Сабақ тақырыбына байланысты мақсаты мен күтілетін нәтижені айқындау./оқушыларды қатыстыру арқылы/ « Мағынаны тану» 1.Мұғалімнің түсіндіруі /слайд бойынша/ 2.Топтық жұмыс. «Ағзадағы химиялық элементтер» тақырыбында жасалған слайдты пайдалану. 1-топқа: Фосфор элементіне қысқаша сипаттама беру,оның адам организміндегі маңызына тоқталу. 2-топқа:Иод элементіне қысқаша сипаттама беру,оның адам организміндегі маңызына тоқталу. 3-топқа: Күміс элементіне қысқаша сипаттама беру, оның адам организміндегі маңызына тоқталу. Дайындалуға 7 минут,қорғауға әр топқа 2 минуттан беріледі Критерийлер | Дескрипторлар | 1.Химиялық элементтің периодтық жүйедегі орны. | 1.Таңбасын,реттік нөмірін,атомдық массасын,нешінші периодта және топта орналасқанын анықтау. 2.Элемент атауын үш тілде айта алу. | 2.Элементтің атомдық құрылысы | 1.Атом ядросының құрамын жіктей алу. 2.Химиялық элементтің электрондық формуласын құрастыра білу. | 3.Элементтің адам организміндегі маңызы. | 1.Элементтің адам ағзасындағы мөлшері бойынша қай топқа жататынын білу. 2.Элементтің ағзадағы қызметін білу. | 3.Эксперимент/тәжірибе/ А)Көміртекті анықтау Қуырылған қытырлақ картопты /чипсы/,макаронды жандыру,күйе пайда болатынын байқау. Сұрақ: Неліктен чипсы мен макарон жанғанда күйе пайда болады? Ә)Темірді анықтау 10 г алма жұмсағы +10мл азот қышқылы+1-2мл сутектің асқын тотығы+калий тиоцианаты Сұрақ: Реакцияның қандай белгілері байқалды? Сабақты бекіту : Интерактивті тақтада тапсырмалар орындау 1.Ағзадағы нәруыз,май,көмірсуларды түзетін қандай химиялық элементтерді білесіздер? (бірнеше жауапты таңдап,сандарды өсу ретімен орналастыру)./қосымша/ 2.Массалық мөлшеріне сәйкес химиялық элементтің атауын немесе топ атауын орналастырыңыз. /қосымша/ 3.Микроэлемент атауын және оның ағзадағы қызметін сәйкестендіріңіз. /қосымша/ | Тақырыпқа байланысты слайдтар. Таныстырылым. Ағзадағы химиялық элементтердің маңызы Зертханалық құрал-жабдықтар мен реактивтер,қуырыдған қытырлақ картоп/чипсы/,макарон,алма |