СДЕЛАЙТЕ СВОИ УРОКИ ЕЩЁ ЭФФЕКТИВНЕЕ, А ЖИЗНЬ СВОБОДНЕЕ

Благодаря готовым учебным материалам для работы в классе и дистанционно

Скидки до 50 % на комплекты
только до

Готовые ключевые этапы урока всегда будут у вас под рукой

Организационный момент

Проверка знаний

Объяснение материала

Закрепление изученного

Итоги урока

ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ хандығының саяси жағдайы. Қазақстан Ресей құрамында.

Категория: История

Нажмите, чтобы узнать подробности

1643 жылы Батур қонтайшы бастаған жоңғарлардың қалың колы қазақ даласына бет алды. Хабар кеш жеткендіктен, көп жасақ жинай алмай қалған Жәңгір хан Самарқаннан көмек келіп жеткенше жауды бөгей тұру мақсатында бар болғаны 600 жауынгерімен жоңғарларға қарсы аттанды

Просмотр содержимого документа
«ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ хандығының саяси жағдайы. Қазақстан Ресей құрамында.»

Батыс Қазақстан облысы Орал қаласы

Сервис және жаңа технологиялар колледжі

Қазақстан тарихы

Оқытушы: Ахметова Жупар Махсотовна


Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы: ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ хандығының саяси жағдайы.

Қазақстан Ресей құрамында.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырдағы қазақ хандығының саяси жағдайы, Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама, Қалмақ қырылған, Аңырақай шайқастары, Қазақстанның Ресейге қосылуы туралы мағлұмат беру.

Тәрбиелік: Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұламадан кейінгі аласапыран жылдарда қазақ халқының басын біріктірген Әбілхайыр ханның бас қолбасшылығының ерекшелігі, сардарлығы мен саясаткерлігімен ұштасып жатырған хандық беделі мен кіші жүзді Ресейе қосудағы прогрессшіл саясаткерлігінің көрнісін айқындап Отаншылдыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушыларда Әз Тәукеден соң алты алаштың басын біріктіріп, қазақтың төрт тараптағы жауының екпінін тежеген атақты Әбілхайыр хан болмысын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Әдісі: топтық әдіс

Көрнекілігі: слайд, карта кітаптар көрмесі.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру бөлімі:

Сәлемдесу.

Сабаққа қатысуларын тексеру.

Үй тапсырмасын тексеру:

Топқа бөлу

А тобы қызыл түс

Б тобы Көк түс

С тобы ақ түс

Домино ойыны:

1 топқа 1. Мәре Мұхаммед Хайдар Дулати

2. Ғалымның шыққан тегі-дулат тайпасы. Жылнмалар жинағы

3. Қадырғали Жалайри. Даналықтың жаухарлары.

4. Әбу Насыр Әль Фараби. Тарихи Рашиди

5. Мұхаммед Хайдар Дулати. Сопылық поэзияның көрнекті өкілі

6. Қожа Ахмет Иассуи Бұл жинақ «орта ғасырлардағы түркітілдес халықтардың энциклопедиясы»

7. Диуани лұғат ат түрік. Жалайыр тайпасынан шыққан ғұлама

8. Қадырғали Жалайри. Сөре

2 топқа 1. Мәре Аристотельдің ғылыми мұрасын еркін меңгерген ғалым

2. Әбу Насыр Әль Фараби. Құтадғу білік

3. Жүсіп Баласағұни. Ол логика, музыка, астрономия, бойынша көптеген еңбектер жазған

4. Әбу Насыр әл Фараби. Ақын өзінің туындысын Боғра ханға сыйға тартқан

5. Жүсіп Баласағұни. Парсы тілінде жазылып дүниежүзіне таралған

6. Тарихи Рашиди. Аристотельдің «Риторикасын»екі жүз рет оқыған

7. Әль Фараби. Оғыз қыпшақ тілінде жазылған еңбек

8. Диуани Хикмет. Сөре

3 топқа 1. Мәре 1544-1546 жылдры Кашмирде жазылған еңбек

2.Тарихи Рашиди. Ибн-Хаукаль «ол- аса ірі мұсылман философтарының бірі»

3. Әль-Фараби. Жылнамалар жинағы 1602 жылы аяқтаған.

4. Қадырғали Жалайри. Түйсікпен қабылданатын мәдениет жетістігі

5. Рухани мәдениет. ҮІ-ХҮ ғасырда Иассы деген атпен белгілі қала

6. Түркістан. Түркі халықтарының ортақ мақтанышы, тұңғыш тарихшы

7. Мұхаммед Хайдар Дулати. Қазақ даласын мекендеген жалайыр, арғын, қыпшақ, найман, қоңырат, керей, т.б түркі тайпаларына анықтама беретін еңбек.

8. Жылнамалар жинағы. Сопылық поэзияның көрнекті өкілі

9. Қожа Ахмет Иассуи Сөре


Қар кескіні стратегиясы


Жаңа тақырып түсіндіру:

Болжау стратегиясы: Жоңғарлар империясы...

Орбұлақ шайқасы...

Қарақұмдағы құрылтай...

Әбілхайыр хан...

Кіші жүз...

Тевкелеев...

Ойлан, Жұптас, Бөліс стратегиясы

А тобына тапсырма Жоңғар хандығы және азаттық үшін күрес.

1643 жылы Батур қонтайшы бастаған жоңғарлардың қалың колы қазақ даласына бет алды. Хабар кеш жеткендіктен, көп жасақ жинай алмай қалған Жәңгір хан Самарқаннан көмек келіп жеткенше жауды бөгей тұру мақсатында бар болғаны 600 жауынгерімен жоңғарларға қарсы аттанды.

Жәңгір ұрыс жүргізуге ыңғайлы орын ретінде Ордың бұлағы деп аталатын тау арасын таңдап алады да 3 шақырымдай жерге созылған қырқаның қырын қуалай сарбаздары жасырынатын ор қаздырады. Ол келе жатқан жау алақандағыдай көрініп тұратын, алдыңғы жағы биік, артқы жағы терең сай еді. Сөйтіп, азғана қолын екіге топтаған Жәңгір жау қолын тау шатқалында күтеді. Жар астында қауіп бар деп ойламаған жаудың тар шатқалға келіп кіруі мұң екен ордағы сарбаздар әуелі үстінен тасыр-тұсыр тас жаудырып, содан кейін ту сыртынан садақ оғын жаңбырша жаудырғанда, әрбір оқ бір-бір жаудан жұлып түсіп жатты. Алғашқы шайқаста ойраттар жағынан 10 мыңдай адам өледі, қалған 40 мыңдай қолмен екінші рет келіп тиіскенде, ұрыс жүріп жатқан жерге Самарқаннан 20 мың қолмен Жалаңтөс батыр көмекке келіп үлгереді. Нәтижесінде жоңғарлар жеңіліп, кері қуып тасталды. Қазақ жасағын он орап аларлықтай қарақұрым өскермен жеңіліске ұшырауы Батур контайшының абырой-беделін түсірді. Осы соғыстан кейін жоңғарлар өз ішінде бір-бірімен қырқысып кетті де, қазақ-жоңғар арасында шамалы уақытқа болса да тыныштық орнады. Осылайша Орбұлақ шайқасы ұлттық тарихтың жауынгерлік даңқ шежіресінде ерлік пен қаһармандықтың жарқын өнегесі ретінде айшықталып қалды.

1993 жылы Орбұлақ шайқасының 350 жылдығы мемлекет көлемінде аталып өтті. Шайқас болған жерге — қазіргі Алматы облысы, Жаркент (Панфилов ауданы) ауданындағы Орбұлақ қырқасына Қазақстан Республикасы үкіметінің шешімімен ескерткіш белгі орнатылды.

XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың қазақ жеріне шабуылы күшейе түсті. Осыған байланысты қазақ жүздері өкілдерінің бас қосуы қажет болды. Сөйтіп, 1710 жылы Қарақұмдағы қаракесек руы жайлаған аймақта қазақ сұлтандарының, билерінің, рубасыларының қүрылтайы шақырылады.

Онда, негізінен, Жоңғар хандығымен қарым-қатынас мәселесі қаралды. Қанжығалы Бөгенбай, Шақшақұлы Жәнібек, тама Есет бастаған атақты батырлар жеке ру, тайпаның ғана емес, бүкіл үш жүздің қолын жасақтау қажеттігін алға тартты. Пікір екіге бөлінді. Жоңғар мемлекетінің күшті әрі соғыс тәжірибесінің мол екенін ескере келе, жоңғарларға бағынған дұрыс, халқымыз шапқыншылықтан әбден қалжырады дегендер де болды. Мұндай пікірді қолдаушылар көбейе бастады. Шешуші кезеңде ортаға шыққан Бөгенбай батыр қылышын қынабынан суырып алып, ақсақалдардың алдына тастап: «Біз жаудан кек алуымыз керек, жеңеміз немесе қолға қару ұстап, шайқаста ақ өліммен елеміз, қарттарымыздың, әйелдеріміздің, балаларымыздың зар-мұңы мен көз жасын көріп тірі жүре алмаймыз...» — деді. Бұл сөздер жоңғар мәселесіне қойылған нүкте болды. Ақырында, шапқыншылармен қасық қанымыз қалғанша шайқасамыз деген шешім қабылданды. Шайқастың жаңа жоспары жасалды. Бөгенбай бүкіл қазақ жасақтарының қолбасшысы болып сайланды

1723 жыл қазақ халқының есінде қасіретті кайғыға толы ең ауыр жыл есебінде қалды. Ел қонысынан, мал-мүлкінен айырылды. Ұлан-байтақ қазақ жерінің күншығысы мен оңтүстігінен Сыр бойына қарай шұбырған сан мыңдаған халықтың көбі жол-жөнекей ит пен құсқа жем болды. Осылайша қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталған жойқын апат басталды. Шұбырған елдің қанды жасынан туған әйгілі «Елім-ай» әні дүниеге келді.

Дәл осы тарихи кезеңде қазақ халқына құрып кету қаупі төнді. Ел басына ауыр күн туды. Бейбіт халық егілді. Жазықсыз жандардың қаны төгілді. Халық дағдарды. Қазақ халқы бірліктің керегін түсінді. Сол кездің өзінде қазақ ішінде суырыла сөйлейтін шешендер, топты бастар көсемдер, ту ұстайтын батырлар, елді ерлікке шақыратын жыршылар көп болды. Бірақ осылардың бәрін біріктіріп, басшылық ететін қайраткер — көсем керек еді.

1723 жылғы қасіретті оқиға салдарынан сол кездегі қазақ халқының тең жартысына жуығының қырылуы халықты есеңгіретіп қана қойған жоқ, қатты ойландырды да. Жұртшылық елдің елдігін сақтау үшін бірігу қажет екенін түсінді. Ел билеген хандар да, оларға ақылшы бола білген билер де осындай түйінге келді. Қиын-қыстау заманда халық өз арасынан елі мен жерін қорғайтын батырларын шығарды.

Тарихи деректерге карағанда, қазақ халқының басқыншыларға қарсы бірігуі «Ақтабан шұбырындыдан» кейін-ақ басталған. Бұған 1725 жылы Әбілқайыр ханның Түркістан қаласын жоңғарлардан күшпен қайтарып алғаны дәлел. Халық ел қорғау ісін өз қолына алып, әрі батыр, әрі ұйымдастырушылық қабілеті бар ерлердің соңынан ерді.

1726 жылы Ордабасы мекенінде қазақ рулары мен тайпаларының жиыны болды. Онда біртұтас халықтық қарсыласу жасағы құрылып, бүкіл қазақ әскеріне қолбасшылық ету Кіші жүз ханы Әбілқайырға жүктелді. Сөйтіп, жұдырықтай жұмылған қазақ қолы жоңғарларға жойқын соққы беруге даярланды. Ұрыс 1727жылы Бұланты өзені маңындагы Қарасиыр деген жерде өтті. Қазақ жасақтары жауды өзінің кең-байтақ даласына тереңірек сұғындыра еліктіріп кіргізіп алып, кенеттен жалт бұрылып, оң қанаттан да, сол қанаттан да ойсырата соққы берді. Сосын ту сыртынан енді қайтып тұрмастай тіке шабуылдың астына алды. Бұл ұрыс болған жер тарихта «Қалмаққырылған» деген атпен калды. Жеңіс халықтың рухын көтеріп, өз күшіне сенуге жігерлендірді. Осыдан бастап қазақтар ұрыс барысын өз қолдарына алып, қарсы шабуылға шықты.

Қазақ қолын жеңіске жеткізген тағы бір жағдай — Жоңғарияның ішінде өзара тартыстың күшеюі болды. Себан Рабдан балаларының хан тағына таласуы, одан соң үшінші жоңғар-цин соғысының басталуы сол тартыстардың көрінісі. Жоңғарларға Цин империясынан өзінің батыс шекарасын қорғауға тура келді.

XVIII ғасырдың 20-жылдарының соңындағы қазақтардың жоңғарларды талқандаған тамаша жеңістеріне жау елінің өз ішіндегі күрделі жағдайлары да себепші болды. Сонымен бірге 1727 жылы Жоңғарияның өз ішінде бұрқ ете қалған қырқыстар мен жоңғар-цин соғысының басталуы да әсер етті. 1729 жылы хан тағынан үміткерлер мемлекет мүддесін естен шығарып, жоғары өкімет билігін мұралану үшін жанжалдасты. Жоңғар хандығы Цин империясы тарапынан жасалған шабуылға ұшырады да, ойрат нояндарына өз жасақтарын тез арада батысқа жеткізуге тура келді.

Баяғыдан атысып-шабысып жүрген ата жауына тағы бір күйрете соққы беруді кездеген қазақтар Жоңғарияда басталып кеткен өзара талас-тартысты пайдаланып қалуға тырысты. 1729 жылы Балқаштың оңтүстік жағынан Аңырақай деген жерде ең ірі және соңғы шайқас болды.

Қазақ жасақтарын ұрысқа Бөгенбай, Қабанбай және Райымбек батырлар бастап кірді. Алдыңғы шайқастардағы сияқты, қазақтар бұл жолы да ұрыс қимылдарын жүргізудің дәстүрлі далалық тактикасын қолданды. Жауынгерлердің шағын тобы жоңғарлардың қарсы алдынан шыға келіп, қазақ қолының қатарын аз сияқты көрсетуге тырысты. Сонан соң кейін қарай қаша ұрысып, дұшпанды еліктіре ішке сұғындырып жіберді, сол кезде қазақ жасақтарының басты бөлімшелері қос қанаттан лап қойып, қансырата соқты. Аңырақай шайқасы жоңғарлар үшін шешуші соғыс болды.

Б тобына тапсырма. Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман.

Жәңгірұлы Тәуке хан (1635-1715) – Қазақ хандығының ханы, Салқам Жәңгір ханның баласы. Шешесі – қалмақтың хошоуыт тайпасының билеушісі Күнделен-тайшының қызы. Мұрагерлік жолмен Қазақ хандығыныңбилік тізгінін қолға алған кезде (1680ж.) Тәуке ел ағасы жасына келіп ақыл тоқтатқан, мемлекет ісіне араласып, мол тәжірибе жинақтаған білікті жан болатын. Сондықтан да ол таққа отырып, әке ісін алға жалғап, оның саясатын жүргізгенімен, оны жүзеге асыруға келгенде бұрынғы сүрлеумен кетпей, өзіндік жаңа жолмен жүрді. Тәукені өзге қазақ хандарынан ерекшелеп, оның шын мәнінде көреген басшы, ақылды реформатор екенін танытанын қасиеті де осы өзіндік жолмен жүруінде. Бұл ретте ол ұлы бабасы Қасым ханға қарай бейімделеді.

Тәуке ханның елі үшін сіңірген ерен еңбегі екі қырымен айрықша назар аударады. Бірі – елдің іргесін аман сақтауда сыртқы саясатты білгірлікпен жүргізіп, анталаған көп дұшпанға бел аудырмағаны. Екіншісі – елдің ішкі жағдайын реттеудегі саяси-құқықтық тәртіпті орнатуы. Ол төңірегіне топтан торай шалдырмайтын, сыртқа сыңар сабақ жіп алдырмайтын, бір ауыз сөзімен жұртты жатқызып - өргізетін, беделімен елдің бірлік-берекесін кіргізетін ақыл иелерін жинап, халқын солар арқылы басқарды, ақыл-ой, парасат үстемдігін орнатты. Тарих дерегі сол кезде Тәукенің қасында Ұлы жүз Әлібекұлы Төле, Орта жүз Келдібекұлы Қазыбек,Кіші жүз Байбекұлы Әйтеке, қырғызҚарашораұлы Көкім, қарақалпақ Сасық би, қатаған Жайма секілді халықтың ішінен уақыттың өзі екшеп шығарған, даналық сөзімен, әділетті ісімен, қара қылды қақ жарған тура билігімен аттары бұл күнде аңызға айналған атақты билердің болғанын айтады. Осындай алыптардың замана тынысын тамыршыдай тап басып танып, халықтың басын қосып, елдің бірлік – берекесін кетірер ішкі дау – жанжалды, барымта – сырымтаны тиып, елді ынтымақта ұстау мақсатында ой тоғыстырып, бір бағытта игілікті іс-қимыл жасау арқасында Қазақ хандығының жағдайы күрт жақсарып, сыртқа айбарын асырды. Жұрт ерді ел қолдаса - береке, ханды ел қолдаса мереке екенін көрді. Сол себепті де Тәуке хан ел билеген кез - халық есінде « қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған» тыныш берекелі заман болып қалды.

Бірақ, бұл, әрине ол кезде ешқандай шапқыншылық болған жоқ, бірыңғай бейбіт күн туып, қазақ халқы сыртқы жаудан қаймықпай алаңсыз ғұмыр кешті дегенді білдірмесе керек. Керісінше, Тәукенің кезінде қалмақтармен қақтығыс жиілей түспесе, кеміген жоқ. Сонау 1681 жылғы қалмақтың қоңтайшысы Галдан Бошоктудың қалың қолмен Шу өзенінің бойына жетіп, Сайрам қаласын қоршағаннан басталған шабуылдар легі кейін оның немересі Цеван Рабтан билік басына келген кезде де толастаған емес. Ұсақ қақтығыстарды есептемегеннің өзінде 1711-1712, 1714, 1717 жылдары қазақ пен қалмақ арасында ірі соғыстардың болғаны белгілі. Бұл арада мәселе елдің өз ішінде тыныштық орнауында, халық арасында ырыс қазығы - ынтымақтың берік қағылып, ағайынаралық алауыздықтың жойылуында, осыған ұйытқы болған ел басшысының төңірегіне халықтың ақыл-ойының жоғары көтеруінде. Сондықтан тарихшылар Тәукені «Қазақ ордасының Ликургі» деп бағалайды.

Жеті жарғы – Тәуке хан (1678 – 1718) тұсында қабылданған қазақ халқының дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдарының жинағы. 17-ғасырда қазақ хандығының ыдырау қаупінің тууына байланысты Тәуке хан елдің ауызбірлігін арттыратын шаралар қарастырып, хандық билікті нығайтуға күш салды. Қазақ қоғамының дамуы мықты билік пен бірлікті қамтамасыз ете алатын жаңа заңдар жүйесін қажет етті. Осы ретте Тәуке хан бұрыннан қалыптасқан дәстүрлі әдеп-ғұрып заңдары мен өзінен бұрынғы хандардың тұсында қабылданған “Қасым ханның қасқа жолы” мен “Есім ханның ескі жолын” одан әрі жетілдіру арқылы жаңа заң жүйесін жасауға тырысты. Үш жүздің игі жақсылары мен билерін жинап, оның ішінде атақты Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер бар, Күлтөбенің басында “Тәуке ханның Жеті жарғысы” деген атауға ие болған заңдар жиынтығын қабылдады. Жеті жарғыға сүйенген қазақ билері ел ішіндегі дау-жанжалдар мен саяси маңызы бар мәселелерді тиімді шеше алды. Жаңа заң жүйесі қазақ халқының өмірлік мәселелерін барлық жағынан қамтыды, соның нәтижесінде Тәуке ханның билік еткен тұсы Қазақ хандығының барынша күшейіп, дәуірлеген кезі болды. Жеті жарғыдан кейін арнайы атаулы заң жүйесі жасалмағандықтан және Жеті жарғының өзі талап, тілекті қанағаттандырарлық деңгейде болғандықтан, оның көптеген жол-жобалары мен қағидалары 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді.

Онда жер дауы, отбасы және неке заңы, қылмыс пен құн дауына, ұрлық-қарлық, тонаушылыққа және куәлік ету мен ант беру рәсімдеріне орай қалыптасып, тұжырымдалған қазақтың ұлттық әдеп-ғұрып заңдары көрініс тапқан. «Жарғы» сөзі қазақша әділдік, шешім деген ұғымды білдірген. Түпкі мәні жарудан, нәрсенің салмағын бір жағына аудармай, дәл де әділ айырудан шыққан. Дауды әділ, тура шешкен билерді халық: «Қара қылды қақ жарған» деп мадақтайды. Ол заманда бас кетсе де әділ сөйлеген.

Тәуке ханның тұсында тұрақты мемлекеттік органдар: хан кеңесі, билер кеңесі жұмыс істеп, жыл сайын үш жүздің шонжарларының съезін өткізу қалыптасты. Тарихқа «Жеті жарғы» деген атпен енген Тәуке ханның заңдарын зерттеушілер қазақтардың бұған дейінгі қолданылып келген әдеттегі құқық нормаларының бір жүйеге келтіріліп, толықтырылған нұсқасы деп қабылдайды.

Тәуке хан билік басында өте ұзақ, әбден қартайып, қаусаған шал болғанша отырып, 1718 жылы өз ажалынан қайтыс болды.


С тобына тапсырма: Кіші жүздің Ресейге қосылуы.

Жоңғариямен ұзаққа созылған аса ауыр соғыста қазақ жасақтары тамаша жеңіске жеткенімен ол табыс баянды бола қоймады. Қазақ хандары мен сұлтандарының тақ таласына байланысты алауыздығы салдарынан бұл күреске Ресей империясы да тартылды.

Ресей қалайда Қазақстанды өзіне қосып алуды көксеп, қолайлы кезеңді күтумен болды. Әбілқайыр қазақ хандығында жеке өз билігін нығайту жолдарын жатпай-тұрмай тынымсыз іздестіре бастады. Кіші жүздің ханы Ресей мемлекетінің қолдауына сүйенуге бел буды. Бұл ретте оның жеке басының қадір-қасиеті де шешуші рөл атқарды.

Әбілқайыр Жоңғариямен соғыс қызу жүріп жаткан 1726 жылдың өзінде-ақ Ресейге елші жіберіп, оның қол астына өту туралы өтініш білдіру арқылы әрекет жасап көрген болатын. Бұл өтінішті елші Қойбағар жеткізген еді. Алайда ханның өтініші ол жылы жауапсыз қалдырылды.

1730 жылы Кіші жүздің билері ханға Ресеймен әскери одақ жасасуды ұсынды. Алайда Әбілқайыр өз уәдесінде тұрмай, Ресеймен келіссөз мүлде басқаша сипат алды. Ресейдің өкімет билігімен неғұрлым жақын бола түсу мақсатымен 1730 жылғы қыркүйек айында Әбілкайырдың батыр Сейітқұл Қойдағұлұлы мен би Құтлымбет Қоштайұлы бастаған елшілігі Кіші жүзді Ресейдің қарамағына алу туралы императрица Анна Иоанновнаның атына жазылған өтінішті табыс ету үшін Санкт-Петербургке келді.

Бұл жолы Әбілқайырдың елшілігіне зор құрмет көрсетіліп, ол үлкен ықыласпен қарсы алынды. Ресей үшін Кіші жүзді империяның құрамына қосып алудың ең қолайлы сәті туды. Бұған дейін Ресейдің құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдігі косылған болатын.

1731 жылы императрица Анна Иоанновна Кіші жүздің қазақтарын Ресейдің қол астына алу туралы грамотаға (ресми құжатқа) қол қойды. Бұл грамотаға қол қою кезінде бірқатар шарттар қойылатыны ескерілді.

  • Біріншіден, Кіші жүз қазақтары Ресейге адал қызмет етуге және башқұрттардың үлгісі бойынша мұқият жасақ төлеп тұруға міндетті болды.

  • Екішіден, Ресейдің қол астындағы өзге халықтардың тарапынан қазақтарға шабуыл жасауға тыйым салынуы тиіс болды.

  • Үшіншіден, қазақтарға олардың жаулары шабуыл жасай қалған жағдайда Ресей қазақтарды қорғауға міндеттенді.

  • Төртіншіден, Әбілқайыр Ресейдің қол астындағы халықтардан алынған тұтқындарды

қайтаруы, ал қалмақтармен және башқұрттармен тату-тәтті бейбіт жағдайда өмір сүруі тиіс болды.

Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылғы 30 сәуірде Санкт-Петербургтен А.И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Оған Кіші жүздің билеушілерін Ресейдің кол астына қалай өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты нұсқау берілді. Кіші жүздің ат төбеліндей билеуші тобын қалағанынша дүние-мүлік беріп, тікелей сатып алу жағын да қарастырып көруді тапсырды.

Ол үшін 1 миллион орыс рубліне дейін жұмсауға рұқсат етілді. Әбілқайырға императрица Анна Иоанновнаның атынан қымбат бағалы сыйлықтар — болат қылыш, бұлғын ішік, екі түлкі тымақ, шұға маталар мен басқа да сыйлықтар беру көзделді.

Бірақ оларды Құран ұстап ант берілгеннен және құжатқа кол қойылғаннан кейін ғана тапсыру қарастырылды. Дипломатиялық тапсырмамен келгендердің құрамында башқұрттың ықпалды старшины әрі батыры Таймас Шайымовтa болды.

Бұл дипломатиялық тапсырмамен келген елшілік, сонымен қатар барлау мәліметтерін де жинауға — жер бедерін суреттеуге, қазақтардың тілі, әдет-ғұрпы және салт-дәстүрлері туралы мәліметтер жинақтауға тиіс болды. Елшілік сондай-ақ қазақтардың империя кол астына өтуі қабыл алынған кездегі көңіл күйінің қандай болғанын да білуі тиіс еді. Тевклевке казақтардың ең жақын көрші халықтары туралы да деректер жинау тапсырылды.

Қазақ хандығын Ресейге қосып алуға деген ерекше мүдделіліктің болғаны Ресей императоры I Петрдің мына бір сөздерінен айқын аңғарылады. Ол былай деп жазған еді: «'Бір миллион сомга дейін қыруар көп шығын жұмсайтын болсақ та, оны тек бір жапырақ қағаз арқылы Ресей империясының құрамында ұстау керек, өйткені ол, қырғыз-қазақ ордасы... бүкіл Азия елдерінің қақпасын ашатын кілт».

Қазақ билеушілері негізінен алғанда сенімді де тиімді одақтас іздеп табу мүддесін басшылыққа алды, ол одақтастар олардың бостандығына озбырлық жасап, қол сұқпайтын болуы керек деп үміттенді.

Өзін Ресей империясының сенімді өкілі екендігін алға тартып, дүние-мүлікке қызықтыру аркылы пара беру, уәделі келісімге көндіру, кей-кейде ашықтан-ашық қоқан-лоқы жасап қорқыту арқылы А. Тевкелев келіссөздерді ақыры өз пайдасына шешті. Ресей елшісі Әбілқайырдың төңірегіндегілерді Ресейдін қол астына өтуге көндірді.

1731 жылдың 10 қазан күні Әбілқайыр хан, сұлтандар және 13 рудан тұратын ірі билер мен батырлардың шағын тобы Ресей империясының қол астына өту туралы ант қабылдады. Бұл оқиға Ырғыз және Тобыл өзендерінің арасындағы Майтөбе деген шатқалда өтті.

Ант қабылдауға барлығы 29 қазақ старшыны қатысты. Ол ең алды- мен «хан партиясы» деп аталатын топтың мүшелері болатын.

Қазақтардың Ресейдің кол астына өтуі, міне, осылай басталды. Әбілқайыр Ресей патшасының тағына адал болудың кепілі ретінде өзінің ұлдарының қатарынан Ресейге аманат жіберуге уәде етті.

Ресейдің дипломатиялық тапсырмамен келген елшілері Қазақстан аумағында бір жылдан астам уақыт бойы болды. Ол қазақ қоғамын егжей-тегжейлі жан-жақты зерттеді, қаншалықты мол мүмкіндіктер бар екенін байқап қарады. Тевкелев Кіші жүзде атқарған сәтті дипломатиялық қызметі үшін әуелі полковник, одан сәл кейінірек орыс армиясының генералы әскери шенін алды.

Ақырында оның ұрпақтары Орынбор өлкесіндегі ірі мұсылман помещиктеріне айналды, олардың мың-мыңдаған басыбайлы шаруалары болды. Ал башқұрт старшинасы Таймас Шайымовқа тархан атағы берілді.

Ал Әбілқайыр Ресей мемлекетінің қол астына өтуден алған мәртебесіне көңілі толмай, Ресей аумағына шабуыл жасай бастады. Сондықтан да патша үкіметі кейінірек оны тағы да екі рет ант қабылдауға мәжбүр етті.

Бірақ хан Ресей аумағына шабуыл жасауын тоқтатқан жоқ. Оның Ресей қол астына өтуден күткен үміті ақталмады. Сондықтан да ол өз ғұмырының соңғы күніне дейін патша әкімшілігіне бағынбауға тырысты. Оның үстіне, қазақтардың қалмақтармен, башқұрттармен және Орал казактарымен шекара аймағындағы шиеленісті қақтығыстары тоқтатылмады. Әбілқайырдың патша үкіметіне қарсы белсенді іс-әрекеттері ол 1748 жылы өзінің саяси қарсыластарының қолынан қаза тапқаннан кейін ғана тоқтады.

Ресейдің қол астына өткен Кіші жүз қазақтарына патша үкіметі тарапынан ешқандай нақты әскери көмек көрсетілмеді. Әскери гарнизондарының аздығы және қару-жарақтарының нашар болуы салдарынан Ертіс бойындағы бекіністер де қазақтарды жоңғар қалмақтарынан қорғай алмады. Сондықтан да жоңғарлардың билеушісі Галдан-Церен 1741 жылы Қазақстан аумағына жаңадан жойқын жорық жасады.

Әбілқайыр Ресейдің қол астына өткеннен кейін тап сондай әрекетке қазақтардың басқа да бірқатар билеушілері бара бастады. Бейне бір тізбекті реакция сияқты құбылыс пайда болды. Оның үстіне, Ресейдің қол астына өту бәлендей міндеттер жүктей қоймайтын еді. Сондықтан да 1731 жылдың соңына қарай Орта жүздің ханы Сәмеке Ресейдің қол астына өтті және оған адал болуға ант қабылдады. 1733 жылы Ұлы жүз тарапынан да Ресейдің құрамына кіруді сұраған алғашқы әрекет жасалды. Алайда Ұлы жүздің Ресей аумағынан алыс жатуы себепті 30-жылдары ол Ресейдің құрамына ене алған жоқ.

1740 жылы Орынборда Әбілқайырдың ара ағайындық етуімен Орта жүздің ханы Әбілмәмбет пен сұлтан Абылай Ресейдің қол астына өтті. Атап айтатын бір нәрсе - Ресейдің қол астына негізінен шекара шебіне таяу тұратын қазақтар өтті.



Тарихи тұлғаны танып, әңгімелеп бер.


Жаңа тақырырыпты бекіту:

Карусель ойын стратегиясы:

А тобына тапсырма сұрақ

Кіші жүздің Ресейге қосылуы

В тобына тапсырма сұрақ

Орбұлақ шайқасы

С тобына тапсырма сұрақ

Ақтабан шұбырынды, алқа көл сұлама


Тапсырмаға қойылатын критерийлер:1. толық жауаптың болуы

2.Топ мүшелерінің толық қатысуы

3. Плакатқа толық таза жазу.

Рефлексия

Бағалау

Үйге тапсырма: тақырыпты оқып келу. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» тақырыбында ой толғау, эссе жазып келу.


















Скачать

Рекомендуем курсы ПК и ППК для учителей

Вебинар для учителей

Свидетельство об участии БЕСПЛАТНО!