СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

Хасанова Аида Жантурина

Нажмите, чтобы узнать подробности

Уроки для дошкольниках за то что, всем воспитательницам была готовые тематический план

Просмотр содержимого документа
«Хасанова Аида Жантурина»

Менің сүйікті мамандығым

Пенде туа сала тұлға болмайды. Тұлға болып жетіледі. Өмір бспалдағын аттаған сайын тұлғалық факторларды жинақтай бастайды. Қазіргі таңда өмір арнасы белгілі бір реңді қажет етеді. Ол рең – менің сүйікті мамандығым. Мамандық таңдаудан еш қателеспедім. Тәңірдің берген бағы шығар?! Себебі шәкірт тәрбиелеу жолында студент-жастарды тәрбиелеп, дәріс беріп, болашақ педагогтарды дайындап жүрген жайымыз бар. Биыл ғана университет қабырғасынан қызыл дипломмен ұзап, қызмет деген үлкен теңізге қадам бастым. Ғылым жолында магистратурамды да қатр жалғап жүрмін. Бірнеше шәкірттерім бар. Олардың қатарында ақындық өнерге қалам бұрып, жазушылыққа үйретіп, жыр дариясының сырын ашып, сөз өнерінің қазынасының түбіне шомылтып жүрмін. Санаулы айлардың тоғысында республикалық байқаулардың шыңдарын бағындырып, ақындық қабілеттерін дәлелдеп үлгерді. Облыстық «Сәкен – жырдың дариясы» атты Сәкенге арнау аталымы бойынша жүлделі ІІІ орынды иеленді. Эстетикалық талғам бойынша қол өнер бұйымдарын жасап, көрме дайындап, дүйім жұртқа паш етудеміз. Өмір арнасында кемелді жырдың, киелі арнасын бір сатыға бағындырып жүргендердің қарасы мол шығар?! Шығармашыл студенттер үшін сабақ үстінде еркін түрде релаксациялық әуендер арқылы өнерлеріңе шабыт сыйлап, қанаттарын қатайтуға тырысамын. Шет елде алған білімімді ел мүддесіне тигізудемін. Сабақтарымның көбі дәстүрлі емес сабақ санатында өткіземін. Уақыт сахнасы әркімді сарсан жолға салады. Үш тілде жастарды тілдік дағдыларға қанатын бекітіп, дидактика саласының ауқымын кеңейтудемін. Магистратурамды да шет елдің Элиста қаласында қашықтан оқып жатырмын. Өткен ғасырдың тозығы қалды. Жаңа ғасырдың етек жайып, жаһандануға қабілетті жастарды дайындауымыз қажет. Еркін ойлау мен еркін сөйлеу, еркін пікір білдіру өмір үлесінің айрықша парағы. Сол парақта әркім индивидуалды өзінің ой жиынтығын сөзбен алмастырып, сөз саптай алады. Елдің руханиятын көтеруде білім іргесіне молайтуды жөн санаймын.

Абылайлап жер қорғаған, Қазтуған жырауларым сөзбен тулаған, Махамбеттер көтерілісімен жанданып, тәуелсіздікке қол созған саңлақтарымыз бар. Сол саңлақтар адуынды із қалдырды. Сол іздің артынан ерген біз алаштың ұрпағы. Талай зұлматтар болса да біз қазақ шәкірт тәрбиеледік, сауатымызды ерте аштық. Бірнеше тіл білу сонау ХҮІІ ғасырдан бастау алды. Олардың қатарында Абай, Ыбырай, Мұстафа, Бейімбет, Сәкен, т.б. ұлыларымызды бұл санатқа қосуымызға болады. Қазіргі таңда ұлтаралық қатынастың берік мызғымас достығы ерекше.

Педагог болудың ұнайтын қырлары өте көп. Олардың санатында сауап алудан бастап, тізім қатарын жалғай түсуге де болады. Пенде ұстаз алдынан өтеді. Олсыз тұлға атану мүмкін емес. Менің мамандығым «мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» болып табылады. Бұл мамандықтың ең алғашқы түлегі болғанымды да мақтан тұтамын. Білімнің ізі терең қаланған қара шаңырағым Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің түлегімін. Б.Б.Городиков атындағы Қалмақ мемлекеттік университетінен 1 семестрлік білім алып, тәжірибе алмастым. Мұның зі мен үшін елге білім берудегі тансық әдістерді алып келдім. Ал қазіргі таңда Орал гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы болып,жиған, терген ілімімді кейінгі ұрпаққа үйретіп жүрмін. Жаһандық қабілетке талай мықты қару керек. Келешегі мықты ел болу бүгінгі сапалы маманға байланысты. Ұстаз деген мықты қарудың иесі мен егесі болайық.



Хасанова Аида, Орал гуманитарлық колледжінің арнайы пәндер оқытушысы