  сөздеріне дыбыстық талдау жасау

Әліппе сауат ашумен жұмыс. Х әріпін жаздыру. Кітаптағы суретпен жұмыс



Сергіту сәті. «көңілді күн»



«Кім тапқыр» ойынын ойнату.

1. Мектептен кітап алу үшін қайда барасыңдар? (Кітапханаға)

2. Дәрі қайда сатылады? (Дәріханада)

3. Ойлап отырып ойнайтын спорттық ойын түрі? (Шахмат)

4. Мектепте қарның ашса самсаны қайдан аласыңдар? (Асханадан)

5. Алыстағы ата-әжеңе сағынышпен не жазасыңдар? (Хат)

6. Көмірді жер астынан кімдер өндіріп шығарады? (Шахтер)

7. Дәрігерлер қайда жұмыс жасайды? (Емхана, Аурухана)

Осы сөздердің бәрінде бүгінгі танысқан қадай дыбыс көп айтылды? (Х)




Ребус шешу.

–  АС - 

- - 

АС –  - 




Тапсырма.

Әр оқушыға тест сұрақтары беріледі.

Х әріпі бар сөздерді тауып, қорша.

1. Қар 1. Күн 1. Хабар

2. Нан 2. Хор 2. Қол

3. Хат 3. Гүл 3. Әке








Жаңа сабақты тиянақтау.

Балалар, бүгінгі сабақта қандай әріп және дыбыспен таныстық? Балалар бүгін ұйымдастырылған оқу қызметінде сендерге қандай тапсырма қиын болды? немесе қандай сұрақ? Олай болса, мына менің қолымдағы хат қалтаның ішінде сендерге көптеген сөйлемдері бар хат жіберіпті. Соны оқып берген бала хатын мына пошта жәшігіне салады. Оны хат таситын пошташы, ата- әжелеріңе апарып береді. Ал оқи алмай қалсаңдар, хаттарың жіберілмейді. Әли хат оқыды. Айша халат киді. Хасан ойнады.Жақсы хабар келді. Мен емханаға бардым. т.б.

Хат ішіндегі сөйлемдерді оқыту, пошта жәшігіне салдыру.

Егер сабаққа келмеген болсақ, осының бәрін білмей қалатын едіңдер.

Сабақты қорытындылау, балаларды мақтау, мадақтау, қолпаштау.


























Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!