СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Хабарлы сөйлем .

Нажмите, чтобы узнать подробности

Хабарлы сөйлем туралы айтып өту. Өз беттерімен сөйлем құрастыруға үйрету.

Просмотр содержимого документа
«Хабарлы сөйлем .»

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» КМҚК





Бекітемін :_________________

Колледж әдіскері: Табилтайқызы С.

___________________________

Мектеп мұғалімі: Енсебаева А.О.

№ 8 мектеп кешені




Тақырыбы: «Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем»






Өткізетін: Жарылқасынова Толқын

Сыныбы: 2 «Б»

Дәрісхана : 25А

Бағасы:








Семей қаласы

2018 жыл

Күні: 21.10.18

Сынып: 2 «Б»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

«Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын. Хабарлы сөйлем»

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

3.7. Пунктуациялық нормаларды сақтау

2.1.2.1. Мәтіннің тақырыбы мен тірек сөздердің негізінде мәтіннің мазмұнын болжау;

2.3.6.1 мұғалімнің көмегімен тірек сөздерді, сөйлем, суреттерді пайдаланып, қарапайым постер / сөйлем/калиграмма құрастыру



2.3.7.1. Сөйлем түрлерін айтылу мақсатына қарай ажырату және сәйкес тыныс белгілерін 43 қолдану (нүкте, сұрақ белгісі, леп белгісі)


Сабақтың мақсаттары

Барлық оқушылар төмендегіні меңгереді:

  • Тірек сөздер мен суреттерді пайдаланып сөйлем құрастыра алады.

Оқушылардың көпшілігі:

  • Тірек сөздер мен суреттерді, сөйлемдерді пайдаланып мәтін құрастыра алады.

Кейбір оқушылар:

  • Тірек сөздер мен суреттерді, сөйлемдерді пайдаланып постерлер мен мәтіндер құрастырады және оның негізгі ойын анықтайды.


Жетістік критерийлері

Тірек сөздер мен суреттерді пайдалана отырып,сөйлем қарапайым постерлер құрастыра алады.

Құндылықтарды дарыту

Жауапкершілік

Пәнаралық байланыс

Әдебиет пәнімен байланыс

Тілдік құзыреттілік

Көптік жалғауларды дұрыс қолдану

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру

5 минут

«Шаттық шеңберіне» шақыру.

Қайырлы таң,көздерім! Ояндыңдар ма?

Қайырлы таң, құлақтарым! Ояндыңдар ма?

Қайырлы таң,қолдарым! Ояндыңдар ма?

Қайырлы таң,аяқтарым! Ояндыңдар ма?

Қайырлы таң, Күн! Мен ояндым!

Балалар, қазіргі сабақ басындағы көңіл-күйлерің қандай?


Өте жақсы! Орташа! Көңілсіз!

Оқушылар өз көңіл-күйлерін айтады.

Ал менің көңіл-күйімді білгілерің келе ме?

Мұғалім өз көңіл-күйін айтады.

Ал енді сабақтың соңында біздің көңіл-күйлеріміз өзгеруі мүмкін,оны сабақ соңында білетін боламыз!



Шаттық шебері











Үй тапсырмасын сұрау кезеңі

Қайсымыз 5 алудан қашпаймыз,

Ендеше үй тапсырмасын сұрауды бастаймыз.



Жаңа сабақты түсіндіру кезеңі

8 минут




(МК;Ж) Сабақтың тақырыбын ашу

Оқушыларға сөзжұмбақ жасырылады. Жауаптарын оң жақ бұрышынан төмен қарай диаганаль бойынша оқыса бір сөз шығады. Бұл бүгінгі сабақтың тірек сөзі ретінде таңдалып, тақырыппен таныстырылады.

Соған сәйкес мақсатын айқындайды.

Е

Ң

Б

Е

К




О

Р

Ы

Н

Д

Ы

Қ



М

Е

К

Т

Е

П





Ж

А

Қ

С

Ы

К

Ү

Н

Д

Е

Л

І

К

  1. Мақалдың жалғасын тап.

..... түбі береке,

Көптің түбі мереке.

  1. Оқушының омыртқа жотасының дұрыс қалыптасуы үшін не көмектеседі?

  2. «Алғашқы қарлығаш» атталған орын (мекеме)

  3. Мақалдың жалғасын тап.

....... сөз жарым ырыс.

  1. Оқушы «айнасы» ?

  • Қандай сөздер шықты?/оқушы сөздерді оқиды/

  • Бұл неге қатысты ұғымдар? /мектепке қатысты ұғымдар/

  • Диаганаль бойынша сөз құрау. /ЕРЕЖЕ/

  • Оқушы мектепте қандай ережелерді сақтауы керек?

  • Қай кезде қандай ережені білу керек?


Сабақтың тақырыбы мен мақсатын таныстыру.

29. Мәтінді түсініп оқы.

Үзілісте

Сәуле – сынып ұжымының ұйымдастырушысы. Ол үзілісте кезекшілердің терезені ашып, тақтаны сүртіп қоюын ескертеді. Тақта сүрткішті үнемі дымқылдап қояды. Балалардың үзіліс кезіндегі тәртібін қадағалайды.

Бірде Сәуле:

-Біз үзіліс кезінде дұрыс демалуға тиіспіз,ол үшін не істеу керек, әркім өз ойын айтсын, - деді.

  • Үзілісте сендер не істейсіңдер? Сендер де өз ойларыңды айтыңдар.

  • Үзіліс не үшін беріледі деп ойлайсың?

  • Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелер құрастырып көр.

30.Сөйлемдерді көшіріп жаз.

Үзіліс кезінде сыныпта жүгірмейді. Айқайлап сөйлемейді. Әрдайым әдеп сақтау керек.

  • Сөйлем соңындағы тыныс белгілеріне назар аудар.

Бірдеңенің жайын хабарлау мақсатымен айтылған сөйлемді хабарлы сөйлем дейді. Хабарлы сөйлемнің соңына нүкте (.) қойылады: Оқушылар мұражайға барды.



31.Суреттерге қара.

Суреттегі балалардың қайсысы үзілісте өзін жақсы ұстады? Қай оқушы өз тәртібін өзгертуі керек деп ойлайсың?


Суретпен жұмыс.

«Үзіліс кезінде демалуға арналған ережелерді сақтаймын» постер құрастыру.

Оқушыларды 4 топқа бөлу.


Әрбір топ суреттерді пайдалана отырып, постер құрастырады,

Постерлерін қорғайды.

  • Үзіліс деген не?

  • Үзіліс не үшін беріледі?

  • Үзіліс кезінде қандай ережелерді сақтау керек?

/оқушылар топтық жұмысты стикер жапсыру арқылы бағалайды/


Ереже шығару. Дәптермен жұмыс.

- үзіліс кезінде демалуға арналған қандай ережелер бар?

/оқушылардың жауаптары тыңдалып, осы шақта сөйлемдер құрастыру, жазу./

Сергіту сәті.


-балалар, сабақ уақытында дем алу жаттығуын жасауға бола ма?

/Иә, сергіту жаттығуы арқылы/

-ендеше, бәріміз орынымыздан тұрып, сергіту жаттығуын жасайық.


Мәтін құрастыру.


Тірек сөздер: Мектеп, үзіліс, оқушы, ереже, міндет, тәртіп, себебі, ойын, дем алу, тынығу.


  • Тірек сөздерді қатыстырып, шағын мәтін құрау;

  • Мәтінге ат қою;

  • Мәтіннің түрін анықтау;

  • Мәтінді бөліктерге бөлу (басы, негізгі бөлім, қорытынды);

  • Мәтіндегі негізгі ойды анықтау үшін сұрақ құрастыру.


Жұптық бағалау.

Дискрипторлар: жоғарғы балл -5 балл.

  1. Мәтінге ат қою +

  2. Мәтін құрастыру +

  3. Мәтіннің құрылымы:

  • Басы +

  • Ортасы +

  • Қорытынды +


Жалғасын тап. Мәтін құрау.

/Әрбір оқушы бір сөйлемнен құрастырады. Мәтін құрау барысында құрылымына мән беріледі/.

Мектеп – білім беретін негізгі орын. Мектепте оқушылар оқу оқиды, білім алады. Уақытын тиімді өткізуге үйренеді.

Мектепте оқушылар дем алу үшін үзіліс уақыты берілген. Үзіліс уақытында оқушы тәртіп ережелерін сақтауы керек. Оларға мына ережелерді жатқызуға болады. ........

(Мәтінді ары қарай жалғастырады).


«Дұрыс-бұрыс» ойыны

а) Үлкендердің алдынан кесіп өтуге болады.
б) сыныпта және ойын алаңында тыныштық сақтау керек..
в) үзіліс уақытында жүгіруге болады.
г) үзіліс уақытында ақыл-ойды дамытатын ойындар ойнаған пайдалы.
д) жалғыз өзің ойнаған қызықты әрі пайдалы.

е) үзіліс уақытында сыныптан шықпаймын, орнымда отырамын.



Таныстырылым, оқулықпен жұмыс

Аяқталуы


16 минут



Себет арқылы сұрақ қою арқылы сабақты бекіту.

Оқулық, дәптерлер.

Сабақтың соңы

2 минут


Бағалау «Мадақтау смайликтері» арқылы

Мені қатты қуанттық





Сен өте ақылдысың






Бүгін жақсы жауап бердің








Рефлексия

+ Мен ................ үйрендім.

-Маған .............. қиын.



Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?


Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?


Пәнаралық байланыс

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)

Қолдау көрсету.

Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.


Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)


Өнер, ана тілі сабағы

Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.