Просмотр содержимого документа
«" Келді міне,алтын күз! " мерекесі»
Щербаков орта мектебі
К е л д і м і н е,
а л т ы н к ү з!

Шағын орталық Еркетай» тобының тәрбиешісі:
Мадиярова М.А.
2013 оқу жылы
Балалар музыка әуенімен әсем безендірілген залға жиналады.


Жүргізуші:
Келді міне алтын күз,
Сары шашты жарқын күз.
Мол өнімді ісімен,
Таңдандырып халқын күз.
Армысыздар ағайын! Сәлеметсіздір ме, қадірлі қонақтар! Бүгінгі берекелі де ырысты алтын күз құрметіне арналған ертеңгілігімізді бастаймыз.
Аяжан:
Тоңазып атырап,
Көп жеміс піседі.
Сарғайып жапырақ,
Саудырап түседі.
Жандос:
Аспанды сұрғылт бұлт,
Жан-жақтан жабады.
Күн бірте суытып,
Жауын көп жауады.
Ән : « Қошақаным »
Жүргізуші: Жарайсыңдар! Орындарыңа жайғаса қойыңдар!
Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар.
Бізге қонақ келмекші,
Сендерді бір көрмекші.
Әуелі жұмбақ жасырам,
Қулығымды асырам.
Табалсаңдар шешімін,
Қонағымды дәл ортаға шақырам.
Жұмбақ:
Жиып-теріп болатын,
Қамбаға астық толатын.
Қызыл қырман ойнайтын,
Қай мезгіл деп ойлайсың?
Балалар: Күз мезгілі.
Жүргізуші: Дұрыс, күзде табиғатта қандай өзгерістер болады екен? (Балалардың жауабы).
Жүргізуші: Өте жақсы. Ендеше, уәде еткенімдей ортаға қонағымыз – Алтын күзді шақырайық! ( Музыка ойнап, ішке Алтын күз кіреді).
Алтын күз: Сәлеметсіздер ме, балалар, қонақтар!
Мен- Алтын күзбін!
Жайдары, жарқын жүзбін.
Қонаққа келдім сендерге.
Сәбіз, картоп, тәтті алма!
Оған достым таң қалма!
Жапырақ та сиқырлы,
Ойын ойнар түр-түрлі!
Жүргізуші:
Рахмет, саған алтын күз!
Қабыл алдық сыйды біз!
Отырыңыз жайғасып!
Ал, ендеше, балалар, бекер қарап тұрмаңдар.
Жапырақпен сиқырлы, ойынды тез ойнаңдар.
Ойын: « Кім тез жапырақтарды жинайды?»
Алтын күз: Жарайсыңдар, балалар!
Тағы қандай өнер бар?
Балалар көкөністер туралы тақпақтарын айтады.
Алтын күз:
Бәрекелді, керемет!
Жүргізуші: Алтын күз, біздің балалардың биін тамашалаңыз.


Ойын: « Көкөністерді ажырат»
Жүргізуші: Жарайсындар,балалар! Алтын күз, біздің балалар қалай епті, жылдам. Олар сізгі би билеп бермекші.
Би.

Алтын күз: Өте жақсы биледіңдер, рахмет, балалар! Билерің қандай кере мет!
Өздерін ақылды балалар екенсіндер. Көктемде көшет отырғызсаңдар, күзде жемісін жейсіңдер. Адам ағзасына қажетті дәрумендер жемістер мен
Көкөністер көптеп табылады.
Жүргізуші: Балалар, Алтын күзге рахмет айтайық! Келесі кездескенше аманшылық болсын! ( Балалар Алтын күзбен қоштасады.Музыка әуенімен алтын күз шығып кетеді)
Жүргізуші: Алтын күздің сыйы – жемістерден де дәм тататын кез келді. Ал, келген қонақтарымызға алғысымызды білдіре отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз.