Тақырыбы: «Күзгі Ханшайым мен Ханзада»
Мақсаты: Күз туралы балалардың дүниетанымындарын арттыру, күз мезгілінің қоршаған ортаға әсерін таныту, күз ерекшеліктерін, күз сыйын ұғындыра отырып, балаларға мерекелік көңіл - күй сыйлау. Әр баланың бойындағы қасиеттерін ойлау, әр түрлі жағдайлардан шыға білу, өнерін көрсету, тапқырлық, сахна мәдениетін қалыптастыру, дамыту. Ата салтын ардақтайтын, өз елін сүйер нағыз қазақ қызымен жігітінің қасиеттерін бойына сіңіре білер ұрпақты тәрбиелеу.
Ертеңгілікті хормен ашу:Кап-кап ,тук-тук-тук әнімен барлық сыныптың орындауында.
Армысыздар, құрметті ата - аналар мен балалар!
Ел байлығын арттырған, берекелі күз айы да келді.
Күз бізге жемістерімен, көкөністерімен егістіктегі астығымен келеді
Бүгінгі « Күзгі Ханшайым мен Ханзада» атты сайысымызға қош келдіңіздер!
Сыр беріп алтын күз келіп жетті,
Жылы жаққа құстар да ұшып кетті.
Күз болып жердің беті жайқалды - деп келе бүгінгі Алтын күз мерекесін бастауға рұқсат етіңіз.
Ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
(сайыскерлер әуенмен ортаға шығады)
1.Саяжан-Мағжан
2.Асанали-Бахыт
3.Айжан-Әміржан
Күз келіп хан мен ханшайым
Өткізді күзгі бал айын
Ханшайым тапқыр қыз болады
Ағызар сөйлеп сөз майын
Ал, ханымыз ақылды
Барша жұртты шақырды
Би де билеп ән айтты
Қуаныштан шалқыды.
Баяғы өткен заманда
Дін мұсылман аманда
Әділдік іздеп екі адам
Биге барып бас қосқан,
Ал, бүгінгі заманда
ЖЮРИ деген ат шыққан
Қазақшаға аударған соң,
Әділ қазы деп шыққан.
Сайыс болғандықтан сайыскерлерімізді бағалайтын әділқазы алқасымен
таныстырып өтейік: ата-аналар арасынан.
Қайсы әнші, кім биші,
Талабына қарайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Таланттарын табайық!- деп өнер сүйер қауым бүгінгі сайыстың барысымен таныстырып өтейін.
1 - бөлім: «Таныстыру» (өзін таныстыру)
2 - бөлім: «Өнерлі бала – елдің көркі» (өнер сайысы)
3 - бөлім: «Сұлулық сыры» (сән үлгісі)
4 - бөлім: «Бар ізгілік тек білімнен алынар» (сұрақ - жауап)
5 - бөлім: «Күзгі тағам»
1- кезең:Ақыл - көрік бойларында жетеді,
Әлі талай сынақтардан өтеді
Мына отырған баршаңызды өзімен
Тез арада таныстырып өтеді - деп сайысымыздың бірінші бөлімі «Тегімді менің сұрасаң...» деп аталады. Сайысқа қатысушыларымыз өздерін таныстырып өтеді.
2 - кезең: «Өнерлі бала – елдің көркі»
Ал кімнің өнері бар қаншалықты,
Би - билеп, ал біреуі ән салыпты
Бүгінгі сайыста бәйге алуға
Сайыскерлер аянбай жан салыпты,- деп өнер сайысына кезек береміз.
Ата-аналармен ойын ойнау: «Кім жүйрік» жемістерді бір бөлек,көкөністерді бір бөлек жинап алу
3 - кезең: «Сұлулық сыры»
Сынбатына сән киім жарасатын,
Аспандағы айменен таласатын
Өнеріне сай келіп, дайын тұрған
Қыздарымызбен, ұлдарымызға қызығып қарасатын
Сіздерге жаңаша сән үлгісін ұсынамыз!
Әуенмен сайыскерлер сән үлгісін көрсетеді.
4 - кезең: «Бар ізгілік тек білімнен алынар»
Сұрақтарды тыңдап ал,
Жауап беруге дайын бол.
1. Қазір қай мезгілі?
3. Біздің елбасшымыз кім?
4. Күз айларын ата?
5. апайыңның атын білесің бе?
6. Қандай ертегі білесіндер?
7. Біздің мектеп неше қабатты?
8. Адамдар күзде нені жинайды?
9. Үстіне тігіп көк шатыр,
Астында қызғылт дәу жатыр. (қызанақ)
10. Отыз көйлек киген, Бір түйме жоқ ілген. (қырыққабат)
11. Көк ала киім киеді, күннің көзін сүйеді. (қарбыз)
12. Қалың киімді ұнатады, Шешіндірсең жылатады. (пияз)
5 – кезең:«Күзгі салат»
Ата - анасымен біріге отырып, жасаған дәмін таныстыруға кезек береміз.
Қайрат Айшаның орындауында үнді биін қабыл алыңыздар.
Қазағымның жігіттері мен қыздары жұп болып сынға түсті,
Салт - дәстүрлер жаңарып еске түсті
Ханшайым мен Ханзада анықталып сын сағатта,
Бұл сағатты ата - ана көптен күтті.
Қуаныш бүгін мынау құтты болсын
Қыздарымыз бен ұлдарымыз өсе берсін болып мықты!
Әділқазыларға сөз беріледі
Жүзден жүйрік күшімен
Мыңнан тұлпар мықты шың
Құттықтаймыз ал енді
Ханзада мен ханымды
Өрге жүзіп өнері
Тауға өрлесін талабы
Шоқтай болып жанады
Қуанышпен жанары,- деп «Күз ханшайымы мен ханзадасын» шын жүректен құттықтаймыз.
Бүгінгі мерекелік іс - шарамыз аяқталды. Келесі кездескенше күніміз нұрлы болсын.
Бекітемін---------------- Келісілді-------------------
«Қостанай қаласының әкімдігінің Директордың тәрбие ісі
білім бөлімінің №15 орта мектебі»ММ жөніндегі орынбасары
директоры Сапанова Д.С Қойтбаева З.А
«-------»-------------------2017ж. «-----»----------------2017ж
«Күзгі ханзада мен ханшайым»
Мектепалды «А» сыныбы
/ ертеңгілік/
Тәрбиеші:Нургалиева С.М