| Органикалық реакцияларды жіктеудің бірнеше жолы бар. Оларды химиялық айналымдардың сипатына және реакциялардың жүру механизмдеріне, т.б. белгілерінебайланысты жіктеу жиі қолданылады. Химиялық айналымдардың сипаты[өңдеу] Химиялық айпалымдардың сипатына байланысты органикалық реакцияларды орынбасу, қосылу, айырылу, қайтатоптасу (изомерлену), тотығу, полимерлену, т.б. түрлерге бөледі. 1. Орынбасу реакциялары. Бастапқы молекуладағы атомның (не атомдар тобының) орнын басқа атом (не атомдар тобы) басып, жаңа молекула түзіледі: СН4 + HONO2→CH3-NO2+ Н2O 2. Қосылу реакциялары. Екі немесе одан да көп заттардан бір жаңа зат түзіледі. Көміртек қаңқасы бар бастапқы молекулаға басқа атом не атомдар тобы қосылады: СН2 = СН2 + Сl2→СН2Cl-СН2Cl 3. Айырылу (ыдырау ) реакциялары. Бастапқы органикалық қосылыстан құрылымы қарапайым бірнеше зат түзіледі (бастапқы молекуладан атомдар тобы үзіледі): СН4→С + 2Н2 4. Изомерлену (қайтатоптасу)реакциялары. Реакциялардың бұл түрлерінде реакцияға түскен заттың молекулалық формуласы өзгермейді, атомдар мен атом топтарының молекула ішіндегі байланысу реті өзгеріп, жаңа зат түзіледі. 5. Тотығу және тотықсыздану реакциялары. Тотығу реакциясы көміртектің өзінен электртерістігі үлкенірек элементпен (галоген, оттек, т.б.) жаңа байланыс түзуі арқылы жүреді. Реакция барысында көміртек атомының тотығу дәрежесі өседі. Тотықтырғыштың әсерінен (оның формуласын жазбай-ақ [О] арқылы белгілеуге де болады) реагент оттек қосып алады немесе сутек бөлінеді: CH4+[O]→CH3OH Жану реакциясы тотығу реакциясының жиі үшырасатын түрі. Реакция толық жүрсе, көміртек диоксиді мен су түзіледі: 2С2Н6 + 7O2→4СO2+6Н2O Тотықсыздану реакциясы барысында көміртек атомының тотығу дәрежесі кеміп, жаңа С—Н байланыстар түзіледі. Тотықсыздандырғыштың әсерінен ([H] деп белгілеуге болады) реагент сутек қосып алады немесе оттектен айырылады. Гидрлеу реакциясы тотықсыздану реакциясының жиі ұшырасатын түрі. Сутек еселі байланысқа қосылады. Реакция өршіткі (VIII топ металдары: Ni, Pt, Pd) қатысында өтеді: C2H2+H2→C2H4 6. Полимерлену реакциялары. Құрамында еселі байланысы бар қарапайым заттар — мономерлер бір-бірімен қосылып, құрамы күрделі жоғары молекулалы қосылыс —полимер түзеді: nCH2=CH2→(-CH2-CH2-)n Органикалық реакциялардың бұлардан басқа түрлерін кейін қарастырамыз. |